ҚАЙРАН ЕЛІМ

Алатау алабында туып өстік,

Қайнардың тасып аққан суын іштік.

Халық үшін қайғы тартып, азап шегіп,

Патшаның зорлығынан босып көштік.

Тас жастап, мұз бүркеніп өтті күнім,

Қосылған қоңыр қазға ән мен үнім.

Жер мен ел, туып өскен, қош-аман бол,

 Қалдың-ау, қатын, бала, аға, інім!

Аман бол, көріскенше ел-ағайын,

Басыңа түсті қазір сары уайым.

Ел-жұртым еркіндік ап, басын қосса,

Серпілер онда менің арман-ойым.

1916