ҚАЙРАН ЖАСТЫҚ
Бір-бір ұштың көзімнен қайран жастық,
Асық ойнап жас күнде тайраңдастық.
Сабау, қамшы, таяқты ат қып мініп,
Желмен ұшып, құспенен біз жарыстық.
Қайран жастық –ай!
Қайғы уайым бар ма еді жас күнімде,
Кешке дейін ойнаушы ем тас түбінде.
Елу менен алпысқа жеткеннен соң,
Көрінесің шыққандай асу белге.
Қайран жасық-ай!
Бала тілді алмаса беттен алып,
Келін тілді алмаса кердең қағып,
Кемпірің де соларға қосылып ап,
Отырарсың амалсыз жалғыз қалып.
Қайран жастық-ай!
Көп отырсаң сыймайсың үй ішіне,
Олпаң – солпаң көрінен жүрісің де.
Сыртта жүріп сағынтып үйге келсең,
Кемпіріңнің түзелер жүрісі де.
Қайран жастық-ай!
Жақсы көріп алғанды, бергің келмес,
Беталдына ерігіп жүргің келмес.
Жасың жүзге жетсе де жаның тәтті,
Қара жердің қойнына енгің келмес.
Қайран жасытық-ай!
1954