ҚАРТАЙҒАНДА
Қадірің болмаса егер қартайғанда,
Жаныңа жан жоламас жантайғанда.
Дүние қызық еді-ау жігіт кезде,
Астыңа жүйрік мініп шалқайғанда.
Алмаса балаң тілді, беттен алып,
Алмаса келін тілді кердең қағып,
Қосылса кемпірің де, оларменен
Амал не, отырасың жалғыз қалып!
Қадірің жоқ отырсаң үй ішінде,
Көрінер олпаң-солпаң жүрісің де.
Көп жүріп табыс тауып, сырттан келсең,
Түзелер кемпіріңнің күлкісі де.
1965