ҚАЗАҚСТАНЫМ
Гүлденген күншығыста Қазақстан,
Үлгі алған Ұлы Октябрь, ұлы орыстан.
Ленин шашқан шұғыла, нұр астында
Отанға еңбегімен үлес қосқан.
Жасымда Жетісудай жер жоқ деуші ем,
Балқаштай жер жаһанда көл жоқ деуші ем.
Ойласам көрмегеннің салдары екен,
Асатын Алатаудан бел жоқ деуші ем.
Халқының Қазақстан кең жері бар,
Алатау, асқар Алтай белдері бар.
Ақ Жайық, Ертіс, Арал, Каспий, Іле,
Сайлы өзен, терең теңіз көлдері бар.
Қазақтың жері де алтын, тасы да алтын,
Тауының бауыры алтын, басы да алтын.
Кең дала тынысыңды кеңейткендей,
Елімнің желі жұпар, қоңыр салқын.
Елімнің төсі айдау, жері – жайлау,
Сұлудай сылдыр бұлақ шолпы байлау.
Қасқа жол, қарақия, ұлар ұшқан,
Үлкен саз, кіші сазға бие байлау.
Гүлденген Ұлы Отанның арасында,
Ән шырқап неше алуан саласында.
Поезбен, самолетпен тамашалап,
Мәскеудің тоғыз бардым қаласына.
1960