ШАТТЫҚ   ЖЫРЫ

Құлпырған ойымда нұр, қырымда гүл,

Сайраған жасыл бақта әсем бұлбұл.

Желпініп шаттық өмір қызығымен,

Тасыған қуаныштан шалқып көңіл.

Халқымның бүгін дарқан мерекесі,

Көлдария молшылықтың берекесі.

Жырғалтып жас-кәріні жақсылыққа,

Заулаған болашаққа өмір көші.

Тойлатып келді тағы ¥лы Октябрь,

Бақыттың мәңгі сенбес күні Октябрь.

Жастықтың жалын атқан гүлі Октябрь,

 Шабыты ақындардың жыры Октябрь.

Әркімнің бүгін көңлін шаттық тербеп,

Сыймаған көкірекке қуаныш кернеп.

 Көтеріп жеңіс туын биік ұстап,

Отаным жарқын күнге барады өрлеп.

1966