ЖАҚСЫ БОЛСА ЖАН ЖАРЫҢ
Жақсы әйелі бар жігіт жасымайды,
Жауына ішкі сыры ашылмайды.
Білдірмей бар-жоғыңды бағаласа,
Көңілің неге судай тасымайды.
Жақсы әйелі бар адам қажымайды,
Ренжіп, қаны қашып, налымайды.
Жағдайы жас баладай табылған соң,
Күшінен ақыл-қайрат арылмайды.
Жақсы әйел жұрт алдында жасытпайды,
Салмақты, сабырлы боп асықпайды,
Әйелі ер жігіттің жаман болса,
Достарың, ағайының қашықтайды.
1966