ЖАМАН АҒАЙЫН

Жамандық болса – «шоқ-шоқ»,

Жақсылық болса топ-топ.

Жамандық келсе – жалтаң,

Жақсылық келсе – жалпаң.

Үйіңе кірсе – дүбір,

Үйіңнен шықса – сыбыр.

Жақсылығыңа тоймас,

Жамандауын қоймас;

Сыртыңнан қарғыс айтып,

Көзіңе алғыс айтып,

Қыр соңыңнан қалмас…

1959