ЖАУРАМАСЫН БАТЫРЛАР
Көп берейік киімді,
Жаурамасқа Армия.
Отан үшін, біз үшін,
Соғысып жүр жан қия.
Шолақ тон, пима, құлақшын
Жинайық ұл, қыз, ерлерге.
Осылай көмек көрсетсек,
Сүйсінер қызыл ерлер де.
Бір-бір адам бергенге,
Бір жауынгер киінер.
Халқының берген киімін,
Киініп әскер сүйінер.
Аш-жалаңаш дұшпандар,
Көріп іші күйінер.
Барды бөліп бергеннен,
Достық біздің білінер.
Боран соғып, қар жауса,
Бүрсеңдеп жаулар жүгірер.
Бүркіттей бүрсе қызыл ер,
Өлігі жаудың үйілер.
Жай оғындай шартылдап,
Қызыл әскер түйілер.
Қыран қуған шілдей боп,
Көріне жау кірілер.
1941