ЖЫЛ ҚҰСЫ

Көктемде көл сағынып үйрек ұшар,

Жыл құсы жер сағынып түйдек ұшар.

Заманымда советтік арман бар ма,

Аңсаған әділ өмір болды душар.

Аққу-қаз көлге жүзер мойнын иіп,

Шағала шаңқылдайды суды сүйіп,

Жарқырап шапағатын күллі әлемге,

Октябрь еңбекші елге нұрын құйып.

Құс ұшар ұясынан қанаттанып,

Тербетіп туған жерден санаттанып.

Ардақтаған халқымның арқасында,

Қолға алып домбыраны талаптанып.

Бұл күнде талабым – тау, үнім – арна.

Бұл заман қуат берді кемпір-шалға.

Ер, әйел, кәрі мен жас теңдік алды,

Менің туған халқымда арман бар ма?!

Тамақта дәм болар ма тұз болмаса,

Түспейді көлге қаймақ мұз болмаса.

Кетіп ед ел болудан еңбекшіл тап,

Қамқоршы Ленин дана кез болмаса.

1966