ЕКІ  КЕНЕН ТУМАЙДЫ

 

Кенен Әзірбаев туралы

естеліктер

Құрастырған Төрткен Кененқызы

 

Кенен Әзірбаев туралы бұл жинаққа ақынның көзі тірісінде бірге болған, бірге жүрген, қолынан ет асап, дәм татқан, әңгімелерін тыңдап, үнін естіп тәнті болған замандастарының, іні-бауыр, жерлестерінің, балаларының, ақынға етене жақын болған ақын, сазгер, жазушылардың жазған естеліктері енгізілді.

Кітап халқымыздың өнері мен өнерпаздарын құрмет тұтатын жалпы оқырман қауымға арналған

АЛҒЫ СӨЗ

 

Халық ақыны, әйгілі сазгер, белгілі әнші, сал-серінің соңы Кенен Әзірбаев артына мол мұра қалдырған дарын. Оның айтыстары, жыр, дастандары, аңыз-әнгімелері өз алдына бір төбе болса, әндері мен өлеңдері өз алдына мол дүние.

Ел өміріндегі елеулі кезеңдердің ешқайсысы да – ұлт азаттық көтерілісі дейсіз бе, ауылды советтендіру, қоныстандыру дейсіз бе, байларды конфискелеу, әйел теңдігі, сауатсыздықты жою дейсіз бе, Ұлы Отан соғысы, бейбітшілік сақтау, тыңды көтеру, космосты игеру дейсіз бе, бәрі-бәрі де ақын шығармашылығынан тыс қалмаған.

Бұл жайында: “Халық өмірінде Кенен Әзірбаев үн қоспаған, өзінің жарқын талантының шуағын төкпеген бірде-бір айтулы оқиға болған жоқ. Оның тамаша өшпес туындылары бүгін де осы жауапты құрметті істе сапта тұр” — деген еді 1984 жылғы К.Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толған торқалы тойында бұрынғы Қазақ ССР Министрлер Советінің председателі, қазіргі республика президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бүл сөзді ақын шығармашылығына берілген әділ баға, зор қүрмет деп санаймыз.

Халық пен өкімет тарапынан ақынның еңбектері жоғары бағаланып “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері”, Қазақ ССР-інің халық ақыны атақтары берілген, бірнеше рет “Құрмет белгісі”, “Еңбек Қызыл Ту”, Ленин ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған, 75, 80, 90 жылдық мерейтойы көз тірісінде тойланып, ақынның 100, 110, 120 жылдығы кеңінен аталып өтті. Екі томдық таңдамалы шығармалары қазақ, орыс тілдерінде, әндер жинағы жеке кітап болып жарияланғанды.

Дүниеден өткен соң да Кенен Әзірбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Алматы қаласында, облыс, аудандарда мектептер мен көшелерге Үкімет қаулысымен ақынның есімі берілді. Туған ауылында әдеби-мемориалдық мұражайы жүмыс істейді.

Кенен туралы С.Бақбергеновтың “Бозторғай” повесі, (1961 ж), Н.Төреқүлов пен М.Жолдасбековтың “Тоқсан толғау” атты ғүмырнама эссесі (1992 ж.), Төрткен Кененқызының “Кенен” (1998 ж.), Бақытжан Кененұлының «Әке рухымен сырласу» (2004 ж.) – атты естелік эссесі жеке кітап болып шықты. Сондай-ақ өз кезінде баспасөз беттерінде ақын жайында жарияланған ғылыми-зерттеу мақалалар қаншама. Ақын ата, абыз ата жайында жазылған әйгілі “Сағындым Кенен атамды” деген әннен бастап бұл кісіге арналған музыкалық шығармалар мен өлеңдер, поэмалардың өзі бір кітап боларлық.

Сондықтан да бүл жинаққа Кенен Әзірбаевтың көзі тірісінде бірге болған, бірге жүрген, қолынан ет асап, дәм татқан, әңгімелерін тыңдап, үнін естіп тәнті болған көптеген іні, бауыр, жерлестерінің, балаларының, замандас ақын, сазгер, жазушылардың жазған естеліктерін енгіздік. Оны да таңдап-талғап алдық.

Бүл естеліктер жинағьна өмірден ерте озған, тірі жүрсе сөз жоқ Кенен ақын жайында естелік жазар еді-ау деген, халыққа белгілі адамдардың атап айтқанда Ахмет Жұбановтың, Сәбит Мүқановтың, Ханғали Сүйіншәлиевтің ертеректе жарияланған естелікке бергісіз мақалаларын енгізуді дұрыс деп таптық.

Кітап халқымыздың өнері мен өнерпаздарын құрмет тұтатын жалпы оқырман қауымға арналады.

«Келдім міне сексенге,

                                            Тай үйретем тепсеңге.

                                        Екі Кенен тумайды,

                                                              Алатауға ексеңде!»

                                                                   КЕНЕН

Ә.ТӘЖІБАЕВ

ҚАНДАЙ ЕДІ АҒАЛАР

 

Өлеңді әркімдер-ақ айтады, әркімдер-ақ жазады, бірақ, солардың ішінде үнемі санаңнан кетпейтін, сезіміңнен ажырамайтын, дауысы естіліп, дидары көз алдыңда тұратындары некен – саяқ.

Маған күні бүгінге дейін Жамбыл тірі сияқты. Мен кейде оны түсімде көріп, қолына су қүйып, кебісін қойып жүремін.

– Шешең қайда, Әбділда? Шешең келісті адам ғой, байғұс,—дейді, Жәкең дәл өңімдегідей. Мен күміс сақалы кеудесін жауып, жүресінен отырған күйінде – бір қозғалмай, желдете жырлаған Нұрпейісті де көремін. Кейде оның қатты қағылған домбырасынан оянып та кетемін.

Шалдар түсіме кірген түндері бір түрлі сергекпін: ұйқым шайдай ашылып, асыл жандардың бірінен соң бірін есіме түсіремін, сұр жебедей зымыраған ақбоз аттың үстінде ақ желетті Шашубай – “Ақ қайыңын” шырқап бара жатады. Бүкіл дала, бүкіл аян ұшқыр әнді қызықтайды, қанатты ақынға қызығады.

Менің жігіт шағым кілең осындай үздік қарттардың арасында өтті, мен олардан өміріме жетерлік жігер-қуат, ақыл-ой алдым. Мен олардан бүкіл өміріме жетерлік қуаныш-күлкі алдым. Сондықтан да шығар, қазір де ерекше бақытты сезінемін.

Жақсылар шапағаты бүкіл қауымға жететін, барлығымызды жарылқайтын, жарытатын сарқылмас қазына екен ғой.

Нартай мен Кененнің әлі қайратты шағы екен-ау ол кез. Екі құрдас Жамбылдың егіз үлындай жайнаңдайды. Домбырамен шырқайтын Кененге гармонды Нартайдың қосылғанын көргенде Жәкең бір түрлі құлпырып кетті. Екі саңлағына кезек-кезек қарайды қуанып…

– Мінеки, – деді ол кәрі кеудесін көтере жайраңдай, – шаң тимесім мен күн шалмасым қосылды да жосылды, бүдан былай осы өлеңнің аузын жаптырмаңдар! – деген.

Сол күннен бастап Нартай мен Кененнің жұбы жазылған жоқ. Алатаудағы Кенен дауысын Нартай естісе, Сырдағы Нартай үні Алатаудағы Кененге естіліп жатты.

Біздің үйдің көңілді бір кешінде Нартай менен Кененнің шешемнің қонағы болғандары есімде үш қүрдастың қызықты мәжілісінде сан рет күліп, сан рет жыладық.

– Айеке,

Ішпесем қанып қызыл шай,

Кетеді мазам өлердей,- деп Кенен күлдіреді.

– Менде де береке қалмайды,

Ырғағы азған, ұйқасы тозған өлеңдей – деп Нартай іле жөнеледі. Анам шайын қызарта түседі.

Сол кеште Кенекең анамның өтініші бойынша өзінің белгілі өлеңі “Базар-Назарын” айтты. Мен күнделігіме: “Бұл өлеңнің сөзіне сай әні де сүмдық зарлы екен. Мүны біз үй-ішімізбен (Нартай да бар) 1936 жылы 15 апрельде Кененнің өз аузынан есіттік. Түгел жыладық. Бүл бір ғажайып трагедия екен”, – деп жазыппын.

 

                              Ақ ешкі зарланасың ылағыңа

                              Сүт берген емшегіңнен шырағыңа.

    Кел екеуміз қосылып бір жылайық

                              Құдайдың жетер ме екен қүлағына

 

– деп бастағанда Нартай  сұп-сұр  болып  төмен  қараған-ды.  Содан   өлең   аяқталғанша  ол басын көтере алмады. Маған Нәкең сол екі арада-ақ недәуір азып қалғандай көрінді. Нартай әлден кейін есін жинап құрдасын құшақтады.

–     Жарадың, Кенекем,-деді ол, орамалмен буланған көзін сүртіп, – бұл жырыңды есіткен де, есітпеген де арманда. Мен қазір ерекше бақыттымын досым – деді.

Сол 1936 жылы Жамбыл, Кенен, мен, шешем Айманкүлмен төртеуміз Москваға біздің үйден аттандық. “Шалға айран алу керек, шалға сүт алу керек” деп поезд тоқтаған сайын шуласамыз. Сонда Жәкеңнің қамымен жүгіріп жүретін “жасымыздың” бірі Кенекең болатын. Бүл күнде Кенекең сол Москваға декадаға барған сапарымызды ертектей, армандай әңгімелейді.

–     Есіңде ме, Әбділда? – дейді ақын ойы кеткен жыраққа көзі де бірге кеткендей, алыстарға үңіліп.

–     Мына жерден Тайжан ақын гармонмен күжілдесе, оған ілесе Нартайжан шырқап еді-ау. Поезды паравоз емес, ән мен жыр тартқандай зырғытып едік қой!

–     Оныңыз рас, аға! — деп мен де еріксіз елігемін. Менің көзіме сондағы сақал-шашы жаңа ғана бурыл тарта бастаған, бірақ әлі де жас қайыңдай солқылдап түрған, көз жанары титтей де күңгірттенбеген, жүзінде қуаныш ойнаған Кенекем елестейді. Қатты шырқағанда әуелі өз қүлағын өзі бүрап, жанын күйттеп алатын да әнші-ақын бір дауыл айқайға басатын…

Кененіме кім жеткен

Ащы айқайға басқанда?

–  деп Жамбыл сүйікті інісін табанда мақтай жөнелер еді.

–  Әй, Кенен, сенің әніңе бір тойдың қызы түгел еріп кетіпті дейді ғой, сол рас па? – деп аппақ тістері ақсиып Нартай ақын күле қарайды. Бүл қүрдастың ең ыстық ілтипаты сияқты сезіледі. Қысқасы, әні мен сөзін бірдей қуатты шығаратын Кенен өзінің қүдіретті дауысымен күлдірем десе күлдіреді, жылатам десе жылатады.

Кенекем қайтыс болмастан бірер жыл бүрын осы атамыздың ауылында болдық. Кәрілік пен кеселден шаршаған ақын сыр мінез жақындарын көргендіктен болар деймін, басын жастықтан көтеріп, аяғын төсектен түсірді де маған құшағын жайды.

–  Апырмай, – деді ол, менің басыма сығырая қарап, сенің де шашың ағарып қалыпты-ау, бауырым…

–  Қартайдық қой Кенеке, — дедім мен де ағаға еркелей қарап, – өтіп жатыр ғой уақыт шіркін, аға.

–  Рас, рас, — деді қарт ақын ойланыңқырап қалып.

–  Уақыт өтпестей, қызық бітпестей көруші едік. Енді міне біздің қатарымыз бітуге айналды. Жәкең кетті. Нүрекең, Доскей, Орынбайлар қайда? Нартай, Иса, Нүрлыбектер қандай еді… Бәрімізден де жас Мүхтар мен Сәбитті айтсайшы! — дейді. Мен осы адамдарға өзгелердің аттарын қосып, үнсіз санап отырмын.

Өмір бойы маңайындағы адамдарды жүдетпеуге, жылатпауға тырысқан ақын, бүдан әрі пүшаймандыққа бойын алдыра бермейін дегендей басқа әңгімеге көшті. Біз осы жолы соңғы 40-50 жыл бойындағы бәрімізге ортақ жайлардың, адамдардың талайын еске алдық.

Барынша ақ пейіл Кенен көп жандармен достасқан екен, бірін үмытпай олардың қылықтарын, ірі-ірі қасиеттерін әңгімелеп, қимастықпен еске алды. Мен қарт ақынның адамға, досқа деген сүйіспеншілігіне қызықтым.

Біз осы жолы кәрі ақынға баспадан кеше ғана шыққан қалың бір томдық кітабын апарғанбыз.

–  Кәне маған естіртіп оқыңдаршы — деді, Кенекең, Шерияздан мен Әбілмәжінге қарап. Бүлар әндетіп оқи бастады. Көп оқылды. Мүхтарға, Сәбитке арналған өлеңдер де оқылды. Шаршай бастаған, әйтсе де қуанышын жасыра алмаған аға қолын әнтек көтеріп, өлең тыңдауын бір мезет доғарды да, маған қарады.

–  Қайдан түскен осының бәрі аузыма… Шын қажып қалғанмын ба, енді түспейді, – деді. Мен күлген болдым, бірақ ішім езіліп кете жаздады.

–  Бүхар жыраудың сөзі естеріңде шығар. Сол айтқан кеп қой деп Кенекең күбірлеп те алды.

 

Тоқсан деген топ екен,

Дүйім жанның қоры екен,

Қарғиын десең қарбанып,

Екі жағы ор екен.

Найза бойы жар екен,

Түбі жоқ терең көл екен…

 

Менің байқауымша қарт ақын қартайдым, қажыдым деп қынжылып отырған жоқ, ән шырқаған, жыр ағызған күндерінің алыстап бара жатқанына ғана күрсінетін тәрізді. Кәрі тарланның кеудесінде жел тисе лап еткелі түрған от әлі баршылық. Ғайыптан домбыра сазын естиді, бозторғайлар кеңістікке шақырады, өлең, ән ырғақтары қозғалақтайды…

Біз ақын ағамен қоштасып, қайтар жолға шықтық. Тау бөктерлерінен төменге қарай дастарқанша жайылған жалпақ даладан мен Кенен бейнесін көріп келемін, үздіксіз көріп келемін. Кенекең ән бастағалы, жыр бастағалы қашан! Осы Қордай асуынан Кенекем үні қанша рет асты екен!

 

Сәбит МҮҚАНОВ

 

ӨЗ БЕЙНЕСІ

(“Балуан Шолақ” повесінің бір тарауы)

 

Алатаудан аттанар алдында Балуан Шолақ қасындағы нөкерлерін таратты. Олардың “еліне шейін шығарып саламыз”, деген шын сөзін, егер “мақүл” десе, айтқандарын орындауына көзі жете тұра, Балуан тоқтаулы сөз тапты.

— Өздеріңе белгілі, — деді ол нөкерлеріне, — мен бүл жаққа өкіметтен қашып келген қоңыраулы кісімін. Сол қоңырауды елге қаға қайтсам, думандата барсам, маған қүлағын тігіп отырған өкімет, “ә, мынау әлі де баяғы қылығын тастамаған екен”, дейді де, торын қүрып қамай қояды. Оны істетпеу үшін, еліме мен үн-түнсіз баруым керек те, елеусіз жүре беруім керек.

—   Өйтсең өкіметтің тимесіне кезің жете ме? деген сүрауға:

—   Тыныш жүрген кісіде не ақысы бар оның? — деп жауап берді. Балуан Ғазиз ақынның “Елу бестен жас асып кеткеннен соң, жігіттіктің болмайды серуені”, деген сөзін айтпадым ба өздеріңе? Менің де жасым елу бестен өтті. Енді қылтың- сылтыңның керегі жоқ маған. Оның үстіне көңіл де жүдеу. Мен ауылыма бара, қақ-соқтың бәрін қоямын да, “айран ұрттап, қойын құрттайтын, ұя бөрік, жуан қоныш” адамның бірі болып күн кешем. Тағдырдың менің маңдайыма ендігі жазғаны осы болуға тиіс.

—   Тек, соны істей алсаң!… — десті, Балуаннын сөзін тоқтаулы көргендер, қарсы дау айтудың ретін таба алмай.

—   Істемегенде амал жоқ, — деді Балуан күрсініп, — жанған отқа көзсіз көбелек қана түседі.

Еліне жеке қайтуға некерлерінен рүқсат алған Балуан, “қойдан қоңыр, қозыдан жуас болған соң біржола болайын” деді де, үстіндегі сәнді киімдерінің бәрін естелік есебінде таратып беріп, өзі жүпыны киімдер сүрап алды. Аты мен ер тоқымын да қоңырқай түрде сайлаған ол нөкерлерімен жыласып қоштасты да, жалғыз өзі Балқаштың батыс жағын жиектей, еліне бет алып жүріп кетті.

Бұл бетіндегі елді Балуан бүрын аралаған жоқ еді, соны пайдаланып ат шалдырған, түстенген, қонған жерлеріндегі танымайтын “пәлен жердегі туысыма барып келе жатқан жалаушы едім” дей салды. Сақал-мұрты өскен, қоңырқай киімді оны ешкім де Балуан Шолақ деп ойламады.

Осындай елеусіз түрде келе жатқан ол, Балқаштың Іле өзені қүятын сағасындағы Топар аталатын жердегі ауылға жетті. Руы Сары үйсінге жататын бүл ауылда Балуан келген кезде, бір бай қызын ұзатып, ұлан асыр той болып жатыр еді. Балуанды бүл тойда ешкім елей қойған жоқ, оның үстіне өзі де тойдың думанына еліре сапырылысып жүртқа елетерліктей ешбір қылық көрсеткен жоқ.

Күндізгі думан өтіп, тойға келгендер кешке қарай теңіректегі ауылдарға бөліне тарқасты. Көппен араласқан Балуан да бір ауылға келіп түсті. Балуан түскен ауылдың адамдары, осы ауылға келген қонақтардан, “Кебекең” деген бір ақсақалға ерекше қүрмет көрсетті. Балуан жүрттың әңгімесіне құлақ түрсе, — “Кебекеңнің” шын аты — Кебекбай екен. Ол бүкіл Дулат атаулының әрі ақсақалы, әрі сәуегейі болып саналады екен. Қасына ере келген адамдары, осы Кебекеңнен:

—   Егер рүқсат етсеңіз, мәжілісімізді көріктендіруге Кененді алдырсақ кайтеді? — деп өтінді.

—   Алдырсаңдар, алдырыңдар! — деді Кебекбай.

—   Бар тап та шақырып кел! — деп жұмсаған жігіт кеткеннен кейін, бұл ауылға жиналған қалың жұрттың аузында Кененнің кім екендігі сөз болды.

—   Сол жігітті аса әнші деп жүр ғой, – деп сұрайды біреу, қай ауылдан екен өзі?

—   Дулат ішіндегі Жаныс көрінеді ғой ол. Жаныстың ішінде Қасқарау. Оның ішінде Сати-Боти. Мекендері Мәтібүлақ көрінеді. Әзірбай деген кедей шал болатын Сатида. Соның қартайған кезінде туыпты ғой бүл бала. Жасынан жетім қап, бай ағайындарының қой-қозысын баққан екен. Ержете аузына жел бітіп, қазір бүкіл Дулаттың атақты ақыны болғанға үқсайды. Өзі сымбатты да, көрікті жігіт боп ескен. Даусы да керемет өзінің,  аққудай сүңқылдайды… Ән де шығарады өзі, өлең де шығарады. Өлеңі онша қырғын емес. Ал енді әні бар ғой, — бұлбүлдың сайрауына бергісіз… Үлгіні кімнен алды екен бүл?

—   Балуан Шолақтан…

—   Не дейсің? Жолығып па екен Балуан Шолаққа?       ‘   *

Арқадан Жетісуға келе жатқан Балуан Шолақ, Сати-Боти елін аралап жүріп Доланқара тауына келгенде, қой жайылып жүрген тас арасынан әдемі ән естіледі. Айтушыны Балуан Шолақ таптырып алса, он бестер шамасындағы қойшы бала екен дейді. Әлгі бір қойшы баланың зарыққан мұңын бозторғайға шағатын әні бар ғой, сол ән, сол қойшы баланың шығарған әні екен дейді…

—   Апырау, не дейді?!…

— Дауысы да, әні де үнаған баланы Балуан Шолақ қасына ерген нөкерлерімен ала кетпек болған, баланың да барғысы келген екен, жалдаған бай жібермейді… Балуанның жүрген жері үлы думан көрінеді ғой. Қасқарауда ол Ноғайбай дейтін байдың үйіне түсседі. Балуан Шолақ келді деген соң қалың Қасқарау жиналса керек. Сонда әнін мақтаған Қасқарауларға Балуан: “Менен де зор әнші, — өздеріңнің араларыңда жүр, бірақ ән айтып жүрген жоқ, қой бағып жүр” деп Кененді өлердей мақтап, “нанбасаңдар көріңдер!” деп, әдейі ат жібертіп алдыртса, Балуанның айтқаны расқа шыққан соң, қалың Қасқарау Кененді басына көтеріп әкетсе керек…

— Жақсы адамның аса сөйлемей, баса сөйлейтін әдеті ғой… Балуан Шолақтың өзін баса, Кененді көтере сөйлеуі содан болған шығар, әйтпесе, өз дауысына жан пар келмейді деп естігенбіз, айғай салған дауысы тауды жаңғырықтырып, тасты сілкіндіреді деп естігенбіз, жүз бұралып, мың қүбылады деп естігеміз!… Кенен де керемет көрінеді ғой!… Сонысына қарағанда, Балуан Шолақтан бата алып, аузына түкірткен ғой ол!…

—   Апырай десейші! — деп ду ете түсті үйдегілер…

—   Ал, енді, мен сендерге бір қызық айтайын, — деді біреу, көпшіліктің шуын басқысы келгендей, қатты дауыспен:

—   Иә! — деді де, шу тез басыла қалды.

—   Осы Кенен бар ғой, сол Балуан Шолақтың бар әнін аузынан қағып алған!…

—   Не дейді?!…

—   Дегенімді айтайын: Балуан Шолақ Ноғайбайдың үйіне қонған күні мен де сол үйде едім. Балуанның әнін есітеміз деп келген жұрт үйге симайтын болған соң, халықтың тілегін орындап,  Балуан далаға шықты.  Ауыл Мәтібұлақтың жағасында, таудың арасында отырған. Балуанға ере тысқа менде шықсам, тау саласындағы адамның көптігінен көз түнады. Айт пен тойға да мүндай көп жиналмас жүрт.

—   Жүртты қоя түрып, Балуанды айт десті үйдегілер.   :,.?>

—   Айтсам, Балуан таудың төскейіндегі шыңға көтерілді де ән шырқады. Мана үйде бірер әнді айтқанда, дауысы аса зор сияқты емес еді, қоңырлау, бірсыдырғы секілді-тін, тысқа шығып сол әнді қайта айтқанда, дауысы биіктеп көтерілді де кетті. Сонда ол айқайлаған жоқ, әдемі нақышпен қоңыр ғана айтты. Осы дауысы тауды жаңғыртып, тасты сілкіндіріп жіберді…

—   Аруақ қонған адамның әдеті емес пе, топты көрсе арқаланып кететін. Аруағы көтеріп кеткен ғой, оның дауысын.

—   Сонымен қызық болды деді Балуан Шолақтың өнерін баяндаушы.

—   Иә?…

—   Сол түні таудың саласында Балуанның және оның нөкерлерінің әнін тыңдаған жүрт кірпік қаққан жоқ. Балуан қызық кісі екен. Мынау пәлен әнім, мынау түген әнім деп әр әнінің бір-бір ауызын өзі бастап береді екен де, некерлеріне “ендігісін сендер айтыңдар” дейді. Олар қосылып айта жөнеледі…

—   Қызық екен онысы…

—   Одан да қызығы бар…

—   Иә?…

Сол кезде, Балуанның нөкерлері қосылып айтқан бір әннің ішінен болатты болатқа соққандай шыңылдап, аспанға найзадай шаншылып, тыңдаушылар бүрын естімеген бір биік дауыс көтерілді де кетті… Қүр ғана биік дауыс емес, мөлдір судай кіршіксіз дауыс, көктемнің даласындай сәнді дауыс, шебердің кестесіндей нақышты дауыс…

—   Апырау, кімнің дауысы екен? — десті, кім екенін тез білуге асыққан жұрт.

—   Кененнің…

—   Ол қайдан кеп қапты?…

—   Балуан Шолақ кеше жіберген кісі Кененді тауып әкелгенше түн ортасы ауып кетсе керек… Балалық шағында Кенен бүйығы екен дейді. Сондықтан, келе сала Балуанның алдына жетіп бармай, көптің арасына отыра кетіпті… Арқасыз адам ән айта ала ма?.. Балуан мен нөкерлері айтқан топқа жақындай-жақындай, бір мезгілде қасына кеп қалыпты… Одан кейін өзін-өзі үстай алмай, Балуанның ән айтқан нөкерлеріне қосыла кетіпті… Әлгі дауыс сол екен.

—   Иә, сонан?…

—   Ән айтылып болған соң, Балуан орнынан түрып Кененнің қасына барады да, “е, сен келіп қалып па ең” деп, қол берген Кененді бауырына басады. “Уа, жүртым, — дейді Балуан сонан кейін, жиналған топқа, сенің бүлбүлың осы!…” “Әзірбай баласы Кенен мүның аты-жөні. Өзіңнің Дулатың бүл бала. Оның ішінде Қасқарау, оның ішінде Сати-Боти. Бірақ, бұл қалың Дулат, — сенің ғана сыбағаң емес, “шебердің қолы, шешеннің тілі ортақ” дегендей, барлық қазақтың сыбағасы. Бірақ, бүгінгі күні, бүл бала, қалың Дулат сенің әншің емес, қойшың болып жүр. Қазіргі халінің қандай екенін баланың өз әнінен, өз қүлағыңмен есті. Ал, Кенен айт мына жұртыңа “Бозторғай” деген әніңді…”

Кенен “Бозторғай” әнін айтқанда, қойшы баланың ауыр халін кез алдына келтіріп, тыңдаушылар мүңайып қалады. Сонда Балуан Кененге, “енді Көкшолақ деген әніңді айт!” лейді. Кенен бүл әнін айтқанда, жүрт ішек-сілесі қатып күледі. Содан кейін Балуан: — “Міне, көрдіңдер ме, көпшілік, қойларыңның қиының арасында қандай алтын жатқанын?. Алыңдар, ол алтынды қи арасынан!… Бүдан былай тотықтырмай, жарқыратып ұстаңдар!” — деді…

Балуан Кененді өзімен бірге алып та кетпек болған екен, әрі жалдаған байы жібермейді, әрі “қартайған шағымда көзімнен таса қылмаймын” деп әкесі босатпайды. Бірақ, Балуанның айтқаны да далада қалмайды қалың Дулат Кененді айт-тойына шақырып көтереді де кетеді. Сонан кейін аруағы ұшып Дулатта Кенен қатыспаған ойын-тойдың көркі болмайды…

Ойын-тойларда өз әндерімен ғана тоқтамайды, халықтың әндерін, басқа да әншілердің, әсіресе, Балуан Шолақтың әндерін көп айтады…

Осы кезде көп адам қосылып айтқан ән естіле қалды. Оған елеңдеп ауылдағы көпшілік те, Балуан да далаға шықты. Бүл ымырт жабылып, қас қарайған кез еді. Белесті қүмдардың арасында отырған ауылға үндері аспанды жаңғырта қосылып ән айтып келе жатқан көп дауыс жақындай береді.

—   Кенен!… Оның нөкерлері!… — деп шуласты күткен жұрт.

—   Дәл Балуан Шолақ! — деді әлдекім — Кенен өлеңдерін соның үлгісімен айтып келеді…

Кененнің әндеткен тобы ауылға кеп түскенде, төңірекке адам симай кетті.

Мұншама адамды сиғызатын ешбір үй болмағандықтан ән далада, қалың құмның арасында айтылады. Халық өзінің тамаша әншісінің кескінін көріп отырсын дегендей, ән басталар алдында ашық аспанға он төрт жасына толған ай көтерілді. Дала сүттей жарық.

Кескінін де көреміз, әнін де түгел естиміз деп, халық Кененді биік бір қүм-шоқының төбесіне отырғызды. Өздері сол шоқының төбесінен төмен сорғалай етекке жайыла орналасты. Осы қалың көпшіліктің арасында төбеге жақындау түста, белгісіз адамның бірі боп Балуан Шолақ та отырды.

Шоқының төбесіне отырған Кененнің кескіні Балуан Шолаққа жасырақ кезінде айнадан көрген ез кескіні сияқтанып кетті. Ана жылы көргенде бала пішінді Кененнің қазір сақал-мүрты да өскен және дәл Балуан Шолақтың сақал-мүртындай, мүрты үзара қалыңдап, қаршығаның жазған қанатындай, иығына қарай қайырылып, сақалы иегіне шоқтала, бір түтам ғана боп ескен. Маңдайы да сондай кең, қасы да сондай қою, мүрны да сондай қоңқақ… Кененнің кескінінен өз бейнесін тапқан Балуан, ішінен “менің әндерім мен өлендерімді айтар ма екен?. Айтса қалай айтар екен?” деп ойлады.

Жетісу ақындарының бір өдеті жиын-тойда кезіккен тыңдаушыларына әуелі өлеңмен амандасып алатын, Кенен де қоңыр дауыспен амандық-саулық айтқанда, Балуанға үні ұнағанмен өлеңі көңілін қозғарлық әсер бере алған жоқ. Кенен әнге басқанда Балуан оның кескініне қадала қарап, қатты да қалды. Ана жылы балалық лебі есетін жіңішке дауысы енді қалыңдап және тым биіктеп кеткен екен. Балуан Дулатта Сарыбас дейтін ақынды көріп еді, ол әнін айғайлап бастап, оң жақ қүлағын қолымен бұрап-бұрап жіберетін, Кенен де сөйтеді екен. Бірақ бүл Сарыбастай қылғына айғайламайды, еркін шырқайды, сонда мүлтіксіз қоңыр дауысы жер-көкті жаңғыртып, кең даланы түндырып жібереді. Балуанның бағалауынша мүндай дауыс, ол естіп жүрген үндерде, Біржан салдан басқаға біткен емес. Міне, қайда әдемі, кең және биік дауыс деп сүйсініп қояды Балуан ішінен.

Кененнің әндерін сүйсіне тыңдағанда Балуанның байқағаны — көріспеген аз жылда жас әнші бірталай ән шығарып тастапты. Бүл әндер арғымақ пен қарабайырдан туған қүлын сияқтанып, кей жерінде Арқаның екпінді биік әніне де, кей жерінде Жетісудың келтелеу шүбалаңқы әніне де ұқсап кетеді екен.

Кененнің әндеріне біраз сусындап мейірі қанғандай болған қалың көпшіліктің арасынан: “Балуанның әнін, Балуанның” деген дыбыстар шықты.

—   Қайдағы Балуанның? — деп сұрағандарға:

—   Балуан Шолақтың жер-көкті күңіренткен әндерін естімей, қүлағың керең болған біреу ме ең, — деп қасындағылар ұрсып тастады.

—   Иә, Балуанның әнін, Балуанның! — деген дауыстар көбейіп кетті.

—   Болсын! — деді Кенен қолын көтеріп, шуды басқысы келгендей. Шу тың бола қалды.

—   Ал халқым! — деді Кенен, — өлеңнің де, әннің де мінезі мен қылығы шығарған иесіне тартатынын жақсы білесіңдер. Балуан асау мінезді, әрі қылықты адам. Оның әндері мен өлеңдері де өзіне үқсас асқақты, екпінді келеді. Мен жүмсақ мінезді, жуас қылықты адаммын. Балуанның әндері мен өлеңдерін өзінен ауызба-ауыз үйреніп қалғаным рас. Бірақ, мен ол шығарған әндер мен өлеңдердің ырғағын келтіргенмен, екпінін келтіре алмаймын. Балуанның әндерін естігендерің де, естімегендерің де бар болар. Естімегендеріңе оқасы жоқ. Ал, естігендеріңе Балуан дегенің оның киімін киген Кенен болып шықса, сөге көрмеңдер!…

—   Оны тыңдай көрейік — десті жүрт. Балуанның әнін естуге қүмартқандар, Кененнің аузына төне қалды.

—   Мен Балуанның он екі әнін айтам — деді Кенен

домбырасын күйлеп алғаннан кейін.

—   Ал, тыңдадық! — деп гу еткен дауыс тез тына қалды. Кенен әуелі Балуанның бозбала шағында шығарған “Ыңғай төк”, “Дікілдек”, “Сегіз келін” сияқты жас жігіттің жан гүліндей жайнаған әдемі әндерін өте нақыштандырып айтып берді. Бір кезде бұл әндерді өзі де осылай айтатын Балуан, албырт жастықтың адуынды мінезімен егде тартқан шағында үялғандай, басын төмен түсіріп, бүгежектей тыңдады… “Дікілдектің” аяғындағы:

 

Атандым жастайымнан “Шолақ” дәу деп,

Бұл дүние кім ойлаған шолақ-ау деп,

Мал-мүлік пен байлықты тәрк етпеймін,

“Артымда ақыр бір күн қалады-ау” деп…

 

деген сөздерін айтқанда, Балуан қасындағыларға сездірмей күрсініп қойды. “Қос барабан” деген әні, әсіресе, ол әннің:

 

Көкшетауым,

Күнде жауын.

Сексен көл айдын шалқар,

Қайран ауылым!

 

деген қайырмасы айтылғанда, Балуан қаттырақ күрсініп қалып, маңындағыларға дыбысын естіртіп алды. Ол қасындағылардың:

— Не болды сонша ауыр күрсініп? — деген сұрауына жауап берген жоқ…

Жетісуға келе, алыста қалып аңсаған Ғалиясына арнап,

“Сұрша қыз” деген ән шығарған еді. Кенен сол әнді де шырқап, қайырмасындағы:

 

Сөйтіп жүрген сұрша қыз,

Көкшетауда қалдың-ау,

Ау – ай сұрша қыз,

Енді есен бол-әй!

 

– деген сөздерді айтқанда, Балуанның көзінен жас ыршып кетті. Егер Кенен бүл әннен кейін Балуанның қайрат-жігеріне арналған “Қүлан кісінес” аталатын екпінді әнін, одан кейін “Қос перне” аталатын соған ағайын әнін елірте айтып жібермесе, Балуан қасындағыларға жылауын да сездіріп алар еді. Айғырдың арқырауы сияқты “Құлан кісінес” пен домбыраның екі ішегін бірдей сөйлетіп, әуелі қоңыр басталғанымен, арты шырқап биікке шығатын, тынысы мол, ырғағы көп “Қос перне” айтылғанда, батырлық қалпына келгендей Балуан сергіп кетті. Соңғы әннің:

 

Өз атым әкем қойған Нұрмагамбет,

Халқымнан көріп жүрмін қадыр-қүрмет.      

Бас қосқан оязнайдың съезінде,

Көтер дім кір дің тасынелубір пүт!…

деген сөздері айтылғанда,пау шіркін!” деп көтермелегендерге дауысын қалай қосқанын Балуан аңғармай да қалды. “Желдірме” аталатын желіге айтылатын термелі әнге  тіпті  желіге  бастаған  Балуанның көңілі, “Жай  қоңыр” аталатын баяу

ырғақты әннің:

 

Салайын “Жай қоңырға” жәйіменен,

Барады өтіп ө.мір айыменен,

 

– деген сөздері басталғанда, тағы да бәсеңси қалды. Өмірінің өтіп бара жатқаны есіне түсті. Осы ойын қалыңдата түскісі келгендей, Кенен Балуанның өмір жолы туралы шығарған “Өтетін өмір” атты термесін төпеп кетті:

Бір жасқа жеткенімше қүндақтайсың,

Екіде тек былдырлап тіл қатпайсың.

Бес жаста безіп үйден, тал ат мініп,

Он жаста жарда ойнаған лақтайсың.

Келгенде жиырмаға сазда есетін,

Балауса бейне балғын қүрақтайсың.

Отызда ор қояндай аспанға атып,

Қырқыңда мүшеленген қүр аттайсың.

Елуде ақыл-ойың тегіс толып,

Төскейден сарқыраған бүлақтайсың.

Алпыста бар асылың түгел жайнап,

Маңыңа сәуле шашқан шырақтайсың.

Жетпісте түра берсең жер таянып,

Жарыңнан қүдай қосқан жырақтайсың.

Сексенде буындарың діріл қағып,

Болдырған арық аттай бүрақтайсың.

Тоқсанда елсең де өлдің, өлмесеңде,

Сүм дүние енді кімге түрақтайсың?…

Бүл сөздеріне тағы да тұнжырай қалған Балуанның құлағына кейінгі кезде шығарған “Кенже қоңыр” деген әні естілді.

Бір аты әндерімнің “Кенже қоңыр”, Тең болмас арғымақ пен қара шобыр, Армансыз Үйсін, Дулат араладым, Кеп жатып бір ауылды етпей ығыр. Әнімнің әркім қүмар мақамына, Кей жігіт қарап отыр түтамына. Сайраган Сарыарқаның бүлбүлы едім, Жетісу қонақтадым бүтағыңа…

Осымен Балуан Шолақтың он екі әні бітіп те қалды білем, — деді Кенен жүртқа қарап.

—   Он бір-ақ — деді санап отырған біреу.

—   Қайсысын қалдырып кеттім екен сонда? — деді Кенен.

—   Кәне аттарын аташы, санайық — деп көпшілік пен Кенен айтылған әндерді санай бастағанда, Балуан отырған биігінен төменге сырғып түсті де, шылбырынан сексеуілге байлап қаңтарған атына қарай кетті.

—   Несіне отырамын — деген ой келді оған, — менің ойымдағы сырдың бәрін де Кенен халыққа айтып берді. Енді несіне көрінемін ол халыққа?… Босқа шулату үшін бе?… Кімге қажет ол шу?… Қой онан да осы белгісіз бетіммен кете берейін!

Ол аттанып жүре бергенде, манағы жоғалған әнін тауып алған Кененнің биік дауысы аспанға көтеріле берді.

Балуан ұзаған сайын ән биіктей берді. Жетісуда қалып бара жатқан Кенен, оған өз бейнесі сияқтанып кетті. Қайтып оралмаймын деп бара жатқан Балуанға, елде өз көзіндей көретін мүрагері қалуы оның қуанышын теңіздей тасқындатты. Кеудесіне симаған бұл тасқын Балуанның көзінен жас боп сорғалады…

—————-

С. МҮҚАНОВ. «Балуан Шолақ» повесі, 392-402 бетте.

 

 

Ахмет ЖҰБАНОВ

 

КЕНЕН

 

“Екейде елу бақсы, сексен ақын” дегендей, Жетісуда Сүйінбайдан, Жамбылдан келе жатқан ақындық дәстүр дүниеге көптеген таланттар берді. Олардың бәрі бірдей тек сөз қуып қана кеткен жоқ, ішінде жыршылары, әншілері болды. Ақындық, айтыс дәстүрі әлі күнге дейін бүл өреде сол қалпымен келеді. Тіпті жаттап алған өленлері болса да еркек демей, әйел демей, той-топырда айтысып жүре береді. Ол дәстүр тек егде тартқан адамдарда емес, жастарға да ауысқан. Сондықтан да, Жетісу өресінде сөз қуу, айтысу дегендер кең жайылған дәстүр.

Міне осы топтың ішінен ала-бөле көзге түсетіні — Кенен. Ол бір жағынан суырып салма ақын да, екіншіден жақсы әнші, ал үшінші жағынан өзі көптеген ән шығарған халық композиторы. Кененнің өмірінде кейінгі жас үрпаққа үлгі боларлықтай кезеңдер көп. Ол творчествосында адам бақыты үшін күрестің жырын жырлады, бері келе, жеңістің, туысқандықтың, шын мәнісіндегі бақыттың жырын жырлады.

Кенен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, осы күнгі Киров атындағы колхоз түрған жерде 1884-жылы туды. (Бүдан ширек ғасыр бүрынғы деректе туған жылы 1888 болатын да, жерінің аттары Қоңырадыр, Мәтібүлақ еді). Жыл жағынан болмаса, жер шамасының бәрі біріне бірі жақын сияқты. Әкесі Әзірбай айтарлықтай өнері болмаса да, ол да ауыл арасында ән салып, домбыра тартып жүрген. Бірақ аты шығып не ақын, не әнші болып жайылған емес. Ал, шешесі, Үлдар үлкен әнші, ақын адам болады. Үлдардың ол өреде атағы кең жайылады. Кішкене күнінде Кенен шешесінің өлеңін, әнін есітеді. Бірақ мейірбанды ана, өліп-талып көрген (Үлдар үл көрмей көп зарығып жүреді) Кененді баулып, тәрбиелеп, мәпелеп өсіруге тағдыр күрығы оған ерте түсіп, Кененнің жасы жетіге келе бергенде Үлдар қайтыс болады.

Үлдардың елімі Кененге де, ол кезде жетпісті алқымдап қалған Әзірбайға да оңай тимейді. Үй ішінде үлкен қайғы-қасірет жас бала мен кәрі әкенің басына төнеді. Оның үстіне Әзірбайдың мал дегенде екі-үш ешкіден басқа малы болмайды. Кенен қабырғасы қатпай жатып байдың қойын бағады. Аз да болса аужал болсын дейді. Күндіз қой бағып, кешкілік ауыл шетінде кішкене итарқаның астында әкелі-балалы екеуі жоқшылықтың мүң-зарын тартып, айран-шалабын ішіп отыра береді. Айлар, жылдар тізбектеліп, кеңілсіз өте береді. Күндіз далада жүріп шаршап-талған Кенен көбіне ауыл жастарының түнгі ойындарына да қатыса алмай, үйықтап қалады. Кейде оның күнүзаққа күнге күйіп талып келгеніне қарамай бай оны түні бойы қой күзеттіріп қояды. Бірақ жас, қажырлы дене оның бәріне де төтеп беріп, тіпті оннан асқасын сол бір ауыр бейнеттің ортасында жүріп, Кенен соның арасында домбыра тартуға, ән салуға да уақыт табады. Баяғы бала кезінде шешесі Үлдардан алып қалған аздаған ән жобалары, жыр нүсқалары енді жас талапкердің көңілінде қайта қозғалып, біртіндеп оларды есіне түсірелд. Кешқүрым ауыл жастары қыр басына шығып, ақсүйек ойнап, алтыбақан тепкенде, Кененнің әндеткен әсем дауысы көп .кастәрдың буынын босатады. Байдың топас, ерке-шөлжіңдері болмаса, ауылдың қүбатөбел дәулеті бар адамдарының балалары Кененнің осындай ауыр жайда жүргенін сезеді, аяйды, бірақ оған қол үшын беретін жағдай өздерінде де бола қоймайды.

Жоғарыда айтылғандай, Жетісу дәстүріндегі ақындықтың жайылуы Кененге жақсы әсер етеді. Бай ауылына келген, қона жатып жыр жырлаған, өлең айтқан әнші, ақындар Кененнің санасында үлкен із қалдырады. Қабілетті бала есік алдында, кейде үй сыртында жүріп-ақ олардың маржандай сөздерімен, аңыраған әндерін көкірегіне түйіп алады. Көбіне Кененнің оларды тыңдайтын жайы да болмайды. Өйткені, Кенен күндіз далада қойда болады. Тек қона жатқан, түні бойы өлең айтқан, айтысқан ақын, әншілерді тыңдауға ғана мүмкіншілігі болады. Оның өзінде де түнгі үйқыны соларға беріп, ертеңінде күнүзаққа қалғып-шүлғып жүреді. Әрине, үйықтап қалса, қойына қасқыр шапса, Кененнің басына байдың әңгір таяғы ойнайды.

Кенен осылай жүріп, өз әндерінің санын көбейтеді. Қойшылармен кездесіп олардан ертегі, нақыл сөздер есітеді, кейде сыбызғының үніне қосылып бала дауысымен Қордай даласын жаңғырықтырып ән салады. Кейде белбеуіне қыстырып журген домбырасын алып, оған өзінің сазды, қоңыр дауысын қосып, ән шығару талабында болады. Ал өлеңді Кенен ерте шығара бастайды. Ол сол бір далада жүрген кезінде-ақ жаратылыстың не бір әсем көріністерін өлеңіне қосады. Өзімен қатар жүрген қойшыларға айтып береді. Олар Кененнің мүндай қабілеті барлығын сезіп, осындай таланттың қой соңында, ен далада күні өтіп бара жатқанына қынжылады. Бұлардың да одан басқа қолдарынан келері жоқ, тек мына бір теңсіздік заманға қосылып лағнет айтумен бітеді.

Кенен болса ол тағдырдың жазғанынан басқа амал жоқ, соған бас иіп жүре беру керек деген ойдан аулақ болады. Ол күші болмаса да, табиғат берген мына бір сыйлықты қалай да даланың шаңына бастырмай, желіне үшырмай, жаңбырына шайдырмай таза қалпында сақтап, реті келген жер болса іштегі шерді өлеңмен, әнмен сыртқа шығарғысы келеді. Өлең-әннің күресте өткір қүрал екенін анық біліп болмаса да, оның сезімді жүрегі бір нәрсені аңдайды. Кенен далада жүргенде есітетін дыбысы: судың сылдыры, торғайдың шырылы, желдің гуілі тағы сол сияқтылар болады. Ол сол бір даланың дыбыс симфониясын қүлағына іле жүре, солардың ішінен де өзіне рухани серік, мүңдасатын дос тауып алады. Ол аспанда шырылдап жүрген бозторғайдың емін-еркін шарлап жүргенін көріп, жаратылыстың оған берген сыйына қызығады. Боз торғайдың қайда барам десе де жететінін, аспан әлемінде кезіп жүруге мүмкіндігі бар еркіндігін, басқа күш-қуаты шамалы болғанымен қанаты болғасын күн көруге оның да жәрдемін ойлап, біраз кідіреді. Өзінің қойшылық өмірі, мына бір бай қойына байланып, ешқайда қозғала алмайтын еріксіздігін, аспанға үшпақ түгіл, жер бетінің өзінде барамын деген жеріне бара алмайтынын ойлап, налиды. Бірақ торғайда бар қанаттың өзінде де барын, оны да жаратылыс сый етіп бергенін есіне алады. Ол қанаты — өлең, ән шығару, өнер қанаты, ол қүстан да алыс үшпай ма. Ол Қордай түгіл анау Алатаудан асып та кетпей ме, сөзді, әнді кім оның “етегінен” тарта алады. Міне, өнердің осындай қасиетін толық жетіп білмесе де, жас Кенен өзінің қабілет қылын қозғап, дүниеге бірінші рет жаңа бір туынды береді, жанынан жаңа ән шығарады. Әнді аспандағы бозторғайға қарап айтады, енінің атын да “Бозторғай” қояды.

 

Бозторғай, шырылдайсың жерге түспей,

Мен жүрмін кешке шейін тамақ ішпей.

Ат қылып ақ таяқты қолға ұстап,

Сандалып қой артында азар кешке-ай.

                      

Келемін қойды жайып Қоғалыға,

Шығады бүркіт салған Обалыға.

Қой соңында жүрсең де кешке дейін,

Қарамайды бай, манаптар обалыңа.

 

Қойшылар қой жайғанда кеш батпайды,

Отырсам мал күзетіп таң атпайды.

Қарайтын қабағыма бір пенде жоқ,

Бел шешіп төсегіме бір жатпаймын.

О, Бозторғай!

Шырылдайсың шіркін-ай.

Құтылар күн болар ма,

Қой бағудан бір күні-ай?!

 

– деп келеді әннің сөзі. Бүл ән радио толқынындай, баста қойшылар, малшылар арасында, кейін халық арасына тез тарқап кетті. Әннің әсем сезі де, қорлық көргеннің, зорлық көргеннің, бейнет тартқанның бәрінің де жүрегінен орын алады. Әрине, байларға, оның сойыл соғарларына бүл ән үнай қоймайды. Бірақ халық дуылдап көтеріп алып кеткенсін ән қанатын самғап сол өлкені шарлап кетеді. Енді Кенен қойшы Кенен гана емес, “Ақын Кенен” деген атақтар алады. Ол атақты да өнерді баулып, қамқорлық етіп отыратын үкімет жоқта тағы да сол халқынан алады. Кененнің өлеңдері аузынан шықса болды, лезде елге тарап кетеді. Оның мүқтаждық емірді суреттеген бірнеше шумақ өлеңі ауыздан ауызға көшіп, ауыл жастары айтып кетеді.

 

Қозы жайған жерім бар Мәтібүлақ,

Шешемді ойлап зарланам күнде жылап,

Күн шықпастан дірдектеп мен жүргенде,

Шешесі бар балалар жатыр сұлап.

Шешемді ойлап далада айқай салсам,

Талқан шекер татиды шайнай қалсам,

“Қу жетім” — деп қуады қозы иесі,

Тілін алмай кей күні бармай қалсам.

Қарт боп қалған әкем бар жетпіс жаста,

Байғүстың баласы жоқ менен басқа.

Жалгыз үлын баға алмай жасы жетіп,

Жыласа көзі толған қанды жасқа.

Бірге отырсақ сыймадық туысқанга,

“Қу жетім” — деп қуады ұрысқанда,

    Үш ешкі мен бір қойдың басын үстап,

Әкеме саугызамын мыс құманға.

Алты уық баспана етіп тігіп алдық,

Баягы үш ешкі мен жалғыз саулық,

Бір жагына қамалып кіріп алдық. *

Әкем байғус артымнан кеп түрады,

“Шаршадың ба, шырағым”, —деп түрады.

Қой, серкешке жүргізіп, жылдығына

Аяқ-лау алсам деп еп қылады,

 

– деген өлеңі Кененнің басындағы ауыр халін жеткізе суреттейді. Басқа кірме сөзсіз, таза тілмен айтылған өлең Кененнің ақындық жағынан да жоғары екенін көрсетеді. Кененнің өлеңдері түсінікті, қарапайым болып келеді. Оның мәнісі терең бола түра оқуға жеңіл, ешбір түсініксіз, жүмбақты жері жоқ болады. Екіншіден бүл өлеңде кешегі заманның тек Кенен емес, жарлы-жақыбайларының бәрінің де басына салған трагедиясы суреттелген.

Әзірбай шынында ептеп, тырнақтап жинап жүріп, бір-екі жылдан кейін бір ыңыршағы айналған арық, өзі сәуірік көкшолақ, ат сатып алады. Бүрынғыга қарағанда енді едәуір жақсы болып қалады. Әзірбай да тайы бар адам болып, оны бағып-қағып оңалтып алады. Ауыл арасында қандай жақын да болса жаяу жүруді ар керетін қазаққа, мына көкшолақ аттың тақымына түсуі үлкен бір байлықтай болып көрінеді. Кенен көкшолақтың басқа аттармен салыстырғанда мүсіннен жүрдай түрін де өлеңге қосады.

 

Сатып алдық Тоқпақтан Кекшолақты,

Қүйрыгы жоқ, жалы жоқ шоп-шолақты.

Өзі сәурік көктемде байтал қуып,

Бір жағынан азынап құдай атты.

Айғырлармен таласып жауыр болды,

Бағып міну әкеме ауыр болды.

Күндіз қойға мен мініп, бағып-қағып,

Әйтсе де аяқ-лау тәуір болды,

 

– деп, қалай дегенмен де қылқүйрықтың үлкен көлік екендігін айтады. Кенен атына тек өлең арнап қоймай оған ән шығарады. Ән Жетісудың дәстүрінде, халықтық интонация негізінде шыққан. Аздаған қалжыңның элементі бар. Ол әсіресе қайырмасында көбірек көзге түседі. “Көкшолақ” әні де тез жайылып кетеді. Орындауға да жеңіл, музыкалық жағынан аса мазмүнды, қоңыр ән, өлеңнің сөзіне сай келеді. Кенен бүл әнде де тақырыбы, аты жануарға арналғанмен шыншыл суреткер сол бір сыртқы атаулар арқылы езілген таптың өкілдерінің жан дүниесін, үй-ішілік “қуанышын”, аяқ-лау бола түра, көп мініліп, ығыр болған Көкшолақтың жал-қүйрықтан айрылып, шабан болғанын поэзия мен музыканың сиқырлы тілдерін қолданып, кедейдің “күрмеуге келмейтін қысқа жібіне”, “шолақ тонына” теңейді. Әсіресе:

 

Мінгенім астымдағы Көкшолақ-ты,

Жалы жоқ, қүйрығы жоқ шоп-шолақ-ты.

Әй қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт,

Тұсыңа мендей құрбың келіп қапты,

 

— деп, малға кедей болмағанымен, жаны бай, әні кеп Кененнің қадірі күн санап халық арасында арта береді.

Сол өредегі Бибол дейтін бай екі болыс елді шақырып той қылады. Ол тойға, қойын біреуге уақытша бақтырып кетіп, Кенен де барады. Байдың балалары жолда Кененді келекелеп:

 

Әй байғүс, тойға барар сәнің бар ма,

Қызбенен айтысатын әнің бар ма.

Кеудеңді өрге айдайсың сорлы кедей,

Сарапқа салысатын малың бар ма?

Үстіңде тіккен сенің үйің бар ма,

Айт пенен той қуатын күйің бар ма?

Атты мен тондынікі емес пе олар,

Басыңда аз да болса миың бар ма?

 

– деп өлең айтады. Кенен: адамның қасиеті малмен өлшенбейтіндігін өлеңмен ағызып айтып береді. Оларға ерегісіп, Биболдың қызының түсына келіп, жоғарыдағы: “Әй, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт, Түсыңа біздей қүрбың келіп қапты” деп жетіп барады. Өзі ақын, өзі әнші — кімнен қорықсын, Көкшолағын тебініп, бай балалары өзін де, атын да кеміткен сайын екіленіп, Көкшолағымен сөйлескендей:

 

Жылдам жүрші, Көкшолақ,

Шапшаң жүрші, Кокшолақ.

Олай жүрші, Көкшолақ,

Былай жүріпі, Көкшолақ.

Жамандатқыр, Көкшолақ,

Діңке қүртқан, Көкшолақ,

 

– деп, атының дүлдүл емес екенін паш ете, өлеңіне қоса жүре, қыздың үйін кимелей береді. Бірақ Кенен қыздардың өзінің әндерін, өлеңдерін айтып жүретінін, жақсы көретінін біледі, мырзалардың қүтын қашыру үшін осындай улы қалжыңға барады. Кенен қыздың тойында өлең айтып, ән салады. Оның әдемі дауысы, өткір сездері тойдың басқа қызығын үмыттырып, оған жиналған халықтың көбін өзіне қаратады. Осы күннен бастап Кененнің ақындығы, әншілігі Қордайдан басқа жерлерге де жетіп, Кененнің қойшылық өмірбасын біржолата босатып алуына себептің басы болады.

1910 жылдарда Еркебай дейтін болыс Кененнің дабылын есітіп, оны ат жібертіп шақыртып алады. Байдың қойы жайына қалып, Көкшолақты әкесіне міңгізіп, Кенен Еркебай ауылына кетеді. Енді қырық тебінгенде бір елең етпейтін Көкшолақтан басқа атқа да тақымы тиеді (әкесі Әзірбай осы шамада дүниеден қайтып, Кененнің қайда барса да қарайлай қоятын ешнәрсесі болмайды). Біреулер Кенен жасынан қой бағып, таптық сезімі ерте оянып, байларға, болыстарға қарсы болып, туғалы олардың қасына жолаған жоқ деген сяқты аңыздарды айтады. Ол шындықпен жанаса қоймайтын әңгіме. Өйткені ешкім де туғаннан бай мен болысқа қарсы болып тумайды. Одан кейін байлардың, болыстардың ішінде кедей табына бойтамыры елжіремегенімен, қадірлі адамдарды, ақын, әншілерді көтеріп, мадақтап, кейде қасына ертіп, екінші бір елдің немесе болыстың ақындарымен айтыстырып, өз жагының ақыны жеңіп кетсе көтеріліп жүретіндері сөзсіз болды. Кенен де ол бір жайдан сырт қалды деу тарихқа қиянат болады. Екіншіден, Еркебайдың қасына ергеннен Кененнің адамшылық қасиетіне де, ақындығына да, әншілігіне де, таптық сезіміне де ешбір нүқсан келмейді. Қайта Еркебайдың шақырту себебімен Кенен мойнындағы қойшылықтың лағнет қамытынан босайды.

Осы кездерде Кенен өзінің “Қос қалқа” деген әнін шығарады (кейін өзі “Қызыл қайнар” деп те атап жүр). Ән Кененнің Еркебай ауылында болғанда Естайдың Хүсни-Хорланы сияқты апалы-сіңлілі екі керкем қызды көріп, солармен әңгімеге келеді. Көркем сөздің, әнші жігіттің қадірін білетін қыздар Кененді қадірлейді. Бірақ кедейліктің салдарынан Кененнің тек жолығысып, орамал, сақина алысып, ескерткіш қана қалдырғаны болмаса, одан әріге бара алмайды. Міне, сол қыздарға арнап шығарған “Қос қалқада”:

 

Ұзынсу мен Иірсу, Қызылқайнар,

Қыз-бозбала жиналып күліп-ойнар,

                                            қос қалқа!

Алма, өрігі албырап, гүлі жайнап,

Саясында сандуғаш-бүлбул сайрар,

                                             қос қалқа!

Сұлу қыздай керілген Сұлутөрім,

Ән шырқатып, айтысып жүрген жерім,

                                             қос қалқа!

Керегенің көзінен қол жалғасып,

Шай орамал ұсынган кербездерім,

                                                  қос қалқа!

Басынан Алатаудың ұлар үшқан,

Жеткізбейді ой жүйрік, ұшқан қүстан,  

                                                   қос қалқа!

Көзінен керегенің жүзік беріп,

Әріптестер едіңдер қолды қысқан,

                                                    қос қалқа! ‘

Қызылқайнар, шөл қайың,    

Су ағады сай-сайын.

Сен сағынсаң ай сайын,

Мен сағынам күн сайын.

 

– деп, әрбір екі өлең жолынан кейін “Қос қалқа” деген сөзді қайталап отырады. Ән шағын көлемді, халық әндерінің қысқа демді әуенінде шығарылған. Қайырмасында да шырқап, аспандап кетпейді, сол бір шамада қалады. Жалпы Жетісу әндерінің жан ауыртпайтын, шағын диапазонды қалпында.

Осы шамада Кененнің “Мөртай сүлу” атты әні шығады. Мөртай қыздың аты. Кенен мен Мөртай бірін бірі үнатады. Бірақ қалың беретін Кененнің малы жоқ болып, Мөртайды басқа біреу айттырады. Мөртай үзатылады. Кенен оған да қарамай, біреу арқылы қызбен уәделесіп, оны бір түнде алып қашады. Бірақ қолға түсіп, зәбір көріп, ақыры жуандардың айтқаны болып, Кенен өліп-талып жеткен жалғыз сиырын сатып, айып төлеп әңгімеден әрең қүтылады. Кейін сүйген Мөртайын сағынып, оны елеңіне қосып:

 

Сенің ауылың Қордайдың қырқасында,

Менің ауылым жартастың жырасында, Мертай-ай!

Тал бойыңда тарыдай бір мінің жоқ,

Тоты қүстай бүралып түрасың ба, Мөртай-ай?

Сенің ауылың Қордайдьщ кезеңінде,

Біздің ауыл Қопаның өзенінде.

Ауылың алыс кеткенде сүлу Мертай,

Өшпейтін от жанады жүрегіме.

Сен де арманда, Мөртай жан, мен де арманда,

Екі ғашық қосылар заман бар ма?

Қалың малға сатылып сен кеткенде,

Зар еңіреп мен қалдым амал бар ма.         

Туған жерің Қызылқүр,

                    Сұлу Мертай қайда жүр.

                    Анда-санда көрсем де,   

                    Сүйген қалқам аман тұр, –

 

деп, домбыраға қосылып, өзінің “Мөртай” атты әнімен осы өлеңді үнемі айтып жүреді. “Мөртай” да бас-аяғы жинақы, тиянадай ән. Басынан аяғына шейін бір ырғақтан ауыспайды. Дауыстың орта регистрі мен төменгі регистр айналасында басталып, сонда бітеді. Ән жұмсақ, жүрекке жылы тиеді.

1916 жылы 25 июнь жарлығы бойынша қара жүмысқа патша қазақ сияқты халықтардан жігіт жиғанда көп жерлерде көтерілістер болғаны оқушыға мәлім. Міне сол кетерілістің үлкен өрті Жетісуда болды. Ол жөнінде Мүхтар Әуезовтің “Албан көтерілісі” атты үлкен прозалық шығармасында оқиғаның суреті толық берілген болатын. Кенен Әли Нүрғожаевтың отрядында болып, осы көтеріліске қару алып қатысады. Ол көтерілісшілер ішінде не бір ерлікке шақыратын, “ақ патшаның” жауыздық қимылдарын әшкерелейтін өткір елеңдермен рухтарын көтеріп, ауызбіршілік, күш сақтауға шақырады. Патшашылдықтың ауыр салмағының елге батқан үлгілерін келтіріп, езінің өткір сөздері арқылы отрядтың дауылпазы болады. Бірақ патшаның қарулы күші отрядты жеңіп, көтерілісті басады. Оған қатысқандарға қара күн туғызып, неше алуан жазалар ойлап тауып, берекесін қашырады. Сол кездерде көтеріліске қатысқандардың бір қатары Қытайға, екіншілері басқа губернияларға өтіп кетеді. Кенен ежелден өзінің творчестволық қатынасы үзілмеген қьфғыз ақындары — достарына қашып кетіп, сол жақта біраз уақыт жүріп қалады.

Бауырлас қырғыз елінде жүргенде де Кенен жай қыдырып, бас сауғалап, уақытты бос өткізбейді. Ол творчестволық күшінде, шабытында болып, белгілі көтерілістің басшысына арналған “Әли батыр” деген поэмасын жазады. Кененнің жас кезінде өзінің зеректігінен, молданың алдында көп бола алмаса да, хат танып қалғаны, келешегі үшін үлкен роль ойнайды, Ол өлеңді үнемі тек қүлақты қағып қойып айтпай.қағазға жазып та шығаратын, Ал.поэма сияқты үлкен өлең, дастан әрине жазуды талап етеді.

Кенен қалай дегенмен де туған жерін қатты сағынады. Жерін де, суын да, тауын да, адамын да, аңын да деген сияқты аузынан тастамайды. Жас кезіндегідей, тағы да жалғыз отырғанда мүңдас дос іздейді. Жырлап түрған бүлбүлды көріп, сонымен мүңдасады, тілдескендей болады:

 

Ей бұлбүл, сен де бұлбұл мен де бүлбүл,

Қаңғыртқан екеумізді патша қүрғыр.

Айрылып ел мен жерден жүрген шақта,

Жұбатып ертелі-кеш сайра да тұр.        

Ер жігіт шетте жүрген ел сағынар,

Елден соң туып-ескен жер сағынар,

Туган жер, өскен халқым орның бөлек,

Сыйласар қырғыздан да ер табылар.

Ер жігіт тірі шақта нені көрмес,

Ер болса қасіретке бойын бермес.

“Ел кегі – жауға кетпес” деген бар  ғой,

Дегенге кек қайтпайды көңіл сенбес.

Алатау, аңсадым-ау самал-лебін,

Қордайдың көкседім-ау қоңыр желін,

– деп, сырласар жанында жан болмағаннан емес, Махамбет, Өтемісовтің:

 

Ей қызғыш қүс, қызғыш қүс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Сені көлден айырған,

Лашьш қүстың екпіні.

Мені елден айырған,

Хан Жәңгірдің тепкіні,

– дегені сияқты, қазақтың от-жалынды ақындарының табиғат дүниесімен бір мезет сөйлесіп, мүңдасып кететіні сияқты, Кененнің “Бүлбүлы” да бір үлгі. Алдыңғы әндеріндегі аяқ алыстан “Бүлбүлда” басқа бір ерекшелік бар сияқты. Басында Кенен бірнеше үстамды, сабырлы, созымды ноталар арқылы іштегі шерін шығарып алғандай, тек содан кейін ғана сөзге бағынған қысқа әуенді музыкалық сөйлемдер арқылы ойын “айтады”. Сондай-ақ: “Алатау аңсадым-ау…” — деп басталатын қайырмасында да үлкен дем бар. Ән шын мәнісінде туған, өскен өлкесін, адамдарын сағынудан шыққан екендігін танытады. Кененнің сол бір кездегі творчестволық туындыларының ішінде “Бүлбүлы” музыкалық тілінің анықтығынан, байсалдылығынан, ырғақтық жан-жақтылығынан ерекше орын алады десе болады.

Кенен 1916 жылдың көтерілісіне арнап “Егіз ән” деген әнін шығарады.

Есіттік Алматыда Сәтті алды деп,       

Қожамбет, Асқар, Дәулет қартты алды деп.

Баланы әлдилеген бермейміз деп,

Қалың ел үрысуға саптанды деп.

 

Бекеттің ішіндегі алпыс солдат,

Халықты оқ жаудырып атқаны кеп.

Үш жүз қолмен Маисов келеді деп,

Біздің ел Қолқамысқа ат қойды тек,

 

– деп, көтерілістің барысынан, оның нашарлауын, көтерілісшілердің қамысқа кіріп жасырынуын, Маисов бастаған қарулы қолдың келуінен зәресі үшқан елдің бас сауғалауынан хабар береді. Бүл өлең көтерілістің аяқ жағында Кенен әлі қырғызға кетпей тұрғанда шығарылған болу керек.

Октябрь революциясынан кейін Кенен еліне қайтады. Басына күн туып, елінен ауып кеткенімен Кенен ол жақтан “олжалы” қайтады. Қырғыздың алып ақындары Тоқтағүл, Қалмырзамен жақын болып, олардың жалынды өлеңдерін, әндерін ала келеді. Қырғыз арасында да Кененнің өлеңдері, әндері кеңінен жайылады. Октябрь революциясы алдымен Кенен сияқты бүрынғы заманда қорлық көрген адамды қатты қуантады. Кенен шалқып, елеңді де, әнді де бүрынғыдан көбейтеді. Күнінің енді туғанын көрген ақын-әнші совет үкіметінің сан жетпес қасиеттерін айтып әнге қосады.

1919 жылы Алматыда болған ақындар кездесуінде Жамбыл, Үмбеталы ақындар болады. Сол жиында Кенен де қатысып, өзінің жаңадан шығарған “Октябрь” атты әнін айтады. Бүл әнде Кенен:

 

Қүл мен күңді қүтқарып,

Ерік берген Октябрь.

Жер жүзіне нүр тегіп,  

Көрік берген Октябрь,

 

– деп, термелеп, екпінді, жарқын мелодия арқылы жаңа күннің нүрын жыр қылады. Кененнің бүл әні сол кездің өзінде-ақ көп жерге белгілі болады.

Кенен енді тек әнші ақын болып, совет үкіметінің жақсылығын жырлап жүруді місе түтпайды. Ол Совет қүрылысына қолынан келгенінше тікелей, іс жүзінде жәрдем еткісі келеді. Сонымен 1921 жылы Кенен Қордай ревкомының председателі болады, советтендіру жүмысына қызу араласады. Ол кезде республиканың шығыс-түстік жағында ерте үйымдасқан “Қосшы одағының” жүмысына да Кенен араласады. Одақтың еңбекші шаруа, дихандардың басын қосудағы жетістіктерін Кенен басқалармен бірге тойлайды. Оған да арнап ән-өлең шығарады. Ол әні халық арасында “Шаңқ етпе” атанып кетеді.

1924 жылы совет халқының басына үлкен қаза кездеседі. Үлы Ленин қайтыс болады. Кенен осы оқиғаға арнап “Ленин бабам” атты ән шығарады. Бұл әнде қазақтың байырғы жоқтауының әуенінде Лениннің өлімінің ауыр қаза екендігін суреттейтін кезеңдер беріледі.

 

Ленин жер жүзінің тірегі еді,

Өмірдің қуаты мол жүрегі еді.

Бабамның дана сөзі, жолы өлмейді,

Тірлігі еңбекші елге керек еді.

Ой бабам-ай!

Ер жүректі данам-ай!

Туған елді тапсырып,

Компартия — балаңа-ай! 

 

 – деген сөздерге лайықты ауыр дыбыстар әнде үнемі кезектесіп отырады. Онда Лениннің ерте кетуін айтып қайғырумен қатар, көсемге деген махаббат, шексіз сүю, қүрмет әуендерімен ән толы.

1925 жылы Кененнің басына үлкен бір қайғының қара бүлты төнеді. Кенен әдетінше ел аралап, өлең айтып жүріп, қайтып келгенде, оның Базар, Назар деген екі үлы бірден қайтыс болыпты. Мейірімді әкені бүл жағдай қатты күйіндіреді. Кененнің бүл трагедиясын есітіп, көршілес қырғыздың бір топ адамдары, ақындары келіп, оған өлеңмен көңіл айтады. Мүндай екі бауырлас халықтың бірдей азаматтарының қайғыға ортақ болуы Кененнің болған іске болаттан да берік болуы керек екенін ескертеді. Кенен сүйікті бағландарына арнап, кейін “Базар — Назар” атанып кеткен, қайғы-шерге толы, шын жүректі тербеп, түкпірінен шыққан үлкен туындысын жарыққа шығарады.

 

Зарланайын-ақ ешкі лағыңа,    

Емшегіңнен емізген шырағьща.

Кел екеуміз қосылып зарланайық,

Жетер ме екен қүдайдың қүлағына.

Жалған дүние,         

Салдың күйге

Жүрегімнен үзіліп түсті

Екі түйме.

Базарым-ай, Назарым-ай!

– деп ақын үзақ күндер жылап жатып алады. Тек, жоғарыда айтқандай, екі елдің адамдары келіп, жүбатып, Кененнің басьш көтертеді. “Базар-Назардың” сөзі қандай болса, әні одан да өткір тыңдағаныңда сай-сүйегіңді сырқыратады, ақынның сол мезгілдегі ауыр қайғысына ортақтастырады.

Кенен сүйікті балаларының қазасынан кейін бірқатар уақыт ауыр уайымда жүреді. Қалай дегенмен де екі үлдың бірдей қаза табуы оңай болмайды. Бірақ халқы сүйген Кенен, тағы да ел аралап, жаңа өлеңдер, әндер шығарып, өзінің рухани қаруын үшкірлей береді. 1933 жылы Алматыда республиканың колхоз екпінділерінің бірінші съезіңде болып онда езінің осы топқа арнаған “Колхоз әні” деген шығармасын естіртеді. Бүл жылдарда да Кенен, бүрынғысындай қайда жүрсе де өлеңі, әні арқылы партияның кезекті қаулыларын үгіттейді, халықты социалистік қүрылыстың қызу еңбегіне, ауыл шаруашылығы ерлерін мол дән, мал өнімін алу жүмысына шақырады.

Кенен республиканың қандай тарихи оқиғалары, жиындары болса, соның ортасында жүрді. 1936 жылы Москва қаласында болған өнер онкүндігіне қатысты. Онда Кенен өзінің “Ленин мавзолейі” деген әнін шығарды. Жамбыл бастаған ақындар тобымен Москваға барғанда үлкен абыроймен қайтты.

Кенен Үлы Отан соғысы кезінде өзінің елеңі, әні арқылы Отанның жеңуіне үлкен күш қосты. Ол “Біздің Отан жеңеді”, “Елімнің ерке жастары” сияқты үлкен патриоттық әндер шығарды. Кененнің бүл әндері майданда да, тылда да орындалып жүрді. Кененнің өзі де ел аралап, біздің қарулы күшіміздің неміс басқыншыларын жеңіп шығатынын уағыздап, халықтың партияның айналасында топталып, қарулы күштерімізге қолдан келген жәрдемдерін үзбей беріп отыруына шақырды.

Соғыс бітіп, біз жауды жеңгеннен кейін Кенен “Ел қуанышы” деп аталатын біздің үлы жеңісімізге арналған жарқын қуаныш әнін шығарды. Онда шексіз шаттық, үлкен елдің жүрегінің соғуы бар.

Кененнің негізгі тақырыбы — біздің заман. Ол осы майданда үзбестен шығармалар беріп келді. Қандай жаңа оқиға болса да Кенен оны әнде, өлеңде халық арасына үгіттеуде республика композиторларының ішінде бірінші орынның бірін алады. Кененнің: “Жайнады тыңым”, “Жас малшылар әні”, “Қазақстан”, “Бейбітшілік жыры”, “Партияға алғыс”, “Күләшқа”, “Батыр Москва” (астананың 800 жылдық тойына барғанда шығарған) деген әндері тек тақырыбы жағынан алғанның өзінде де совет топырағында болып жатқан үлкен оқиғаларды қамтиды.

Кенен совет әдебиетінің 1949 жылы Москвада болған онкүндігінде, 1958 жылы болған Москвадағы әдебиет пен өнердің онкүндігінде, ауылшаруашылығы көрмелерінде үнемі болып жүрді. Ол 1960 жылы Москва қаласында өткен бүкіл жержүзілік шығыс зерттеу конгресінде болып, онда елеңмен өзінің сөзін айтты. Қазақ халқының совет түсында бүрынғыдан да қомакты, жаңа сапада өркендеп келе жатқан ақындық-әншілік өнерінің озат үлгісін көрсетті.

Кенен тек өзінің туып-өскен жерінде бола бермей, өлеңмен, әнмен Қарағандының көміршілерінің, Балқаштың мыс-мырышшыларының, Шымкенттің қорғасыншыларының, мақташыларының, Каспийдің балықшыларының, Гурьевтің мүнайшыларының, Қызылорданың егіншілерінің араларында болып, совет халқының шаруашылықта, мәдениеттегі жетістіктерін уағыздады. Ол туысқан қырғыз елін үнемі аралап түрады.

Кененнің репертуары кең. Онда әндерден, өлеңдерден басқа қазақтың “Қобыландысы”, қырғыздың “Манасы”, түрікпеннің “Көрүғлы” сияқты үлкен эпикалық дастандар бар. Оның үстіне революциядан бүрын Кененнің Балуан Шолақ Жетісуға келгенде, онымен бірге көп жылдар жүруі, одан көптеген арқаның әндерін үйренуі, Кененнің ән қорын байытты, ал Жамбылдан тараған ақындық дәстүр Кененнің жанынан жастайынан-ақ орын алған. Кенен халық ақыны, әнші Шашубаймен де жақын дос болды. Онымен де өнер жағынан кең түрде “алыс-берісі” болды. Бүл жағдай да Кененнің репертуар шеңберінің кең болуына себептің бірі болды.

Кенен 1961 жылы Алматыда М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты үйымдастырған ақындар айтысына қатысып, онда ақын Өтеғалиева Халимамен қағысты. Кенен өзінің Халимаға айтар сөзін:

 

Батырым Компартия жол бастаған,

Бүлжытпай нүсқауларын ел қостаған.

Ақ отау Отан тіккен орда мынау,

Отанның ақынымын ойқастаған,

— деп бастаса,

 

Сен бе едің Қордайдағы ақын Кенен,

Қүлағым “Кенен” десе елеңдеген.

Түсімде үш ұйықтасам бар ма менің,

Кенеке, қатарыңа келем деген,

– деп өлеңдете келіп, аяғында Кененге сөз тастап:

 Ішінен осынша жүрт мені қалап,

 Отырмын мен де сізді ерге балап.

 Әр кімнің ез қатары взіне алтын, 

 Мен үшін жас жігітсің жаңа талап,

дегеніне Кенен өзінің ежелгі қалжыңқойлығына басып және отырған жүрттың көңілін бір көтеріп қояйын деп:

 

Өлеңің, Халимажан, қандай тәтті,

Қартайған жүрегімнің шамын жақты.

Дөңбекшіп төсек жайын айта кеттің,

Болсыншы сол уәдеміз енді нақты.

Сөз табылса айтайын,

Қуатыңды байқайын.

Жұмыртқа бол Халима,

Бауырымда шайқайьш,

– деп, айтысқа қатысқандардың бәрін бір күлдіріп қойды. Бұл әлі күнге Кененнің өлең-әнінің сарқылмас қоры барын, әлі де өнер даңқын арттыруда күшінің көп екендігін сипаттайды.

Кенен әндерінің ерте уақыттан бері белгілі болуының айғағы А. Затаевичтің жинақтарында Кенен әндерінің жүруі. Ол өзі көрмесе де, Кененнің ақын-әнші екенін кітабының түсінік сөзінде жазьш кеткен. Кенен әндерін композиторлар Л.Хамиди, С.Шабельский 1934 жылы нотаға түсірді. А.Затаевич жазуындағы әнді композитор Е.Брусиловский өзінің “Қыз Жібек” операсында пайдаланды. Ол ән сөзсіз Балуан Шолақтың ықпалымен шыққан сияқты. Арқауында Арқа әндерінің “тіні” көрініп-ақ түр. Салған жерден әннің шалқуы осы жәйді керсетеді. Кененнің әндерін көп жиған адам. Б.Ерзакович. Ол Кененнен 150-ден астам ән жазып алса керек. Кенен творчествосы осы әңгіменің контекстінде айтылғандай, халық түрмысы, еңбекшілер арманымен байланысты. Ал совет түсындағы шығармаларьшың бәрі де — Ұлы Партияның саясатын өнер тілімен үгіттейді. Кенен шын мәнісінде прогрессивті, озық ойлы өнер иесі. Ол елуінші жылдарда үзақ уақыт төсек тартып ауырып түрды. Соның өзінде де Кенен ешуақытта творчестволық шабытын, өзінің жақсы көретін, ардақтайтын совет шындығын жырлауын тоқтатқан емес.

1959 жылы Кененнің 75 жасқа толу салтанаты өтті. “Той десе қу бас домалайды” дегеі;лей, Алматыдан, Жамбылдан, басқа қалалардан, көршілес қырғыздан көптеген адамдар жиналды. Ол күні Кенен бүрынғысынан да жасарып үнемі жаңа бір әуендерге қүрылған шығармалар айтумен болды. Сонымен қатар жандлықты көркем ізсіз қалдырмаитын ақын, өзінің осы бір кезеңіне, асуына арнап “Жетпіс бес” деген жаңа әнін айтып берді. Кененнің тойы ұлтаралық достықтың, сарқылмас өнердің салтанаты болды. Бір кезде байдың қойын бағып, анадан ерте айырылып, аспандағы бозторғаймен мұңдасып, тағдырға налып жүрген Кенен, енді міне, совет халқьшың ардақты адамының, суреткерінің бірі. Ол әлі де творчестволық қажырында, әлі де бір емес, бірнеше “шабары” бар тарлан. Ол әлі де совет адамдарының үлы коммунизм қүру жолындағы талай-талай ерлік істерін жырлайды, талай өнер бәйгесіне де түсіп, талай жүлдені алатын қарт.

————-

Ахмет Жұбанов «Замана бұлбұлдары», Алматы, Жазушы, 1967

 

 

Ханғали СҮЙІНШӘЛИЕВ

 

ҚОРДАЙДАН ЕСКЕН

ҚОҢЫР ЖЕЛ

 

Асқар Алатаудың асулы Қордай белі. Қордайдың шығыс беті кең жазық. Суы мен шөбі мол, мал шаруашылығына жайлы, таптырмас қоныс. Қордай жазығын Киров атындағы (қазір Қазақстан колхозы, Кенен селосы) колхоздың мүшелері мекендейді. Өлкеге жан бітіріп, ел-жүрты халық қуатына айналдырушылар да осы колхоз азаматтары.

Қараңызшы қазір осы бір өлке көркіне! Даласы төрт түлік малға толы, ел дәулеті. Егіндік жердің өңірі қандай кең және келбетті. Колхоз орталығы Алматы мен Фрунзе (қазір Бішкек) қалаларын қосып түрған үлкен трассаға жақын салынған жаңа қалашыққа орналасыпты Көшелері түзу, екі беті зәулім бәйтерекке толы. Картага түспеген осы қаланы ел Киров селосы деп атайды. Оның түрғындары қазірдің өзінде мыңдап саналады. Әрбір үйдің қарамағында алма бағы, бау-бақшалық жері бар. Сәнді сарай, клубы, кинотеатры, мектеп, аурухана сияқты мекемелік үйлер қандай. Селодағы қиык, төбелі, ақ шатырлы сәнді үйлерді көріп көзің тояды, көңілің көншиді. Бүрынғы қүлазып жатқан иесіз өлкенің қалың ел қонысы болып, қайнаған еңбек елкесіне айналғанына сүйсінесіз. “Жері байдың, елі бай” деген осы. Халық дәулеті тасып, ырысы молайған. Селоның кәрі, жасы түгел дерлік көңілді… Олардың жарқын жүздерінен күн нүры төгіліп түрғандай. Кешкісін ауыл көшелері күй мен әнге бөленіп кетеді. Күндіз қажырлы еңбек етіп, түнде сауық қүрып сайрандау біздің ауыл түрғындарынын дәстүрі дейді олар.

                “Төрт түлік шүрқырайды айдағанда,

               Бүлбүлға  кім  сүйсінбес  сайрағанда.”

– деп кемеңгер Абай айтқан емес пе? Еңбек күйі мен жастық үні Қордайдың самалына қосыла өсіп

түрса кім сүйсінбес. Осы колхоздың ең ескі түрғыны, белгілі халық ақыны Кенен Әзірбаев. Ол тоқсан жасап отырған көпті көрген көне, елімізди қадірмен ақсақалы. Біз атақты ақынға сәлем бере шығуды жөн көріп бүрылдық. Кененнің үйі осы деп бір адам бізге сәулетті бір сарайдай қиықты үлкен үйді сілтеді. Бізді қария өзі шығып қақпасын кең ашып жылы қарсы алды. Жасы тоқсанға кела де, Кенекең аяғын ширақ басады. Әлі де әңгімесін домбырасыз бастамайды. Домбырасын шертіп қойып, дауысты бір көтеріп алады да термелей жөнеледі. Ақынның алғашқы сөзі өзінің өткен өмірін еске алудан басталып кетті:

 

Кәсібім жастайымнан ән мен өлең,

Әзірбай әкем екен, атым Кенен.

Өнерім бойымдағы жалғыз осы,

Сұрасаң сырыңды айт деп халқым менен.

Анам Ұлдар әнші екен, әкем де ақын,

Ұстазым Сарбас ақын дүрілдеген.

Шашубай мен Шолақтың әнін естіп,

Мен де сондай болсам деп дірілдегем.

Ақындардың дүлдүлін сонда көрдім,

Даусын естіп Жәкеңнің күмбірлеген.

Қырғыздың Тоқтағүл мен Қалмырзасы,

Еліктіріп әкетті жырыменен…

 

– деген, бүрыннан мәлім бір өлеңін шұбырта жөнелді. Бүдан кейін Шашубай мен Балуан Шолаққа қалай кездескенін, олардың әншілік қүдіреттерін, өзіне берген ақылдарын айтты.

— Иә, достар, өркеңді өрендерім, сыйлы қонақтарым! Айта берсем өмір тарихым сізге қызық болғанмен өзіме өкінішті сияқты. Қаншама ойын -тойда, көптеген қызығы мол қалың жиьш-думанда болып, ән шырқап, өлең айтсам да көңілімнің шын жадыраған шағы жасымда аз болды. Көп өмірім, нағыз дер шағым қой соңында сарнаумен, боз торғайға қосыла шырылдаумен өтті ғой. “Бозторғай”, “Кекшолақ” атты әндерді еріккеннен айтқаным жоқ. Күйінгеннен айтылған жас шағымның зары ғой, шырақтарым, деп, суланған көзін орамалмен сүртіп, қасын жоғары көтеріп, иығын қомдап бір қозғалып алды да домбырасын тартып, тағы бір әннің күйін түсірді. Қасымызда отырған Кенекеңнің әнші қызы Төрткен: “Атам “Мөртай сүлуын” айтқалы отыр” деді. Айтқанындай-ақ Кенекең даусын бір кенеп алды да қабағын жадыратып, бейне бір сүйгенін көз алдына келтіргендей жібігендік білдірді. Әдеті бойынша, әуелі аспандата бір шырқап өлеңдете жөнелді:

Сенің ауылың Қордайдың қырқасында,

 

Менің ауылым жартастың жырасында

                         Мөртай-ай!

                        Тал бойында тарыдай бір мінің жоқ,

                        Тоты қүстай түрленіп туарсың ба?

                         Мөртай-ай!

           Сен де арманда, Мөртайжан, мен де арманда,

                         Екі ғашық қосылар заман бар ма?   

                         Мөртай-ай!

 

Әнді тыңдап, ақсақалдың даусына қайран’қап отырғандарға Мөртай сүлу хикаясын әдемілеп айтып берді.

Иә, шырақтарым, осылай өткен жастықтың несін айтайын. Өтті ғой ол кездер. Енді бір бой жазамыз ғой деген кезімізде 1916 жылғы патша лаңы басталып кетгі. Ат жалын үстап мінер азамат атқа мінді. Солардьщ бірі боп мен де Әли батырмен бірге қызыл қанға боялып, феодал-байлар мен бірге жазалаушы отрядтардың қуғынын көрдік. Иә, бүл кезеңдер де үмытылмас жылдар ғой, әндетіп, өлеңдетіп өткіздік. Осы түстағы шығарғандарым: “Аттан”, “Он алтыншы жыл”, “Қайран елім”, “Бүлбүлға” атты әндер және “Қырғызбай”, “Әли батыр” атты дастандар. Ал енді мен сендерге “Туған жер” деген әнімді орындап берейін деп, домбырасын бебеулете қағып шырқай жөнелді:

Туған жер басың да алтын, баурың да алтын,

Туған ел жасың да алтын, кәрің де алтын.

Егінге бай, малға жай, топырағы май,

Мелдір бүлақ, кек торғын, жері салқын…

 

Ақын Қордай табиғатын ерекше ардақ түтады екен. “Жетісу жері жәннат болғанмен деді ол, бар жерінің ауасы дертке ем емес. Қордайдың қоңыр желіне жететін мен үшін дәрі жоқ. 1951-1957 жылдары, бес жыл бойы төсек тартып ауырып, ем қонбай қойғанды. Сонда мен осы Қордайға мекен аударып барып, жазылып кеттім. Өлімше дерттен айығуға осы жердің табиғаты мен үкіметіміздің көрсеткен құрметі дәру болды. Партиямыздың назары ауды. Осы күмбезі кең үйді салдырып берді, анау бау-бақты орнаттық, көңілдің қошы да дәру болады білем. Содан қайтып үзақ аурудан аманмын, әйтеуір…” – деп әндерін айта түсті.

Бүл Қордайда кімдер болмаған? Талай ақындардың өткен жері ғой деп, тарихи адамдарды да еске алды. Ол: “Тезек төренің алдын кес- кестеп, оған батыл сөз айтқан өткір тілді ақындар Сүйінбай мен Бақтыбай да осы жерге келіп кеткен. Олардың бірі Екей, екіншісі Жалайыр елінен шыққан дүлдүлдер еді ғой. Жетісуға сонау Қаратаудан Майкөт, арқадан Шөже ақын келіп Сыпатай батыр асына келіп сөз бастаған. Осы сапарында Майкөт бір топ өлең шығарған. Олардан есте қалғаны: “Жетісу елімен амандасуы”, “Сарбайға көңіл айтуы”, “Ташкенттен нәсіп айдап Майкөт келді” деп басталатын үзақ толғауы. Кейінгілердің айтуынша Майкөт арқалы ақын еді. Оның өлең айтардағы қомданғаны аруағын шақырған бақсыларға үқсайтын. Шөженің ақындығы да әйгілі, алдына жан салмайтын жүйрік қой. Ноғайбай екі сөзінің бірінде:

 

Шөжедей ақын қайда?

Сыпатайдай батыр қайда?

Бөлтіріктей шешен қайда? дейді екен.

Ноғайбайды кейбір жүрт теріс түсініп жүр. Халықтың айтуы бойынша ол мөлдір сөзді ділмәр, тіл біткеннің шешені болған. Бір жиында оған: “Арманың бар ма Ноқа?”- деп сүрақ қойыпты. Сонда ол: “Арманым орыс патшасымен өз тілінде еркін бір сөйлесе алмадым” деп күліпті.

Ноғайбайдың Сарбас ақынға айтқан бір сөзі қызық. Ол: “Ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады”, ақын білмес нәрсе болмаса керек дейтін.

Қордайдың жергілікті ақындарынан Берді серіні, Әлмен қызды айтар едім. Бұлар жастай өткендіктен бе, өлеңдерін есте ұстай алмаппын, алайда ел ішінде олардың өлеңдері көптеп табылады. Әйтпесе халық арасында талай-талай мінсіз тарландар өмір сүріп, арманда кетті ғой — деп, Кенекең әңгіме бетін Жамбылға бүрды.

Жыр алыбы Жәкең мен Кенен арасы әріден келе жатқан, үзілмеген үзақ жылдарды қамтитын байланыс. Екеуінің қайғысы мен қуанышы бірге бас қосусыз өтпеген. Қайсысында да ортақтаса көңілдерін жұбатқан. Кененнің  Базар, Назар атты екі бірдей үлы қайтқанда, кейін де қызды, үлды болғанда Жамбыл өзі іздеп келіп кеңіл білдірсе, Алғадайдан қара қағаз келгенде ешкімді қабылдамай жатып алған қайғылы қыранның басын кетертіп, қайта қомданар күш берген де Кенен сөздері болған…

Кенекең бүдан кейінгі сөзін қазіргі қалін баяндаумен аяқтады. Ол партиямыз бен үкіметіміздің көрсетіп отырған қүрметке дән риза. Кеуде толған орден, Қазақ ССР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер атағы берілген. Шығармалары том-том болып басылып, әндері радио эфирі арқылы әлемді жаңғырықтырып, дамылсыз шырқалады. “Жазушы” баспасы ақын шығармаларының бір қалың томын жақында, 90 жылдық мерекесіне арнап, көп тиражбен басып шығарды. Бүл жинаққа енген шығармалардың ақындық жылы леппен жалынды сезімге толы екендігі ешкімді күмәндандырмайды. Алғысөзін жазып, іріктеп шығарушы Мырзатай Жолдасбекке де ақын атаның алғысы мол.

Кенекең тоқсанның биік түғырын нық басып отыр. Ол дегеніне жетсе де, болары болып, сарқылған таланттың иесі емес, өнердің шырқау биігіне көз тігіп, шығар шыңның биігіне сүңқарша кез тіккен, қанатын қомдап отырған қыран сияқты. Сырдың сырнайлы ақыны Нартай бір кезде сізге:

 

Сол еді тілегені жүрттың сенен,

       Ақтара айттың бәрін, ақын Кенен.

          Рахмет жүрт атынан тағы айтамын,

              Жүз жаса жырмен бірге жүйрік өрен…

– деген екен.

Осы сөзді торқалы тойыңның кезінде біз де шын тілек ретінде айттық.

——————

Ханғали Сүйіншәлиев, филология ғылымдарының докторы.

“Орал өңірі”, 1974, 15 август.  

 

 

 

 

 

Еркеғали РАХМАДИЕВ

 

 

ТАС БҰЛАҚТАЙ ТАЗА ӨНЕР

 

Үлттық өнер, оның ішінде халық творчествосы бөлшектеуте келмейтін, уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннің өзі түлғалаған алтын ескерткіш қой.

Мұнан туатын ой мынау: яки, Кенен Әзірбаев Жетісу өңірі шеңберімен шектеліп қалған әнші-композитор емес, себебі Кенекең үстанған өнердің өзегі әріде, тамыры тереңде, дәлірек айтар болсақ, уақыттың өзі түлғалады деген жаңағы алтын ескерткіштің түғырынан бой көтеріп түр.

Кенекең, біріншіден — қазақ топырағында ықылым замандардан келе жатқан халық творчествосын өткен дәуірден бүгінгі кезеңге дейін үластырушылардың бірі. “Сегіз қырлы, бір сырлы” сал-серілердің соңғы түяғы іспетті. Және сол көштің ауыр жүгін арқалаушы. Кенен әндерінің

саңқылдаған сарыны сонау ҮШ-ІХ ғасырда өткен Қорқыт баба қобызының еңкілдеген, еңіреген әуеніне барып қосылып жатқандай да болып керінеді.

Кенекең беріде екі бірдей одақтың, СССР Жазушылар одағы мен СССР Композиторлар одағының мүшелігіне үлкен қүрметпен қабылданғанымен, ол нағыз халық ақыны, нағыз халық композиторы. Халықтың бел ортасынан шыққан әрі халық музыкасының сыр-сипатын терең сезініп, оны өз ән-жырына творчестволықпен шебер сіңіре білген өнерпаз. “Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де”, — деп өзі айтпақшы, Кенекең қазақ топырағында қайталанбайтын қүбылыс.

Біздің көбіміз Кенекеңнің “Көкшолақ”, “Бозторғай” сияқты әндерінің мазмұнын тура қабылдап, Үлы Октябрь революциясы жеңіске жеткенше оны қой соңында біржола маталып қалғандай кереміз. Шындығында ақын Кенен, әнші Кенен, күйші Кенен сал-сері Кенен сол кертартпа заманның өзінде өз өнерінің еркіндігін жүрген ортасынан тартып ала алған. Бүл еркіндік оның би-болыстарға жандайшаптығынан туған кеңшілік емес, елдің өнерге деген орнықты қүрметінен, өнерліні сыйлау салтынан келіп шыққан. Немесе, Кенекең де, Кенекеңе дейін де өмірден баз кешіп өткен қаншама сал – серілер де әдетте бай-шонжарлардың суын ішіп, отын оттамаған. Нағыз өнерлінің орақ тілі мен отты аузынан төгілген өлең-жыр уыты қай заманда, қай кезеңде болмасын, “толдым – жеттімдердің” еншісіне тиген. Сондықтан да “Ел салдықты мін көреді, серілікті жын көреді” деген жаңсақ пікір сол бай-шонжарлардан қалған сөз. Яки, сал да, сері де жарлы мен кембағалдардың жыртысын жыртып, жанын жадыратушылар. Сал-серілер өнерінің жалпы халықтық сипат алу себебі де осы қасиетінен – көпшілдігінен,- өмір сүйгіштігінен.

Сал-серілерге тән өмір сүйгіштік, көпшіл қасиет Кенекеңнің өнерінен де тебіндеп түратын. Ол – алғашқы әні “Бозторғайдан” бастап, кейінгі әндерінің бірі “Тыңға сапарға” шейін үласып жатыр.

Қазір Кенекеңнің бізге 120 әні, 11 күйі белгілі. Әрине бұл ән-күйлердің ішінде өз уақытында өз жүгін көтеріп, қазір өнер сүранымы үшін тек деректемелік мәнге көшкендері де бар шығар. Мейлі, соншама дүниенің ішінара қайсыбірі кезеңдік ғана шығармалар болған күнде де, ол туындыларды бір ғана сипатының өзімен-ақ бүгінгі творчестволық жастарымызға үлгі-өнеге етуге болады. Өйткені, тағы да қайталап айтамын, ол ән-күйлер уақыт талабын кезінде қара нардай қайыспай көтере алған айтулы туындылар еді.

Кенекең қалың бүқараның қақ ортасынан шыққан нағыз халық композиторы дедік. Олай дейтініміз – Кенен өнерінің қыр-сыры халық творчествосымен біте қайнасып жатыр. Меніңше, халық творчествосынсыз үлттық өнерімізді толық түрпаты қалпында танып білу, елестету мүмкін емес. Сондықтан халық творчествосының барлық түрінің кең етек алуына дер кезінде мүмкіндік жасап отыруымыз керек.

Өз басым, Кенекең қарайлас аға буынды әманда мақтаныш етемін, үстаз түтамын. Олар Советтік Отанымыздың нағыз жыршысы болды.

Олар – партия ісіне жан-тәнімен берілген, оның халық ішіндегі сенімді өкілі, шынайы насихатшысы еді. Партиямыз бен үкіметіміздің әр кезеңдерде алға қойған саясатын шын мәнінде терең түсінетін. Оған дер кезінде үн қосып, жалпы бүқаралық сипат беріп отыратын. Мүны Кенекеңнің “Октябрь”, “Ленин бабам”, “Колхоз әні”, “Біздің Отан жеңеді”, “Жас малшылар әні”, “Қазақстан”, “Батыр Москва” және тағы басқаша болып түрлене беретін тақырыбынан-ақ айқын байқай аласыз.

Күні кеше Кенекеңнің Қазақстан композиторларының үшінші және төртінші съезін суырып салып, тақпақтап өлеңмен ашқанын көрген болатынбыз.

Осы орайда, Кенекең тағы да еріксіз еске түседі. Композиторлар одағы 1939 жылы Кенекеңді Москваға “Мелодистер” курсына жіберіпті. Сол кездің өзінде Кенекеңнің 56-ға келген кезі екен. Кенекеңнің осы бір жаны жайсаң өмір сүйгіштік мінез ерекшелігі өз творчествосынан да көрініс береді.

Соған қарағаида Кенекең табиғатында сезімтал, сергек кісі болса керек. Өз басым Кенекеңнің осы көзі ашық көрегендік қасиетін ән-күй творчествосы арқылы сезінемін. Мысалы, бір ғана “Тыңға сапар” әнін дер кезінде жазуының өзі неге түрады. “Бейбітшілік жыры”, “Елімнің ерке жастары”, “Халықтан сансыз алғыс партияға”, “Жайнады тыңым, жайнады” атты әндері де қырағы сергек көңілден шыққан, халыққа рух беретін, ел қуатына қуат қосатын, жасампаз жастарымызды еселі еңбекке, жеңімпаздық пен қаһармандыққа шақыратын әндер.

Кенекеңнің күйлерінде де өз қолтаңбасы, өзіндік өрнегі бар.

Кенекең композитор ғана емес, әнші де ғой. Ол өз әндерімен қатар, ел ішіне көп тараған “Жетісу”, “Мәукім сал” секілді әндерді ащылау болғанымен ашық тенор дауысымен жеріне жеткізе орындап жүрген. Халық творчествосын, оған қоса жаңа өмір, жаңа саясатты насихаттаған, “Көкшолақ” пен “Бозторғайды” айта жүріп коллективтендіруді жырлаған, жаңа емір салтын әнге қосқан, атқа мініп белсеніп ел басқарған. Ұлы Отан соғысы жылдары өлеңмен батасын беріп, жастарды жеңіс сапарына аттандырған. Бір сөзбен түжырымдағанда, ел игілігі үшін еселі еңбегін сіңірген, әрі сіңірген еңбегінің рахатын, заманының бақытын көрген кісі. Өнері өзінен кейінгі үрпақ творчествосына айрықша ықпал еткен композитор.

Кенекең қай кезеңде болмасын өз өнерінің бағасын түсінген, өзін-өзі пір түта білген, көңілі ханға бергісіз дархан өнерпаз болған. Қазақта Кенен сөзінің үғымы шалқарлык пен дархандықты да білдіреді ғой. Ақсақалдың енері мен көңілінің кең жазиралығы өз есімі секілді кенендікке келетін. Оның өмірі мен өнері бізден бүрын қаламы жүрдек жазушы ағайындардың туындыларында, музыка зерттеушілеріміздің еңбектерінде жазылған, әні мың сан рет қайта жазыла да бермек. Сондықтан біз екінің біріне мәлім жайттарды қайталап жазуды қажет деп таппадық. Қажетсінген оқырман тиісті жерлерден арнайы оқып алар. Мен тек Кенекеңнің композиторлық шеберлігіне қысқаша ғана тоқтала кетпекпін.

Кенекеңнің композиторлық творчествосын, оның ішінде “Бозторгайын” және “Көкшолағы” мен “Базар-Назарын” естімеген, оған бірде сүйсініп, езу тартпаған, бірде елжірей отырып, егілмеген қазақ және де табылмайды. “Бозторғай” түнып түрған зар ғана емес, онда келешектен бақыт пен бақ күткен асқақ арман да бар. Немесе, “Көкшолақта” қүйрық-жалдан түлдырсыз мініс аты тура мағынасында жадақ әңгімеленіп қалып қоймайды, кедей қолының қысқалығы, заманның мешеулігі астарлы уытпен әдемі мінеледі.

Сөз басында айтып өткеніміздей, Кенекең қазақ топырағында ықылым замандардан келе жатқан халық творчествосын, халық творчествосы болғанда, профессионалды халық творчествосын өткен дәуірден бүгінгі кезеңге дейін үластырған ақ иық өнерпаздарымыздың бірі. Кенекеңнің әндерінен қазақтың атадан мирас болған ертедегі “жоқтау”, “сыңсу” секілді салт-жора әуенінің сарыны өзіндік жаңа бір қыр-сырымен ашылып жатады. Мысалы, Кенекеңнің “Базар-Назары” жоқтаудан бастау алатын, бертінірек Мұхиттың “Зәурешінен”, тіпті Рамазан Елеубаевтың “Жас қазағынан” көрініс беретін дәстүрлі үлттың музыка тілінің өрнегін сезінгендей боламыз. Осы сипат қазақтың ән өнерінен музыканың түлғалы, тұрпаты түрлерінің бірі — аспаптық музыкаға дейін етек алған.

Кенекеңнің әндері жеке жинақ ретінде алғаш рет 1955 жылы және онан кейін әлденеше рет жерияланған болатын. Енді, міне, әнші-композитордың жүзге толу тойына “Өнер” баспасы елу әнін өнер сүйген халқымыздың игілігіне ұсынып отыр. Іргелі елдердің музыка тарихында халықтың өнерді қуаттау, дамыту дәстүрі бар. Осы жақсы дәстүрді жалғастыру ниетімен Кенекеңнің ізін қуған інілері композитордың осы басылымға енген әндерін өзіндік өрнек-нақышына нүқсан келтірмей үстінен қарап шықты. Әріптестеріміздің Кенекеңе сіңірген осы бір азын-аулақ еңбегін олардың Әзірбаев творчествосына деген сый-құрметі деп түсінемін.

Кенекең жүзді алқымдап барып өмірден өтті. Екі заманның бірдей куәгері болды. Бұл – композитордың адам, азамат тұрғысындағы өмірі. Оның ендігі өмірі — өнерінде. Кенекең өнерінің халықпен қатар, қоян-қолтық емір сүріп келе жатқанына да ғасырға жуықтап қалды. Халық жүрегіне жақын өнер ғана осылайша келешекке қарай қанат қағып, үзақ ғүмыр кеше бермек!

 

 

 

 

Б. Г. ЕРЗАКОВИЧ

 

 

БАЛУАН ШОЛАҚ ӘНДЕРІН ЖАЗЫП  

АЛУЫМНЫҢ ТАРИХЫ

 

Балуан Шолақтың Мақан Қалапбергенов айтқан екі әні және Бекен Ахметовтен естіген бір әніне қоса, мен сол жылы Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілер ауданында Дәулен Қамкеновтен “Ей-ай-яй” (қайырмадағы сөз) әнін, Семей облысында Шайхы Мүқашевтың орындауынан “Жастық” әнін жазып алдым. Бүдан кейін менің соғысқа дейінгі сапарларымда жинап алған 200-ден аса әндерімнің ішінде Балуан Шолақтың бар жоғы бес әні бар-тын, олар негізінен бүрын жазып алғандарымның әр түрлі нүсқалары еді. Осылайша Петропавлда 1939 жылы Жамал Жетпісбаевадан “Балуан Шолақ” әнін, Қарағанды облысының Теңіз ауданында Қосымжан Бабақовтың орындауында “Ғалия”, “Сентябрь” әндерін жазып алдым. Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданының Еңбек колхозында 1940-жылы белгілі ақын әрі әнші-композитор Молдахмет Тербиевтің айтқанынан “Балуан Шолақ”, “Ғалия” әндерінің жаңа нүсқаларын жазып алдым.

Алайда, Мүхит, Біржан сал, Ақан сері, Абай және басқа да халық композиторларының жазылып алынған әндерімен салыстырғанда Балуан Шолақтың шығармалары жоқтың қасы еді, мүның өзі мені Балуан Шолақ творчествосының көпшілігі жоғалып біткен екен деген ойға қалдырды. Бірақ, бақытымызға орай, арада 12 жыл өткен кезде, тіпті аяқ астынан, Балуан Шолақ туған өлкеден мүлде жырақта, оның бірталай өлеңдері шыға келсін. Ол былай болған еді.

1952 жылы шілде айында, ол кезде мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президиумы жанындағы көркемөнер секторында ғылыми қызметкермін, Академияның вице-президенті Ныгмет Тінәлиевич Сауранбаев мені үйіне шақырып, сол арада қонақ боп отырған ақын, әнші әрі композитор Кенен Әзірбаевпен таныстырды. Кенен жөнінде айтып түрып, оның әндері халыққа кең тарап кеткенін, енді соларды жазып алып, зерттеп, жарыққа шығару керек деді. Болашақ жинақтағы материалға қажетті өмірбаяндық деректерді өзім беремін деді.

Сол кеште Кенен бірнеше әндерін орындады, ол әндер өзіндік ерекшелігімен, ал әнші болса күміс тембрлі сұлу үнімен әрі орындаушылық шеберлігімен қызықтырып әкетті. Келесі күні Кененнің 40 әнін жазып алатын болып шарт жасастық, сондай-ақ секторда Кенен творчествосын зерттеу тақырыбы белгіленіп, ол маған тапсырылды.

Келісім шартты орындау үшін Кенен анда санда Алматыға өзінің баспаға байланысты жүмыстарымен 2-3 күнге келгенде, кешкілік маған соғып, қонып қалып жүрді. Ондайда екеуміз бір-екі әнді нотаға түсіріп аламыз. Ол кезде менде магнитофон деген жоқ, нотаға әнді тыңдап отырып естуім бойынша түсіремін, мүның өзі уақытты көп жеп қояды.

Кенен әндерінің әуені, әсіресе, революцияға дейінгілері үндік, ырғақтық жағынан өте күрделі боп келеді, оның үстіне кешке қарай екеуміз де күндізгі шаруалардан шаршап-шалдығып зорға жетеміз дегендей. Сондықтан да мынандай күймен белгіленген мерзімде жүмысты бітіре алмайтынымызды байқаған соң, Кенен әнді жазу үшін Отардағы өзінің үйіне келгенімді жөн деп тапты. Сауранбаев Кененнің үсынысын құп алды. Маған кешікпей іссапар қағазын, Кененге тиісгі қалам ақыны түгел берді,  мен оны Кененге жазып біткен соң табыс еттім.

Сөйтіп біз Кененнің Отар станциясындағы кішігірім үйінде 15 күн бойы, таңертеңнен түске дейін, одан түн ортасына дейін, жетілік керосин шамының жарығымен жүмыс істедік.

Бірде осындай жүмыс арасында, біз шартта көрсетілген әндерді әлі түгел жазып бітпеген кезімізде, Кенен: “Балуан Шолақтың әндерін де жазып қалшы” – деп өтініш айтты. Мені бүл өтініш әуелі таң қалдырды.

– Балуан Шолақ болса Жетісудан мүлде алыс жатқан басқа өлкеде туған, сен оның әндерін қайдан білесің? — деп сүрадым. Сонда Кенен маған төмендегі жайтты баяндап берді.

Ол 15 жасқа толып ел алдына енді-енді шыға бастағанда Жетісуға Балуан Шолақ келген. Достарының кеңесімен Кенен Балуан Шолақтың алдына келіп, салтты сақтап бір тізерлеп отырған күйі “Балуан Шолақпен кездескенде” деген әнін шырқаған. Балуан Шолақтың әндерін де өзінің онымен кездескендегі әнін де Кенен өте жақсы біледі. Кенен маған сондағы өз әнін салып берді.

Мен келдім сәлем беріп батыр аға,

Атағың кең жайылған Сарыарқаға.

Бала едім жаңа талап іздеп келдім,

Өзіңнен сурайын деп ақыл аға.

 

Атыңа ардақты аға құмар едім,

Нашарға саяң түскен шынар едің.

Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар,

Жақтырсаң мен де бірге шыгар едім.

 

Көзщнің қырын салшы Балуан аға,

Даңқыңыз талай елге кеткен дара.

Бала едім жаңа талап ақын, әңщі,

Әніңді үйренейін алуан аға…

 

Балуан Шолаққа, шамасы, жас әншінің қолқасы ұнаған болу керек, оған өзінің әндерінің бірнешеуін орындап беруін сұраған көрінеді. Кенен сол арада “Бозторғай”, “Көкшолақты” шырқайды. Балуан Шолақ Кененді шын ұнатып, өз қасындағы жігіттердің тобына қосылып жүруіне рұқсат етіпті. Сөйтіп, Кенен он жылға жуық Балуан Шолақпен жиі кездесіп жүріп, оның әндерін тыңдап жаттап үйреніп алған. Ол Балуан Шолақтың басқа ақындармен айтыстарының да куәсі болған, бірақ өзі онымен айтысқа шықпаған.

Жайлауда, таза ауада, киіз үйде, яки қыстаудағы жылы бөлмеде ән шырқалып болған соң Кенен және басқа да жас әншілер Балуан Шолақтың өміріндегі әр алуан оқиғалар жайында оның өз аузынан талай қызық әңгімесін түннің бір уағына дейін тамсана тыңдайды екен. Өз әңгімесінің соңында Кенен маған: “Менің ұстаздарым Сарыбас, Жамбыл және Балуан Шолақ…” дегенді. Осылай деп сөзін аяқтаған соң, Кенен нотаға тусіріп алу үшін Балуан Шолақтың он бір әнін шырқап берді, бұл әндер жинақта тұңғыш рет жарияланып отыр.

Сөйтіп Кененнің арқасында Балуан Шолақтың артында қалған мұрасының ішіндегі едәуір бөлігін жазып алуга мүмкіндік туды. Мүның бағалы жағы сол, Балуан Шолақтың тура өз аузынан естіп үйренуінде ғой, ал Кененнің өзінің ғажап музыкалық қабілет-дарынын еске алатын болсақ, ол айтып берген әндерді Балуан Шолақтың тура өзі шырқап түрғанда жазып алынды деп қабылдауға әбден болады демекпін.

——————–

Аударған Кәмила ҚҮДАБАЕВА

“Балуан Шолақ”. Қүрастырған Берікбай ОСПАНОВ. “Жалын”,  

1998 жыл, 291-294 беттер.

 

 

Нұрғиса ТІЛЕНДИЕВ

 

 

                           ДҮЛДҮЛІ  ЕДІ  ӘННІҢ ДЕ

 

Тума талант Кенен атаның үлттық иірімдерге бай әндерін тебірене тыңдамау мүмкін емес… Олар өнершінің өзіне ғана тән өрнектерімен сонадайдан-ақ “Мен Кенен әнімін” деп “паспортын” үсынып түрады. Ес білгеннен естіп ескен атаның атақты “Бозторғай”, “Көкшолақ”, “Базар, Назар” әндері іштей үндестігімен, сырттай алшақ нақыш – ырғағымен таң-тамаша қалдырушы еді. Сол таңырқау сәттерінде Кенекең, ешқандай композиторлық тәлім-мектебінен өтпеген Кенекең қүпия – жүмбақ болып көрінетін. Өскен ортамыз, жер-суымыз іргелес болса да, кешегі үлы Отан соғысы бар, одан кейінгі туған жерден жырақта білім қуып жүрген жылдар бар, оқудан кейін қүштар көңілмен қоян – қолтық араласып кеткен қызмет бабы бар – көп уақытқа дейін өнерлі атаның алдына келіп, қолын алуға мүрсат болмап еді. Оның үстіне өзің сырттай құдірет түтқан үстазға құр қол бармау керектігі де есте болатын.

Менің әкемді ол кісі жақсы білетінін де еститінмін. “Ал, Тілекемнің баласы, енді сенің өнеріңді көрейік” деп домбырасын үстата салса, сол сәт өзінің төл туындыңмен оның көңілінен шықпай жатсаң, “қалай болғаны?” деген ой да жоқ емес. Соншама себептер тежеу болды ма, Кенекеңе барып қайтудың сәті ұзара беріп еді.

Ақыры, сонау бір жылдары қазақтың белгілі композиторы, аяулы ағамыз Бақаң (Бақытжан Байқадамов) екеуміз Кенекең ауылына арнайы жолға шықтық. Жол бойы ақын-жыраудың республика композиторларының бірінші съезін ашып, сөзінің соңында:

 

Өрлесін бұл съезден

күй мен өлең,

Көркейсін көркем

өнер ел тілеген.

Съезін әнші-күйші

аштым міне,

Ал, енді Бақытжанға

Сөзді берем!

 

-деп шырқағанын еске түсірді. Мен болсам Бақаң ағаға Кенекеңнің менің әкемді тануы тиіс екенін ескертіп, егер кәрие мені сүрастыра қалса, аты-жөнімді айтудан бұрын әкемнің сарын-тәсілімен бір күй орындап берейін, Тілекеңнің өнері есіне түсер ме екен деп өтіндім. Солай келісім жасадық та, түске таман Кенекең үйіне келіп түстік. Бүл май айының бас жағындағы қос-қабат мерекелі күндер өтіп, Қордай бауырында көктемгі қызу еңбектің қанат жайған шағы болатын. Кенекең де сол көктемгі самалды даладай сергек бір күйде екен. Біздерді әсіресе, ескі танысы Бақаң ағаны бауырына қысып, маңдайынан сүйіп, қуана қарсы алды. Сөзшеңдігіне салып, Алматының амандығын, Композиторлар одағындағы жаңалықтарды сүрастырып отырды. Жайғасып болған соң біз жол бойы “тон пішіп” келгеніміздей-ақ “өзіңді болса-болмаса білемін, ал еиді мына баланы таныстыра отыр. Бақытжан” деді амандықтан кейін.

—   Бүл балаңыз менің бір шәкіртім еді, — деді Бақаң.

—   Жөн, жөн. Ал, Бақытжан шырақ, өзің не бітіріп жатырсың, жаңа әндер бар ма?

Бақаң аға таяуда шығарған әндері жайлы әңгімелеп, кейбіреуін орындап та берді. Кенекеңнің де жаңа әндерін айтқызып отырды. Мені шыдамсыздандырып отырған талай-талай радиодан естіп жүретін Кенекеңнің жоғарыда айтылған көкей хошын жаңғырықтырар әндерін өз ауызынан есту еді. Бақаң ағаға сыбырлап соны айттым.

—   Кенеке, ілгерідегі “Көкшолақ”, “Бозторғай” сияқты әндеріңізді ез ауызыңыздан естімесек, сағынып қалатын болдық. Мына балаңыз да сол әндерді естігісі келіп, мені түрткілеп отыр, — деді Бақаң.

— Әлгінде шәкіртім деп едің, болса болар, өзің сияқты көп сөйлемейтін бала көрінеді. Айтсам айтып берейін.

Әлгінде байсалды отырған Кенекең “Көкшолақты” салған сәттен бастап “жанын жұлып жеген” артистке айналды да кетті. “Мінгені-і-і-м” деп екі көзді тарс жұмып, алға қарай бір итініп алды да, ащы даусын созып жөнеп берді. Сонан әннің қайырмасына келгенде төрт аяқтап тұрьш қалған қыршаңқы шабанды басқа-көзге қамшылағандай күректей салалы алақанымен біресе домбыраның шанағын, біресе жамбасын сабалап, әлекке түсті де кетті. Бейне, төрт қабат көрпешенің үстінде емес, баяғы ашамай ер салған шолақ қүйрық көк дәненнің үстінде отырған сияқты. Қайырманың бебеу қаққан жолдарын төгіп-төгіп келіп “Кедейлік!” деп түйіп тастайтын түста “аһ” ұрады, көкіректің тереңінен арман ақтарылады.

Музыкалық шығарманың қай-қайсысын болмасын радиодан немесе өзге орындаушыдан тыңдаған бір бөлектағы, автордың өз орындауында тыңдаған мүлде бөлек болатыны сүйсіндіріп қана қоймайды, түла бойыңды табындырып әкетеді екен. Мүндай да, әсіресе, өнерге, музыка өнеріне жақын адамның делебесі қозып, өзін-өзі үстай алмай кететіні сөзсіз. Мына отырыста Кенекең өнеріне қаншалықты сүйсініп отырғанмен, менің де “алақаным қышып, жүрегім өрекпіп, денемдегі қан атаулы ыршып ойнап, құмарлық-құштарлық жүйкелерімді қытықтап”, ертерек домбыра қолыма тисе екен деп дегбірім кетіп, тықыршып отырдым.

Кенекең әнін аяқтап, домбырасын іргеге сүйей бергенде, қарттың өнер-серігін қағып алуым да сондықтан болса керек. Менің көңіл-күйімді манадан бағып отырған байқампаз, сезімтал Бақаң аға да: “Ал ендігі кезек сенікі, аямай төк өнеріңді”, —дегендей басын изеп қалды. Сол сол-ақ екен, әлгіндегі Кенекең бойындағы “жын” менің желкеме ауысып мінгендей күйге көштім. Өнерге шын берілген адам кей кезде өзін-өзі үмытып та кетеді. Мен өз репертуарыма әкемнен ауысқан, сол кісінің өз күйі “Аққуды” орындау үстінде сондай күйге тап болсам керек.

Әкем көрші қырғыз елінің шебер қобызшылары сияқты домбыраны қолында сан-саққа жүгіртіп, шыр-көбелек айналдырушы еді. Бүкіл денесінде домбыра жанаспайтын жер қалмайтын, қыза-қыза келгенде оң аяқтың башпайларымен шекті қағып, оң қолының саусақтарын демалдырып алатын. Сол асыл әкеден жұққан өнерді өзім аса риза болып отырған Кенекең алдында аямай-ақ төксем керек. Тым-тырыс бөлмеде қос шектің ғана үні бірде сыңсып, бірде сыбырлап, бірде серпіле естілсе керек. Күйді аяқтап, тарс жүмған көзімді ашып Кенекеңе қарасам, жасты көзімен бетіме бажырайып қарап қалыпты. Әлден уақытта есін жинағандай:

—   Сен Тілекемнің баласы емеспісің, мына күйің Тілекем жарықтықты тірілтіп жібергендей болды ғой,  деп бас салып қүшақтай алды. Менің көкірегімдегі әкеге деген сағыныш сазы көмейіме келіп кептеліп, көзімнен жас болып тамшылап кетті де, үнім шықпай қалды.

— Атың кім еді, шырағым? Жаңылуым мүмкін емес, Тілекемнің баласысың ғой, сен.

—   Дүрыс, таныдыңыз, Кенеке, бүл Нүрғиса деген балаңыз, өзіңіз айтып  отырған Тіленді кәриенің үлы Москвада консерватория бітірген, халқымызға белгілі бола бастаған композиторымыз. Қазір Қүрманғазы атындағы оркестрімізді басқарып жүр, — деді Бақаң аға.

—   Білем, білем. Естуім де бар, Тілендінің баласы Мәскеуде оқып жүр дегенді. Қайран Тілекем-ай, күйдің дүлдүлі еді ғой, кешегі Байсеркенің аруағы қонған күйші еді. Бүл атыраптың топырағынан жаралғандардың ішінде арыда Байсеркеден, беріде Тілендіден өткен күйшіні естіген емеспін. Байсерке күй тартқанда қарт Қордай солқылдап кетеді екен. Оның да Есім, Сарша сияқты үстаздары болған ғой. Осы ғасырдың бас жағында дүние салған Байсеркенің өз күйлері көп болған. Оның күйлерінде көңілді көріністер, жүректі желпіп отыратын самалды суреттер басым болушы еді. “Ат ойын”,  “Жекпе-жек”, “Жетпіс бүтақ”, “Қоңыр”, “Қалипа”, “Қалыш”, “Тәрт қарға”, “Үран күй”,  “Тұл қатын”, тағы басқа да күйлері болған. Жарықтық күйлерін тартқанда оның шығу тарихын, мазмүнын асықпай әңгімелеп айтып отырады екен. Осында қоныс аударып келген казак-орыстарымен тамыр-таныс болып, алыс- беріс жасап түрады екен. Өзі күйші, өзі шабандоз болса керек. Таңдап мінген жүйрігіне де түрлі ойынды үйретсе керек. “Ат ойыны”, “Жекпе-жек” деген күйлері содан шыққан. Ал “Жетпіс бүтақ” деген күйін ақындардың дастан айтқанындай ымыртта бастап, келесі күні таңертең зорға бітіретін көрінеді.

Кешегі өткен әйгілі күйші Байсерке жөніндегі Кенекеңнің мына толғау- әңгімесі оның “Қүпия-жүмбақ” адам екенін тереңдете түскеніне қоса, тағы бір қырын – шешендік, шежірелік қасиетін де атқарып салғандай еді. Әйтсе де, өз кәсібіме бір табан жақын болғандықтан ба, оның бойындағы өнердің басқа қырларына қарағанда композиторлық, әншілік, күйшілік қасиеттері көп ойландырды. Жас Кененді өнердің биігіне алып келген соқпақты ой-қиялымен шарлап іздей бастадым. Шытырман ойдың шүйдесін тарқатуға да, әрине, Кенекеңнің өмірі, өмірі жайлы өзі айтқан әңгімесі себепші болды.

Кенен Әзірбаев ақындық өнер – жырда үстазға кенде болған кісі емес. Басқаларды былай қойғанда үлы Мүхтар Әуезов “Жетісу ақындарының алтын діңгегі” атаған Сүйінбай мектебі, сол мектептің дүлдул жүйрігі Жамбыл – Кенекеңнің ет жақын бауыры, кемеңгер үстазы болды. Жамбыл арқылы жыршылықтың тағлымын, Жетісу топырағында туындаған тасқынды өнердің өнеге-үлгісін балғын шағынан бойына сіңірді. Өнер, әсіресе, ақындық өнер асыл құрыш сияқты қақтығыс- қайрауда шыңдалатынын ескерсек Кенекең таланты өзі түстас – замандастарымен, Жамбыл төңірегінде шоғырланған үркердей ақын қүрбыларымен өнер сайыстары кезінде үнемі шыңдалып, шымырланып отырғанын байқаймыз. Көрші қырғыз елінің төкпе жырауларымен таңды таңға қосқан ырчы- манасшылары Кенен өнеріне қосымша қыр, соны сипат қосты. Міне, осылардың бар-баршасы Кенекеңнің ақын, жырау ретінде қалыптасуына үлкен ықпал жасады.

Ал енді Кененнің композитор, әнші күйші болып қалыптасуына ықпал жасаған қандай құдырет? Жетісу өңірінің арғы-бергі тарихына көз жүгіртер болсақ, ән өнерінде үлкен мектеп боларлық дәрежеге көтерілген бірегей түлғаларды бөле-жара атай алмайтын сияқтымыз. Бірер ән шығарған кейбір өнершілердің ол әндері де ауыл арасынан ұзай қоймаған. Сондықтан да ол бірлі-жарым ән біртіндеп халықтың ортақ қазынасына айналып, авторлары да біртіндеп ұмытыла берген. Бүған мысал ретінде бүгінде халық әні болып айтылып жүрген Шу бойының тамаша ақыны Сауытбектің “Ақбөпе” әнін келтіруге болады. Ал, Жетісу топырағында жаралып, әлі күнге дейін ауыздан ауызға көшіп бүгінгі сауатты да көлемді музыкалық шығармаларға арқау-күзеу боп пайдаланып жүрген, о бастағы толғақ тебіреністің қияметін көрген авторлары не жүрттың жадында, не хат-қағаздың бетінде қалмаған иесіз әндер мен күйлер қаншама?

Осы түрғыдан қарағанда жас Кененнің ән өнеріндегі алғашқы үстазы, өзі айтқандай, сүйікті анасы Ұлдар шешейден бастап, сол өзі өскен сауықшыл халық ортасы, сезімтал түйсігіне үнемі сыбырлап сыр ақтарып түратын сол өзі өскен табиғат аясы деуіміз керек. Шын талант – табиғат перзенті. Ал, табиғат — өнердің түгесілмес кені. Анасының әлди-әуенінен ән-өнердің әліппесімен жүздескен, халықтан, табиғаттан – осынау мөлдір бүлақтардан елегізген көңілдің емін тауып, алғашқы әндерін шығарған Кенен ат жальш тартып мініп, елмен араласа бастаған шағында қүлағын алысқа тігетін болады. Осындай сәтте Арқаның ақиығы Балуан Шолақтың Жетісуға келуі Кенен кеудесінде бүлқынған бұлақтың көзін ашып жібергендей еді. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай сынды Арқа ардагерлерінің әндері де Жетісуға, оның Кенен сияқты өнерлі жастарына сол Балуан Шолақ арқылы жетті. Бүған ақынның “Балуан Шолақпен кездескенде” деген өлеңіндегі:

 

“Көзіңнің қырын салшы,

Балуан аға,

Даңқыңыз талай елге

барған, аға.

Бала едім жаңа талап

ақын-әнші,

Әніңді үйренейін алуан,

аға”

немесе “Менің үстаздарым” деген өлеңіндегі:

 

“Анам Үлдар әнші екен, әкем де ақын,

Ұстазым Сарыбас ақын дүрілдеген.

    Шашубай мен Шолақтың әнін естіп,

Мен де сондай болсам деп дірілдегем”,

– деуі куә.

1864 жылы Шу өңірінде, Хан тауының баурайында дүниеге келген Балуан Шолақ Баймырзаұлының туганына да биыл жүз жиырма жыл толады. Ән мен жыр өнерінде, күш сайысында тұстастарынан шоқтығы биік болған Балуан бабаның Жетісуға жергілікті патша үкіметі әкімдері мен жуан қоныш озбырларынан бой тасалап келген кезі табиғатына біткен бар өнерінің толысып түрған шағы еді. Өзін хан көтеріп қарсы алған Жетісу еліне Балуан ақын сол өнерін сарқып беріп кеткен болатын. Сонысымен ол Кененге де әншілік, композиторлық жолда үлкен үстаздық өнеге бола алады.

Тарихи деректерден, Кенекеңнің өз айтуынан біз Балуан Шолақ алғаш қойшы баланың айдалада аңырата салған әнін естігенде оның екі бірдей өнердегі қасиетіне – әншілігі мен композиторлығына зейін тоқтатып, мән бергенін білеміз. Ол кезде, музыкалық грамота деген атымен жоқ кезде әлгі екі қасиетті бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес еді. Сол егіз қасиет қос-қабат дарыған Кененді көріп, әнін естіген Балуан Шолақтың: “Кененнің болашағы зор, бүл жалғыз Қасқараудың, Кенені емес, бүкіл елінің Кенені болғалы тұр, өз орталарыңдағы балғын өнерді бағалай біліңдер”, — деуі сондықтан болса керек.

Балуан Шолақ сол сапарында Жетісуда, көрші қырғыз елінде оншақты жыл болады. Балуан ағасы алғаш келгендегі балаң Кенен де сол оншақты жылда өнер ортасында бой түзеген жігіт болады. Жайдақ желөкпелікпен, құр топ құрап жүрген жоқ, өнерлі ағаның аузынан шыққанын қағып алып, құрметті қонақтың думанды отырысына “қолы жетпеген” былайғы қалың топтың көңілін аулаумен болды. Бір ғана Балуан Шолақ емес, ол айтқан Біржанның, Ақанның, Жаяу Мүсаның, Ыбырайдың әндерін, Арқа елінің басқа да көптеген әндерін үйреніп алған еді. Міне, бүлар жас Кененнің композиторлық, әншілік жолындағы алғашқы баспалдақтар, демеуші үлкен күш болғаны сөзсіз.

Ақын Кененнің, әсіресе, композитор Кененнің пешенесінің ашылып, “бағының жануына” Ұлы Октябрь революциясының нүрлы сәулесінің әсері өте-мөте ерекше. Отызыншы жылдардың бас жағында-ақ біздің сауатты композиторларымыз, музыка мамандары Кенен әндерін зерттеп, нотаға түсіре бастайды. Оның бір топ әндері алғаш А. Затаевичтің жинақтарына енді. Одан әрі Л.Хамиди, С.Шабельский, Б. Ерзакович сияқты композиторлар Кенен әндерін қағаз бетіне түсіріп жүрді. Ахмет Жұбановтың “Замана бүлбүлдары” атты кітабында Б.Ерзаковичтің Кененнен жүз елуден астам ән жазып алғаны айтылады.

Аталған жолдастар Кенекең әнін жазып алып қана қоймай, оны белгілі қалыпқа түсіруге де еңбек сіңіргенін айта кеткен жөн. Кенекеңнің кей шығармалары үлкен полотнодағы музыкалық еңбектерге арқау болды. Мысалы, Е. Брусиловский оның А. Затаевич нотаға түсірген бір әнін “Қыз Жібек” операсында пайдаланған. Республика композиторлар одағы, музыка қайраткерлері Кенекеңнің өмірінің соңгы күндеріне дейін ол кісімен тығыз байланысын, қарым-қатынасын үзген емес. Солардың ықпалымен Кенекеңнің революциядан кейінгі әндерінен өзгеше сарын, дәуір тынысы, патриоттық рух айқын аңғарылатын болды. “Октябрь”, “Колхоз әні”, “Ел қуанышы”, “Қазақстан”, “Батыр Москва”, “Жайнады тыңым, жайнады”, “Алға үшқан ақиық” сияқты әндер социалистік замандағы үлы оқиғаларға Кенекеңнің қосқан үнін -үлесін аңғартады. Олар — тақырыбы жағынан да, музыкалық мазмүны мен керкемдігі жағынан да дербес те толымды дүниелер.

Кенекең әнмен қоса бірнеше күй де шығарған. “Жаудан қашқан өгіз”, “Алып қара қүс”, “Сарыбарпы”, “Қызыл әскер маршы” және басқа күйлері авторға тән ырғақ – өрнегімен, балладикалық құрылымымен ерекшеленеді.

Жүз жылдығын мерекелегелі отырған елінің жыршысы, шежіре-тарихшысы, Кенекең есімі, Кенекең бейнесі бүгінде өнерлі ізбасарлары мен өрендерінің көркем туындыларына арқау болар объектіге айналып отыр. Кенекең жайлы жыр – дастандар, прозалық шығармалар, әндер, күйлер жазылуда. Олардың көркемдік дәрежесі әр деңгейде болуы мүмкін, бірақ өнерлі бабаның рухына көңіл-ниет білдіру қуанарлық та, құптарлық іс екені сөзсіз. Бүл – азаматтық өміріне дақ түсірмей өткен мәртебелі адамға құрметтің ең үлкені.

 

Алматы, 1984 ж.

 

 

А. ОРМАНТАЕВ,

 

БАТЫР МЕН АБЫЗ

 

Дархан даланы асқақ әнімен тербеткен, дүлдүл ақын, композитор, әрі әнші Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуы мерекесі қарсаңында әркім-ақ аты аңызға айналған адам туралы жылы лебіздер айтқысы келеді. Осы орайда сонау бір жылдары өткен оқиға еріксіз еске оралады.

…Бауыржан аға онда інісі Әбілдә Момынқүловтың үйінде демалып жатқан. (Ә. Момынқүлов К. Маркс атындағы совхоздың партком секретары болып істейтін). Бүгін сол батыр ағамыздың қолын алып, сәлем беруге келдім. Мен Бауыржанның үлы Бақытжанды жақсы білетінмін. Бала кезде бірге асық ойнап, қозы баққан едік. Содан батыр ағаның үйінде болып түратынмын.

Күн жексенбі еді. Әбілдә ағамыз сыртта жүр екен. Сәлем берген маған:

—   Ағаң жалғыз отыр. Кіре бер, — деді.

Мен қуанып кеттім. Әдетте Баукеңнің алды қонақтардан босамайтын.

Баукең өзінің сүйікті трубкасын тартып, диванда бір қырындай жатыр екен.

—   Ассалаумағалейкум, аға!

—   Қос қолымды соза бердім. Ұсынған қолымды үнсіз алды.

Үн-түнсіз орындыққа отырдым. Ағаның өңі жүдеу көрінді.

Трубкасын тартып біткен соң ғана бүрылды. Қашан барсам да Баукең: “Қай баласың?” деп сүрайтын. Осы әдетімен тағы да:

—   Қай баласың? – деді.

—   Ормантайдың баласымын, аға.

—   Ә,    сонда   сен   Дәуренбай   атамның   немересі Мырзабайдың баласы болдың ғой. Ормантай сенің атаң. Солай ғой.

—   Солай, аға.

—   Қозы-лақты бірге бағып, бірге асық ойнаған кішкентай қара шал аман ба? (Менің әкемді айтып отыр. Баукең ол кісілер туралы өзінің “Ұшқан ұя” кітабында толық жазды).

—   Аман, аға.

—   Аман болсын. Біздің де қатарымыз сиреп барады. Ендігі сендердің абзал, қасиетті міндеттерің осы көнекөз қарияларды сыйлау, көңілдеріне қаяу түсірмей қүрметтеу. Түсіндің бе?

—   Түсіндім, аға.

—   Түсінгендерің жақсы.

Осы кезде батыр ағаның түсында ілулі түрған радиодан: “Кенен Әзірбаевтың 80 жасқа толуына арналган хабарымызды бастаймыз” — деген диктордың дауысы естілді. Батыр аға жас баладай елең етті.

—   Аш радионы!

Радионың үнін барынша ашқызған Баукең бар ынта-ықыласын, бар зейінін енді сол хабарға аударды. Трубкасын қайта тұтатты.

Осы кезде үйге бір топ қонақтарды ертіп Әбілдә аға кірді. Сәлем бере берген оларға Баукең қолын көтеріп: “Тыныш!” деген белгі берді.

Бөлме іші тып-тыныш. Радио саңқылдап түр. Хабарды Баукең ерекше толқи отырып тыңдады. Хабар аяқталды. Бөлме іші жым-жырт. Кенет Баукең өзінің туған даласы, Алатаудың ақиығындай саңқ етті. Боп-боз өңіне қан жүгіріпті. Қайратты шашы тік түрғандай.

—   Ән мен жырдың, бүлбүл сөздің генералы деп Кенекеңді айт! Әнді осылай келтіре орындау тек  Кенекеңнің ғана қолынан келеді. Кенекеңнің үніндей, осындай дауыс кімде бар?

Баукең отырғандарға отты жанарын бір төңкеріп өтті де, өз сүрағына өзі жауап берді.

—   Жоқ! Бүлай шырқау тек шын талант, талант емес-ау, туа біткен дарын иесінде ғана болса керекті. Шіркін, қуантса шын қуантатын, жылатса шын жылататын Кенекемнің әндері- ай.    “Базар-Назарды”    тыңдағанда    қалай    шыдарсың, “Көкшолақты” тындағанда қалай желпінбейсің?!

 

“Тай үйреттім тепсеңге.

Келді Кенен сексенге.

Екі Кенен тумайды,

Алатауға ексең де”,

 

– демей ме. Иә, шын талант иесі өзіне өзі баға беріпті. Екі Кенен тумайтыны ақиқат.

Батыр аға шын шешілді. Бала кезімізде ол туған ауылы “Орақ-балғаға” келіп, көне көз қарттардың алдында әңгіме шерткенде дәл осылай шешілуші еді. Біз балалар Батыр ағаның сол салиқалы, сындарлы әңгімелерін қызыға, қүныға тындайтын едік. Сол баяғы қалпыммен қазір де елтіп қалыппын.

—   Кенекең не деп еді.

—   Баукең тағы да сөйлеп кетті:  Иә, былай деп еді-ау!

 

Сүйкімсіз сексен келдің бе,

Қатырғалы буынды

Айналдырмай аулақ жүр,

Көрсетпеймін шенімді.

Тұсауым жоқ аяқта,

Сүйенгем жоқ таяққа.

Сыр алдырман сексенге,

Тоқсан, жүзің қай жақта?

 

Айтады-ақ! Рахмет, жүз жаса, шалым! Сексенге келген Кенекең осылай дегенде жетпіске жетпей менің жатысым мынау. Болмас, мен де далаға шығайын. Бақ ішін біраз аралап қайтайық. Дүрыс па Әбілдә.

Ағам басын изеді. Баукеңе сәлем беруге келген барлық қонақтар сыртқа шықтық. Бақ ішінде де, кейін үйге кіргенде де әңгіме тек Кенекең жайлы, оның тума таланты, әні, әншілігі төңірегінде болды.

Батыр аға Кенекеңмен болған жарты сағаттық кездесуін қызықты етіп шертіп берді…

Баукең 28-ші Панфиловшылар атындағы паркте жеке қыдыруды жақсы көретін болған. Осындай бір қыдырыста жалыз отырған Кенекеңді көріп қалады.

—   Ассалаумағалейкум, — деп жуан дауысымен сәлем береді. Сәлемін алған ақын:

—   Шашың қайратты, жанарыңнан от ұшқындаған, даусың жер жаруан қай баласың? — дейді.

— Қазақтың баласымын, — дейді Баукең.

—   Дәу де болсаң қазағымның батыр үлы Бауыржан болдың ғой, балам.

—   Иә, аға.

—   Кел онда қайта көріселік.

Енді қарт ақын батыр інісін кең қүшағына орап, Баукең де әкесінің бауырына тығылған жас баладай мол денесін Кенекеңнің бауырына тығып көп түрады.

—   Апыр-ай, — дейді Баукең, сонда бір ауыз әңгіме айта алсақшы. Үн-түнсіз көп отырыппыз. Біз бір-бірімізбен жүрегімізбен тілдескендей едік. Әттең, шырқымызды Кенекеңді іздеп шыққан адамдар бүзды. Оның үстіне олар мені көріп…Қарт ақынмен кең-мол сыр шертісе де алмадық…

Кенен Әзірбаев өзінің батыр ұлын мақтаныш тұтқан. Ол өзінің “Төрт батырға” деген өлеңінде былай деп жырлаған:

 

Қыран құстың шабыты,

Қысты күнде келеді.

Тебіреніп тепкенде,

Тасты екіге бөледі…

.. Қасқалдақ атқан

                         садақтан,

Әбдіров, батыр Мәлігім,

Шығарды ата тарихын.

Елге батыр атанды,

Көрсетіп көзге қаруын,

Момышүлы Бауыржан,

Отанға ұран шақырган,

Майданда ерлер

табылган…

 

Иә, даламыздың қос алыбы бір-бірін қалтқысыз жақсы көруі, бірін-бірі қадірлеп қастерлеуі табиғи нәрсе. Өйткені халқымызда “Үлық болсаң кішік бол” деген қанатты сөз бар. Олар да шын талантқа бас иген жандар.

Жыр сүйер, ән сүйер дүйім қауымның жүрегінен дархан талантымен берік орын алған Кенекеңнің жарқын таланты жылдар өткен сайын жарқырай түседі. Халқымыздың аяулы үлы, гвардия полковнигі жауынгер жазушы Бауыржан Момышүлының ақынға берген “Ән мен жырдың генералы” деген сезін еске алғанда оның жүрек түкпірінде жатқан аяулы сезімін түсінгендей боламын.

 

                                                                                                       1984 ж

 

 

 

 Сатқын САСЫҚБАЕВ,

Қырғыз жазушысы.

 

 

ЕКІ  ЕЛДІҢ  БҰЛБҰЛЫ

 

1960 жылдың июнь айының орта шені Қырғыздың үлы демократ ақыны.манасшысы Тоғолоқ Молданың (Байымбет Абдрахманүлы) туғанына 100 жыл толуын атап өтуге туысқан республикалардан ақын-жазушылар шақырылып, мәре-сәре болып жатқан кез еді. Бүл той Тоғолоқ Молданың кіндік кескен жері, ақ сәлделі Тянь-Шань тауының етегін ала орналасқан. Ақ-Талаа ауданында өтетін болды. Ақ-Талаа – Нарын облысының жері. Оған жету оңай шаруа емес.

Біздерді қойшы, Тянь-Шань тауының атын ғана естіп, суреттен ғана білетін меймандарымызды ақ-Талаа жеріне шаршатпай жеткізудің жөні бөлек еді. Келісім бойынша қонақтарды Фрунзе қаласында тосып алып, Шу өзені арқылы Қапшағайды басып өтіп, Ыстықкөлді жағалап, төбесін қысы-жазы қар басып жатқан Долон асуын асып, күркірей аққан Нарын өзенінен өтіп,  Ақ-Талааға жеткізуіміз керек…

Таудан аққан өзеннің жағасына жақын жердегі алма бағының арасындағы үйлердің бірінде Кенен Әзірбаевтар жайғасқан-түғын. Таңертеңгілік Кенекең өзен жиегіндегі көк шалғынның үстіне шапаны мен бөркін шешіп қойып, бешпентінің жеңін жуан қарына дейін түріп тастап, жуынып жатыр екен. Ол кісі қол жуғыштағы дайын судан гөрі таудан аққан түп-тұнық салқын суға жуынғанды үнатқан секілді. Кенекең жуынып болып, сүлгісімен беті-қолын сүртініп, басын қар басқан тауға, көз үшындағы Ала-Арша сайына тасана көз тастап түрды. Кешікпей жеңіл машиналарға отырып, Тянь-Шаньды бетке алып, таңғы салқынмен қозғалдық.

Машинаның алдыңғы орындығына отырған ақын Ғали Орманов бір нәрсеге елеңдегендей дауысын көтере сөйлеп, жол бойы көрген қыстақтардың, ауылдардың шаруашылық жайын сұрастырып қояды.

Фрунзе қаласының күншығыс жағындағы Аламедин ауданының жеріне жеткенімізде, атақты үлкен Шу каналына салынған бірінші Аламедин ГЭС-інің биік-биік сұлбасы, оның алдынан көбігі көкке атылған асау Шуды көргенде, Ғали маған бүрыльш:

— Бәсе, Үлкен Шу каналы осы емес пе? Оның жоғарғы жағындағы зәулім үйлер ГЭС-тікі ғой, — деді.

— Иә, атақты Үлкен Шу каналы осы Қырғызстандағы негізгі саласына алты электростанция қүрылды. Олардың ішіндегі ең бастысы осы сіздер көріп келе жатқан ГЭС.

— О, онда жақсы екен! Үлкен Шу каналы, Қырғызстанның да, Қазақстанның да диқандарына берекесін беріп, электр нұрына бөлеп жатыр ғой!

— Манадан бері домбырасын шертіп, терезеден жазғы далаға қызыға қарап, кеңілін сергітіп отырған Кенекең де біздің әңгімемізге қүлағын түріп келе жатыр екен. Сөзге араласты.

— Ежелден   қырғыздармен   суымыз   бір,   жеріміз,. тұрмысымыз, тіліміз үқсас. Шу өзені қырғыз Алатауынан басталып қазақ жерінің де сусынын қандырып келеді. Әрине, бізге қойнауынан жер берген айналайын Алатауға сыйынамыз!- деп, домбырасын шертш-шертіп қалды. Сөзден сөз шығып, 1941 жылы июль айында Үлкен Шу каналы қызу қазылып жатқан кезде, қазақтың көрнекті жазушылары Мұхтар Әуезов пен Ғабиден Мүстафин осы каналдың Қант-Аламедин деп аталатын төртінші бөлімшесіне келгенін, құрылысшылармен бірге болғанын айтып бердім. Ғали қызыға түсіп:

— Мүхтар   Омарханүлы әйгілі “Манас” эпосын зерттеуге Шоқан Уәлихановтан кейін үлкен көңіл бөлген кісі ғой, — деді.

—  Дүрыс   айтасыз,   Ғалеке!   1927   жылы   Фрунзеде педагогика техникумында оқып жүрген кезімде Мүхтар Омарханүлы арнайы келіп, біз оқыған үйге жақын орналасып, жаз бойы “Манас” эпосының манасшы Сағымбай вариантының арабша жазылған тармағымен танысып, оқып отырғанын көргенмін. Егер мен жаңылмасам, Мүхтар сол жылы “Көксерек”деген көркем әңгіме жазып, оны қырғыз тіліне жазушы Қасымалы Жантөшев аударып, өз алдына жеке кітап етіп басып шығарған,  дедім. Сонда Ғали:

— Өзің атам заманғыны үмытпайды екенсің, — деп таңданып қалды.

Біз қызу әңгімемен отырғанымызда Быстровскаядан қалай өтіп кеткенімізді байқамаппыз. Кіші Кеминдегі базарға да жақындап қалыппыз. Төбесін қар басқан Ақ-Түс, Көк-Ойрақ, Бойжетпес таулары алыстан мен мүндалап түр. Біз отырған машина базардың тұсына жеткен кезде, Кенекең базар жаққа қарап тым-тырыс бола қалды.

— Ау, Кенеке! Сізге не болды? Күліп-ойнап келе жатыр едік, Кіші-Кеминнің базарын көріп, көңіліңіздің бұзылғаны несі? Қол жайып аумин дегеніңізді былай қойғанда, көзіңізге жас алғаныңызға жол болсын?  деп еді Ғали.

Кенекең көзінің жасын сүртіп жатып, даусы сәл қарлығып: “Кіші Кеминнің базарын көріп, өткен жастық шағым есіме түсіп, көңілім босап отырғаны. Менің өмірімнің ең тәтті шағы осы арада өтті ғой. Осы жерде баяғыда Шабдан батырдың асы өткізілген. Оған Жамбылмен бірге мен де қатынасқан едім.”

— Ой, тәйір-ай, мен бір нәрсе болып қалды екен десем. Мынадай үлы тойға келе жатып, әрнәрсені бір есіңізге түсіріп қайтесіз. Мүныңыз жарамайды, Кенеке!

— Е-е, Ғали… Баяғыда машинасыз— ақ, ат, түйе, арбаға мініп жүріп те күнімізді кергенбіз. Сейтіп жүріп-ақ ән салғанбыз, әр кезеңнің өзіне сай сәні, мәні болады…

Мен Кенекең жастық шағы, өткен өмірі туралы айта түссе екен деп іштей үндемей отыра бердім. Ол кісі біраз үнсіздіктен соң, Кіші-Кемин жақты тағы да бір шолып алып, әңгімесін одан әрі жалғастырды.

— Ойхой, десеңдерші… Қайран жастық шағымыз-ай, өткен күндеріміз есімізге түссе, көңіл шіркін қүлазып сала береді. Жамбылдың нағыз қылшылдаған кезі… Мен болсам балаң жігітпін. Осы Кіші- Кеминнің кең базарында: қырғыз, қазақ, орыс, ноғай, өзбек, дүнған, ұйғыр демей, әйтеуір мыңдаған ел жиналып, жүздеген аппақ киіз үйлер тігіліп, жер-жерден қонақтар шақырылып, әр үй сайын жалаулар қадалып, дүкендер, жәрмеңке-базарлар ашылып, ат шаптырылып, балуандар күресіп, керней мен сырнай тартылып, ән айтылып, не бір күйлер тартылған Шабдан батыр асында болғанбыз, — деп Кенекең әңгімесін ары қарай жалғастыра беріп еді, тау жағалай жүйткіп келе жатқан паравоздың айқайы ешнәрсені естіртпей тастады. Әңгіменің желісін бүзған паровозға Кенекең әрі жақтырмай, әрі тандана қарады. Басын қайта-қайта шайқап отырып:

— Ой, тоба!… Тар шатқалдан қысыла сарқырап Шу өзені ағып жатыр. Бұрын бүл маңда даңғыраған асфальтты автомобиль жолы ғана болатын, енді міне, паровозын айқайлатып темір жол да пайда болыпты. Пай-пай, шіркін!.. Баяғыда бүл жерге мал бағушы едік. Көшімізді өткізе алмай қиналушы едік… Қараңдаршы, қаншалықты өзгергенін” —деді.

Біз мінген машиналар тауды өрлеп барып, Шу өзенін жағалай жатқан бүрылысы көп жолға түсті. Жолдың екі жағасында жабайы долана, итмүрын, қарақат өсіп түр. Сайраған бұлбұл үні адамды еріксіз елең еткізеді. Кенекең домбырасын қолына алып, сайраған бүлбүлдарға үн қосқандай, қасындағы Ғалиға қарап әндетіп келеді. Содан есімде қалғаны бір-ақ шумақ өлең:

 

Шу өзені гүрілдеп,

       Көбігі көкке  атылып.

            Жатып па едің, Ғали-ау,

                      А-анау тал түбінде алқынып…

 

– деп қайырған кезде Ғали Кенекеңе қарап, бала сияқты күле берді. Ол да қалмайын дегендей тақпақтата жауап қайырып жатыр. Кенекеңнің асқақтата салған әні көңілімізді жадыратып сала берді. Осы кезде оның “Бүлбүл едім сайраған” деген өлеңі еске түсті.

Баяғыда көшпелі ел табиғатқа, жаратылысқа, жер-суға байланысты неше түрлі ат қоя берген. Қырғыз, қазақ елдері табиғатты ерекше бағалап, қадірлеген ғой. Жолдың жағасынан онша қашық емес, қырдың төбесіндегі “Қосойдың бесігі”, оның төменгі жағында ойпаңдау жерде киіз үйге үқсайтын “Қосойдың оттық тасы” деген үлкен ақ тастарды көрсетіп едім, Кенекең қызыға қарап, тағзым етті.

Балықшыны басып өтіп, Ыстықкөлді жағалай жүріп отырьш, Қызыл-Омнол тауын кемерлей, көгілдір көлі жайылған, Орта-Тоғай су қоймасын да артта қалдырдық. Тянь-Шань қақпасы деп аталатын Қошқар өңіріне келдік. Жолдың сол жағындағы үзыннан-үзақ созылып жатқан Қошқарата тауы.

Тянь-Шаньдағы биік Долон асуын асып, ирек-ирек өрдегі жолмен биіктей бердік. Кенекең енді қабағын түйіп, терезеге қарап бір қырындай отырып, бір-бірімен жарыса бой таластырып түрған таулардан көзін алмады. Асудың орта тұсына жеткенімізде, аспанды қою қара бұлт басты. Іле-шала жапалақтап қар жауа бастады. Кенекең Долон асуының ғажап табиғи қүбылысына таңырқай қарап келеді.

— Жаратылысыңнан, қасиетіңнен айналайын Алатауым!… Қазір ғана ойда, Шу мен Қошқар өңірінде жарқырап күн шығып, көгілдір аспан ап-ашық болып, терлеп-тепшіп келе жатпадық па? Міне енді Долон асуының орта беліне жете бере аспанды бұлт басып, қар жауып тұрғанын қарашы! Жаратылыстың қүдырет күші осы да! Қасиетті Алатаудан айналсақ болмай ма? Осындай биік таулы, ғажап жер мен суды мекендеген қырғыз, қазақ бақыттымыз, ырыстымыз!” — деп, Кенекең тамсанып қойды.

Долон асуын асып, біраз жер төмендегенімізде күн қайта ашылып, жапалақтап жауған қар басылып, көгілдір аспаннан күн нұры төгіліп сала берді. Тауда өсетін түрлі гүл аралас бетегенің иісі аңқыды. Отырғандар: “Міне керемет, мүндай қүбылысты кім көріпті?”- деп ауыз жиғанша, алдымыздан мерекедегідей қүлпыра киініп, тағатсыздана тосып түрған ақталалықтар көрінді. Біз отырған машина қалың топтың орта түсына жете тоқтады. Кенекең жағасын құндыз терісімен көмкерген шапанын желбегей жамылып, қүндыз бөркін киіп, тосып түрған елге сәлем беруге машинадан түсті. Шырқалған ән, шертілген қомуз, сырнай үні құлақ түндырады. Жиналғандар салмақты басып жолдыц жиегіне шыққан Кенекеңе жабыла сәлем берісіп, қүшақ жая қарсы алысты.

Ассалаумалейкүм, Кенеке! Қырғыздың Нарын облысындағы жеріне, Тоғолоқ Молданың 100 жылдық торқалы тойына қош келдіңіздер! — десіп шу ете қалды.

Біз Нарын қаласына жетіп жақсылап демалғаннан кейін, таңғы салқынмен, дарияны жағалай Тоғолоқ Молданың туып өскен жері Қүртқа селосын бетке алып жүріп кеттік. Үзақ жол Кенекеңді шаршатты ма десем, қайта ел-жүртты, биік тауларды көріп, ширап, көңілі кетеріле түскен секілді. Тянь-Шань жайлауындағы халықтың көрсеткен сый-қүрметіне риза болып, Ғали екеуі алған әсерлерін жаймен әңгімелеп келеді. Өткен түні бір қырғыз жыршысы Кенекеңе арнап жыр айтқан еді:

 

Асу асып, тас басып, Кенеке,

Тянь-Шаньға келдіңіз.

Түрмыс, тілі қазақтай,

Қырғыздарды көрдіңіз.

Әнге қосып жер-суын,

Домбыра тартып бердіңіз!- деп…

 

Жол бойы жағалай егілген тал, жабайы өскен жыңғыл, қарақат шыбықтарына қызыға қарап келе жатқан Кенекеңнің өзіне арналған өлеңге риза болғаны байқалады.

— Иә, Тоқтаналы жақсы айтты. Осындай табиғаты бай, тұнып түрған өсімдіктері бар, сайында сарқырап аққан өзені, бағында бұлбүлы сайраған жерді неге әнге қоспайық.

Таудың осы бір жері ерекше мрамор секілді аппақ. Қарасаң күнге шағылысып жалт-жұлт етеді. Осы ақ тасты араластырып, бетон жасайтын, кірпіш қүятын завод салынатынын айтып едім, үндемей отырған Кенекең сөзге араласты. – Алатаудың топырағы түгіл, тасы мен қүмы да халықтың қажетіне жарайды, қасиетті таулардың берері мол ғой,  деді.

Күн кешкі бесін болып қалды. Ақ-Талааға жете берістегі Дербелжүн мен Құртқа селосы аралығындағы, Нарын дариясы жағасындағы үлы ақынның тойына арналып тігілген аппақ үйлердің маңынан қара құрым халық көрінді. Бәріміз де елең етіп сол жаққа қарадық. Еңкейіп батқан күннің кешкі мезгілдегі тасқа шағылысып, жалт-жүлт еткен нүрын, жағалай тігілген киіз үйді кезінде Молдекең әнге қосқан. Енді міне, бізге де әсерін тигізіп түрғандай.

Туысқан республикалардан келген қонақтар өздеріне арнайы бөлінген үйлерге кіргізілді. Кенекең, қырғыз замандастары Қарамолда, Алымқүл, Шалқыз және басқалар бір үйде болдық. Тойдың тамашасы ертең басталмақ. Ал бүгін әдеттегідей қонақ кәдемізді жасап жатырмыз. Түннің бір уағына дейін әңгіме айтылып, ара-арасында ән мен күйге кезек берілді.

Екі-үш күнге созылған тойдан кейін қонақтар Нарын арқылы қайтатын болды. Жол жүрер алдында Кенекең бүл жаққа енді қайтып келемін бе, жоқ па дегендей, қимай қоштасты. “Тойда болар, томалақ та болар” деген сөзді ескере отырып, ақынның жүз жылдық тойы жақсы өткізілгеніне риза болды. Бәрімізге қарап түрып ақ тілегін, батасын берді.

Қысқасы, екі елдің бүлбүлы атанған Кенен Әзірбаев ағамызбен аз күн болса да дәмдес болып, оның терең әңгімелері мен әндерін есітіп жүрген күндерім өз басым үшін еш үмытылмас күндерім деп білемін.

 

                                                                                                        1960 ж.

 

 

 

Бөлек ОСМОНҚҰЛОВ

( Қырғыздың төкпе ақыны Османқұл

Бөлебалаевтың ұлы)

 

 

АЛАТАУ – АТА

 

1959 жылдың наурыз айының аяғында демалыс күні таңертең есіктің алдында тұрсам, басында қара мәуітімен тысталған қара тақия, үстінде жұқа қарала сәтеннен тігілген шекпен, қара костюм киген, ұзын бойлы, жазық маңдай, ер мұрынды сақал-мұрты аппақ қудай кісі: Осмонқұлдың үйі осы ма? – деді. Мен бұл кісінің Кенен ақын екенін айтпай-ақ таныдым. Өйткені атам Кенен жырау туралы көп айтушы еді. Олар бұрыннан аралас-құралас та болса керек.

Кенен ата ішке кіріп жайғасты. Атам үйде жоқ еді. Шай ішілгеннен кейін:

– Тоқмоққа бара жатыр едім. Осмонқұлға айт, үйде болсын, кешке жақын келіп қалармын, – деп «Волгасына» мініп жүріп кетті.

– Атаң Асылбектікіне (қомызшы Асылбек Ешпембетов) кеткен.

Тезірек шақырып кел, –  деді апам.

Мен барып Кенен атаның келгендігін айттым. Атамның қуанышы қойнына симай, жүр Асеке, базарға барып қой-пой көріп келейік, – деді.

– Базарға барып әуре болмай-ақ, мына Бектенқұлдың үйіне (алып сатар кісі еді) барайық, онда қой да қозы да үнемі болады, әрі таңдап алудың реті бар, – деді Асылбек.

Біз тездетіп көшедегі көп таксидің біреуіне мініп Бектенқұлдың үйіне барсақ, үш қойы, бір қозысы бар екен.

– Осеке, ұятты қонақ болса қойдан алмай-ақ қойыңыз, мынау желтоқсанда туылған қозы. Қойларға қарағанда қоңдылау, – деп Бектенқұл қозының аяғын байлап, машинаға салып берді.

Кене ата түс қайта келіп қалды. Атам екеуі құшақ жая амандасты.

– Алымқұлдың үйіне (халық ақыны Алымқұл Үсенбаев) телефон соқ, тез жетсін, – деді. Асекеңе телефон соқсам, ол кісі үйінде болмай шықты. Таласқа кетіпті. Молдакемді (атақты қомызшы Қарамолда Оразов) шақырып келдім. Кенен екеуі жақсы таныс екен. Бірнеше рет Москвада бірге болып, күй жаздырыпты. Тамақ дайын болғанша Молдакең мен Асылбек күй тартып отырысты. Бір кезде Кенекең шофер балаға машинадағы домбырасын алдырып біраз өлең айтты.

 

Алты жыл төсек тартып тұрмай жаттым,

Аурумен арпалысып азап тарттым.

Ақыры бас көтеріп, тірі қалдым,

Азды-көпті бар екен татар дәмім.

 

Осмонқұл, бір келмедің жайымды естіп,

Тойыңа шақырмадың келіп кет деп.

Қатарлас, қадір білген құрдас едік,

Бұл қалай, соңғы жылы кеттік шеттеп.

 

Аман ба күй атасы Қарамолда,

Адамды елжіреткен дара жорға.

Мәскеуге неше барып күй шертіп ек,

Сол күндер жатсам-тұрсам жүреді ойда.

 

Қайран Атай  дүниеден кеткен екен,

Жалп етіп жарық сәуле өшкен екен.

Атақты тау бұлбұлы Мұсаны да,

Сұм ажал ерте алып кеткен екен.

 

Әншінің әншісі еді қайран Қалық,

Оны да кетіпті ғой ажал алып.

Өлмейтұғын жоқ екен бұл дүниеде,

Жайғасамыз, артынан біз де барып.

 

Ол кісі тоқтағаннан кейін атам Кенен атаның домбырасын алып, жауап қайырды:

 

Ұятты болдым алдыңда,

Шақыра алмай тойыма.

    Ауырып жатыр деген соң,

  Бара алмадым ауылыңа.

Қатты ауырған екенсің,

   Әл-күшіңнен айырылып,

     Денсаулық жақсы емес пе,

Тіршілікте әр кімге,

              Алты жыл ауырып жатыпсың,

Ауыр азап тартыпсың,

 Ел аралап шыға алмай,

              Халыққа қызмет қыла алмай,

Енді міне, тұрыпсың,

    Жұрт алдында сайраңда,

       Жоқшылық пен жетімдік,

      Қысқартып еді қолыңды.

          Талпынып ұшқың келсе де,

 Кескестейді жолыңды.

     Ұзарып кетіп сырқатың,

     Құрбыларға бара алмай,

           Қыдырып көңіл аша алмай,

      Қор болдың-ау, дімкәсім,

         Аяңдап ақырын жүргенше,

       Қамықпай өмір сүргенше.

             Жақсы екен деннің саулығы,

   Қазақ пенен қырғызды,

               Қалдырмай түгел шарлатқан,

Еңбек етіп жалықпай,

       Халқына атын танытқан,

          Ажалдан алып қала алмай,

       Өлімге қарсы тұра алмай,

              Айырылып қалдық қайтейік,

  Атай, Мұса, Қалықтан,

          Марқұмдар көзін жұмғанда,

Заманымыз тарыққан.

     Жүрегім суып қалғандай,

    Жиенің сонда тарыққан.

Келіп қалған екенсің,

Сәлем беріп, Кенеке.

    Қарт жүректі жылытты,

     Қоңыраулы үнің, өлеңің!

         Таймапсың қуат күшіңнен,

   Тауып айтқан тереңнен.

 

1960 жылдың маусым айында қырғыз елі үшін ақын Тоголоқ Молданың туғанына 100 жыл толуына байланысты мерейтойын өткізуге дайындалып жатқан кез еді. Қазақстаннан Мұхтар Әуезов бастаған делегация келді. Олардың ішінде Кенен ата да бар екен. Тоғолоқ Молданың дүниеге келген жеріне ертең жүреміз деген күні біздің үйге Кенен ата келді. Атам Молдакеңді, Әлімқұлды және Исмайыл жырауды шақыртты. Ысмайыл күлдіргі, қуақы сөзді жырау болғандықтан, отырған үлкен жырауларға қалжыңдай сөйлеп, оларды күлдіріп, кәрі жүректеріне от беріп, делебесін қоздырып отырды. Атамның қомызын қолына алып бұрай бастағаннан-ақ, не айтар екен деп құлағымды түре қойдым:

 

Құрметті Осом үйінде

  Кездесіп қалған кезіміз,

  Атақты жырау Кенеке,

          Аман ба мал мен жайыңыз.

        Айтайын десем сөз жетпес,

Алатаудай бағыңыз.

      Сексенге келіп қалсаң да,

   Күш-қуатты шағыңыз.

  Сағынысып кездестік,

    Сәлемді бізден алыңыз.

   Арнайы бізге келгенде,

            Алтындай жүзіңді көргенде,

       Қуанып қатты отырмыз,

Ел ішінде қос бұлбұл,

       Осмонқұл мен Алымқұл,

Қарамолда атамыз.

                   Қырғыздың даңқын шығарған,

Бұл үшеуі бағымыз,

Ортасында екі елдің,

      Аман болсын жаныңыз,

              Жүз жылдық тойға келіпсіз,

     Барамыз ертең бәріміз.

Шынымды айтсам, Ысакең шымшымаларын айтатын шығар деп қорқып отыр едім. Кенен атаның ұлылығын мойындап, әрі сыйлап, сыпайы ғана сәлемдескеніне риза болдым. Кенен ата: – «Өмірің ұзақ болсын, Ысмайыл» – деп жауап қайырды.

 

Қомыз алып иіліп бердің сәлем,

  Сәлеміңді Ысмайыл қабыл алам.

            Сүрінбей, жазбай жырлап келе жатыр.

     Сексен жасқа келсе де Кенен ағаң.

      Елдің көркі – жылы сөз жан ерітет,

         Парасатсыз сөз сөйлейді надан адам.

                                      Өнері жоқ кісінің өнімі жоқ,

              Өзін ойлайды, болса деп жалғыз маған.

    Айналайын асқар тау ел болмаса,

     Кереметтей сөз гүлін қайдан алам,

       Дос қадірін, ардақтап білгені үшін,

               Досты достай бек сыйлап күйіп жанам.

                Сіздің той, біздің де той, құтты болсын!

      Таң атса сіздерменен бірге барам.

        Осмонқұл қазаққа да, маған жиен,

      Орасан үлкен ақын жақсы білем.

           Боз көмей ақын туып, адам тапқан,

        Анамның аруағына басымды ием.

             Ас-тойда бірге отырып, бірге жүрдік,

            Айтыстық бауырластық ниетпенен.

             Ет жақын ағайын дос болып жүрдік,

     Ақынды бағалайды ақын деген.

            Алтын сөздің салмағын тез түсінеді,

      Нақыл сөзді бағалап басын иген,

                 Сөз теңіз, оқтан жүйрік болғаннан соң,

                       Жасымнан байқап келем, шалқып келем.

                         Молдакең жан жылытқан күйлер шерткен.

               Қомызшы мен көрмедім бұдан асқан,

    Мәскеуде композитор ағаларға

                         Құйқылжыған күйлермен, жарық жаққан,

             Көз көрген деп мақтаған сөзім емес,

                Табылмайтын шебер ғой адамзаттан.

           Алымқұл сыпа жырау, нәзік адам,

                  Ал қалпақты елге арнап, өлең жазған,

             Тоқоңның асыл сөзін түгел сақтап,

              Көңілдің қуанышын тауып айтқан,

                       Көкетай сыңсып жырлап қомыз шертіп,

                             Құлақтың құрышына қанып, көңіл ашқан.

                     Ал сен болсаң Ысмайыл шымшу сөзді –

              Ақынсың буырқанып асып-тосқан

                 Ырысты елдің бір мықты жүйрігісің,

                         Жырлай бер ел жырласын тартынбасын.

                   Қартайған соң жол бердік біздер сізге,

               Бел қатып, көзіміздің нұры кеткен,

      Біз көрдік, екі түрлі, екі заман

        Нелерді өткізбедік асыл бастан.

                Көз жұмсақ аталардың мұрасы деп,

            Айта жүр сөзімізді қылып дастан.

 

Үшінші рет Кенен атаны 1967 жылы тамыз айының 12-де демалыс күні көрдім. Атам қатты ауырып төсек тартып жатқан. Атамның сырқат екенін естіп арнайы келіпті.

– Бауырым, Осмонқұл, халың қалай? – деді. Атам жаймен бір қарады да үндеген жоқ. Өйткені, бір айдан бері сөзге келмей қалған еді. Қырағы адам атамның ауыр халін түсініп, бетінен сүйіп, алқымына өксік тығылып, көзіне жас алып, көпке дейін орнынан қозғалмай тұрды.

– Қарағым, қаламсабыңды берші, бір-екі ауыз жыр жазайын, ескерткіш болсын, – деді.

 

Ой, бауырым, сені сырқат деп,

Арнайы келдім көргелі.

Танымай кісі қалыпты,

Қырғыздың мықты шайыры.

Сәлем бердім иіліп,

Сәлемге көңіл бөлмеді.

Сайраған бұлбұлдай жиенімнің,

Сөйлеуге тілі келмеді.

Жанында тұрсам қарап бір,

Оған да көңіл бөлмеді.

Жағдайын көріп мұңайып,

Көзімнен жасым көлдеді.

Ақ таңдай ерді сылқитқан,

Ауыз аштырмай тұлтитқан,

Тағдырдың –

Күшті ғой деймін шеңгелі, –

деп жазды да, енді мен қайтайын, жазатайым көз жұма қалса, маған хабар беріңдер, – деді де атама қош айтысып жүріп кетті.

Жазық маңдай, сөзге шешен, адамгершілігі мол, қадір-қасиеті Алатаудай биік адамды көргеніме, жырларын естігеніме өзімді бақыттымын деп есептеймін. Бұл, Кенен атама арнаған ескерткіш гүлім еді.

 

                                                                       «Қазақ әдебиеті», 1986 ж.

 

 

Оразгүл НҰРМАҒАМБЕТОВА,

филология ғылымдарының докторы

 

 

АЯУЛЫ, АСЫЛ БЕЙНЕЛЕР

                   (Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына орай жазылған

                    естеліктің Кенен Әзірбаевқа байланысты бөлімінен)

 

1960 жылдың тамыз айында Мәскеуде шығыстану-шылардың бүкіл дүние жүзілік XXI конгресі болады, соған Қазақстан делегациясы қатысуы керек деген хабар келді. Бүл конгреске бүкіл дүниежүзі түркологтары түгел қатысады екен деген хабарды да бөлімде бізге Мүхтар аға үлкен бір қуаныш сезіммен жеткізді. Қызу даярлық жүріп жатты.

Конгреске баратын мерзім де жақындады. Қазақстан академиясынаы 10 кісіден қүралған делегация мүшелерімен тағы да баратын бірнеше кісілер белгіленіп, тізімі жасалды. Делегация мүшесі болып мен ме баратын болдым. Бағдарлама бойынша XXI конгрестің екінші күні түгелдей “Халықтар эпосының кеші” болып өтпекші. Бүл кешке қатысуға сол кездегі Совет Одағының үлттық республикалар академияларының қатысуымен аты әйгілі жырау-жыршылар шақырылмақшы екен. Олар конгресс делегаттарын СССР-де түратын әрбір халықтың эпосымен таныстыруы қажет көрінеді.

Осы мақсатпен қырғыздың әйгілі “Манасшысы” Саяқбай Қаралаев, Өзбекстаннан “Алпамыш батырды” жырлайтын, Түркменнен “Көрғүлыны” айтатын жыршылар шақырылыпты. Сол сияқты басқа республикалардан да бүрын біз атын біле бермейтін, естімеген небір ғажап айтушылар жиналатын болыпты. Уақыттың аздығына қарай біз қазақтың батырлар жырларын айтатын атақты жырау-жыршыларды алдырып үлгірмейтін болдық. Мүхтар Әуезовтың қалауы Кенен Әзірбаевқа тоқтады. Сол кездегі институт директоры Смет Кеңесбаев пен директордың орынбасары Мүсілім Базарбаевтың тез үйымдастырып, жедел әрекеттер жасауының арқасында Кененді институтқа шақырып, үлкен әнгіме өткізді. Оған белгілі ғалымдардың бәрі қатысты.

Кененге Мәскеуге барып, онда дүниежүзі шығыстанушыларының XXI конгресіне қатынасу қажет екені, бүкіл дүниежүзінен келген әйгілі ғалымдардың алдында үлкен өнер көрсетуі керек екені айтылды. Онда тек ән ғана емес, қазақ халқының батырлық жыр-дастандарынан үлкен бір шығарма орындау керектігі де ескертілді. Кенен ақсақал ғажап әңгімешіл, юморы күшті, мәдениетті де, барынша сыпайы кісі еді ғой. Жиналыс басталғаннан бері жәй ғана тыңдап отырған. Бір кезде: “Мына Мұхтар бару керек деп отырса, Смет пен Мүсілім жібереміз деп отырса, не тоқтау болушы еді. Барамыз. Басқа елден барған жыршылардан Кененді кем түседі деп ойламаңдар. Елімді де, сендерді де үятқа қалдырмаспын. Халқымның мерейін үстем етіп қайтамын деп ойлаймын”, — деді. Жиналған жұрт риза болып қалды.

Ендігі шаруа Кенекеңді жолға, үлкен бәйгеге дайындау болды. Бүл жауапты істі маған және Кенекеңнің қасында жүретін ең жақын жәрдемшісі етіп жас ғалым фольклоршы Бекмүрат Уахатовқа тапсырды. Кенен конгрестегі эпос кешінде “Қобыланды батыр” жырының ең ғажап көркем жері – әйгілі “Тайбурылдың шабысын” айтатын болып келістік. Жасырақ кезінде қызықтап жырласа керек, бірақ кейіннен ұмытып қалыпты. Бекмүрат Мәскеуте жүргенімізше Кененге осы жырды “Эпос кешінде” қалай жырлау керек деген мәселелерді үйрететін болды да, мен институт басшыларының тапсыруымен Кенекеңе басынан аяғына дейін сәнді, салтанатты қымбат киім тіктіріп әзірлейтін болдым.

Мәскеуге келдік. Бірінші күні пленарлық жиын болды. Конгрестің екінші күні. Бұл күн – сол конгресті үйымдастырушылардың бүрын келіскендеріндей “халықтар эпосының кеші” болып өтетіні белгіленген. Ол кездегі біздер мүндай ұлы жиындарда алғашқы қатысып отырған жас ғалымдар былай түрсын, талай жиынды, талай бәйгені көрген атақты ғалымдардың өзі таң қалатын ғаламат кеш болды. Халық творчествосының керемет күші осындай болса керек.

Мәскеу университетінің үлкен залдарының бірі лық толған, адам отырар бос орын жоқ. Көбісі шет елдерден келген меймандар, ғалымдар.

Сахнаға Саяқбай Қаралаев шығып, “Манасты” орындаған кездегі көріністі айтып жеткізу қиын. Сахнаның ортасында орындықта отырып, домбырасыз, қомызсыз, екі қолын екі тізесінің үстіне қойып алып жырлай бастаған Саяқбай өзінің бар қимылымен, бет, түр мимикасымен жәй ғана адам емес, бір ғажап қүдыретті бейне сияқты көрінді. Астындағы орындығының төрт аяғына бейнебір дөңгелектер орнатып қойғандай қозғала-қозғала шеті көрінбейтін алаңдай үлкен сахнаны лезде (астындағы үстелімен) аралап шықты. Саяқбай “Манастың” үзіндісін айтып бітіп, орнынан түрғанын жүрт байқамай да қалды (есі шыққан адамдай). Бір кезде ду қол соғылғанда, бір үлкен жарылыс болғандай жаңғырып кетті. Шетелдік ғалымдарда ес жоқ. Олар мүндай ғаламатты бүрын кермеген болар, бұлай болады деп ойламаған да болар, естерінен танғандай күй кешті. Бәрінің қолында кинообъектив, керемет магнитофондар  мен  фотоаппараттар, түсіріп жатыр, жазып жатыр.

Саяқбайдан кейін өзбек шайыры “Алпамышты”, түркмен бақшысы “Көрұғлыны” жырлап берді. Олардың әсері де аз болған жоқ. Аудитория оларды да жақсы қарсы алып жатты.

Бұдан кейін сұңғақ бойлы, сымбатты, сұлу, біздің Кенен атамыз шықты сахнаға. Қасында әкесін мәпелеп жүрген баласындай Бекмүрат бар. Атасын орындыққа отырғызып, Бекмүрат сахнадан түсіп біздің қасымызға келді. Көңілінде қобалжу бар сияқты. Бір кезде Кенекең жан-жағына бір қарап, қанатын қомдаған Алатаудың алғыр қыранындай бір бой жазып алды да, өзінің әсем, қоңыр әніне басты. Әрине айқай аз, мәнер көп. Баптанған-ақ атамыз. Әлде мына үлы жиын әсер етті ме, әлде, мына жердегі сын көздерге әдейі істеді ме екен, дауысы да, дауысын созуы да, бүрынғы біз естіп жүргендей емес, мүлде басқа. Айқайламай-ақ, сонша созып көтеруге дауыс та келе береді екен-ау, о ғажап! Бір кезде Тайбурылдың қүтырына қүстай ұшқан шабысын айта бастағанда, өзі сол Тайбурылдың үстінде шауып бара жатқан қас батырдың өзі сияқты желпініп бара жатқандай көрінді. Біз бәріміз демімізді ішімізге тартып не болар екен, асыл атамыз айнып кетпес пе екен, шаршап қалмас па екен, үятқа қалдырмас па екен деген, әрі қуаныш, әрі мақтаныш, әрі қорқыныш сезімдерін бірдей кешіп отырғандаймыз.

Жыр бітті. Тотыдай таралған ақ сақалды әулиеміз орнынан түрды. Бойы қандай биік, қандай сымбатты еді. Өз атамызға өзіміз қызыққандаймыз, өз көзімізге өзіміз сенбегендейміз. Тағы да зал жарылып кетердей жаңғырта қол соғу, тағы да шет ел меймандарының “шабуылы” басталды. Киноаппараттарымен, магинтофондарымен, фотоаппараттарымен Кенекеңді қоршап алды. Жиын-кеш біткеннен кейін де олардың көбісі мейманханаға келіп, Кененмен сөйлесіп, суретке түсіріп, ол кісіден тағы көптеген ән, өлеңдер жазып алды. Бүл да бір керемет көрініс еді. Кенен жырын аяқтаған кезде қатар отырған Бекмүрат, Евгения Лизунова үшеуміз Мұхаңның отырған жерін іздедік, қайда отырғанын көрмегенбіз. Бір кезде көзіміз шалып қалды. Ілгеріректе шет ел ғалымдарымен және кешті үйымдастырушылармен бірге отыр екен. Бізді көрген жоқ, біз кейінірек отырғанбыз. Кенен де қасымызға келіп отырған (Бекмүрат әкелген). Байқап қалғанымыз — көзін орамалымен жәй ғана сүрткендей болды. (Толқу ма, әлде жәй ғана көзін сүртіп алу ма, білмедік).

Біз Евгения Васильевна екеуміз бір бөлмеге орналасқанбыз. Кенен Бекмүрат екеуі бірге түратын. Эпос кеші бітті. Біз Кенекеңді алып мейманханаға кеттік. Біраздан кейін Мүхтар аға телефон соқты. Көңілі сергек. Үлкен бір қуаныш бар сияқты. Бізді Кененнің керемет табысымен, ғажап өнерімен қүттықтады да, ал сендер өздерің көрген делегация мүшелеріне, осы конгреске шақырыльш келген біздің барлық достарымызға менен сәлем айтыңдар, қүттықтаңдар деді. Және сендерге тапсырма — ертең мен Кенен Әзірбаевқа арнап үлкен қабылдау жасап, той дастарқанын жаямын. Соған міндетті түрде Кененді алып, өздерің де келіңдер. Дастарқан иелері — Ләйлә мен Ернар деді.

Айтқанындай ертеңіне Мүхтар Әуезов Кененнің Мәскеуде өткен дүниежүзі шығыстанушылар XXI конгресіне қатысып, онда МГУ-дің үлкен залының сахнасында естен кетпес өнер көрсетіп, зор табысқа жеткеніне арнап үлкен той жасады. Тойға сол түста Мәскеуде жүрген біраз кісі қатысты (Мүхтар Жаңғалин, Ысқақ Дүйсенбаев, Е. В. Лизунова, А. Хасенова т. б.). Қонақ күтуші, дастарқан иелері — Мүхаңның сүйікті де ардақты қызы сол кезде Мәскеуде оқып жүрген Ләйләнің өзі және оның інісі Ернар болды.

 

                                                                                   «Жұлдыз», 1996 ж, №7.

 

 

 

 

Әшірәлі АЙТАЛИЕВ,

Қырғыз ССР-нің еңбек сіңірген артисі

 

 

АҚЫНДАР БАС ҚОСҚАНДА

 

1946 жылы қырғыз-қазаққа бірдей танымал, қазақша да қырғызша да жыр нөсерлеткен, өзі қазақтың жиені Оспанқүл Бөлебалаевтың үйіне атақты Үмбетәлі Кәрібаев пен Кенен Әзірбаев келіп түсті. Мен ол кезде ұстазым Оспанқүлдың үйінде тұратынмын. Оспанқүл көршісі атақты ақын Халықты шақыртты. Ақыңдар сол күнді қызу әңгімемен өткізіп, ертеңіне қаладан қырық шақырым жердегі “Ыстық ата”, ол кезде “Арасан” деп аталатын курортына аттанды.

Біз келгенде қырғыздың киіз үйі тігіліп, ел күтіп отыр екен. Ақындар төрге жайғасып, қымыз ішіп сусындады. Киіз үйдің керегесінен биік таулардың қарағай, аршалары көрініп түрды. Кенен ақсақал бүл жерде талай болып, талай жырлаған екен. Елді де, жерді де жақсы білетін ақын ойға шомып, есіне бір нәрсе түскендей, керегеден көрінген арша, қарағайларға қарап толғанып, домбырасын қолға алып, қоңыр дауысымен былай деп қоя берді:

 

 Қарашы, керемет қой, қырғыз жерін,

Бүлтсыз, теңіз сынды аспан көгін.

Көрініп керегеден қарағайы,

Адамның бой сергітіп, ашты көңілін.

Үмбеке, жаңа келдің “Арасанға”

Айтайын білгенімнің енді жөнін.

 

Бүл жерді өткен кезде билеп манап,

Жанына жан жолатпай ұрып, сабап,

Пайдалы ыстық судың нарқын білмей,

Айнала шетін былғап, малын қамап.

Қиратып қарағайын отқа жақты,

Аршасын отап-бұтап түйеге артты.

Ен жатқан жылы суға қолы жетпей,

Ауырған бейшаралар азап тартты.

Үмбеке бізге бауыр жалпы қыргыз,

Мінеки қонақ болып келіп түрмыз.

Ортада ойын-күлкі халқы тосып,

Төрінде жыр төгілтіп біз отырмыз.

                                

Таулары арша, қайың жері бай да,

Түп-түнық жарып аққан Қапшағайда.

Ауасы иіс майдан айнымайды,

Жүтқаны денсаулыққа түгел пайда.

Айналам заманамнан, партиядан,

Ие қылған еңбекшіні осы жайға.

 

Үш ақын отырсыңдар менен басқа,

Әйгілі қырғыз, қазақ қарындасқа.

Оспанқүл, Халық ақын, Үмбетәлі,

Ал енді төгілдіріп өлең баста,

 

— деп бір қайырып тастап, Үмбетәліге қарады. Үмбетәлі толғанып, қазақ әуендерінің бірімен жорғалатып қоя берді.

 

Аман ба, бауырласым қырғыз халқым,

Салты бір, санасы бір, ділі алтын.

Қонақты қүт келгендей күтетүғын,

Көнеден келе жатқан ата салтың.

Көрмесем аңсап жүрем кәріңізді,

Көп келіп, көп татып ем дөміңізді.

Жас кезде араласып жырлап-жырғап,

Көргенмін көшіп, қонған шағыңызды.

Тек жиен Оспанқүлға келген жоқпыз,

Қырғыздар келдік аңсап бәріңізді.

Бұрын да өтті сайрап алуан ақын,

Еріксіз жүзін төмен салған ақын,

Әділетсіз заманды көзбен көріп,

Айта алмай іші оттай жанған ақын.

Аса алмай сұлтанменен зүлымдардан,

Қамығып қанды жасы тамған ақын.

Ел жыласа күңіреніп бірге жылап

Күш, қуат күй мен жырдан алған ақын.

Толқып келіп, томсарып кете берген,

Тоқтағүл, Сүйінбайдай қайран ақын.

Ал біздер ел еркесі жайраңдаған,

Партия өсиетін жайған ақын.

Келеді артымыздан дүбірлетіп,

Дарыны асып-тасып жанған ақын.

Ауылдың алты ауызын айтып өттім,

Сөйлей бер, шебер Халық, балуан ақын,

 

— деп Үмбетәлі тоқтағанда ел дуылдап, ақынға зор ықылас білдірді. Халық баппен қобызын күйлеп, жосылта жөнелді:

 

Айтып өттің Үмбеке,

Ауылдың алты ауыз қарызын.

Атағы елге жанылған,

Қар жақ төкпе кәрісің.

Домбыра шертіп жырласаң,

Толқытып жанды дауысың.

Өзгеше мені ойлантты,

Еске салып  ескіні,

Қайғылы, мұнды күндерде,

Езілгеніміз тағы шын.

 Тоқтағүл, Сүйінбайлардың

Томсартқан бізді зары шын.

Тырп еткізбей түқыртқан,

Баіі, манаптың кәрі шын

Алыстап кеткен келмеске,

Ол күндердің бәрі шын.

 

Ақсақалым Кененім,

Төселген шайыр, шеберім.

Үлкен-кіші жиынды,

Естілген соң келерің.

Кешеден бері қамданып,

Күтініп отыр арнайы

Кенжеқара бөбегім.

Келіңіз қонақ, келіңіз,

Келіңіз, міне төріміз.

Жүқармас бір ай жатсаңда,

Меймандос қырғьв еліміз.

Ауасы, суы тап-таза,

Алатау мекен, жеріміз.

Тойымыз болған қаралас,

Асымыз болған аралас.

Басынан бірге шегіміз.

Қыз алысып жарасқан,

Қүдандалы елміз тегі біз.

 

Нағашыларым келді деп,

Танып кетсін елді деп,

Көріп кетсін аралап,

Әпкесі өткен жерді деп,

Алып келді аулына,

Оспанқул ақын жиеніңіз, –

 

деп Халық ақын бір тоқтадады Ел ақындарға разы болып, “бәлі” десті. Сонда Оспанқул қомызын күйлеп, Кененге бүрылып:

 

Болғанда әкем қырғыз, шешем қазақ,

Қойыпты жаратқаным ак.ын жасап,

Қолға алсам домбырамның екі ішегі,

Қиялды қияларға ала қашат, —

деп, қазақша бір ауыз өлең айтты да, ары қарай қырғызша жырлады:

 

“Ішкі су”, “Норус”, “Арасан”

 Кеше әпкең Айша келген жер.

                                        Бөлебала жездеңіз,

                                        Үйлену тойын берген жер.

                                        Сағынып жүріп төркінін,

                                        Салтына елдің көнген жер.

                                         Келіні болып қырғыздың,

                                         Жиеніңіз мені көрген жер.

                                         Туып-өскен аймағым,

                                         Ойы менен қырына,    

Жас кезде қозы жайғамын.

                                             Қапшағайын аралап,

                                             Қай жеріне бармадым.

Жетіліп жігіт болғанда,

                                             Талант беріп тау-суы,

             Татқаным жырдың қаймағын.

Жасырақ бала күнімде,

    Жаманқүлды жандадым.

                                              Азды-кепті ағадан,

           Ақындық жолын алғанмын.

                                              Кейін Халық болды,

         Хакемнің алдым нүсқасын.

                                              Қара жорға, Үмбеке,

 Сүйікті мендей жиенге,

  Амандық біле келгенің.

   Сый қүрметін көрсетіп,

   Күтеді толқып елдерім,

 

— деп тоқтады. Ақындар таң атқанша жырлады. Ел риза болып, оларға зор алғыс айтып тарады. Ешкімнің көңілін қалдырмай, толға десе тоқтамай толғаған, қазақ, қырғыздың алтын сөз қазыналарының иелері, жырдың кендері, төрт алыптың бейнелері менің де көз алдымнан кетпейді. Сол бір күндер бауырлас екі елдің арасындағы терең тамырлы туыстық, достықтың жарқын көрінісі еді.

 

«Жұлдыз», 1986, №9

 

Әлімқұл ЖАМБЫЛОВ,

(Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың

немересі)

 

ҚОСЫЛҒАН ҚОС ӨЗЕН

 

“Өлеңге – Жамбыл артық, әнге – Кенен” демекші, Алатау мен Қаратаудай осы екі алып адамның арасындағы тонның ішкі бауындай жақындық, жарасымдылық, бірін-бірі жан-тәнімен жақсы көрушілік бар еді.

Кенекеңді алғаш рет 1935 жылы көрдім. Сол жолы Кенен Жамбылға сәлем бере келіпті. Ол кезде кәзіргі Жамбыл селосы Ерназар деп аталатын. Ақынды колхоз председателі Тұрап Мыржиев бастаған жүртшылық және Жамбылдың балалары Алғадай, Аққүлы, Ізтілеу, Тезекбай, қыздары Күнтай, Ақбала қарсы алды.

Кенен сұңғақ бойлы сұлу, шоқша сақалы бар, дауысы мақпалдай келбетті адам екен. Басында құндыз бөркі, қолында үкілі домбырасы бар, жирен қасқа ат мінген ақынды Жәкең “Қордайдан Кенен келді. Кененмен бірге өлең келді” деп құшақ жая қарсы алды. Мейманға арналып мал сойылып, үй тігіліп, кісі жиналып, Кененнің келуі дүбірлі думанға айналды. Ақын, әрі әнші Кенен жүртшылыққа өзінің Шәлипа және Ләтипамен айтыстарын өзі шығарған әйгілі “Базар-Назар”, “Бозторғай” және де басқа әндерін орындап берді.

Кенен ағасы Жамбылмен бірге қазақстандықтардың Москвадағы онкүндігіне 1938 жылы барып келгеннен кейін: “Жәке, батаңды бер, балалы болар ма екенбіз” деп өтініш білдірген болатын. Жәкең арқалы ақын інісінен ақ тілеуін аяған жоқ. Арада бір жыл өткеннен кейін Кенен: “Жәке, сүйінші, берген батаңыз баянды болып, Насиқа келініңіз ұл тапты” деп сүйінші сүрай келді. Бүл қуанышқа Жәкең тіпті ойран-асыр болды. Үкімет өзіне сыйға тартқан “МК” — машинасына мініп алып, сол кезде Кенен түратын Красногор ауданына тартып кетті. Шілдеханада Жәкең “Қызыңның есімін Төрт кемпір бір шал қойыпсың. Менің ойымша осыны Төрткенжан деп өзгертіп, соған орай мына баланың атын Көркемжан қояйық”, деп аталық тілегін білдірді. Жәкеңнің бүл тілегі баршаның ойынан шықты.

Кенен Жамбыл ауылына осыдан кейін де ат ізін суытпай келіп түрды. Олар бас қосқан сәт шынайы өлең-өнер думанына айналатын. Ұлы Отан соғысындағы Алғадайдың қазасы қарт ақынның қабырғасын қайыстырып жібергендей еді. Жамбылға үкімет тарапынан көңіл айту Кенен ақынға жүктелді. Кешегі дүлдүл Кенен, бүлбүл Кенен осы жерде енді өзінің асқан парасат иесі, кемел Кенен, кемеңгер Кенен екендігін айқын танытты.

Жәкең 1945 жылы 22 июньде, 100 жасқа толуына 6 ай қалған шағында қайтыс болды. Бірақ Жамбыл, Кенен үрпақтарының қарым-қатынасы одан әрі жалғаса берді. “Гүл өскен жерге гүл өседі” демекші, екі алып адамның артындағы ұл-қыздары да ата жолын қуып, оны одан әрі дамыта түсті.

1946 жылы Жамбыл Жабаевтың 100 жылдық тойына арналған республикалық ақындар айтысында Кенен Әзірбаев пен Нартай Бекежанов екеуі бірінші жүлдені жеңіп алды. Жалпы, Кенен — Жамбыл үрпақтарының қарым-қатынасы, бір-біріне деген ынта-ықыласы ешуақытта өзгерген емес. Өзім Кененнің 75 жылдық және 90 жылдық тойларына қатыстым. Кенен 92 жасында қайтыс болғанда Жамбылдың кенже үлы Тезекбай бастаған Жамбыл үрпақтары болып, орны толмас ортақ қазаны бірге бөлісті. Жамбыл — Кенен үрпақтарының қосылған қос өзендей жарасты жалғасы келешекке кең арнасын тартып барады.

Ақбасты анамыз Кенекеңнің 80-ге келген бәйбішесі Насиқа аса қүрметтейтін адамымыз. Қазір Кенекеңнің үлы Көркемжанмен, әнші қызы Төрткенжанмен араласып тұрамыз. Сол сияқты қыздары Ақбілек пен Ақтамақты атасының көзіндей көреміз. Кенекең үмытпасам, 1969 жылы “Жамбыл-жыр” деген үзақ дастан шығарды. Сондағы бір сөзінде:

 

Жамбылдың ауылынан қол үзгем жоқ,

                               Жылына екі-үш барсам,  көңілге тоқ.

 

                                 Күмбезі күмбірлеп тұр өзі құсап,

  Кененжан ән шырқашы дегендей боп,

 

– дейтін шумақтары бар еді.  Енді міне, Кенекеңнің жыр күмбезі де аялы аспан астында асқақтап түр.

 

1984 ж.

                                                           

 

Сәуірбек  БАҚБЕРГЕНОВ

жазушы

 

                                                 КЕМЕЛ ДАРЫН

 

Кенен ақынның 90 жылдық тойында СССР Жазушылар одағы басқармасының бірінші секретары Георгий Марков: «Сіздің есіміңізді әдебиеттегі поэтикалық өнердің алыптары – Сүлеймен Стальскиймен, Жамбыл Жабаевпен қатар қоямыз», – деп бағаласа, Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Қырғыз елі Сізді өзінің таңдаулы ұлдары, өзіңізбен замандас, үзеңгілес, дастархандас болған, Жетісудағы қырғыз-қазақ жерін бірге аралаған Оспанқұл, Әлімқұл, Атай, Халық және басқа да бұлбұлдай сайраған ақындарындай көреді, біз Сізді өнердегі асқар Алатауымыз деп есептейміз», – деді.

Міне, бүгін біз осы адамның туғанына 100 жыл толған күнін атап отырмыз. Шынын айту керек, Кенен біз көрген, біз білетін халық ақындарынан ерекше, зор тұлға. Ол ең алдымен тамаша лирик ақын. Оның өлеңдері шыншыл, дәл, әсіресе ақын жүрегінің сазды, салмақты, сыршыл, көкіректі жарып шыққан әуені. Кенен сөзге жүйрік, бірақ оны екшеп, елеп айтатын байсалды кісі еді. Тақырыпты таңдап, өз жүрегінің бұйырымына қарай жырлады. Ол сонау 20-жылдардың өзінде В.И.Ленин өліміне арнаған өлеңінде былай деп жазды:

 

                                     Ленин жер жүзінің тірегі еді,

                                     Өмірдің қуаты мол жүрегі еді.

                                     Атамның дана сөзі, жолы өлмейді,

                                     Тірлігі еңбекші елге керек еді.

 

Мұнда уақыт, заман дәлдігі, шындығы жатыр. Ақын заманды өз көкейіне орнаған шындықтан алады. Кешегі жалпы, бұрынғы кедей теңдік алды. Оны Кенен өз өмірінен де көреді, жырлайды. Содан да оның өлеңдерінің басым көпшілігі өз өмірінен алынады да, ол шындық болғандықтан бүкіл халықтық сипат алады. Ақындық тапқырлық, сезімтал жетімділік, міне, осындайдан туады. Мәселен, сонау жас кезінде, небәрі 13 жасында шығарған «Бозторғай» әні бүтін қазақ жерін неге шарлап кетті? Оның бір ғана себебі болды: Кенен өз басының мұң-зарын айтамын деп отырып, өзі сияқты мыңдаған жалшының көкейінде жүрген арманды ойының үстінен дәл шықты. «Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Қайран елім» сияқты өлеңдерінің кең тарауы да осы тәрізді.

Кенен өлеңді қалың топта, жиында, көпшілік алдында суырып салып айтатын да, кейін қағазға түсіретін. Демек, ол өз өлеңдерін қағазға жазып отыратын сауатты, ұқыпты ақын болды. Ол өз өлеңдерін ғана емес, елдің тарихын, өткені мен кеткенін жазып отыратын шежірешіл еді. Ол жазған тарихи нәрселер әлі де зер салуды керек етеді.

Кенен ақын, бір айтса да дәл басып, тауып айтады. Бұл оның басты қасиеті.

 

                               Құтылып нашарлықтан жетілгенім,

                               Бұрынғы естен кетті өкінгенім,

                               Большевик партиясы көтермелеп

                               Қордайға ревком боп бекінгенім.

 

Екіншіден Кенен аса дарынды дастаншыл ақын. Оның «Құдалар», «Қырғызбай», «Әли батыр», «Ер Төстік», «Кенебай мен Кербез сұлу», «Еркебайдың ауылы» тәрізді тамаша дастандары бар.

Ақынның жоғарыда сөз болған дастандарына Жамбыл Жабаев поэмаларын, қос ?? жайындағы поэмаларын қоссақ, оның үлкен дастаншыл ақын екеніне дау қалмайды. Бұл екі дастаннан жетісу жерінде өткен аса көп тарихи, шежірені білеміз.

Үшіншіден, Кенен суырып салма, аса тапқыр айтыс ақыны. Оның оннан астам айтысы бар. Ақынның Шәлипа, Нұрила, Ләтипа, Бөдене мен Шайнек, Халима, Бопина атты келіншектермен және белгілі халық ақындары Үмбетәлі, Әбдіғали, Шашубай, Есдәулет тағы басқаларымен айтысын еске түсірсек. Кенен бейнесі көз алдымызға өзгеше боп, ерекше көрінеді. Ал оның Кенжеқожамен айтысында аса зор әлеуметтік, қоғамдық мәні бар.

Бір кезде ол кісіден мына бір жағдайды сұрағаным бар.

– Осы сіз ревком болдыңыз. Сонда қандай шаруа бітірдіңіз?

– Пәлі, –  деді Кенен. « Пәлі, сөз-ақ екен! Менің өзіме салсаңдар едәуір  іс тындырдым.

Ең біріншіден, 1916 жылғы оқиғадан қашып-пысып, жан-жаққа тозып кеткен елімнің басын жинадым. Қайта біріктірдім. Азамат соғысының қиындығын көрген, сол кезде адасып жаза басқандарға тура жолды көрсеттім. Кедейлерге жер бөліп бердім. Бір ретте, Жетісудан, сонау Бұхараға, әмірді құлатуға бара жатқан қызыл әскерге өз қарауымдағы елден үш жүз түйе жинап бердім. Оған қызыл жауынгерлер азық-түлік, оқ-дәрі теңдеп әкетті.

Кейін қарап отырсам, бұл жай ақынның Ләтипамен айтысында бар екен.     Ләтипа айтады Кененге:

 

Сен болсаң кім сескенер Кенен болыс,

                                          Қолына таяқ алған кедей болыс.

                                          Мақтайсың өзіңді-өзің көтермелеп,

                                          Келсең де үш жүз түйе сұрап помощь.

 

Ал ол шақта, Совет өкіметі жаңа орнай бастаған кезде қызыл әскердің пайдасына 300 түйе беру деген кешегі Отан соғысында Совет Армиясына 3000 арғымақ ат берумен бірдей болар. Мұны Кененнің қоғамдық қызметінің бір ғана кезеңін көрсету үшін әдейі келтіріп отырмын.

Төртінші, Кенен әнші-композитор. Оның ән шығару өнері 11 жасынан, Әлменнің қозысын бағып жүрген кезінен, «Бозторғай» әнінен басталады. Оның әндері адам жанының қылын шертеді. Өйткені ол жеке басының қайғы-мұңын, қуанышын айту арқылы көптің көкейінен шыға келеді. «Көкшолақ» кедейлікті шағыну ғана емес, теңсіздікке бар дауыспен дау салу боп шығады. Бұл күлкі үшін, сықақ түрінде шығарылған ән емес. Халыққа жетімді болсын деп өзін-өзі сынағаны болмаса, теңсіздіктің зары, қарсылық үнді, мәнді ән. Ал «Ой,  бұлбұл» әні сұлулықты да, елін, жерін, туған ата-мекенін сағынған тамаша адамның мұңын айтады. Жалпы, Кенен жүзден аса ән шығарған үлкен композитор. Біздің республикамызда СССР Жазушылар одағына, СССР Композиторлар одағына –  екі бірдей үлкен одаққа мүше болған тек Кенен ғана.

Бесіншіден, Кенен мысал өлеңдерді, нақыл сөздерді көп айтқан тарихшы, шежірешіл ақын. Қазақ тарихында ақын білмейтін келелі, белді кезеңдер болмайтын. Мәселен, оның бұлбұл мен көкекті айтыстырған мысалы аса құнарлы. Мұнда нағыз өнер иесі бұлбұлды, мақтаншақ көкекті көреміз. «Мақал-нақыл» сөздері де ой саларлық. Кенен. «Ақынға қара сөзден өлең оңай, балыққа таяз судан терең оңай» немесе «Дегбірсіз ат сілкінгіш, дегбірсіз ақын жұлқынғыш» деген сияқты тізбекті, ойлы, пайымды сөздерді жайдан-жай отырып айта салатын. Немесе ақынның шөп аттары мен құс аттарына арналған екі өлеңін алып қараңыз. Ақын өзін қоршаған өмірді, адамдарды қандай жақсы білсе, өз төңірегіндегіні табиғат сырын да жақсы біледі.

Қысқа қайырылған бұл ойды түйіндеп айтсам, Кенен бейнелі сөзді, мысал өлеңді, нақыл сөздерді көп білген, табиғат сырына зерделі үңілген ақылды, парасатты ақын.

Оның тағы бір қыры – Кенен әнші-композитор болуымен қатар тамаша орындаушы. Әрине, ол ең алдымен өз әндерін өзі орындаған. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Базар-Назар», «Келінжан» әндері бүкіл елге оның өз орындауымен тараған. Жас кезінде дауысы аса зор үнді екен. Әнді бастаған кезде құлағын қолымен қайта-қайта қағып отырып айтады екен. Бұл дәстүр оған Сүйінбай, Сарбас ақыннан қалған.

Түркістан-Сібір темір жолының жұмысшыларына қызмет көрсететін арнаулы әншілер жасақталған кезде Кенен Теміржолшылар филармониясының әншісі болып та қызмет етті. Ол мұнда өз әндерімен қатар қазақтың, қырғыздың халық әндерін орындаған. Оның әншілік тәсілінде өзіндік, әнші-композиторға ғана тән творчестволық бұрма, қайырым мол. Қандай әнді болсын бір ырғақпен, біркелкі үнмен жасық орындауға Кенен табиғатымен қарсы болатын. Ән әншінің, орындаушының көңіл-күйіне қарап ойнақыланып, құбылып, жарқ-жұрқ етіп құйқылжытып салынуға тиіс. Мұны Кенен орындауындағы «Тік шырқау» әнін естігенде анық байқайсыз. Кенен өзінің әншілік, орындаушылық өнерінде алдына үлгі етіп ұстағандары өзі көріп, тыңдаған Балуан Шолақ, Әсет, Шашубай болатын.

Сегіз қырлы, бір сырлы ақынның сегізінші қыры – суреткерлігі еді. Ол өзі көрген-білген жайларды мазмұнын байыта отырып, әдемі көрсетеді. Ал адам портретін шебер, келісті жасайды. Мәселен, «Кебекбайдың келбеті» деген өлеңдерінде:

 

Шор буын, сүмбіл сүйек, кеудесі кең,

Шелектей көбентайы, етек боп жең…

                                  Жанары екі көздің жанған оттай,

Сөзінің өткірлігі атқан оқтай! – дейді.

 

Бұл тәрізді суреттерді ақын творчествосынан көп көреміз. Ал мінезді көрсеткенде де айқын баяндайды:

 

                                Жамбылдың бір мінезі – мақтанбайды,

                                 Бой тартып, сайысудан сақтанбайды.

                                 Әжуа, қалжыңға да қапелімде

                                 Шап етіп,  шауып алар қақпаңдай-ды.

                                 Бір сөзден әділ айтқан танбайтұғын,

                                 Өмірде адалдықты таңдайтұғын,

                                 Жақпаған, жақтырмаған адамына

                                 Сараңнан да, сараң боп тамбайтұғын.

 

Бұл ақынның Жамбылға берген мінездемесі. Ал Жамбылды көрмеген мен үшін осы мінездеме Кененнің өзіне өзі берген бағасы сияқты көрінеді.

Бір қызығы, біраз жыл жақын жүріп, Кененнің өмірбаянын, өткен жолын сұраған емеспін. Өйткені оның барлық өмір жолы, өткен күндері өлеңдері мен дастандарында, әндерінде, айтыстарында түгелдей берілген. Ал енді өмірін қысқаша, бұрын айтыла бермеген әдіспен айтсам былай болып шығады.

1884 жылы Мәтібұлақта (Жамбыл облысы) туған ақын келе-келе «Бала Кенен», «Қозышы Кенен», «Қойшы Кенен» атанды да, 11 жасында «Бозторғай» әнін шырқап «Әнші Кенен» болды. Тойда, базарда жоққа жар салғаны үшін «Жаршы Кенен», оразада ауыл аралап ән салғанына бола «Жарапазаншы Кенен» деп те аталған. Теміржолшылар театрында жүргенде «Әртіс Кенен» атанғаны тағы да бар. Бұған атқарған қызметіне қарай «Ревком Кенен», «Болыс Кенен» дегенді қоссақ жараса түседі.

Ал, бізге ол жақсы ақын, дастаншыл тарлан, шежірешіл-тарихшы, тамаша композитор, әнші-орындаушы болып жетті. Бұған оның творчестволық өмірінің сәттілігін ұзақтығын қоссақ ше? Жарық дүниеде 92 жыл өмір кешіп, соның 81 жылында аузынан әнін, қолынан қаламын немесе домбырасын тастамай өтудің өзі ердің ерінің ғана қолынан келеді.

Қысқа-қысқа, шолақ түрінде айтылған Кенен творчествосы жайындағы пайымдаулар әлі де терең зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет етеді. Өйткені ақын туындыларының әлеуметтік мәні, мазмұны кесек. Оның жүз жылға тартылған өмір жолы, оны айтып, баяндауы халқымыздың өткен тарихи жолымен, өмірімен, қоғамдық, әлеуметтік зор табыстарымен тығыз байланысты.

Кенен творчествосы мол қазына. Ол жайында айта беруге де, жаза беруге де болады. Соның ішінде басын ашып алатын мынадай бір әлеуметтік, ғылымдық мәні зор мәселе бар. Бізде кейбір ғалымдар, оның ішінде халық ақындарының творчествосын зерттеп жүргендер, көбіне 1934 жылы өткен ақындар слетін,  ақындар айтысын бетке ұстап, осы Кенен Әзірбаевты сол кездерде таптық, баспасөзде аты, өлеңдері сол жылдардан көріне бастады дегенді айтады.

Басқаларды білмеймін, бұл өлшем Кененге келмейді. Кенен тамаша ақындығына қоса асқан әншілігімен бүтін қазақ жеріне аты ерте жайылған адам. Кененді көрмей-ақ жұрт оның сөзін айтып, әнін салған. Мұны былай қойғанда, 1919-1921 жылдары осы Жетісуға Ташкенттен, ғалым Әбубәкір Диваевтың арнайы тапсырмасымен Ш.Сарыбаев бірнеше рет келген. Сол Сарыбаев екі рет, ортасына жыл салып, 1919 және 1921 жылы Жетісу ақындарының айтысына қатысқан. Ғалым Ә.Диваевтың Ташкенттегі архивінде Шамғали Сарыбаевтың қолымен жазылған «Бозторғай», «Көкшолақ», «Қайран елім», «Ақ ешкі», тәрізді алты-жеті әнінің өлеңдері жатыр. Ал сол кезде Ташкентте қазақ тілінде шығатын «Терме», «Төте оқу» газеттерінде сол Сарыбаевтың Жетісудағы ақындар жайында жазылған мақалалары басылған. Онда Кенен Әзірбаев есімі ерекше жақсы аталады. Бұл жайларды ақынның 100 жылдық мерекесінде еске алу бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы деп білемін.

Байтақ елін, ұлан-ғасыр жерін көп жылдар асқақ әніне бөлеп, сұлу жырымен тербеткен Кененді бүгін аса зор құрметпен еске алып отырмыз. Өз заманының, өз жерінің әнші бұлбұлы, ақын дүлдүлі Кенен есімін халқымыз құрметтейді. Туған елі мен жерін шексіз сүйген тамаша ақын, асқан әнші Кенен Әзірбаев ұрпақтар есінде ұзақ жасайтын жан. Кенен қалдырған тамаша жырлар, әндер, дастандар, мақал-мәтел, мысалдар, әңгіме-шежірелер оқырман көңілінде мәңгі қалмақ.

 

1984 ж.

 

 

Әбдіқадыр ЖҮРГЕНОВ,

Тарих ғылымдарьшың кандидаты, доцент.

 

 

ҰМЫТЫЛМАС   КЕЗДЕСУЛЕР

 

                                  “Кенен, Кенен дейді ғой елдің бәрі,

                                    Әнін сүйіп тыңдайды жас пен кәрі…”

– деп Жамбыл атамыз өз шәкіртінің соншалықты халық алдында сүйікті ақын болғанын мақтана айтқан екен. Сол Кенекенді бүрын да бір-екі облыс орталығына келгенде көрсемде жақын танысуды арман ететінмін. Оның да реті келді. 1966 жылдың басында мен Қордай аудандық атқару комитетінің төрағасы болып сайланған соң, Кенекеңе арнайы барып сәлем бердім. Сол жолы ол кісі де көп үзамай ауткомға келетінін айтқан.

Бірде аудандық партия комитетінде болған мәжілістен кейін түскі асқа үйге барғаным сол еді, біреу телефонмен: “Сіздің кабинетіңізге біреу Кенекеңді қамап кетіпті, шыға алмай терезені тарсылдатып, айғайлап түр”, — дейді. Он- он бес минутта жедел басып ауткомға келсем, шынында да кабинетімнен терезені қағып түрған Кенекеңді көрдім. Есікті ашып сәлемдескеннен кейін жөн сұрасып білгенім мынау еді.

Мен жоқта Кенекең қабылдау бөлмесіндегі қыздан председатель қайда? – деп сүрапты.

— Аудандық партия комитетіне кетті, қазір келіп қалар, – депті қыз.

— Онда мен есік алдында отырмай, кабинетінде күтейін, деп Кенекең ішке кіріп, отыра береді. Сол арада кабинетте кісі барын ұмытып кеткен қыз оны сыртынан жауып, өзі де түскі тамаққа кетіп қалады.

Ары-бері отырып зеріккен соң Кенекең сыртқа шығайын десе, есік жабық. Телефонмен хабарласайын десе, ешкімнің номерін білмейді. Сонан терезені тоқылдатып ары-бері өткен адамдарға айқайласа керек. Соның біреуі маған хабарлапты. Бүл екінші “скандал” болды ғой деп күлді Кенекең… Біріншісі былай екен…

1943 жылы, соғыс кезінде Қазақстаннан Москваға концерт қоюға бір топ қазақ артистері мен ақындары барады. Ол кезде кешқұрым Москва қараңғы. Трамвайлар адамға лық толып жүреді. Бәрі асығыс. Бір қорғасын заводының жұмысшыларына концерт беріп, енді Москва қонақ үйіне қайту үшін қазақстандықтар өткен екі-үш трамвайға бөлініп мінгенде Кенекең сыймай аялдамада қалып кетіпті.

Барар жерін білмейді. Орыс тілінен тағы да жүрдай Кенекең енді түн ішінде аялдамада тұрып-тұрып, көшенің арғы бетіндегі бір аздаған жарық шыққан үйден жөн сұрайын деп есік қағады. Есік ашқан кезде кіріп барып “Скандал!” деп айқайлап жіберіпті. Үйде айнаға қарап шашын тарап түрған бойжеткен қыз артынан аппақ сақалды, басқа үлттың қолында дәу шоқпары бар (домбыраны солай деп қалса керек) шалын көргенде шалқасынан түсіпті… Кенекең сасқанынан барып қызды көтерейін десе, есін жиған қыз қүлындай шыңғырып далаға қашады… Айғай-шуға бір кекселеу әйел келіп болған әңгімеге тіл білмесе де түсінеді. Қазақстаннан мәдени делегацияның келгенін, олардың “Москва” қонақ үйінде жатқанын біледі екен. Кенекеңді ертіп алып барады. Өз бөлмесінің есігін ашып делегация бастығы Есмағамбет Смайловты көргенде, Кенекең айқайлап қуанған екен. Ертіп келген әйелге концерттен алған сыйы үш метр матасын беріп тұрып Кенекең “Скандал, алла разы болсын!” деп шығарып салыпты. Кенекеңнің “Адасқанда” (“Скандал”) деген ұзақ, күлдіргі өлеңі содан шыққан екен. Соны еске алып бәріміз қыран-топан күлкіге баттық…

Кенекеңе Сәбит Мүқанов бастаған бір топ қонақ келе жатыр екен. Соны хабарлауға келіпті. Әрине, қонақ – Кенекеңдікі, күтіп алу міндеті – біздікі екенін сезіп, дайьшдыққа кірістік. Қонақ күтуге ебі бар жігіттеріміз де баршылық еді. Калинин атындағы колхоздын басшысы Рақыш Қашқынов, қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы совхоз-техникумының директоры Уәлихан Қайназаров, әрине, Кенекем түратын Киров атындағы колхоздың бастығы Әзімхан Мәжінов, Үмтыл селолық Советінің төрағасы Шаймүхан Алқамбаев, бүл жолғы ғана емес, бірнеше туысқан республикалардың және шет ел делегацияларын да абыроймен күтіп алып жүрген жандар.

Алайда, Кенекеңнің елуінші жылдары салынған ескі және аласа, тар үйі мүндай қонақтарды күтуге ыңғайсыздау екен. Бірде облыстық Совет атқару комитетінің төрағасы Афанасий Зиновьевич Питулов Кенекеңнің үйінде қонақ болуын пайдаланып, Кенекеңнің үйінің ескі, тарлығын айтқанымда ол:

— Облыстың бестен бір бюджетін басқарасын, басы бос қаражатың жеткілікті, менен несін сүрайсың? — деп өзімді үялтып тастады. Алайда, бүл өзіме берілген ерік екенін түсініп кешікпей іске кірістік. Бірақ, Кенекең жаңа, үлкен үй салуды жақтырмады, жылыта алмаймын, келінім от жағудан зерігіп кетеді деп, қосымша үлкен қонақ қабылдау бөлмесін салдырды. Оны да бумен жылытатын етіп ыңғайладық. Алайда Кенекең “жаурадық” деп күніне хабарлайды. Аудандық тұрмыс қажетін өтеу бас инженері Шлехт деген жігітті қайта-қайта жіберемін, бірақ “үй жылымады” деген сөз тыйылмады. Бір күні оны шақырып алып, қатаң талап қойып едім, ол шынын айтты.

— Шалдың келіні үшін күлді пештен мен шығарамын ба?! дегені. Қой болмас деп үйді электр қуатымен жылытуға нұсқау бердім. Бір күні келсем, Кенекең үлкен бөлменің қақ ортасында көйлекшең отыр.

—  Ата, бүл қалай? — десем.

—  Пәтшағар енді күйдіріп бара жатса қайтейін,  деді.

— Күйдірсе де енді келініңіз күл шығармайды ғой, қызуын бәсеңдетейік,  дедім. Содан кейін Кенекең “жаурадым” дегенді қойды.

Бірде үйіне барсам, Кенекең жазды күні үйінің көлеңкесінде арабша жазумен жазып отыр екен. Быжынап ұшқан шыбын тыныштық бермей, мазасын кетіріп жатыр.

—  Ата, шарбағыңыз үлкен екен, неге киіз үй тіктірмейсіз? дегенімде:

— Сенің Таласың дейсің бе, әр шалдың тебесінде киіз үйі бар. Ауылда жоқты қайдан табайын? дегенде қатты үялдым.   Содан   Байқадамдағы   тұрмыс   қажетін   өтеу комбинатының бастығы Елемес Тоқаевқа хабарласып, “Кезінде киіз үйді шопандарға бермейсің деп орныңнан босатқан “досым” едің ғой, татулықтың басы осы болсын, Кенекеңе алты қанат ақ үй жасап бер” деп өтінуте тура келді.

—  Алты мың сом ақшаңыз болса қазір-ақ алыңыз. Көрмеге дайындаған бір үй бар еді, берейін,  деді ол.

Сөйтіп киіз үй алынып келінді. Ол Кенекеңнің ауласына үйлесе кетіп еді. Енді ауданның жігіттері жиналып: “Оған көрімдікке ешкімде жоқ нәрсе апарайық” десті.

Қордайда не жоқ десек, түйе жоқ екен. Сонау қырғызбен шекарадағы “Алмалы” совхозында жалғыз жесір інген бар еді, соны құда түсіп, совхоз директоры Дүйсебай Есеналиевке барып, қүлынды биенің қүнын телеп, жігіттер жетелеп келді де, үстіне кілем жауып, үйге төсейтін кілемше қосып Бұтан Базилов, Сәрсен Қожантаев, Шәріп Османов, Борис Доев, Жапар Көпбаев, Қошан Көшербаев, Сардан Әбдиев тағы басқалары бар – Кенекеңнің үйіне жетіп бардық… “Жамбыл” атты поэмасын сол киіз үйде, сол жазда Кенекең жазьш аяқтап, баспаға берген еді.

… Жыл сайын Кенекеңе сонау Семей облысынан Екейбай Қашағанов, жеңгеміз Мархаба мен қарындасымыз Анарды ерте келіп, сондай-ақ әйгілі композиторымыз Нүрғиса Тілендиев, әнші Нүрғали Нүсіпжановтар келіп, екі-үш күн бойы Ұмтыл селосы тамашаға кенеліп-ақ қалатын. Оларға ауыл ақындары Асылқүл Бүрбаев, Мырзалылар қосылатын…

Сол жылдары Кенекеңнен өзімнің көп сұрайтыным – тарих ғылымынан кандидаттық диссертация жазуыма байланысты, ол кісінің өзі тікелей ат салысқан 1916 жылғы патшаның қазақтан әскер алуына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі мен Кенекеңнің 1918 – 1921 жылы Верный уезінің Ырғайты болыстық комиссары болғаны жайлы еді.

1916 жылғы Боралдай болысындағы темір ұстасы Бекболат Әшекеев, Отар аймағындағы қазақтардың қолбасшысы Әли батыр Нүрғожаевтардың ерліктерін Кенекең қолмен қойғандай етіп айтатын:

 

   …Бір күні ақ патшадан келді жарлық,

Шуылдап бүқаралар түрды қарғып,

    “Баланы әлдилеген бермейміз” — деп,

Қалың ел кәрі-жасы түрды зар ғып.

                                  Естідік Алматыдан Сәтті алды деп,

           Қошмамбет, Асқар, Дәукес қатталды деп,

 Бекболат қалың қол мен ту көтеріп,

  Қаскелең, Шамалғанға аттанды деп.

Күрті елі, Бөрібай елі көптеп келіп,

   Самсының беткейіне өрт салды деп…

      Ырғайты, Қордай елі бес мың қолмен,

  Қалыкөл қонысына шапқалы кеп…

 

Бес мың адамнан түратын қолды басқарған Әли Нүрғожаев болса, оның жақын серіктері Кенен Әзірбаев, Есдәулет Қандеков сияқты ақындар болды. Сол кездегі халықтың ащу-ызасының күші мен көзсіз батырлығы соншалық шоқпармен қаруланған (пілтелі мылтықтың өзіне зар болған) қазақ сарбаздары зеңбірек, винтовкамен қаруланған патша әскерлеріне жеті-сегіз рет батыл соққы беріп, жеңіске жетеді. Алайда, қарусыз халық ұзақ төтеп бере алмайды. Өйткені патша үкіметінің 14 батальон солдаты, 33 атты казактардың 33 жүздігі, 4 зеңбірек, 69 пулеметіне төтеп беру қиын еді. Оларды орыс кулактарынан қүрылған отрядтар қолдады. Қазақтың халық азаттық көтерілісі қанға боялып, жеңіліске үшырады.

 

          …Халықты қырды аяусыз жауыз патша,

Бүл сөзім жалган емес алыпқашпа.

Қырық-отыз кедейді Жалқамыста,

  Аттырды таңып қойып бір ағашқа..

  Қаптаған құмырсқадай қалың елге,

    Солдаттар оқ жаудырып атқаны кеп,

 Шоқпардан басқа қолда қаруы жоқ,

                 Быт-шыт болып кейін қарай қашқаны кеп…

 

Кенекең өзінің де:

 

                             Сол кезде отыз екіде еді жасым,

 Патшаның күш, қүралы болды басым.

      “Қайран ел”, “Аттан” деген ән шыгарып,

       Тербетгім зарлы үніммен таудың тасын…

 

деп бұл күреске қосқан үлесін жырлайды.        г

Менің бір таңқаларлығым: Кенекең 1916 жылҒы оқиғаларды да, адам аттары мен олардың сандарын да, болған айқастарды да дәлме-дәл айтатын еді. Кейін бүл мәліметтерді архив материалдарымен салыстырғанымда барлығы дәлме-дәл болып шықты.

Кенекең ұлт-азаттық көтерілісі аяусыз басылып-жаншылған кезде қырғыздағы Мәсімхан деген досына барып, саялап аман қалады. Есдәулет Қандековті патша солдаты қылышпен ұрып қатты жараласа да, әйтеуір, аман қалыпты, ал Әли батыр Нүрғожаев бастаған көптеген көтерілісшілер патша жендеттерінің қолынан азаппен өлтірілген.

Кенекең кейін де Совет өкіметін орнату ісіне белсене қатысқан. Ол 1919 жылы Ырғайты болысының комиссары болып, Жетісу майданына Пішпектен қару-жарақ артуға жүрттан 300 түйе жинап береді.

Кенекең Дмитрий Фурмановпен де жүздескен, оның төтенше өкілі де болған. Міне, осындай ардақты ақын, күрескер әрі жаңа өмірдің жаршысы Кенен атамызбен мен он жылдай жақын жолдас болдым. Кейіннен Кенекең туралы естелігімді “Революция сарбазы” деген атпен оның туғанына 100 жылдық торқалы тойына орай баспасөзде жарияладым. Ол кісі туралы әлі де жазсам ба деген ойым бар.

 

1986 ж.

 

Нысанбек ТӨРЕҚҮЛ,

филология ғылымдарының докторы.

 

СОҢҒЫ ӘН

 

1969 жылдың көкек айында Кенен Әзірбаевтың “Қазақстан” баспасынан “Аңыздар сыры” атты әпсаналар жинағы жарық көрді. Осы кітаптын авторлық данасын алып ақынға бардым. Бұдан бұрын барған сайын Кенекеңнің үйі келім-кетім кісіге толы болушы еді, бүл жолы олай емес, тек Рахымбай күйеу баласы екеуі үй шаруасының жай-жапсарын айтып отыр екен.

— Кітабыңызды әкелдім, мінекей — деп, портфелімнен шығарып кітапты ол кісінің алдына қоя бердім. Біреуін алып олай-былай көрді. Нәсиқа жеңгей де, Рахымбай да сөйтті, сырттан кіріп келген үлы Көркемжан, оның келіншегі Дина дабір-біреуін алып аударыстырып жатыр. Ақын маған бүрылып: “Кәне балам, бүл кітабыңда не бар екен, оқышы?” — деді. Мен кітаптың мазмүнына қарап: “Менің аталарым”, ‘Төл басы болды ақ лақ”, “Кебекбай шешен”, “Ноғайбай шешен”, Бөлтірік, Бердібек, Тілеміс, Еркебай, батырлардан Сыпатай, Қордай, Жолбарыс, ақын, салдардан Сарыбас, Дәурен сал… деп, оқып шықтым. Кенекең:

—  Бәрекелді, ата-бабалар түгел екен ғой, аруағы разы болсын! — деп, бетін сипады.

—  Ана жылы өзіңіз айтып жаздырған қара сөздеріңізден бүл кітапқа сыймай қалғаны мынау – деп, машинкаға басып, папкаға бөлек салынған қолжазбаны қайырып бердім. Оны Көркемжан алып шкафқа салып қойды.

—  Иә, балам академияңда не жаңалық бар? — деді.

—  Ақындарға, әсіресе, Сізге тікелей қатысы бар жаңалық,- деп, мен алдағы жылы Жамбыл үстазыңыздың туғанына 125 жыл толатынын, соған әзірлік жүре бастағанын, әр елден, шет елдерден де қонақтар шақырылатынын, мерекелі жиындар, ақындар айтысы өтетінінен ол кісіні хабардар еттім.

—  Бәрекелді балам, — деді Кенекең мынауың үлкен жаңалық қой. Астанадан алыс шалғайда жатқан бізге бүдан артық не жаңалық болушы еді. Әй, Рахымбай сен Көркемжан екеуің  шөп  қорада байлаулы түрған қоңыр тоқтыны жайратыңдар, әлгі “кітабыңыз шықса қүтты болсын айтамыз” деп жүрген осы ауылдағы шал-кемпірлерді, колхоз басшыларын шақыр. Мен мынау Нысанбек баламды ертіп бау-бақшаны аралап дем алып қайтайын.

Тапсырма алғандар шаруасына кетті. Кенекең етек-жеңі мол көлдей сырма шапанын, басына ала тақиясын киіп сыртқа шықты. Ақын бірдеңе айтатын шығар деп, мен дәптер қаламымды қолға ұстай, ілестім.

Бұл кітапты, деді, ол – былай шыққан соң – осы төңіректегі Ноғайбай, Кебекбай, Еркебай әулеттері көптен күтіп жүр. Оны көбірек алдырмасақ болмас. Мен айттым: “Бақытжанды машинаңызбен Алматыға жіберіңіз, мен кітап дүкенін аралатып жүріп, көтере сауда қылып арттырып жіберейін”.

Үйге келсек, біраз ауыл адамдары жиналып қалған екен. Бәрі ақынды кітабымен қүттықтап жатты. Он кітапты талапайлап, әрқайсысы бір-біреуін қойнына тығып алыпты. Кітап жетпегені Кенекеңді мазалайды:

—  Таласпаңдар, деді, ақын,  ертең Алматыға жүргелі отырмын, сонда бәріңе жететіндей ала келермін — деп уәде беріп, әрең тыныштандырды.

Жаз айының соңғы күндері болатын. Күн арқан бойы көтерілген кез. “Үмтыл” қыстағынан шыққан ақсүр “Волга” Алматы — Ташкент тас жолына шыққан соң сырғи жөнелді. Бет алысымыз Алматы. Машинада үшеуміз. Халқымыздың қалаулы ақыны, композитор Кенен Әзірбаев, мен және оның баласы Бақытжан. Ол рульде. Кенекең шыға бере ыңылдай бастады. Жастайынан көкірегі күй сандық боп қалған қарт жырау толғанып келеді. Ол оң жағына сәл бүрылды да:

— Мынау түрған “Кіндіктас”, бір көрген жан үмытпас, деп алды. “Кіндіктас”- Қордай жотасынан оқшау тұрған тау. Бір кезде осы төңірек “Кіндіктас” колхозы боп ұйысқан. Оның басқарма бастығы осы Кененнің өзі болған. Бүл Қордайда ревком болғаннан кейінгі жылдар.

— Сонау қызыл таудың арғы асты “Сүлутөр”. Ноғайбай шешеннің ауылы. “Сүлутөр” сенбесең оны барып көр деген ғой халық. Мынау көрінген “Бүркітті”. Онда бүркіт үялайды. Осы “Бүркіттінің” мына жағы “Атжайлау”, “Қызылқүр”. Онда Мөртай ауылы бар. “Қайран Мөртай!” — деп бір күрсінді қарт жырау.

Осы кезде бұрнағы күні түнде айтқан Кененнің “Мөртай сүлу” хикаясы көз алдыма келді. “Қьізыл қүрды” жайлаған Шөрегей елінде Мөртай деген сүлу қыз болыпты. Ол кездерде жасы отыздарға жетпеген сүңғақ бойлы, қара мүрт ақын жігіт сол ауылға жиі келіп, Мөртаймен танысып, той жиындарда өлең айтысып жүреді. Содан бір-біріне ғашық болады. Бірақ, алдын ала беріліп қойған қалың мал екі ғашықтың қосылуына ерік бермейді. Мөртай сұлу Амантай дегенге үзатылып кете барды. Ақын жігіт артынан қуады. Айдарбек дегеннің қара арғымағына мінгесіп екеуі қашып шығады. Екі ел арасы дауға айналады. Кененді жазаламақ болады. Ақсақалдар араға түсіп, ақыры ақын жігіт Мөртайды үзатылған еліне аман-есен табыс етіп, дау-дамайдан азар дегенде құтылады. Ғашық жарына қосыла алмаған ол “Мөртай сүлу” деп ән салып зарлап қала береді.

 

 Сенің ауылың Қордайдың қырқасында,

Менің ауылым жартастың жырасында.

                                                  Мөртай-ай!

                               Тал бойыңда тарыдай бір мшің жоқ,

                               Тоты құстай түрленіп туарасың ба?

                                                  Мөртай-ай!

Қайырмасы:

Туған жерің Қызылқүр,

  Сұлу Мөртай қайда жүр?

Анда-санда көрсемде,

      Сүйген сәулем аман жүр.

 

Сенің ауылың Қордайдың кезеңінде,

                                  Менің ауылым Қопаның өзегінде.

                                             Мөртай-ай!

  Ауылың алыс кеткенде сүлу Мөртай,

                                  Өшпейтіндей от жанды өзегімде.

                                               Мөртай-ай!

 

                 Сен де арманда, Мөртайжан, мен де арманда,

                                  Екі ғашық қосылар заман бар ма?

                                                   Мөртай-ай!

  Қалың малға сатылып сен кеткенде,

    Зар еңіреп мен қалдым, амал бар ма?

                                                    Мөртай-ай!

 

Міне, Кененнің басынан өткен романтикалық бір хикая жайы осы еді. Қарт жырау енді бірде ылди жаққа көз тастап алды да, артындағы отырған бізге мойын бүрды.

— Сендер бүл еңірдегі жер аттарын, онда қандай оқиғалардың болып өткенін біле бермейсіңдер ғой. Сонау көз үшында көрінген “Қоңыр адыр”, “Аңырақай”, “Шаң қүдық”, “Қьір қүдық”, “Жылы бүлақ”, “Мәтібүлақ”, “Қақпа тас”, “Шоқпар тас”, “Жартас” бәрі-бәрі бала кезімізде жалаң аяқ жар кешіп, қой баққан жерлеріміз. “Мәтібүлақ” басындағы жартасқа қойшы кезімде қашап салған ат, түйе, қой, ешкі, иттің, қасқыр қуған қойшының, түлкі аулаған аңшының сурет бейнесі әлі түр.

Сонау темір жолдың арғы жағын бойлап мүнартып жатқан жота “Долаңқара” жылқы малының өрісі. “Долаңқара, ендеше, Долаңқара, Ерте тұр да атыңның жалын тара” деген сөз бар. Ілгеріде аты болдырған бір жолаушы кештетіп келіп, атын қоя беріп, таң атқан соң қараса, боз қонақ, жабайы жоңышқаға тойған аты жалданып қалыпты дейді. Ақын айтқан жер-су аттарына елігіп отырып, “Ақтерек” түсына келіп қалғанымызды да білмей қалыппыз. Бүл жер Кенекеңнің құрдас ақыны Есдәулет Қандеков ауылы. Ертеде екеуі осы арадан Әли батыр жасағына қосылған. Ақтерек колхозы түсынан өте бергенде, қарттың ойына бір оқиға түсті білем, бір қырындап алды да, бізге мынаны айтты.

— Осы ауылдың жоғарғы жағын Сматай деген банды мекендеді, деп алды әуелі — алғашқы колхоз үйымдасып жатқан кез. Сматай байлармен ымыраласып алып, жігіттерімен ауыл-ауылға шабуыл жасап, қырғидай тие берді. Біреудің атын әкетеді, біреудің сауып отырған сиырын жетектеп, енді бір ауылдың қорадағы қойын айдап кетеді. Не керек, жаңадан басы біріге бастаған елдің берекесін алып болды. Оның бүл әрекеті бізге жетіп жатты.

Бір күні Алматыдағы басшылармен келісіп, Сматайды қолға түсірудің шарасына кірістік. Өзімнің секретарым   Иван   Шумейкинді   жіберіп,    орталықтан Шпагельский басқарған милиция қызметкерлерін алдырдым. Сол кездегі ауыл активтері Шарап Жылыбаев, Қаймолда Айнақүлов тағы бір қатар мерген жігіттер Шпагельский отрядына қосылдық. Қарақшылар мекендеп жүрген “Кереге тас”, “Жаманты”, “Кіндіктас”, “Қоңыр төбенің” сай-жыраларын, қараңғы үңгірлерін және қамыс араларын тінтіп қарап таба алмай әуре болдық. Бір малшы айтты: “Сматай бандалары “Аңырақай” адырына шығып кеткен” — деп, айтқандай-ақ сол маңайдан таптық. Ерсілі-қарсылы атыс басталып та кетті. Олар да аз емес көрінеді. Осы соғыста қасымдағы Шпагельскийге оқ тиіп, аттан құлады. Мен дереу жейдемді айырып жіберіп оның жарасын таңдым. Біз сөйтіп жүргенде Шумейкиннін  қолына да оқ тиіп жараланып қалды. Қарақшылардың да біразы оққа ұшты. Сматай біраз жігіттерімен тауға қашып қүтылып кетті.

Біз оны кейін айламен қолға түсірдік емес пе? Осы Ақтеректе Көпшілбай деген батыр түлғалы ұста болатын. Соған айттық:

— Сматай саған мылтық жөндетуге келсе, сен оны үйіңе шақырып күтіп ал — дедік. Ол мақүл деді. Айтқандай-ақ күздің бір күні Сматай қанжар соғып бер деп, Көпшілбайға өзі барған. Көпшілбай: “Мен саған дос адаммын, қару соғып беремін, мені өзіңе сана” — деп, әрең көндірген. Сөйтіп,  түнде үйінде күтіп отырғанда біз үстінен түсіп ұстадық. Матап-байлап, айдатып жібердік

“Суық төбе, төбесі көк аспанға жуық төбе”- деп халық осынау көрінген төбенің биіктігін айтса керек. Сол Суық төбенің етегіне орналасқан “Дегерес” совхозы тұсына таяп келеміз. “Оқ төккен”, “Арыз төбе” деген қос төбенің арасынан зу етіп өте шықтық.

— Неге “Оқ төккен”, “Арыз төбе” деді екен? — деген сұрағымызға Кенен ақсақал:

— Әли батыр жасағы жауын жеңіп, қолға түскен патша солдаттарының оғын осы төбеге төккізген… Ал “Арыз төбе” дегеннің мәнісі ертеде осы теңіректегі елді билеген Иса деген болыс елге жайсыз болыпты. Губернатор мынау қара жолдан өткенде, ел алдын тосып, арыз айтқан екен.

—  Сонау Алатауға жалғасып жатқан “Қызыл соқ” жотасы Сүйінбайдың туған ауылы. Ел оны көргенде “Қызыл соқ, Сүйінбайдай ақын жоқ” дейді екен. “Самсыдан” өте бергенде, қарт тарлан тағы да бізге күлімдеп бүрылды:

—  Ал, мына бір жол жағасында түрған кішкене төбешіктің аты тіптен беріде қойылған. Оны “Шампан төбе” дейміз, дегенде біз күлісіп алдық. Әне бір жылы Сәбит ағаларыңның (Мүқанов) жасы 60-қа толғанда, кемпірді ертіп тойына бардым. Ауылға қайтарда Сәбеңді және оның қонақтары Оспанқүлды, Тахауи,   Хамит   тағы   бірқатар   ақын,   жазушыларды Қордайдағы үйіме шақырдым. Сонда Алматыдан ертіп шыққан қонақтарымды осы тебеге тоқтатып, шөлдеп қалдыңдар ғой деп, шампан ашып сусындаттым. Бәріміз күлісіп, жайраңдасып осыбір аты жоқ төбені “Шампан төбе” болсын дестік. Содан бері ары-бері өткенде “Шампан төбе” деп, сол бір қызық шағымызды еске түсіреміз.

Ұзынағашқа келгенімізде, Кенекең машинаны Жамбыл музейіне қарай бүрғызды. Ары-бері өткенде Жәкеңнің басына соқпай кете алмаймын деді ол. Мүнысы үстазына деген үлкен қүрмет, ізеті еді. Алдымен Жамбыл күмбез-сағанасына бардық. Жон арқасында “Жамбыл Жабаев 1846-1945” деген жазуы бар төңкеріліп жатқан текше сұр тасты сипап тәу етіп алды да, бас жағына өтіп тағзым етіп дүға оқыды. Сағанадан шықты да, Жәкеңнің бау-бақшасына көз салды. Әлі пісе қоймаған алқызыл алма самсап, бүтақтары иіліп түр екен. Жәкеңнің жыры да жемісті, бағы да жемісті. Табиғат берген дарқан қазына бір-бірімен астасып түрғандай. Музей үйін аралап жүрміз. Музей қызметкері бізге кейінгі қосылған жаңалықтарды атап көрсетіп жүр. Музейде Кенекең творчествосына арналған бүрыш та бар екен, оны көрдік. Екі жыршының достығы біраз бейнеленіпті. Жамбылдың өз бөлмесіне кірдік. Кілем мен пүлішке бөленген шағьш кабинеттегі жұмсақ диванға жайғасып алды да, Кенекең ұстазымен бірге жүрген ақыңдық өнер жолдарынан әңгіме шертті.

Қой соңында аспандағы бозторғайға ән қосып жүрген жалбағай қойшы бала сол өңірде Жамбыл деген жыршының бар екенін әуелі өз әкесінен есіткен:

 

Жас кезімде естуші ем,

 Өз әкемнен Жамбылды.

Өлең сөзге даңғылды…

 

Енді жас Кенен осы ақынды көрсем деп армандады. Оның да сәті түскен. Қырғыз елінің манабы Шабденге ас беріліп, ұлан-асыр той болған, осы тойда екі ақын алғаш рет кездесті.

Жамбыл музейінен шығып, Алматыға қарай бет түзедік. Кенекең тағы да өзінің ұстазы туралы айта бастады. Сөзінің ара-арасында:

 

Елу жыл ертіп жүрген қайран ата,

    Домбыраң құлағымда күмбірлейді…

– деп елеңдетіп қояды.

Жәкең Мәскеуден Ленин орденін тағып қайтқанда алдынан шығып:

 

Орденің құтты болсын, Жамбыл ата,

      Ән-жырдың түлпарындай даңғыл ата…

 

– деп.қүттықтадым. Алғадайы соғыста қайтыс болғанда Сәбит бәріміз көңіл айтуға бардық. Сонда:

 

…Не күшті дүниеде – құдай  күшті,

                                  Көрдіңіз бір ғасырда талай істі.

 Миуалы Ұлы Отанның дарағы едің,

  Жел соғып бір бүтағың жерге түсті…

 

– дегенімде, бүк түсіп, теріс қарап жатқан Жәкең жарықтық басын көтеріп еді.

— Жақсы айтқан екенсіз  дедік біз – Жамбылдың қасында елу жылдай бірге жүріпсіз, бүгінде Сізден артық Жамбылды жақсы білетін адам жоқ. Осының бәрін айтып, кеңінен көсіліп бір естелік – дастан жазбайсыз ба?

—  Мақүл ғой балам — деді Кенекең ойлана түсіп — домбырамен болмаса, қаламмен қара сөз жазуға қолы құрғырым жүрмейді, біреу жазып отырмаса.

—   Жазуға біз дайынбыз ғой, ата — деп, рульде отырған Бақытжаны сөзге қосылды.

—   Жамбыл жөнінде арнау айтпаған ақын жоқ. Бірақ, салмақты, көркем, қомақты дүние әлі тумай келеді емес пе Кенеке? Енді мынау Жәкеңнің 125 жылдық тойы түсында сіздің бір сілтейтін кезіңіз келіп түрған сияқты,  дедім мен. Болашақ жаңа жыр жөнінде әңгімелесе отырып, Алматы көшелеріне кіріп кеткенімізді сезбей қалыппыз. Бақытжан машинасын Төрткеннің үйіне қарай бұрды. Мен жолдан түсіп қалдым.

Телефон сылдыр ете қалды. Трубканы көтерсем Төрткен екен.

— Аға, деді ол, атам сізді келсін деп жатыр. Өзі түнімен ұйықтамай дөңбекшіп шықты. Жаңа таң алдында ғана көзі ілікті.

— Жарайды,  дедім мен, әуелі институтқа барып, түске таяу соғармын, оған дейін атаң ұйқысын қандырсын.

Төрткеннің үйіне барсам Кенекең арқа-жарқа болып, қызыл күрең шай ішіп отыр екен.

Ал, балам, жақсы келдің — деді, ол кісі түнімен Жәкең туралы толғанып шықтым, өткен-кеткеннің бәрін еске түсірдім. Енді бір нәрсе айтқалы отырмын. Кәне, қағаз-қаламыңды алшы?

Мен дереу қағазымды алып отыра қалдым. Кенекең домбырасын қағып жайлап шерте берді:

 

                    Жамбылды Жамбыл десем, кім білмейді?! —

                                    Өлеңнің ордасына кім кірмейді?

   Елу жыл ертіп жүрген ардақты ата,

  Домбыраң қүлағымда күмбірлейді.

              …Түнімен Жамбылды ойлап қиялдадым,

                                    Көз ілмей төсегіме сия алмадым.

“Кененжан” дейтін сөзі еске түсіп,

                                    Өзімді — өзім сөгіп үялғаным…

        Ақтауға парызымды домбыра алдым,

          Ойланып шырмауықтай он бүралдым.

              Жан Жәке, қартайсам да жырым ширақ,

   Басыма саған біткен қонды бағың.

    Бұйырмай тәуір көлік, тәуір тағам,

                                    Өнерді беріп еді тәңір саған.

     Ақынның бүлбүлы деп бүл Жәкеңді,

                                    Керген ел Жетісуда таңырқаған.

     Жамбылдың арғы атасы Екей дейді,

                                    Екейдің ақыны көп екен дейді.

 Сүйінбай көген алмай, өлең алып,

                                    Өлең сөз сол өлкені мекендейді.

“Екейде елу ақын, сексен бақсы”.

                                    Ертеден ел аузында осы сөз бар,

      Кененің содан бастап толғанбақшьі…

      Ұлы жүз ұлағат қылган Сүйінбайды,

        Өлең-жыр Сүйінбайсыз бұйырмайды.

                                    Ақындар Сүйінбайды атамаса,

                                    Бақыты, басқан ізі шиырлайды.

 

Осылайша, баяулай бастаған Кенекең кенет домбырасын сабалап, екі иығын бүлкілдетіп термелей жөнелді:

 

  – Ал Жамбылға келейін,

                                             Ақ бөкендей желейіи.

Домбырамды бүрайын,

                                             Неге қарап түрайын.

                                             Ұстаздығы бар еді,

   Сый-қүрметін қылайын.

      Жабайдан туған баланың,

Жамбыл екен кенжесі.

Көп болыпты еркенің,

                                              Айтқаныңа көнбесі.

                                              Шаруаға қыры жоқ,

Малға қарар түрі жоқ,

                                              Балалармен ойнаса,

      Ұрыспай келген күні жоқ.

  Өзгелер айтса – өркеуде,

                                              Өзінше бір міні жоқ.

       Молданың тілін алмайды,

   Мал жаюға бармайды…

 

Сол жолы Кенен ақын тапжылмай Жамбылға арнаған дастанын ұзақ жырлады. Ара-арасында демалып, домбырасын қайта қолға алады, мен жазудан танбаймын, үлгере алмаған жолдарды үзіліс кезінде қайта сұрап толықтырдым. Не керек, Жамбылдың жүз жылдық өмірінің белді-белді асуларын түгел қамтығандай болды. Жырды бастан – аяқ қайта оқытты.

Әлі де қосатын жерлері бар екен, балам,  деді ақын. Мен шаршадым. Сен осыны машинкаға бастырып маған жеткізіп бер. Мен оны оқытып отырып біраз жерлерін толықтырайын, сосын қайта бастырармыз, жарай ма? Мен мақүл дедім. Осылайша қайта қарап дегендей Кенекең әңгімесін көңілі түссе ғана айтады. Міне тағы да домбырасын былай сүйеп қойып әңгімесін жалғастырып отыр.

— Жас күнінде тойшыл, қартайған соң ойшыл болады екенсің. Кезінде қойшы да, тойшы да болдық, бүгінде ойшыл болып отырмыз. Бір кездері жүрген жерім сән еді, айтқаным ән еді, қойны-қоншым өлең болды, солардың арқасында Кенен болдым. Бүгінде сол өскен-өнген ортаны, өзімді қанаттандырған үстаздарымды көбірек есіме аламын…

Бірінен-бірі қоздаған Кенекеңнің шежіре әңгімесі бізді таныс-бейтаныс аңыздар арасына бірте-бірте жетелей берді.

…Не, керек, сонымен Кебекбай, Ноғайбай, Бөлтірік шешендер, Қордай батыр, Әлмен қыз, Дәурен сал, Балуан Шолақ, Сауытбек, Әмір, Орақбай тәрізді ақын-жыраулар, жыршылар туралы естелік, өлең-жырлар біртіндеп қағаз бетіне түсе берді.

***

Сексен жылдан астам тапжылмай жырлап келе жатқан қарт тарлан тоқсан екі жасында жүруден қалды. Кәрі серік домбырасын да ұстай бермейтін болды. Келіп, кетсін деген хабармен барсақ, Кенекең шынында да жүріп-түрудан қалған екен. Оның алдында бір айдай бүрын хат алғанмын. Балаларына жаздырыпты: “Нысанбек қалқам, мен отырып қалдым, бүрынғыдай жүруге шама жоқ. Тағы бір келіп кетсең деймін. Айтатыным бар еді…” депті де маған арнаған бір өлеңін қоса салдырып жіберіпті:

 

Сағынып сәлем жаздым Нысанбекке,

Жасыңнан ерінбеуші ең бар еңбекке.

                                 Маганда істеп жүрген қызыметің,

                                 Қарағым аян болды барша көпке.

“Тураушыда туысың болсын” деген,

                                 Бүрынгының айтқаны емес текке.

                                 Тілектес Кенен атаң саулығыңа,

Ұмытылмас, еткен ісің тұр жүректе.

   Жырымды әу дегеннен қағып алдың,

                                  Сондықтан да атаца жағып алдың.

                                  Көкейде тарлан қалған өлеңімді,

                                  Саумалап қағазыңа жазып алдың.

     Жатырмын айтып күнде алғысымды,

   Мен үшін салдың талай бар күшіңді.

   Саралап қүмнан алтын айырғандай,

        Жырымды сан сапырып қайырғандай,

                                   Баспаға сен үсынбай кім ұсынды?        

        Сол үшін мың бір алғыс қалңам саған,

                                   Оңынан жарылқасын әр ісіңді.

 

Кенекеңнің бүл хатын алып институт басшыларына бардым. Олар 5-6 күнге рүқсат етті. Ертеңіне Қордайға жүріп кеттім. Барсам шынында ақынның жағдайы мәз емес екен. Амандық-саулықтан кейін қарт жырау толғана отырып, баяу ғана сөз бастады:

— Осы бір белі қүрғырым шойырылып қалғаны, болмаса, денім сау сияқты. Отыра-отыра зеріктім. Көкейімді ән мен күй түрткілеп мазалайды.Бүрынғыдай шырқап кетуге дәрмен жоқ. Тек тәспі аударған молдадай ішімнен күбірлеймін. Шіркін, біреу жазып ала берсе…

Қарт жырау манадан бері алдына сүйеуіш етіп өңгеріп отырған көк барқыт жастықты былай тастады да, кемпірі Нәсиқаға қарады. Шалының емеурінін айтпай танитын ол түскілемде ілулі түрған кішкене ғана ақ домбыраны алып ұстата берді. Бүл Кенекеңнің жеті жастан бергі жыр серігі. Ағасы Еркебай шебер сыйлаған домбыра. Ол домбырасының қүлақ күйін сәл босаңдатып алды да, тарлан тартқан қоңыр әуеніне салды:

 

 Он бесте ән шырқатып той бастадым,

                                 Отызда жүйрік аттай ойқастадым.

            “Жетігіс бес”, “Сексен”, “Тоқсан” әндеріме,

    Ең соңғы әкеп қостым “Жүз жас” әнін.

              Халқымныц көп татқанмын дәм  мен тұзын,

 Басылды кітап болып жыр мен сөзім.

                                 Әділет, шындық заман арқасында,

  Аралап ән,  жырым жүр жердің жүзін.

                                 Тамаша-ай!

                                 Айтатын тілегім сол сөзім барда,

  Тыңдайтын қүлақ, көрер көзім барда.

                                 Өтейін мейірім қанып, риза болып,

                                 Шырқаңдар бұл әнімді өзім барда.

                                 Тамаша-ай!

                                  Қайран елім тамаша,

                                  Қуанамын балаша.

                                  Ұл-қыздарым, көп жаса!

                                  Жүз жаса!

 

Ән осылай аяқталды… Ақын ақ домбырасын жастыққа сүйей салды да, “уһ” деп демін алды, алдындағы күрең шайынан бір ұрттады. Сәл үнсіз отырып:

—  Бұл менің ең соңғы әнім болар… – деді.

—  Соңғы перзентіңіздің атын кім қойдыңыз?,  дедім әзіл- шыны аралас.

—  Атын “Жүз жаса” немесе “Тамаша” десеңдер де болады. Магнитофон лентасына жазылып алынған Кенен ақсақалдың осы соңғы әнін ертеңіне Төрткен үйреніп алып, атасының алдында шырқап берді. Кібіртік тартқан қартаң дауыспен айтылған әнді ақынның қызы шырқап салғанда, пілтесі көтерілген шырағдандай жарқырап ажарланып шыға келді.

—  Үнім жетпеген жерін Төрткенім жеткізді ғой, айналайын!  деп, ақын қызының маңдайынан сүйді.

Біз осылайша Кенен ақсақалдың жанында оншақты күндей болып, “Қалай танисың”, “Ескерткішім”, “Аспан қора”, “Нәсиқаға”, “Құм төбе”, “Енді менде арман жоқ” деп аталатын өлең – жырларын жазып алдық. Бүл тоқсаннан асқан өнерпаздың көкейіндегі ең соңғы жыр толғағы, сарқындысы еді.

 

 

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,

Қоғам қайраткері, филология

ғылымдарының докторы

 

 

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН

 

Мен Кенен Әзірбаевтың даңқы жер жарған, абыройы асқан, аңызға айналған кезінде он жыл бойы жанында болғанымды, өз аузынан Отан, халық, ынтымақ, адамгершілік туралы баталы сөздерін қүлағыммен естіп, көзінің тірісінде ол кісі туралы біраз мақала-зерттеулер жазып, телехабарлар өткізгенімді, сөйтіп ризашылығын, батасын алғанымды өзіме үлкен бақыт санаймын.

Баласындай әлпештеп, інісіндей қастерлеп, кейде тіпті құрдасындай әзілдеп отыратын. Араға аз күн түссе, айлар араласпағандай, көптен көріспегендей, жылдар жолығыспағандай, сағынысып ұшырасатын. Мүндайда Кенекең мейірбан, кең құшағына алып, маңдайдан иіскеп қана қоятын. Сонда аппақ сақалы желбіреген тірі аруақтың құшағында тұрғандай сезінетінсің. Жалпы, үлкен болсын, кіші болсын.ол кісінің біреумен әдеттегідей сілкілесіп қол алысып жатқанын: шылпылдатып я ауыздан, я беттен сүйіп жатқанын тіпті көрген емеспін. Сәлемдесуінде үлкен парасат, салмақ, сабырлылық, өзіне ғана тән бір салтанат болатын.

— Бас салып сүю әбестік. Адамның лебі болады, жақсы көрсең, сағынсаң, қүшағыңа ал, арқасынан қақ, маңдайынан иіске — деп, отырушы еді жарықтық. Осынысы маған әдептіліктің,  мәдениеттіліктің ғасырлар бойы қырда қалыптасқан дала мектебі тәрізді көрінетін.

—  Өнерпаздың еншісі ел ішінде деген емес пе, заманында алып та, беріп те жүрдім, оң қолыммен алып, сол қолыммен бердім. Екі жүзді алаяқты, жан аяр жалқауды, жағымпаз жылпосты жек көрдім. Өсек-өтірік айтқаным жоқ, қулық-қиянат жасағаным жоқ, ораза-намаз үстағаным жоқ, онан өзгенің бәрін істедім, — деген еді ақын бір сөзінде.

Шынында да Кенекең аз сөйлеп, көп тыңдайтын сабырлы, ұстамды, адамды ұлтына, руына, жасына бөлмейтін көпшіл, аңқылдаған ақкөңіл, сауықшыл, қонақжай, адал, таза, әділ кісі еді гой. Көңілі түссе қатты құлайтын да, көңілі бір қалса, көндей қатып, сілтідей тынып, сараңнан да сараң боп тамбай қалатын. Ақынның бүл қасиеттері елеңдерінен айқын көрінеді. Өте-мөте көңіл күйін білдіретін лирикаларынан анығырақ сеземіз.

 

                                Жауызға зорлық пенен үрлық онай,

                                Өтірік, өсек-аяң, қулық оңай.

                                Әділет, адалдықпен жұмысы жоқ,

    Шындықтан тез үйренер сұмдык оңай.

                                 Баз адам кара жүрек, қара ниет,

                                 Қайдағы шаргейдікті көңілі сүйед.

                                 Басының бадырайған мінін білмей,

                                 Біреудің кемшілігін қайдан білед.

    Кей адам ешбір тоймас, құйсаң толмас,

Қақпанға ондай адам түспей қоймас,

Әділ жұрт ғасыр бойы сынап келген,

   Жақсының ел сыйлаған атын жоймас.

 

Кенекеңнің өнерпаздық өмір жолы — өнеге мектебі туралы мен бүдан бүрындары жазғандарымда біраз әңгіме еткенмін. Бүл мақалада онда айтылмаған бірқатар жайларды — ақынның тоқсан, жүз жылдық тойларынан ойда қалғандарды: Жетісу жерінің сез жүйріктері, жыр жампоздары туралы айтқан қайсыбір әңгіме-аманатын еске түсіріп, шама келгенше оқушыға жеткізуді жөн көрдік.

Кенен 1911 жылы “Әңгіме туралы” дейтін елең шығарған:

 

Кейбіреу әңгіме айтса көп айтады,

                                   Аузыма ел қарасын деп айтады.

                                   Біреуге біреудікін ауыстырып,

Дәлелсіз білмеген соң неге айтады.

 

                                   Кейбіреу дәмді-тәтті сөз айтады,

    Кейбіреу құрт-малтасьш езе айтады.

       Қызықсыз күнде айтылған бір әңгіме,

Қүлаққа мазасыз боп тез қайтады.

 

Кенекең біреудің сөзін біреуге ауыстырмай, әңгімені баппен, нақты, дәл, дәмді, тартымды етіп айтушы еді. Әңгіме арасында домбыраға Қордайдың жайлап ескен самалындай өзінің әдемі құлақ күйін шертіп қосып отырушы еді. Задында Кенекең тарихты, аңыз-әңгімені, шежірені жетік білетін және тамсандырып, қызықтырып дәлелімен айтатын аса әңгімешіл кісі еді.

Алпысыншы жылдардың аяғында Кенекең қатты сырқаттанады. Сонда білімсіз бір емші: “Ақсақал, аз қимылдаңыз, көп жасайсыз” деп ақыл айтыпты. Сексеннен асқанша жайдақ атқа секіріп мініп жүре беретін ақкөңіл қайран ақын әлгі емшінің сөзіне иланып, қимылды азайтып, тез толысты да, денесі ауырлап, ауылдан ұзап, ешқайда шықпайтын болды. Сондықтан біз – қызы Терткен, күйеу баласы Тасыған, келіні Мария төртеуміз – ақынға Алматыдан ат ізін суытпай жиі барып түрдық.

Кенекең сонда көңілі түссе, заты қазақ, қырғыз өнерпаздары, кебіне Жетісу өңірінің бұрын-соңғы жыраулары, ақындары, жыршылары, шешендері, әншілері, күйшілері жөнінде аңыздай ғып ғажап әңгімелер айтушы еді. Соның бірқатарын мен қағазға түсіріп отырдым… Сонда көбірек әңгімелейтіндері Кебекбай, Бердібек, Ноғайбай, Бөлтірік шешендер, Сыпатай батыр, Дәуренсал, Тілеміс, Сарбас ақын, Байсерке күйші болатын. Балуан Шолақтың Жетісуға келгенін, ілесіп жүріп серінің өнерін үйренгенін де жырдай қылып айтушы еді. Ертеректе сол әңгімелердің біразын жинастырып “Аңыздар сыры” деген атпен әдебиетші Нысанбек Төреқүлов жеке кітапша етіп бастырып шығарды, бір қатарын біз де кезінде жариялаған болатынбыз. Неге екені белгісіз, сол өнерпаздардың көбі әлі жиналмай, зерттелмей жатыр, бүгінде оларды іздестіріп жүрген де ешкім көрінбейді.

Кенен Әзірбаев солардың бірінен жыраулықты, ақындықты, бірінен салдықты, әншілікті, бірінен шешендікті, енді бірінен күйшілікті үйренген. Мәселен, Кененнің Жамбыл сияқты күйші екендігін, оның өзі шығарған оннан астам күйлері болғандығын жалпы жұрт біле бермейді. Сонда Кенен бүл өнерді кімнен үйренген? Бүл ретте Кенекең ең алдымен Жетісу өңірінің атақты күйшісі Байсеркені атаушы еді.

Кенекеңнің айтуынша, жолаушылап келе жатқан Бердібек шешеннің қүлағына күй естіледі. Тұра қалып тыңдаса, атақты күйші Байсерке Майбүлақты өрлеп күй тартып барады екен. Бердібектің жасы кіші.

— Ассалаумағалейкум, аға, — деп Байсеркеге сәлем беріпті, бірақ сәлемін алмапты. Соңынан ілесе берсе керек. Ұзақ жүріп, Майбүлақтың басына жеткенде ғана:

—  Қарағым, қай баласың, “Ұран” күйдің басында кез боп ең, міне, жаңа аяқтадым,- деген екен. Не деген ғажап! Сонда қанша жер жүріп, арада қаншалықты мезгіл өтті екен,  деп ойлайсың.

Әзірге тарихта аты сақталып жеткен Жетісу күйшілерінің ең ұлысы да — Осы Байсерке. Ол күй шалғанда, тау теңселіп, бұлт көшіп, қанатты, тұяқты біткен тұра қалып тыңдайды екен. Көбіне аңыз-күйлер шығарып, олардың әрқайсысын сала-салаға бөліп тартады екен. Бізге жеткен күйлерінен ” Ұран”, “Ат ойыны”, “Қалипа Қалыш”, “Қоңыр”, “Жекпе-жек”, “Төрт қарға”, “Тұл қатын”, “Жетпіс бұтақ” аталады. “Жетпіс бүтақ” күйін, жыраулардың дастан-жыр айтқанындай, кешке бастап, ертеңіне аяқтайды екен.

Кененнің күйшілік өнерінде осы Байсеркенің әсер-ықпалы анық сезіледі. Кенен де көбіне аңыз-күйлер шығарған. Олар: “Сарбарпы”, “Алып қара қүс”, “Ботаң қалды, Қарқарау”, “Жаудан қашқан өгіз”, “Қызыл әскерге”. Солардың ішінде көбірек әрі жалықпай тартатыны “Қүлақ күйі” еді. Кенекең ән, өлең шығарарда жыр кернеген абыздай, өзімен-өзі болып, оңаша толғанып, осы “Қүлақ күйін” жалықпай үзақ шертетін, қиялымен шарлап ой кезіп, елең іздеп отырған Кенекең бір кезде қольш аспанға бүлғап шырқап ала жөнелетін. Сонда бізге осы “Қүлақ күйі” ән, жыр, өлең тудыратын құдырет тәрізді көрінетін. Жоғарыда айтылған күйлерді белгілі композитор Борис Григорьевич Ерзакович пен оның көмекшісі Асқан Серікбаева екеуі жазып алып, өнеріміздің қымбат қазынасына айналдырды.

Қазақ халқының бағзы замандардан келе жатқан сан-салалы байтақ өнерінде ешбір елге үқсамайтын ерекшеліктер, қасиеттер көп-ақ. Сол өнердің өзгеше бір қызықты саласын сал-серілер құрайды. Олардың ең соңғы үздігі — Кенен Әзірбаев. Кенекең бүл ретте өзіне Дәурен салды ұстаз түтатын. “Іленің арғы жағасына өткенде, Дәурен салдың белбеуінің бір ұшы Іленің бергі бетінде қалады екен” дейтін сөз ел ішінде әлі бар. Ол жайындағы бірқатар әңгімелерді белгілі жазушы, көрнекті журналист Балғабек Қыдырбекұлы айтады, көбірек, кеңірек әңгімелейтін де Кенекеңнің өзі еді:

Дәурен сал Жетісу, Әулиеата өңіріне, Оңтүстік өлкесіне даңқы тегіс жайылған белгілі батыр, айтулы әнші, ит жүгіртіп, құс салған көпшіліктің сәні, салтанатты сері болса керек. Дәурен салдың даңқын естіп, салдық салыстырамыз деп, бірдей киінген, бірдей ат мінген, әбден жасанған күрең төбел, қамысқүлақ, қаз мойын арғымақ мінген өздері жас алты сері іздеп келіпті. Дәурен сал алыстан келген алты салды ту бие сойып, қазы-қарта жал-жая, құймақ-қымыз беріп сыйлайды, құрметтеп қонақ етеді. Олар да бар өнерін аямайды. Еліне қайтатын мезгіл жеткенде, алтауына ер-түрманымен құлағын шашақтаған, құйрығына үкі таққан жез қоңыраулы алты арғымақ мінгізіп түрып Дәурен сал:

—  Кезінде азды-көпті салдық қүрдым. Алыстан іздеп, ат арытып, тон тоздырып келіпсіңдер, бар мәзір осы, барға разы боласыңдар, — депті.

— Біріміз ойдан, біріміз қырдан, сізден салдығымызды асырамыз деп келіп едік, кісілігіңізде, жомарттығыңызда шек жоқ екен, ризамыз. Сізден үлгі алайық, біздің елді аралап қайтыңыз — депті әлгілер. Сонда Дәурен сал: “Сендер мен салдықты тастағанда кез болдыңдар. Салдықты он сегізімде бастадым, отыз жетімде тастадым” — дейді. Сонда алты сал бірдей шулап: “Себебі не? — деп сүрайды.

—  Айтқан серт, алысқан қол бар еді. Салдықтан жеңілгенім жоқ, бір қыздан жеңіліп, тастап едім”, — деген екен Дәурен сал. Алты сал мүның мәнісін сүрайды, сал түсіндіреді.

Қырғыздын екі ауылы ай жоқ, шай жоқ көшіп келіп Дулаттың Сусамыр, Меркі, Аспара жайлауына шаңырак, көтеріп, үйлерін тіге бастайды. Мұны естіп, оларды көшіргелі жолдастарын ертіп, салдық бұрмасын киіп, қырғи қара атқа мініп, Дәурен сал келеді. Екі жігіт шаңырақ көтеріп жатыр екен, тігіліп жатқан үйдің жанындағы көк шатырдан қүндыз бөркін шекесіне қисайта киген күміс дауысты әсем қыз шығып, қонақтардың атын байлатып, ішке кіргізеді. Келген қонақтарды терге отырғызып, дастарқан жайып, сырлы тегенеден алтын ожаумен сапырып бал қымыз құяды. Бұлар Дәуреннің салдық салтын, ел-жүртын сынағалы көшіп келген қырғыздың Қырмызы сал деген ерке қызының ауылы болса керек. Он саусағынан өнері тамған айтулы өнерпаз, байсалды, сабырлы сал Қырмызы салдықтың белгісі ретінде алтын алқа тағып, басына зер тақия киеді екен. Қомызын кер жорғаның әсем шалысындай, сүйріктей әдемі ақ саусағымен қағып тартады. Бір ауыз әзіл-қалжың айтыспай, жөн де сүраспай, сойған малына қарамай, қонақтар атқа қоныпты. Қыздар да үн-түнсіз қала береді.

Келе жатып ылғи ақтан түйе, боздан жылқы айдаған, ақ шатырдай киінген бақташы қартқа жолығады. Ол Қырмызының қойшысы екен, жөн сүрасады.

Бүл алты қабат Алатаудан асып қазақтың Дәурен салымен салдық салыстырғалы көшіп келген қырғыздан асқан Қырмызы салдың малы. Жасы он алтыда. Өзі ақын, өзі әнші. Сүлулығына — мінезі, ақылына — адамгершілігі сай, қолы ашық, жомарт, бір байдын үлы да, қызы да — өзі ерке, еркін  өсіп  келеді, еркі  езінде.  Жалғыз болған соң әке-шешесі еркекше

киіндіріп, ұл баладай етіп өсірді. Асық атып, көкпар тартты, ит жүгіртіп, қүс салды, жиын-тойда өлең-жыр айтып салдық қурып, серілікпен келеді. Он үш жасқа келгенде ата-анасына боз бие шалдыртып, той істетіп, шүлен тараттырып, ел-жүртқа қыз екенін әйгілетті, “Мені малға сатпаңдар. Өз еркіме жіберіңдер. Еркек болып көпке атым қалмады, салдық қүрамын, серілік жолына түсемін, тым болмаса қыз атағым қалсын” деп, әкесі мен шешесінің уәдесін алып, дегенін істетті. Міне қыз осылай, он үшінен бастап салдық қүрды. Мына жағы — Талас, мына жағы — Ыстықкөл, Жаркент, Қарқара, Шу елдерін тегіс аралап келген беті бүл. Көшті бастайтын да, сүрағанға жөн айтатын да — өзі. Мен қыздың өкіл әкесі едім, Қырмызы болсын деп атын қойған мен едім. Жасымнан әкесімен дос едім. Әкесі Исақ — Дулан батырдың түқымы, атақты батыр, шешесі Айша сүлу — атақты Төрегелді батырдың қызы. Міне, Дәурен сал шырақ, Қырмызы сенің атақ-даңқыңды, дақпыртыңды есітіп, жүзіңді көргелі, салдығыңды сынағалы келді, әңгіме осы, — дейді ақсақал.

Дәурен сал ел-жүртын жинап: “Ер намысы — ел намысы” деген, елімен ақылдасып, бір сазға ақ үй тіктіріп, мама ағаштарын күмістетіп, керме арқанын жібектен тарттырады. Үйге түрікпен кілем төсетіп, есіктен терге дейін кестелі атлас көрпе жайдырып, үйдің бау-басқүрларын зерлетіп, уық- керегенің басын күмістетіп, саба сайын қос күміс піспек салып, түйемойнақ оншақты сабаны оң босағаға қойдырады. Сөйтіп Әулиеатадан бергі жердегі сері жігіттерді: Майкөт, Майлықожа, Сарбас, Тоқтағүл ақындарды, Балқыбек, Сауытбек, Жиенбай секілді шешен, жырау қүрбыларын шақыртып, Қырмызы салды ауылымен күтеді. Қырғыз, қазақтың ортақ жайлауы Сусамыр терінде жүрт түрлі сауық-салтанат қүрып, тамашалап жатады. Күйші күйін тартып, сал-серілер салдығын қүрып, ақын- жыраулар төгілтіп жыр айтады. Әсіресе:

 

Қолға алсын домбырасын Майлықожа,

                              Өнерге неше алуан сайлы қожа.

                              Дәурен сал туысыңа ризамын,

                              Қазақтан шыққан едің жампоз таза,

— деген Майлықожаның:

 

       Атамыз Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс,

Төрт Дулат атпен жүрсе алты ай алыс.

                               Төбемді көкке елі жеткізбедің,

                               Маңдайым сені берген кере қарыс,

— деген Сарыбастың:

                                        Асыл туған Дәурен сал,

Жегіздің шекер, бал мен жал.

                                        Алты қабат Алатау,

                                        Қазықұрт пен Қаратау,

Көрмедім сіздей жомарт, дәу,

 

— деген Тоқтағүлдың сөздері жүрттың көкейінен шығады. Қырмызы қыз сүйріктей нәзік ақ саусағымен шаң қобызын шалып, қомызын тартады. Той тарқап, еліне аттанар алдында:

 

Аспара, Меркі жеріңіз,

                                              Дулат-Ботбай еліңіз.

          Дәурен даңқың жер жарып,

   Көкейден кетпеп едіңіз.

                                               Келіп едім даңқыңа,

                                               Разымын халқыңа.

           Жыр шығарып, күй төккен

      Өнерлі қауым-жалпыңа.

              Мейманды жақсы күткендей

     Еліңнің жақсы салтына.

          Қырмызыдай қүрбыңиың,

       Жеткенде баға-парқына.

     Көздерің жетсе деп едім,

       Қырмызының нарқына.

                                               Тілегімді айтайын,

             Тоқтасаң қыздың шартына:

                                               Іздеп кеп ем айылдан,

                                               Атағыңа жайылған.

Жігіт қызды іздейтін

Ата салты байырдан.

   Ағалықтың жольн бер,

 Аман болғын асыл ер.

    Ата-анамды барып көр,

     Мен бір сұңқар түғырда,

Томағамды алып бер,

 

— деп ризашылығын білдіріп тілегін айтады. Қыздың сән-салтанатына, ақыл-парасатына әбден риза болған Дәурен сал жауап қайтады:

 

Аспанның таң шолпаны, жұлдызым-ай.

       Қош, сау бол, сал қарындас, Қырмызым-ай,

                              Сәлем де ата-атаңа сені туған,

                              Ұжмақтың райхан гүлі үр қызындай.

                              Барамын тірі болсам ат арытып,

                              Атақты ақ қалпақты қырғызың-ай.

                              Қазақтың ортасында Дәурен салмын,

                              Өнердің арқасында жүрген жанмын.

                               Беріп кет бір белгіні үмытпасқа,

 Шырағым сендей қызға мен де зармын.

 

Қырмызы:

 

Туған жерім Атбашы,

     Жүрегім дейді айтпашы.

                                               Ертең елге көшеміз,

                 Дәурен сал, қош бол, топбашы.

       Мен тұлпардың қүлыны,

   Түседі кімнің ноқтасы.

    Мінеки, алтын жүзігім,

        Көзімдей көріп сақташы,

 

— деп, сақинасын Дәурен салга беріп, қимастықпен еліне қайтады.

Дәурен сал кейін Қырмызыны іздеп барып, қырғыздардың арасында бір жыл түрып, отыз күн той жасап, қызды еліне алып қайтады. Жүрерінде ата-енесі:

— “Шаруа түбі – кеніш, саудагер түбі – борыш, таздың шашы сүйық, салдың аты сүйық” деген қазақ қырғыздың мақалы бар, енді екеуің де салдықты тастаңдар, деп өтінеді. Еліне келген соң, Сыпатай батырды шақырып батасын алып, екеуі де салдықты біржолата қояды.

Дәуреннің салдықты тастаған себебі осы окен. Бүл әңгімені тыңдаған алты сал таң-тамаша қалып, еліне қайтыпты.

Кенен Әзірбаев дәл осылай Сарбас, Әлмен, Әмір ақындар туралы да құлақ құрышын қандырғандай керемет қызық әңгімелер айтушы еді, амал не, солардың көбі хатқа түспей қалды.

 

***

 

1972 жылы Жамбылдың 125 жылдығы тойланды. Осы тойға Кененді алып келуге мен арнайы тапсырма алдым да, Төрткен, Тасыған, милиция полковнигі Манан Иманбаев төртеуміз Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров колхозындағы ақынның үйіне келіп жеттік.

Атамыз киіз үйдің оң жақ төрінде қалың төсектің үстінде көпшікке шынтақтап отыр екен, кіріп сәлем бердік. Сәлемімізді салқындау қабылдады. Әдеттегідей аман-саулықты, жай-жапсарды қазбалап сүраған жоқ. Сәл кідірістен кейін Нәсиқа шешейге қарап:

— Неғып отырсыңдар, мына баладар (балалар дегенді осылай айтушы еді – М.Ж.) жолдан шөлдеп келген шығар,сусын бермейсіңдер ме, -деді. Қымыз келді, шөл басылған соң:

— Ата,- деп мен сөз бастадым, естіп жатқан шығарсыз, ертең емес арғы күні Алматыда Жамбылдың 125 жылдық тойы өтеді, осыған шақыртушы болып келіп отырмыз, бүгін салқын түсе жүруіміз керек, ертең тынығасыз, арғы күні жиынға қатысасыз, тапсырма осылай, — дедім.

Киіз үйдің керегесінен алысқа көз тастап Кенекең біраз үнсіз отырды да:

— Тойларың құтты болсын, қарақтарым, Алматыдағылар Кененді баяғыдай айтса шауып жетіп келеді деп ойлайды-ау сірә, бүгінде қарға адым жер мұң болып отырған жоқ па, жолға жүрегім шыдамайды, өзім оңып тұрғандай, оның үстіне мына дәрігерлер де жарты күн жұлмалап көкпар қып тастапты, бара алмаймын, — деді.

Бәріміз де дағдарып қалдық Сәлден соң Нәсиқа шешей:

– “Әй, Кенен, ауылға жете алмай, жолда өліп қаламын деп қорқып отырсың ба, өлмейтін пенде жоқ, елмесе ата-бабаң қайда кетті, Кебекбай қайда, Ноғайбай қайда, Сүйінбай қайда, Жамбыл қайда? Өлсең балаларың “Атамай”, атамайлап, жылап алып келіп көмеді. Шақырып отырған ел-жұрттан ұят емес пе, балаларыңның сағын сындырма, жолға дайындал”, — деді.

Бір жағынан күліп айтқанмен, шешеміздің даусы әжептеуір салмақтылау шықты. Ақын не айтар екен деп біз тағы дағдардық. Біраз үнсіз отырдық. Жарайды дей қоймаған соң, мен сөзге тағы да араластым:

—  Кенеке, есіңізде ме,  1937 жылы Жамбыл тоқсан екі жасында жердің түбіне – Тбилисиге Шота Руставелидің өз тойы да емес, оның “Жолбарыс терісін жамылған батыр” деген поэмасының 750 жылдығына барды. Сонда қолтығынан демеп сіз жүрдіңіз қасында. Үйдің іргесінде — Алматыда өтіп жатқан бабаңыздың тойына бармаймын дейсіз, Қордай түгіл бүл тойға жер-жерден, тіпті итарқасы қияннан – Бангладештен де кісілер қатысқалы жатыр, сіз тірі Жамбыл емессіз бе, не ойлайды, халық не дейді, мұныңызды партия қалай түсінеді, – дедім.

—  Бармаймын деп отырмын ба, қу кәрілік кімді оңдырған, шідерлеп, матап, шемендеп отырған жоқ па түге, дегенмен болмас, әй Нәсиқа, тәуекел, киімді әзірле, өзің де жолға қам қыл, —деді.

Бәріміз мәз-мейрам болдық, киімдерін әкелді. Кенекең кейінгі кезде әбден толып кеткен, киімдерінің бірі дәл келмей әлек болдық. Ордендерін тағып, әйтеуір сағат төрттерде жолға шықтық. Кенекең өз “Волгасына” мінді, машинаны Тасығанға айдатты, қасына Нәсиқа шешейді және мені отырғызды.

Үйден шығарда: “Осы ауыл Кенен қашан тәуір болады деп отырған жоқ, қашан өледі деп отыр, бой жазып барады дейтін шығар, ауылдың ішінен тезірек өт, ағайын-туғанның көбі бүгінде Тарғапта, көрмегелі көп болды, аңсаған ел білсе жүргізбейді, Тарғапқа тоқтама”, — деп Тасығанды пысықтап жатты.

Машинаға мініп, үлкен жолға түскен соң, көптен көрмеген Шұбарбайтал, Қопа, Ойжайлау, Отар өңірі көзіне оттай басылып, ақынның көңілі көтерілді. Машина бір жүріп кетсе қоя ма, жердің апшысын қуырып, әні-міне дегенше Тарғапқа да кеп қалдық.

—  Шіркін, зулаған заман-ай, бұл ара Жамбылмен талай жүрген жолым еді, біздің ауылдан Қастекке екі қонып жетуші- ек, енді міне көзді ашып-жұмғанша Тарғапты да басып өттік, – деп, бір күрсініп алды да, Жамбыл жайында бірде өлең, бірде қара сөз араласқан үзік-үзік байтақ әңгімені бастап кетті:

—  Мен Жәкеңді ең алғаш қырғыздың манабы Шабданның асында кердім:

 

Кісі екен алпыс жасты алқымдаған,

    Салдықтың самалымен салқындаған.

                                  Домбыра ап төңірекке қарағанда,

                                  От болып екі көзі жарқылдаған.

                                  Ауызда айтар сөзі іркілмеген,

                                  Қызынса қияғынан мұртын жеген.

                                  Ақырып домбыраны сабағанда,

                                  Шіркіннің екі иығы бүлкілдеген.

    Сөйлесе досын мақтап, қасын даттап,

  Нөсердей дүркін-дүркін дүркіндеген.

 

Сол асқа не бір ақын, айтулы әнші, күйшілер келді, домбыраға, қияққа, сырнайға, сыбызғыға қосылып айтады, таңның атысы, күннің батысы ақынға да, әншіге де, күйшіге де дамыл болған жоқ. Солардың ішіндегі ең даңқы асқандары: Жамбыл, Қалмырза, Тоқтағүл, Өмірзақ, Кенжеқара, Арқабай еді. Арқабай Майкөттің баласы, мен сол жолы “Көпшілік, тыңда әнімді” деген өлең айтып, әншілігім мен ақындығым қырғыз, қазаққа бірдей тарады. Тоқтағүл мен Қалмырзадай қырғыздың   әйгілі   ақындары,   Сағымбайдай   аруақты манасшыны арнайы шақырып, жас бұлбұл — деп қолпаштап, үнімді тыңдады, Жамбылдың оң батасын алып, тұсауым кесіліп, жолым да, бағым да ашылды. Содан бастап өле-өлгенше Жамбылдың соңына еріп, қолтығынан демеп жүрдім, жақын шәкірті, үзеңгілес серігі болдым.

 

Жамбылдың бірге жүріп сырын алдым,

                              Үлгісін, өнегесін жиып алдым.

                               Болсақта Шапырашты, Дулат – екеу,

                               Ат қинап ауылымнан жиі бардым.

 

                               Сөзіме айтсам менің сенесіңіз,

                               Екеуміз ескі жырға төрешіміз.

                               Өнердің тұнығынан қалқып алып,

                               Екеуміз келешекке бересіміз.

 

 Жамбылдың бір мінезі- мақтанбайтьш,

Бой тартып сайысудан сақтанбайтын.

                                Қажырлы қайратынан қайрақ істеп,

                                Үскірік борандатып ақпандайтын.

                                Әжуа, қалжыңға да қапелімде,

  Шап етіп шауып қалар қақпандайтын.

                                Бір сөзден әділ айтқан танбайтұғын,

                                Өмірде адалдықты таңдайтүғын.

                                Жақпаған, жақтырмаған адамына,

Сараңнан да сараң боп тамбайтұгын.

 

 

                                   Адамды алғаш сөзден танитүғын,

Қанжардан өткір тілді жанитүғын.

   Қатты қүрт, қара бидай ниет қылса,

 Қарық боп соған түгел жаритұғын.

                                   Сенгіш еді досына ауырғанда,

Ем болып айтқан сөзің даритұғын.

                                   Өмірден жазатайым опық жесе,

 Бір күнде бір жылғыдай аритұғын.

 

Кенекең тұсауын алған жорғадай дамылсыз жырлап келеді, біз ұйып тыңдап келеміз, бір сөзі бір сөзінен асып жатқан, таусылмайтын үзақ дастандай көрінді бізге, сөйтсек бұл Кенекеңнің ұстазына арнаған ескерткіші – парыз жыры – “Жамбыл жыры” екен. ,    Самсыға да келіп қалған екенбіз.

— Жәкең күлкішіл еді ғой,  деп Кенекең тағы бір әңгімені  бастап  кетті.   Бір  күні  екеуміз   осы  Самсыда Шынжырбай деген мұғалімнің үйіне қондық. Түнімен өлең айттық. Ертеңіне аттанғалы жатқанымызда жұмысқа кетіп бара жатқан бір топ колхозшы әйелдер бұрылып келіп, Жамбылға өлең айтыңызшы деп жалынып қоймаған соң, Жәкең домбыра алып былай деді:

 

Өлең айтып бер дейді келіндерім,

  Келген екен шырағым келімдерің.

     Өлең айтып келінге бермей қойсам,

     Сыртқа шығып бұртитар еріндерін.

 

Өксігенмен келмейді баяғымды,

        Қымтап салар кемпір жоқ аяғымды.

        Балалар кемпір алып бермей қойды,

                                     Босаңсыды деді ме таяғымды.

         Жасымда жорға мініп, сұлу құштым,

      Несін мақтан қылайын өткен істің.

Ұзынынан қысқасы озып кетіп,

            Мәнісі де болмады-ау бұл байғүстың…

 

— дегенде, мүны естіген әйелдер тұра қашты.

Жамбыл бір күні Түрген жақтағы жекжаттарын арала қайтып келе жатып шөлдейді. Жол шетінде түрған бір а: отауға келсе, үйдің көлеңкесінде толық келген бір жас әйе теңкиіп жатқан көрінеді. Жамбыл:

—  Қарағым, жолаушы едім, шөлдеп келемін, сусының бар ма?  депті. Әйел теріс қарай бір аунап түсіп, үндемей жата беріпті. Жауап қатпаған соң Жамбыл әріректегі түрған үлкен ақ үйге келеді. Іргені түріп қойып бірталай адамдар шәй ішіп отырады. Бұл белгілі Саймасай болыстың үйі екен.

—  Жамбылдың атын үстаңдар, аттан түсіріңдер — дейді Саймасай.

—  Анау үй кімдікі?  деп сүрайды Жамбыл.

—  Ол біздің ініміз Алмасайдың үйі, — дейді. Ішке кіріп Жамбыл жайғасады.

—  Шәй қайнағанша сөйлей отырыңыз, — депті Саймасай

Сонда Жамбыл:

 

Жолаушылап алыстан шөлдеп келдім,

                           Бір жүтым сусыны бар ел деп келдім.

                           Ақ отауда теңкиген біреу жатыр,

Тілі жоқ, жөн білмейтін көр деп келдім.

                           Жиреншедей сөзі бар Ер Қосайдың,

                           Қызғалдақтай жүзі бар Саймасайдың.

                                   Үйіне кісі келсе жақтырмайтын,

                                   Кесірлі қатыны бар Алмасайдың.

        Қайран ерлер сондайға қор боп жүр-ау,

       Ышқысы жоқ дәміндей ішкен шәйдің.

         Қызыр шалған ерлерге қырсық болып,

                                   Кесірі тиер ме екен осындайдың,

 

—     депті. Саймасай үялғаннан жер болып, ат-шапан айыбын тартып, елге жая көрмеңіз деп, жалынып, жалбарынып қалыпты. Айтпа, айта көрме деген сөздің әдеті емес пе, бүл әңгіме ертеңіне-ақ төңірекке түгел тарап кетіпті.

Ұзынағаштың түсына келгенімізде, Кенекең: “Мына оңға бүрылған жол Жәкеңнің мавзолейіне барады-ау, тап осы жерде баяғыда базар болушы еді. Базар, Назар екі балам қатар өліп, жылап-еңіреп жүрген кезім еді, бір күні осы Ұзынағаштың базарына келдім.” Ойда жоқта Жәкең жолыға кетті:

—  Кененжанбысың-әй, атыңның бұты тыртиып, өзіңнің мойның қылқиып, не боп кеткенсің, ер-азамат болған іске берік болу керек, құдайдың өзі берді, өзі алды, әлі жассың, бүйтіп жасық болма, – деп қайғымды бөліп, көңілімді көтерді. Көркемжан туғанда арнайы құтты болсын айтып келіп, екі-үш күндей өлең-жырға кенелтіп кетіп еді, жарықтық,- деп бұрынырақ өткен Жамбыл тойын еске түсірді.

—  Осыдан тура отыз төрт жыл бүрын 1938 жылы Жамбыл ақындығының 75 жылдығы болды. Көршілес қырғыздан бұ тойға апрельдің он бірі күні кешкісін Қуанышбек Маликов, Халық Әкиев бастаған он екі адам Жәкеңнің үйіне келіп түсті, оларды Диқан Әбілов, Қалмақан Әбдіқадыров үшеуміз қарсы алдық.   Елдің   ежелгі   салтымен   Халық   пен   Алымқүл қайымдасып, Жамбылға қырғыз халқынан құтты болсын айтып, сәлемін жеткізді.

 

                        Халық:

Ақ қалпақты қырғыздан

  Құтты айтып келген шақ.

                                            Аман-есен жүрмісің,

    Қария Жамбыл, денің сақ.

                                            Әтір ауа, тұнық су,

                                            Төрден сәлем береміз.

                                            Ай жүзіндей жайнаған,

                                              Келден сәлем береміз.

 

                        Алымқүл: 

  Бұлбұлдай үні сайраған,

                                              Жерден сәлем береміз.

     Ақ қалпақты қырғызың-

                                              Елден сәлем береміз.

 

                         Халық:

Алтын жазу Одақтың

                                               Тудан сәлем береміз.

                                               Астанамыз Фрунзе,

Шудан сәлем береміз.

       Бауырластық, туғандық,

Сүйген сәлем береміз.

 

                        Алымқұл:

         Қазақта Жамбыл ақсақал,

          Жырдың кенін ашқансың.

                                               Бүгінде қайта жасарып,

      Қайғы-шерің басқансың.

Заманында Лениннің,

        Балқып нүрға батқансың.

 

                         Халық:

                                              Қүрметтеп еліңіз,

   Ленин орден тақтырған.

  Парқыңа жетіп партия,

   Балапандай бақтырған.

 

                          Алымқұл:

Бұлбұл еді Тоқтағұл,

                                               Өзіңіздей сайраған.

            Айыпты қылып бай-манап,

            Алты айлық жерге айдаған.

 

                           Халық:

 

        Алдында Жамбыл қария,

        Сайрап тұрған шағымыз.

Сізге бала болсақ та,

    Кейінгі жасқа кәріміз.

 

 

 

                            Алымқұл:

Лениндік дәуірде,

       Бақыттымыз бәріміз.

            Халық ақыны байқасақ,

            Ашылған екен бағымыз.

 

                             Халық:

                  Қазақтың сізсіз Жамбылы,

                      Қьрғыздың Тоқом даңғылы.

              Жырларыңды жаттаған,

     Еліміздің барлығы.

 

                              Алымқүл:

        Міне келіп сізбенен,

               Сәлемдескен шағымыз.

       Ұзақ өмір тілейміз,

                            Ардақты Жамбыл қартымыз.

                              Халық:

                      Ильичтің салған жолында,

                  Жасардық қайта бәріміз.

                                 Жарқырай берсін қарт Жамбыл,

                      Әлемге жаққан шамыңыз.

 

Тоқсан үш жастағы Жәкең сағынысқан қонақтармен құшақтасып көрісіп, сөздеріне әбден риза болды, қанаттанып, қуанып, жиналғандарды күлдіріп отырды. Бие сойылды, ел жиналды, кешке қарай:

 

Айқай салсам алысқа үнім барар,

          Күйге салсам қүйқылжып күйім барар.

          Жиылған жүрт, сөзімде жалған бар ма,

         Тоқсандағы Жамбылда арман бар ма,

             Мендей қылып асқақ ән салған бар ма?

 

— деп, Алатаудан асырып мен де ән шырқадым, ел риза болысты. Менен кейін кезекті Халық Әкиев алды:

 

Ежелден қырғыз, қазақ табысқан ел,

Көп ықылым ескілікте барысқан ел.

         Жазығын жарлы, жалшы, дихан тартып,

                                 Ер өлсе қүн үшін қыз алысқан ел.

  Бүгінде қырғыз, қазақ қандай елміз, –

  Өшпейтін асыл гауһар шамдай елміз.

                                  Ильичтің, партияның нүры ішінде,

  Ай батпай, ашық атқан таңдай елміз.

 Тоқсаннан Жамбыл міне жасың өтті,

                                     СССР өлкесіне даңқың кетті.

Бақытты қарияның бірі екенсің,

Аңсаған арманыңа келіп жеттің.

 

Одан соң Алымқүл жырлады.

 

Халық, Алымқұл, Қуанышбек:

                                  Жалы болса ат болады,

                                  Жағасы болса тон болады.

                                  Қызыл өрік бұл қомыз,

                                  Қолға тиесе сөз болады,

 

— деп Жәкеңе қырғыздың қомызын үсынып, ақ қалпағын кигізіп, шапанын жапты. Сонда Жамбыл:

 

Басымда ақ қалпағым қызылдан шоқ,

                            Бұл сияқты қалпақты кигенім жоқ.

                            Кигенім үстімдегі алтын тоным,

Тоқсан жасқа келгенде болды жолым,

 

— деп меимандарды аиналып-толганып, оларға жолын берді. Сөйтіп, таңның атысы, күннің батысы екі күн жыр төгілді.

Әңгіме де аяқталды, біз де Алматыға келіп жеттік. Кенекең сәл шаршағаны болмаса, қиналған жоқ, ертеңіне, июннің тоғызы күні астананың Ленин сарайында ұлы ұстазы Жамбылдың 125 жылдық тойының салтанатты мәжілісіне қатысты, құр келген жоқ, әлгінде біз тыңдаған, аса бір махаббатпен өрнектеген “Жамбыл – жыр” атты дастанын тарту етті. Тойға талай елден өкіл қатысты. Жамбыл туралы баяндаманы ақын Әбділдә Тәжібаев жасады.

Келесі күні, июннің оны күні, тойдың жалғасы Жамбылдың ауыльшда, алма бағының ішінде өтті. Баққа көп үй тігілген екен, Кененді біреуіне түсірді, біз қасында болдық. Денсаулығының нашарлығына әрі шаршағанына қарамастан Жәкеңнің аруағы үшін келген Кенекең, Жамбылдың баласы Тезекбайга әкесінің тойына құтты болсын айтты. Дәм ауыз тиген соң кешікпей “Көк дөненіне” от алдыртып, Қордайға тартты да кетті. Бұл Кенен Әзірбаевтың аяулы Алматыға, ұлы ұстазының ауылына соңғы рет келуі еді…

***

 

Жамбыл тойын өткізе салысымен іле-шала республика жұртшылығы тағы бір жыр мейрамының — Кенен Әзірбаевтың 90 жылдығының қамына кірісті. Той қарсаңында екі жыл бойы көптеген теле-радиодан хабарлар беріліп, оқу орындарында, аудан, облыс орталықтарында ақынға арналған әдеби кештер, жиындар, айтыстар, конкурстар өткізілді, газет-журналдарға естелік мақалалар жарияланды, ақындар жарыса өлең арнады.

 

Осы оқиғаға арнап “Жазушы” баспасы Кененнің бір томдық таңдамалы жинағын шығарды. Әбділдә Тәжібаев, Шерияздан Елеукенов, Әбілмәжін Жұмабаев және осы жолдардың авторы (кітап менің қүрастыруыммен және алғы сөзіммен шыққан еді. М. Ж.) төртеуміз тойдың алдында сыры кеппеген жыр жинағын өкеліп ақынға табыс еттік. Кітапты қолына алып, кеудесіне қысып сүйді де: “Өлмеді деген осы да, көсегелерің көгерсін қарақтарым, көп рахмет. Көрмесеңдер де естігендерің бар шығар, қазақта ілгеріде не бір айтулы ас берілген, жиын өткізілген ғой, бірақ ешбір ақынға мұндай той жасады дегенді естіген де, көрген де емеспін. Осының бәрін жасап отырған халқыма мың алғыс, партияма шексіз алғыс. Армансыз адам жоқ дейді, мына мен армансызбын, армансыз адам алдарыңда отыр. Сіңірі шыққан, діңкесі құрыған кедей едім, өнердің, жаңа заманның арқасында осынша жасқа, осынша бақытқа жеттім, бәрін де көрдім, енді менің ешқандай арманым жоқ” — деп, аса бір сезіммен, даналықпен тебіренген еді.

Ақынның өзі айтқандай: “Көкшолағы Кененнің дүлдүл болган, өзі совет халқына бұлбұл болған”, аталы жасқа жеткен, даңқы асқан, аты аңызға айналған заманы еді бүл шынында.

Қазақ жері импровизацияның туын тігіп, қанатын жайған жер. Сондықтан да жырдың тойы – елдің, туған жердің тойы. Дүниежүзі мәдениеті тарихында бұрын-соңды болып көрмеген бір тойды – Жамбыл ақындығының 75 жылдығын – қазақ халқы бұрын да дүрілдетіп, дуылдатып өткізген. Сондай жарқын өнердің мейрамы – Кенен Әзірбаевтың 90 жылдығы, өнер жолының 75 жылдығы – ақынның туып-өскен жерінде, Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Киров атындағы колхозда, Бөлдек тауының етегінде 1974 жылы 22-23 июнь күндері өткізілді.

Той халық мерекесіне айналды. 217 үй тігілді. “Мәтібүлақ”, “Бозторғай” аталатын дала ресторандары салынып, дүкендер орналастырылып, кең алқап жәрмеңкеге айналды. Табаны қызған небір сәйгүліктердің жорға жарысында, тай, қүнан, дөнен, бесті, ат бәйгесінде бағы сынға түсті (бәйгеге бас-аяғы 172 ат қосылды). Палуандар белдесіп, үлттық ойындар өткізілді. Үш күн бойы әншілер тамылжытып ән салып, күйшілер күйін төгіп, ақындар жырын ақтарып, суырылып айтысқа шықты. Әбден делебесі қозған ақындар қиқу салса ауыздықпен алысқан, табаны қызған тұлпардай, өлеңнің селін ағызып, жырдың топанын қаптатқандай болды. Бибігүл Төлегенова, Ғарифолла Қүрманғалиев, Серке Қожамқүлов қатысқан Қазақстан өнер шеберлерінің мерекелік концерті болды. Айтысқа түскен ақындардан Әсімхан Қосбасаров пен Мұкаш Байбатыровтың, Өмірбек Қабылов пен Әбдіәкім Жәйімбетовтың, Қазыбай Бижанов пен Сағатай Оңғарбаевтың, Асылқүл Бүрбаев пен Манап Көкеновтың сөздері көңілден шықты. Жамбылдың немересі Әлімқұл мен Кененнің шәкірттері Қазыбай Бижанов, Аяз Бетбаев, Асылқүл Бүрбаев қарт ақын Мүқаш Байбатыров арнау өлеңдер айтып, елді де, Кенекемнің өзін де риза етті.

Жиырма үшінші июнь күні таңертеңгі сағат онда салтанатты жиналыс басталды. Үш күн бойына жан-жақтан мұнда ағылып келіп жатқан машина мен адамда есеп болған жоқ, халық өте көп жиналды. Совет әдебиетін дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін Кенекең Ленин орденімен наградталды. Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы мен Министрлер Советінің, КПСС Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д. А. Қонаев жолдастың қарт ақынға жолдаған құттықтау хаты жарияланды. Онда: “Құрметті Кенеке, Сіздің дарқан дарыныңыз, творчестволық жолыңыз және қоғамдық жемісті еңбегіңіз партия мен халыққа адал қызмет етудің, жарқын болашағымыз коммунизм орнату күресіне азаматтық, ақындық түрғыдан белсене ат салысудың өнегелі үлгісі боп саналады. Сіздің асқақ шабытыңыздың шалқар көзі – жаңарған Қазақстан, Коммунистік партия мен совет халқының ерлік жеңістері. Сізді халықтың зор сүйіспеншілігіне бөлеп, жүртшылыққа әйгілі еткен тамаша әнеріңіз бен жырларыңыз бүл күнде социалистік мәдениетіміздің алтын қорына еніп, оның рухани қазынасына, мақтанышына айналып отыр. Торқалы тойыңыз үстінде, Сізге берік денсаулық, үзақ өмір тілеп, туысқан совет әдебиеті мен өнерінің игілігіне әлі де жемісті еңбек ете беруіңізге тілектестік білдіреміз” — делінген.

Жиналыста ақынның өмірі жөнінде Әбділдә Тәжібаев баяндама жасап, СССР Жазушылар Одағы Басқармасының бірінші секретары Георгий Марков, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, әйгілі совет жазушысы Шыңғыс Айтматов, ақындар Асқар Тоқмағамбетов, Сапарғали Бегалин, композитор, өнер зерттеуші Еркеғали Рахмадиев тағы басқа да көптеген адамдар тебірене сөз сейледі. Соның бәрін қарт ақын зор ризашылықпен ұйып тыңдады.

Георгий Марковтың: “Совет оқушылары Кенен Әзірбаевтың есімін халық әдебиетінің аса ұлы алыптары Сүлеймен Стальскиймен, Жамбыл Жабаевпен қатар атайды. Кененді бүгінгі Жамбыл, екінші Жамбыл деп біледі” дегені,  Шыңғыс Айтматовтың: “Кенен ата, осы ұлы тойға жиналған қалың көпшілік! Бүгінгі күн Қазақстан тарихында, оның мәдениеті тарихында мәңгі қалатын ғажап күн болды. Коммунистік партияның рухани мүраға, ұлттық мәдениетке жасап отырған қамқорлығының жарқын куәсіне, тамаша көрінісіне айналды. Мен Сізге Алатауда қанаттас жатқан, бір туған қыргыз елінің шын жүректен қайнап шыққан жалынды сәлемін жеткізу үшін, ұлы талантыңызға бас иіп, тәж ету үшін әдейі келдім. Сіз, Кенен ата, қазақ-қырғызға тең ортақ үлы адамсыз. Сіздің тойыңыз – біздің тойымыз, Сіздің мерекеңіз – біздің мерекеміз. Бүгінгі ұлан-асыр той үрпақтарымыздың үрпақтары аңыз етіп айтып жүретін гажап той болды. Қырғыз елі Сізді өзінің ең таңдаулы үлдары, өзіңізбен замандас, үзеңгілес, дәмдес болған, Жетісудағы қырғыз-қазақ жерін бірге араласқан, атағы жер жарған Оспанқүл, Алымқүл, Атай, Халық және басқа да бұлбұлдай сайраған ақындарындай көреді, солардай ардақ тұтып, Сізді өз атамыз, өз ақынымыз, өзіміздің өнердегі асқар Алатауымыз деп есептейді. Ел бақытына туған қадірменді ата, тоқсан жылдық торқалы тойыңыз қүтты болсын. Өміріңіз ұзақ болып, қазақ-қырғыз халқының ақ жолтай ретінде Жамбылдай жүз жасап, жарқылдап жырлай беріңіз”, — деген сөздері Кенен Әзірбаевқа, оның өлмес мүрасына берілген дәл, биік баға еді.

Сөйтіп, Шыңғыс Айтматов айтқандай, Кененнің тоқсан жылдық тойы жырдың жарқын мейрамына, халықтар достығының айқын салтанатына, совет заманындағы рухани мұраға, өнер қайраткеріне жасалып отырған қамқорлықтың тамаша куәсіне айналды. Тойға қатысушылар кешкісін Кенекеңнің өз үйінде болып, қарт жыраудың қолынан дәм татысып аттанысты.

Халқымыздың пейіліндей кең, жеріндей байтақ, теңізіндей терең, тауларындай биік, ән-жырдан туған данадай ақын атамыз Кенен Әзірбаев бәрімізді өзінің саф алтындай таза өнеріне, сұлу келбетіне мәңгі ғашық етіп, ежелгі аңыздар адамындай, 1976 жылдың көктемінде тоқсан екі жасында Сүлутөрдің етегінде, Қордайдың баурайында дүние салды.

Кенекең болмыс-бітімі де, жүріс-тұрысы да бөлек, табиғи дарын-таланты да ешкімге ұқсамайтын, Алатаудың шыңындай ойы да биік, бойы да биік, әсем үнді, ділмәр тілді, мінезге бай, көпшіл, қонақжай ерекше жан еді. Кенекең ғасыр бойы жасаған байтақ мұрасымен, армандай әншілігімен, аққудың қанатындай әдемі, әппақ жібектей сақалымен, бәйтеректей бойымен көзге де, көңілге де өзгеше бір жүмбақ жандай, данышпан абыздай болып көрінетін.

Қайран ақын мәңгілікке көз жүмды, артына өлмейтін, елімен бірге мәңгі жасайтын жарқын із, байтақ мұра қалдырды. Кененді ақындар – жырында, әншілер – әнінде, күйшілер – күйінде жоқтады.

Үкімет пен партия Кененнің есімін мәңгі сақтап қалдыратын шаралар белгіледі: Жамбыл облысы, Красногор совхоз техникумына, Қордай ауданындағы қазақ орта мектебіне, Жамбыл қаласындағы жаңа кинотеатрға, Алматы көшелерінің біріне ақынның есімі берілді, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы мен Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының студенттеріне Кенен Әзірбаев атындағы стипендия тағайындалды, тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды.

Туған Отаны, халқы 1984 жылы сүйікті ақынының жүз жылдығына арнап тағы да ұлан-асыр той жасады. Июнь айының 16-18 арасында қазақ мәдениетінің қара шаңырағы М. Әуезов атындағы драма театрында ақындар айтысы өткізілді. Халқымыздың сүйегіне біткен, ежелден бірге жасасып келе жатқан осы бір ғажайып өнердің қайта өрлеп, қайта дәуірлеп келе жатқандығының куәсі болдық. Жер-жерден, республикамыздың түкпір-түкпірінен әрқилы ақын-жыраулар, әншілер, бишілер қатысты, жас таланттар бой көрсетті, сөйтіп халық өнерінің үнемі дами беретіндігін дәлелдеп берді — біз осыған қуандық.

Салтанатты жиналыс астанадағы Ленин атындағы мәдениет сарайында июннің 6-күні өтті. Жиналысты Қазақ ССР Министрлер Советінің председателі Н.Ә. Назарбаев ашты. Академик Зәки Ахметов Кенен Әзірбаевтың өмірі мен творчествосы туралы баяндама жасады. Июннің 29-30 күндері той ақынның туған ауылында өтті.

Коммунистік партия, совет үкіметі Кенен Әзірбаевтың еңбегі мен өнерін жоғары бағалады: Ленин, Еңбек Қызыл Ту, екі рет Құрмет Белгісі ордендерімен, көптеген медальдармен, жеті рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградтады. Қазақ ССР-ның Халық ақыны, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді, СССР Жазушылар Одағының, СССР Композиторлар Одағының мүшесі еді. Өзі айтқандай, партияның қамқорлығы арқасында, кедей Кенен өнердің дәл осылай, атақты перзенті болды.

Ақынның он жеті дастан, жүзге жуық ән, оннан астам айтыс, мыңға тарта өлең, халық қазынасын жинаған том-том қолжазбалары қалды. Ән, жыр жинақтары баспадан үздіксіз шығып түрды: “Өлеңдер жинағы” (1947), “Әли батыр” (1951), “Өлеңдері мен дастандары” (1953), “Әндері” (1955), “Өлеңдері

мен дастандары және ән текстері” (1961), “Өмірімнің әндері” (1961), “Шығармалар жинағы” (1967), “Аңыздар сыры” (1969), “Таңдамалы шығармалары” (1974), “Кенен Әзірбаев” (Таңдамалы шығармаларының екі томдығы, 1984), “Шырқа даусым” (Әндер жинағы, 1984), “Песни горы и степей” (орыс тілінде, 1984) т. б.

Екі бірдей ғасырды басынан кешкен Кененнің өмірі — өз халқының өмірі, оның тағдыры — өз елінің тағдыры еді. Ол ескінің соны, жаңаның басы болған ежелгі замандардан келе жатқан баба жыраулар дәстүрін жаңғыртып, оған жаңа мазмүн, жаңа сипат берген, жаңа дәстүрге айналдырған ұлы Жамбылдың ең үздік шәкірті болды, сөйтіп, ұстазының жыраулық, жыршылық, ақындық мектебінен өтті. Өмір бойы совет халқының ізгі арманын жырлады. Отанды, социалистік дәуірді эпикалық көлемде жырлайтын Жамбыл сияқты эпостық дәстүрді ұстанды. Сүйінбай, Майкөт, Бақтыбай, Құлмамбет, Сарбас, Жамбыл, Өмірзақ, Қалмырза, Тоғалақ, Тоқтағүл, Төкпе, Халық, Алымқүл, Османқүл секілді қырғыз-қазақ тілінде бірдей жырлады.

Кенен Әзірбаев — сан өнерді жарастырып тең ұстаған ұлы өнерпаз: жырау, әрі ақын, жыршы әрі күйші, әнші, әрі композитор, шежіреші әрі ел мұрасын сақтаушы үлкен қайраткер. Оның байтақ мұрасын халқымыздың биік эстетикалық мұраты есебінде ұрпаққа үздіксіз қызмет ете береді, ғалымдар тарапынан зерттеле береді. Қашанда оның аты үлы Жамбылдың есімімен егіздің сыңарындай бірге аталатын болады. Жамбыл мен Кенен маңдайындағы қос шырақтай, халық поэзиясының айы мен жүлдызындай, мәңгі бірге жасайды, домбыраның қос ішегіндей бірге күй шертеді, жыл асқан сайын арман, құдырет, аңыз адамдарына айнала береді, алыстаған сайын Алатаудай сұлуланып, биіктей береді. Өйткені, ол “өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтүғын артына сөз қалдырған” деп, данышпан Абай айтқандай, артына өлмейтүғын сөз, өшпейтүғын өнеге қалдырған ақын.

 

1984 жыл.

 

 

 

Арғынбай БЕКБОСЫНҮЛЫ,

Ақын, қоғам қайраткері

 

АҚЫН

 

Бұралаңы көп тіршілікте атақ-даңқы алысқа кеткен, бүкіл елге әйгілі қадірменді кісілермен кездесудің, аз-кем мәжілістес болудың сәті түсе бермейді ғой. Ал ондайдың орайы келсе, тағдырдың өзі сыйлаған оқшау олжа — сыйы дей беріңіз. Жақсының шарапаты деген де сол болар, жан дүниең жаңғырып, байып қалғандай сезінесің…

Бұл бұдан ширек ғасыр бүрын, 1959 жылы болған еді. Гүл құшақтаған мерекесі де, күлкісі қосыла жүретін қуанышы да мол мамыр айы аяқталып келе жатқан. Мен ол кезде облыстық радионың тілшісі болатынмын. Бір күні таңертең комитет төрағасы Көкіш Рысбаев шақырды:

— Жақсылықтың (Ж. Сәтібеков) Кенекең жөніндегі радиоочеркі жаман шыққан жоқ. Бірақ бұл аздық етеді. Жетпіс бес жылдығы жақындап келе жатқан ақын атамыз жөнінде күн сайын материал жариялап отыруымыз керек. Сен де барып қайт. Барып қайтуың тез, жазуың шапшаң болсын…

—  Анау теректерді көріп түрсың ба? Киров колхозы сонда, — деді өзім Отар станциясында жолшыбай жолықтырған жүк машинасының шоферы батыс жақты нұсқай түрып. Апарып тастай алмаймын, уақыт тығыз… Қазір-ақ жетіп барасың. Екі орта екі шақырымдай-ақ қой…

Таудағы құпия кен орнынан Отарға уран тасып жүрген бейтаныс шофер ауыр машинасымен түстікке, өрге қарай тартты да мен оң жақтағы жадағай жолға бұрылдым. Арқан бойы көтерілген күн көзі айрықша шұғылалы екен. Сауылдап құйылған сәулемен айнала тегіс жарқырап, әлі реңін жоғалтпаған көкорайдың қонағы — ертеңгі шық мың-сан көзбен жылы ұшырай ұшқындап тұр.  Көгілдір, ашық сары, қызғылтым дала гүлдері кейде бытырап жатса, кей тұста топырлай көрінеді. Жер — жаһанға, көкке еркелейтіндей тербеле теңселеді. Анау бір аласа жотада жайылып жүрген мама биелерді айнала жүйткіген құлын-тайдың кісінеген үні – талай белдің астында қалған балалықтың алыстан жеткен жаңғырығы, сағындырып жеткен сәлемі ме дегендейсің…

Мен бұл өңірде бүрын болмаған едім. Сондықтан бәрі де жап-жасыл бел-белестер де, арғы жағындағы Алатау ақ нар секілденгенде өзі соның ботасына ұқсап кететін, қазір де биіктеріне ақ жеңіл бұлттардан күн өтпесін дегендей күндік орап алған Қордай таулары да мен үшін таң сияқты… Айтпақшы,  бұдан жетпіс жыл бүрын мына өзім іздеп келе жатқан Кенен ата алғаш дүние есігін ашқан Мәтібүлақ қайда екен?.. Бұлақ таудың төлі болмаушы ма еді. Осыны расқа шығарсақ, Мәтінің де мына қалың қыртыс таулардың бір қойнауында болғаны ғой. Әлде… әлде осы маңнан сонау Балқашқа қарай созылатын атақты Аңырақайдың бергі бір шалғайында ма?.. Ал, ақынның әдемі бір әнін бәсірелеген “Ойжайлау” қай жақта?

Шыр…шыр…шыр… Еріксіз жоғары қарадым. Аспанның әлденендей биігіне шығып алып, бір нүктеден ауытқымай, шыр-шыр еткен құйттай қүстың көмейінде қалай тыным болмаса, кішкентай қанаттарында да сондай дамыл жоқ. Әліне қарамай әншісін қарай көр өзінің! Шыр…шыр…шыр… “Шіркін-ай”, дегенге де үқсап кете ме қалай? Нені аңсайды?.. Бозторғаймысың деген… Тоқтай қал! Кенекеңнің алғашқы әні де “Бозторғай” емес пе еді? Япырай, сонда дәл осындай сәбидің жұдырығындай ғана бейкүнә құстың, онысын өзі де сезбестен, жартылай жетім, бейбақ баланың қайғылы жүрегін дір еткізіп, алғашқы әннің тууына, сөйтіп тереңде жатқан өнер бұлағының бұрқырай шапшуына себепкер болған-ау, а? Ал небәрі он бір жасар, бірақ бесіктен белі шықпай жатып-ақ күллі өміріне жетерліктей тақсіретті тартып үлгірген бала Кененнің сол бір әнін тұла бойың шымырламай, жанарыңа жас іркілмей тыңдау, “сандалып қой артында әзер кешке” жүрген мүңлықтың туа біткен талантына табынбау мүмкін бе? Әндегі қарапайым табиғилық пен данышпан сұлулықтан табысуын, қабысуын қараңызшы. Ғажап қой, ғажап!..

…Атаның құттыханасын алыстан-ақ айырғандаймын: көшенің бас жағындағы онша ауқымды болмаса да еңсесі биік ақ үй көк сырлы шарбағымен қосыла келе көз қуантады екен. Үйдің көлеңкесіне, биіктеу сәкі үстіне жағалай жайғасқан ақшаңқан кимешекті кейуаналар ортасынан отағасының өзі де көрінді. Кесек мүрынды, аппақ ұзын сақал-мүртты, ат жақтылау ашаң қоңырқай жүзі, әлі нүры таймаған, байсалды мейіріммен қарайтын көздері — бала жастан газет-журнал, кітаптар арқылы әбден таныс аяулы бейне!

— Ассалаумағалейкум! — Қысыла берілген сәлемімді ықыласпен алған ақсақал қасынан орын үсынды. Арғы жағында қымыз құйып отырған ақ жаулықты ана — Кенекеңнің бәйбішесі Нәсиқа апамыз екен. Ақын ата: “Нәсиқа, балама қымыз құй, шөлін бассын,” — деді де қолына домбырасын алды. Әдемі бір әуенмен шырқап қоя берді. Жарықшақ араласпаған бүтін, мақпалдай жұмсақ қоңыр дауыс. Дастарқан басында отырған көзкөргендердің бас-басына бір-бір ауыздан сыбаға тарта бастаған өлең тап қазір туып жатқан секілді. Ақынның жарасымды әзілімен араласа сонау алыс қиырда қалып кеткен жас дәуреннің жақсы да қызыққа толы қимас сәттері көз алдына елестеп кетті ме, әйтеуір, қариялар жағы күлумен отыр. Айта кететін жәйт – мен бүл өлеңді одан кейін ешқашан естіген емеспін. Бәлкім, бір жола үшты-күйлі жоғалған болар. Ал Кенекеңнің ұзақ ақындық өмір жолында мынадай тез туып, тез ұмыт болған ән-жырлары қаншама! Әлгі әнді заматында магнитофонға жазып алмағаныма әлі күнге өкінемін… Әнге де, қымызға да қанған қариялар үй иелеріне алғыс айтып тарасты.

— Иә…ә, Нәсиқа, — деп ақсақал зайыбына күле сөйледі, — біздің мына замандастарымыздың бет-жүзінен баяғы әдеміліктің ізін де таппай қалдым-ай? Өлеңді босқа шығын қылғам жоқ па өзі?!…

— Пай-пай, жазған-ай, әуелі өз түріңе қарасаңшы… Іздегеніңді тауып қаларсың, бәлкім! — деп Нәсиқа апай қалжыңның қарымтасын қайтарғандай болып еді, Кенекең қиялай тартты:

— Менің жөнім бөлек қой, әйел емеспін… Бірақ, қайткенде де шын сұлулық беттің әрінде емес, жан жүректің нәрінде болуы керек, — деп әлгінде әзілмен басталған әңгімені байыппен аяқтап, маған бүрылды.

— Шырағым, шал болғанда көресің әлі, ән айтсаң, әңгіме айтсаң да, әйтеуір, бұ жарықтық кемпірлердің көңілін аулап қоймаса болмайды. Құдайдан да күшті құдырет қой бүлар! — деп Кенекең қуақылана жөткірініп, жайраңдай күлді. Күлген өзіне де, күлгенін көрген өзгеге де күншуақ сыйлайтын таза, кінаратсыз күлкі.

— Иә, жол болсын, балам?

— Мен қысқаша жөн-жосығымды айттым.

— Дүрыс, келгенің жақсы. Мейман боласың. Жата – жамбастап әңгімелесерміз. Түрлі газет-журнал, радиодан, кинодан бірсыпыра балалар келіп кетті. Менің жасымды сыйлап, естеріне алған кісілерге рахмет. Әйтпесе ана бір жылдары біздің үйге бас сүғатын адамдар азайған да кез болған… Қарт кейінгі сөздерін біртүрлі мүңдана айтты. Кейін білсем, оның себебі де бар екен. Кенекең елуінші жылдардың бас кезінде қатты сырқаттанады да алты жыл бойы төсек тартып жатады. Ол кезде үйі Отарда болады. Елге ес болар, ізет-ілтипатты білер дейтіндей жергілікті кісілер, өкінішке қарай, ақынның жайсыз жағдайын бірте-бірте ұмыта бастайды, тіпті басқасы былай түрсын, табалдырықтан аттаудың өзін сиретеді. Бірақ қарт жырауды қазақ әдебиетінің классиктері Мұхтар Әуезов, пен Сәбит Мүқанов естерінен шығармайды. Келіп тұрады, қажетті жәрдемді беріп түрады.Сол аяулы азаматтардың тікелей араласуымен Жазушылар одағынан қаржы бөлініп, Кенекеңе арнап Ұмтыл ауылынан (қазіргі Кенен ауылы) үй-жай салынады. Таудың саф таза ауасы, туған табиғат, ең бастысы, ел көңілі бірте-бірте ақын денсаулығын қалпына келтіреді, жанын серпілтеді, шабытын қайта шалқытады. Жаңадан ән-жыр туа бастайды…

— Өзің қай жерліксің, балам?  деп сүрады Кенекең. Аз- кем үнсіздіктен кейін.

— Свердлов ауданындағы Суханбаев колхозынанмын.

— А…а, Ағаділ батырдың ауылынан болдың ғой. Дүрыс екен. Атамзаманнан бері әр халық өз батырларын қадір тұтқан, мақтан еткен. Қазір де солай. Өйткені халықтың өзі де әр түрлі қан-қүйлы жаулардан аман қалғаны үшін де ер боп туған перзенттері алдында қарыздар ғой. Қобыланды, Алпамыс, Едіге, Қарасай, Қази, Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек секілді батырлар заманынан бері арада қанша ғасыр өтті. Сөйтсе де қасиетті халқымыз олардың бірде-бірін ұмытқан жоқ қой. Ерлер жөніндегі ел аузындағы дастандар қанша ма! Халықтың қаһармандарына деген қадыр-құрмет осы да! — деп Кенен ата үлкен бір толқу үстінде сөйлеп кетті. “Ақынның жыр толғайтын шабытты шағы осындай болар ма, бәлкім, — деп ойладым  мен.

— Тіпті мына сөздерінің өзі өлең емес пе!”— Ал Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігі ерекше. Өйткені олар бір ғана халықты емес, бір ғана ұлтты емес — ондаған халық пен ұлттың ортақ Отанын — біздің Кеңес елі дейтін Ұлы Отанымызды кеудесін бораған оққа тосып қорғап қалды. Балам, сен Ағаділ секілді ағаларыңды мақтан етуге тиіссің! Батырдың топырағы торқа болсын!… Ақсақал қос алақанымен жүзін сыйпап өтті. Аз үнсіз қалды да енді баяу, бәсең дауыспен сөзін қайта жалғады.

— Байқауымша, әр заманда батырлар мен ақындар қаһармандық пен жыршылық дәстүрге айналған елден көп шығатын секілді еді. Ақаділге дейін, ертерек кезде ауыл, аймақтарыңнан көпке танымал батыр немесе ақын шыққан ба еді? Содан хабардармысың, шырағым?

— Ақындар жағын қайдам, марқүм әкемнің айтуынша… айтпақшы, тірі болғанда ол кісі де жетпіс беске келетін еді…

— Мен атаңмен қүрдас болып шықтым ғой онда. О кісі қашан қайтты, кім болған еді?

— Ілгерірек дәулеттілеу екен, кейін колхозда жылқышы болған, қырық екінші жылдың қысында моңғолдардың қызыл   әскерге жәрдемге берген жылқыларын айдап келе жатып суыққа ұрынып, сырқаттанады да содан айыға алмастан дүние салған.

— Иә…ә, онда барлық жерде майдан еді ғой… Шүкірлік, жарықтықтың өмірі өздерің арқылы жалғасып жатыр екен. Ал сен өзің біздің Көркемжанмен қатар көрінесің, “әкесі құрдастың баласы құрдас” деген, дос-жаран бола жүріңдер, қарақтарым… Иә, сонымен жаңағы әңгімені жалғастыршы, атаң не айтатын еді?

— Біздің елде ертеректе Қосы деген батыр бабамыз болған екен. Жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде талай ерлік көрсеткен көрінеді. Батыр бабаның ақ сауыты мен қара шаңырағы әлі күнге дейін де тракторшы болып істейтін Сайлау дейтін ініміздің үйінде сақтаулы түр.

— Қосы батыр деймісің? Бәрекелді-е-е… Тұра тұр, балам… Естігеніне немесе көргеніне көп заман өткен бір жайларды еске түсіргісі келді ме, әйтеуір, Кенекең бірталай уақыт үніз отырып қалды да, кенеттен серпіле сөйлеп кетті.

— Туу, әрең еске түсірдім ғой! Ұмытпаппын ғой!

…Бәріміз де Бәйдібектен, оның ішінде Дулаттан тараймыз ғой. Ал Шымырдан шыққан Қосы батыр Сәмбетүлы менің алғашқы ұстаздарымның бірі, атақты Балуан Шолақтың арғы атасы еді ғой! Міне, қалай! Бабасы жөнінде Балуанның өзі талай рет айтқан еді ғой!…

Әлгіндегі бір толқулы күй Кенекеңді қайта тапқандай. Көзінен бір ардақты асылын қапияда жоғалтып ап, қайта қолы жеткендей қуаныш оты ұшқындайды. Бірақ, оның есесіне менің санама бір жымысқы ой үрланып кіре бастағандай: қүрметті ақсақал бүл тұста адамдарды шатастырып отырған-ақ шығар. Бірақ, бүған ол кісі кінәлі ме, жетпіс бес деген оңай жас емес қой… Өмір озады, адам тозады…

Мен ақын атаға өз ойымша мейірбандылықпен кешірім де жасағандаймын… Балуан Шолақты өзім де жақсы білемін, — тамаша ақын, композитор, күміс көмей әнші, бүкіл қазақ сахарасына әйгілі, жауырыны жерге тимеген балуан. Өткен ғасырдың аяқ кезінде аты шулы Қоянды жәрмеңкесінде орталықтан келген цирк балуаны Каронмен күресіп, қарсыласының қабырғасын сындырғанын кім білмейді. Оның үстіне Сәбит Мүқановтың “Балуан Шолақ” повесін оқымаған қазақ бар ма. Міне солардың бәрінде де Балуанның өмір сүрген, өскен ортасы Көкшетау оязы демеуші ме еді…

— Ата, Балуан Шолақ Көкшетау өңірінен емес пе еді? Ол кісі қалайша Қосы батырға ұрпақ, сізге ұстаз болды? Әлде осы жаққа да келген жайы бар ма еді?

— Келгені былай тұрсын, бұл аймақ оның ата мекені ғой…

О, бұл бір үлкен тарих. Бәрін айтып беремін. Ал қазір үйге кірейік, мына жер ысып барады. Көлеңкеңнің өзі де… қарт кісінің өміріндей азайып бара ма, қалай… — Осыны айтып орнынан түрды. Мен бірінші рет ақын атаның тұтас бой түлғасын көрдім. Үстіне кигені кереге көзді жейде, балағы жеңіл хром етіктің қонышына сүғылған қара шибарқыт, шалбар, тақияның сыртында ши қалпақ. Сәл еңкіштеу болғанымен, биік те ашаң түлғасы сымбатты-ақ. Жасындағы кербездік, сал-серіліктің белгісіндей баяулау қимыл мен тұлғасының туасы әдемі бітімі әлі де үйлесімді, жарасымды көрінді.

— Қалы кілем, оюлы сырмақ төселген кең де салқын бөлме жайлы тыныс жай ғана емес, еркін, ұзақ әңгімеге де бейімдегендей екен. Қүшаққа сыйғысыз мол ақ жастыққа жантайған ақсақал папирос түтатып, бір-екі рет қүшырлана сорды. Барқыттай жағымды, баяу дауыспен әңгімесін қайта жалғады.

— Өзің білетін де шығарсың, біздің халықтың бостандық тілеп, бақыт іздеген жолы ұзақ та, азапты да болды ғой. Азаппен қоса мазақты да көп көрген қазақ қой ол!.. Өткен ғасырдың ортасы ауған шаққа дейін Қазақстанның оңтүстігі зұлым да зымиян Англияның қолжаулығы Қоқан хандығының қол астында қалып келді емес пе. Мұндағы елдің күні қараң болатын: күнде қорлық, күнде зорлық. Шаңқай түсте шабыс, табанға басылған намыс… Ел сорлы не көрмеді!… Жамбыл атаңның “Сұраншы батырын” оқыған шығарсың?

Мен үнсіз басымды изедім.

— Онда есінде ме, дастанның бір жерінде Қоқанның қылқан мойын сарбаздары тоғыз қыз, тоғыз жігітті өкшелей қуып, әлгі бейбақтардың қолға түсіп қор болғанша өлгенді артық керіп, бәрі бірдей Шудың суына батып кеткені айтылушы еді ғой?

— Иә, есімде. Ондай сұмдық есте қатып қалады ғой.

— Ал, сондай қасырет-қаза о заманда әр ауылда-ақ боп жататын. 1864 жылдың көктемі жаңа шыққан кезде Қоқандық жаналғыштар өздерінің кезекті зорлық орны етіп соның аз-ақ алдында ілгеріде аталары кеткен Арқадан көшіп келіп Хантауының батыс жақ етегінде отырған Баймырза ауылын таңдайды. Қару-жарағы сай бес жеңдет малды талап алған соң жас қыз-келіншектерге қиянат жасамақ болады. Міне осы шақта ауыл адамдарының да төзімі таусылады. Ер азаматтар зорлықшылардың бәрін өлтіріп, Шудың суына батырып жібереді. Баймырзаның ерен-жарандарына енді туған өлкеде қалу елімге бас тігумен бірдей еді. Тоқпақтағы, Бишкектегі немесе Меркі мен Әулиеатадағы қоқандықтардың бекінісінен жендеттер жедел жетіп, бүкіл ауылды қырып тастауы әбден мүмкін болатын. Ол жағын ойластырған көреген Баймырза бүкіл ауылымен сол күннің кешінде-ақ теріскейге — Көкшетаудағы қайын жұртына үдере көшеді. Қауіп-қатері мол осынау ұзақ та ауыр жолда Баймырзаның ұлы, Қосы батырдың ұрпағы бір жасар Нүрмағамбет те кете барады.

Кенекең өшіп қалған папиросын қайта тұтатып, көк түтінді сораптады. Темекі тартуының өзінде бір маңғаздылық, сыпайылық байқалғандай.

— Міне сол Нүрмағамбет араға қырық жыл салып, осы ғасырдың бас кезінде түңгыш рет ата мекеніне келді. Құдіретті күшіне орай халық сыйлаған Балуан Шолақ есімімен келді. Бүл тұста патша әкімдері мен жергілікті үлық-төре жуандармен үнемі жұлқыста, қақтығыста жүргеніне қарамастан, оның даңқы бүкіл Сарыарқаны дүрілдетіп түрған болатын. Өзінің тоғыз жолдасымен келген Балуан Жетісу өңіріндегі әйгілі шешен Ноғайбай Дәулетбақүлынан кейінгі белгілі кісі Еркебай Базарүлының үйіне түседі. Әжептеуір сауатты, көкірек көзі ашық қадірменді Еркебайдікінс кезінде үлы Абай, атышулы ақындар — Шөже мен Майкөт, Жамбыл мен Шашубай, Майлықожа мен Қүлыншақ, қырғыз ағайындардың мақтанышы Тоқтағүл секілді небір дүлдүлдер болған. Балуан Шолақ ағамыздың Жетісуға келуі тұсында мен әлі жап-жас жігіт едім. “Бозторғай”, “Ри, қойым”, “Көкшолақ” секілді әндерім кең даланы шарлап кеткеніне қарамастан, мен сол далада әлі бай қойын жайып жүруші едім. Міне, сондай кезде, күзгі бір кеште Еркебайдың көмегімен алғаш рет атақты Балуан Шолақты көрдім… Шіркін ол кісі құдіретті қара күштің ғана иесі емес, ән-жырдың да сұңқары еді ғой. Мен сол жолы Балуанның өз әндерімен қоса түңғыш рет Біржан салдың, Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, Әсеттің бой балқытар сыйқырлы әндерімен таныстым. Балуан Шолақтың бір-екі әнімді тыңдап болып қүшағына қысып, бетімнен сүйгені, ағалық ақ батасын бергені күні бүгінге дейін есімде… Көп кешікпей Балуан аға, Еркебайдың жәрдемімен қойшылықпен де қош айтыстым. Балуанның Жетісуды, Әулиеатаны, Шымкент жағын, мына қырғыз елін аралаған талай сапарларында серік болдым. Жалпы, сол тұстарда ән айтуда Балуан Шолақ пен Әсетке, өлең шығаруда өзіміздің Сарбас ақынға еліктеуші едім… Иә… менің үстаздарым ұлы кісілер еді ғой. Мүның өзі тәңірдің маған сыйлаған үлкен бақыты болар…

Осыны айтып, Кенен ата домбырасына қол созды. Салалы саусақтар қос ішектен өзгеше әуенді, кейде нәзік, кейде серпінді үн шығарды…

— Ата, енді Жамбыл жәкеңіз жайлы айтыңызшы, — дедім мен Кенекең домбырасын жанына қойған соң.

— Мен ол кісі жайлы тап қазір біраз жайларды айтып та   тастағаным жоқ па, — деді ақсақал қулана жымиып. Жаңағы естігенің Жәкеңнің сүйікті сарыны ғой… — Иә, мен Жәкеңе елу жылдай серік болған кісімін.

Інісіндей, баласындай десе де болады, қатты жақсы көруші еді. Дүниеге сирек келетін Жәкең секілді алыптар жайлы айту да оңай емес, қарағым. Тіпті ақындар үшін де қиын… Айтпақшы, мен о кісі жөнінде бірдеме жазуды көптен бері ниет қылып жүруші едім… Осыны айтты да есік жақтағы шкафтан қалың дәптерді алып маған үсынды. Араб әріптерімен жазылған екі- үш беттен ең алғашқы “Жамбыл — жыр” деген сөздерді әрең шығардым. Жәкеңнің алдында мен өле-өлгенше борыштармын деп, Кенен ата тағы да ойланып қалды…

Бүл жерде алдын ала айта кетейік, парызға адал Кенен ата үлы ақынның рухы алдындағы борышын абыроймен ақтады: он жылдан кейін, сексен бес жасында өзінің таңдамалы шығармалар жинағында “Жамбыл – жыр” атты өзінің тамаша дастанын жариялады.

— Жәкеңді де мен алғаш рет осы ғасырдың бас кезінде қырғыз ағайындардың үлкен бір тойы үстінде қос халықтың небір саңлақ ақындарының арасынан көрген едім. Сол кезде алпысты алқымдап қалған кісі екен. Қоңырқай, шабытты жүзі өлең айтқан кезде оттай жанатын қос жанары әлі күнге көз алдымда қалып қойыпты. Ал о кісінің өлеңін көкке, күнге самғаған самұрыққа да, таудан қүлаған тасқынды өзенге де ойша теңегенім әлі есімде. Шынында да, Жәкеңнің жыры жыр емес, қара нөсер еді ғой, мына қиын да күрделі дүние туралы, адамның адамдығы мен надандығы туралы айтылатын сүңғыла сырдың селі еді ғой. Жәкеңнің ақыл-ойының алғырлығы мен тілінің ұстарадай өткірлігіне таңқалмасқа болмайтын. Егер ол кісі біреуді сөзбен сынаса, ол ендігі жерде елдің көз алдында тірі жан емес, тірі өлік қана болып көрінетін, ой, несін айтасың, шырақ, баяғыда талай менменесі асқандар Жәкеңнен армансыз-ақ сазайын алды ғой!… Ал Отан соғысы жылдарында үлы отаншыл Жамбылдың аузынан шыққан қаһарлы сездер Мәскеудің босағасында, Ленинградтың іргесінде фашистермен шайқасты! Оны ел біледі, әлем біледі…

Міне, сол алғашқы кездесуден кейін Жәкеме әнім ұнады ма, жаным ұнады ма, жас айырмашылығымыз қырық жылдай болса да жиі көрісіп түратын болдық. Ұстазымның қайғысына да, қуанышьша да ортақ болған жайларым көп. Ол кісіге атқосшы бола жүріп, қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен алғашқы онкүндігіне, грузиннің баяғыда өткен үлы ақыны Шота Руставелидің әйгілі “Жолбарыс терісін жамылған батыр” дастанының 750 жылдығына арналған Тбилисидегі салтанатқа қатыстым. Жәкеңнің Кеңес үкіметінің басшыларымен   кездесуінің куәсі болдым. Ақындар атасының талай өлең, жыры менің көз алдымда туды. Жәкең, шіркін, аса парасатты кісі еді ғой. Сонау отызыншы, қырқыншы жылдары атақ-даңқының айдай әлемге жайылғанына қарамастан, сол қарапайым, кішіпейіл қалпынан титтей де тайған жоқ. Ол кісінің ойда жоқта Базар, Назар атты екі үлдан қабат айырылып, қарс ұрып қалғанымда жұбатқаны да, кейініректе, отыз тоғызыншы жылы Көркемжан туғанда Иірсуға арнайы келіп, Нәсиқа екеумізді өлеңмен қуана құттықтағаны да әлі есімде!.. Қазір кітап баспаларында, осы күнгі ақындардың өздері де өлеңді жол дейтін бірдеңемен өлшейтін көрінеді, — деді Кенекең аз-кем үнсіздіктен кейін күліп. Ал біздің Жәкең сондай жолдардың қаншасын шығарды екен? О, миллион,… миллиард шығар. Көпшілік Жамбылды бақыты жанған ақын дейді. Ал егер әлгі ең болмаса есеп-қисабы алынбай, жоғалып кеткен жолдарды еске алсақ, онда қалай? Бақытты ма, бақытсыз ба? Мол мұрасынан айрылғанына кім кінәлі? Мүмкін, ақынның ғасырлық өмірінің төрттен үші еткен ескі заман, қараңғылық кінәлі болар… Ол кісі өзінің өлең-жырларынан өзге қазақтың барлық батырлар хиссаларын, қырғыздың “Манасын”, “Көрұғылыны” Фирдаусидің “Рүстем-Дастанын” күні-түні жырлауга бар еді. Ал олардың қанша жол болатынын кім есептеп көрген?! Жәкеңмен салыстырганда біз — далбасамыз ғой!…

Осылай деді де Кенекең қайтадан темекі қорабына қол салды…

“Иә, Жамбылдың суырып салушылық дәстүрі атам заманнан қалыптасқан, үлкен биікке көтерілген қазақтың халықтық поэзиясындағы Эверест шыңындай заңғар тұлға екені рас. Бұл ешқашанда күдік тудырмаса керек… Осындай бір ой келгенмен ақсақалдың кейінгі сөздерінің ақиқаттығына іштей қарсыласа бастадым…”

“Бірақ, таулар жалғыз ғана биік шыңнан тұрмайды ғой. Олардың басқа да әртүрлі шоқылары, құздары болады. Қазақ поэзиясы мен музыкасындағы сондай әдемі биіктердің бірі — Сізсіз. Сондықтан өзіңізді – өзіңіз кеміте беруіңіз келіспейтін нәрсе, қымбатты ата. Олай етуге тіпті негізіңіз де жоқ қой. Кішіпейіл болуды қанша қалағаныңызбен, өзіңіздің бай шығармашылық қазынаңыз тым кішіреюге мумкіндік бермесе керек. Сіздің “Әли батыр”, “Қырғызбай”, “Он алтыншы жыл” секілді тамаша дастандарыңызды, талай кітаптық өлеңдеріңізді, айтыстарыңызды кім білмейді. Ал, қазақ музыкасының достары,   композиторлар Александр Затаевич, Борис Ерзакович, Латиф Хамиди, Сергей Шабельский өзіңізден жазып алып, нотаға түсірген 160 тан астам әніңізді қайда жасырамыз? Тіпті оларды жасырудың өзі мүмкін емес қой. Өйткені әндеріңізді бар жерде халық айтып жүр. Өзіңізді сүйетін, төбесіне көтеретін туған халқымыз айтып жүр. Енді, ата, өзіңіз-ақ төрелігін айтыңызшы: менің осыларым уәж бе, жоқ па?… Жоқ, Сіз ешқандай да далбаса емессіз, Михаил Шолохов өзі білетін негіздерге сүйене отырып, ұлы халық деп атаған қазақ халқының да жарық дүниеде өмір сүріп жатқанын планетамыздың талай еліне мағлүм еткен ұлы Жамбылдың лайықты шәкіртісіз, сенімді ізбасарысыз…”.

Менің Кенен атаммен осылайша іштей пікір таластыруым созыла берер ме еді, кім білсін, егер бөлмеге енген Нәсиқа апа:

— Тамақ дайын болды, дастарқанға келіңдер, демегенде…

Дастарқан басында отырып, Көркемжанның Алматыға Төрткен әпкесіне кеткенін білдім. Ал Төрткеннің есімі де, дауысы да таныс болатын — Кенекең әндерін айтқанын радиодан талай рет естігенім бар. Нәшіне келтіріп айтады. Әкенің әншілік таланты белгілі дәрежеде балаға да ауысқан секілді. Несі бар, табиғи жай ғой…

— Тамақ ал, балам, үялма. Мезгіл-мезгіл Нәсиқа апа бүлай демесе де, мен қысылып отырмаған сияқтымын. Кейбір үйдің есігін жүз мәртебе ашсаң да, жатырқай беретінің болады. Ал мүнда мүлде олай емес. Оң жағымдағы Кенен ата кейде туған әкеме ұқсап кеткендей ме, қалай… Мүмкін бүл тым ерте көз жазып қалған әкеге деген санадағы сарытап сағыныштың әсері шығар. Бәлкім,  мына қос қарияның кіршіксіз көңілдерінен болар…

— Бақытжан әлі бастаудан келген жоқ дедің бе осы? — деп Кенекең Нәсиқа апаға бүрылды.

— Иә, баламысың деген, балыққа үқсап судан шықпайды… Дегенмен, қазір бірер сағат демалғаннан кейін, біз де барып жуынып қайтпаймыз ба? Сөйтсек қайтеді, балам?

— Мақүл, ата!..

…Теңбіл көк тай мен торы биені ерттеп ауылдан тауға қарай беттегенімізде, күн бесінге таянып қалған еді. Түстің отпен тыныстаған аптабы басылайын депті. Қордайдан ескен майда самал бет-жүзді аймалап, еркелететін секілді. Жаныңды желпіндіріп, қарымтасына өзіңнен әнші болмасаң да ән тілей ме, қалай. Және үнсіз, нәзік қылығымен-ақ дегеніне көндірмей қоймайтын да сияқты.

Кенекеңе қатарласа бере бір әуен естілді. Ән салып келеді екен. Таныс ән. Әсіресе, қайырмасы. “Қордайдың сағындым ғой, шіркін-ай, қоңыр желін!” мұңға толы, аңсауға толы “Ой бұлбұл” әні ғой. Қүлағым әнде болғанымен, көңілдің көк дөнені алыс бір шалғайларды шарлап кеткендей…

1916 жыл. Азап пен тозаққа төзе-төзе төзімі таусылған қазақ халқы патша өкіметі мен жергілікті әкімдерге қарсы көтеріліске шығады. Торғай даласында ардагер Аманкелді семсер суырса, Жетісуда ереуіл атқа ер салған елді Бекболат батыр бастапты. Меркіде Ақкөз батыр мен Тұрар Рысқүловтың сарбаздары майдан ашады. Қордайдың бейнеткештері Әли батырдың туы астына жиналады. Сол атойлы топқа Кенен де қосылып, жалшыларды жалынды жырымен жебейді.

Алайда, күштердің ара салмағы тым кереғар еді. Патшаның мұздай қаруланған жазалаушы отрядтары көтеріліс ошақтарын бірінен соң бірін өшіріп, елді басып жаныштайды. Шірік қүрылысқа, отаршылдыққа қол көтергендердің көпшілігі Октябрь төңкерісінен аз-ақ бүрын атылады, асылады. Кенекеңнің қырғыз ағайындарды паналап, аман қалуының сәті түседі…

— Біздің ауылдың көлі осы болады,— деген Кенен атаның сөздері мені бір қорқынышты түстен құтқарғандай әсер етті.

Құрылысшыларға рахмет, былтырлары суды бөгеп, осыны салып берген. Әсіресе, балаларға таптырмайтын рахат болды.

Көлдің көлемі де тереңдігі де әжептеуір көрінді. Кенекең су сақалына жеткенше ілгерілеп барды да бет-жүзіне су себелеп, асықпай жуына бастады.

— Ата, суға сүңгіп, біраз малтысаңыз жақсы салқындайсыз.

— Мен жүзу білмеймін ғой, балам. Оның үстіне салқындайтындай кәрі денеде қызу көп болмайды…

“Жарайды, онысын жетпіс беске келгенде көрерміз!” деп мен іштей күлдім де өзімнің туған Қарасуымдағыдай көл қүшағына алаңсыз кіріп кеттім. Осы бір рахат тірліктің қаншаға созылғанын қайдам, бір уақытта өзімнен үш-төрт метрдей жерде тұрған Кенекеңе көз салып едім — жоқ. Жағада да жоқ. Жүрегім су ете түсті. Ақсақалдың тұрған түсына қарай суға қойып кеттім. Абырой болғанда қимылдап жүрген сүлбасы көзге тез шалынды. Жандәрмен қолынан жұлқа тарттым.

— Атаңды су түбіндегі Сүлейменге барар жолынан қайырдың ғой, қарағым. Алла риза болсын! — деді ақсақал жағаға шығып, демін алған соң. Байқаусызда аяғым тайғанап, бір шүқырға түсіп кеткенім. Шығайын деп тырбансам әлгі текпішек кір сабындай жылпылдап табанымды басқызсайшы кәнеки… Өлім хақ қой, одан қорқып қайтейін. Аз жасаған жоқпын. Бірақ бұлайша қайту келіспейтін- ақ шығар. Оның үстіне ертеңгі күні тойға келетін мың-сан ел, әсіресе, Есдәулет ақын секілді өз қатарым: “Ау, мына Кенекеңнің қонағынан қашып кеткені несі?” деп күліп жүрсе, ұят қой құрысын!…

Әзіл сөзге екеуміз қосыла күлдік. Сөйтсек те мені бір ой мазалай берді: “Егер енді бірер секунд кешіккенімде, не болатын еді?… Қой, мұндайды, жалпы жаманшылық атаулыны әсте ойламау керек”. Мен онда қымбатты Кенен атамыздың әлі де он алты жыл бақытты өмір сүретінін, сөйтіп, тоқсан екі жасында барып мәңгі тыным табатынын да ойлаған жоқ едім, әрине…

— Иә – ә, сонымен мен су түбіндегі Сүлеймен патшаға сәлем бере жаздадым-ау жаңа, — деп Кенекең көңілдене сөйледі, ауылға қайтып келе жатқанымызда. Бірақ, оның өкініші жоқ. Ақиқатын айтсам, Жәкең сияқты мен де еш қандай патшаны – судың астындағысын да, жердің бетіндегісін де онша сыйлаған емеспін. “Патша” дегеннен шығады, он үшінші жылы Романовтар түқымының таққа отырғанына үш жүз жыл толды, соның тойы болады деп жеті ояз елді Алматыға жинасын кәні. Баяғы Еркебайыма ілесіп мен де бардым. Ұлықтардың үясын көргенім де сол. Көпшілігі қабан қияқ, қасқыр тіс болады екен. Тігілген үй, қаптаған халықта қисап жоқ. Шоқтай боп нөкерімен жандаралдар тұр. Сарыала қылыш асынған кілең ояз, стражник, старшын, приставтар мойнына знак таққан болыс-билер… Бір уақта ақындарға: “Ақ патша екінші Николайды, ұлы князь Алексейді өлеңмен мақтаңдар!” — деген жарлық қылды. Ортаға жасы үлкен Жәкең шықты. “Не дер екен?” деп біз тұрмыз. Жәкең бөгелген жоқ, жыр бұлағын селдетті-ай келіп. Бірақ, патшаны мақтап емес, қақтап жатыр!

 

— Патшаның тойы бұл болса

                                    Жоқ-жітікке қараспай,

                                    Неменесін мақтайын,

                                    Ағзам патша адасты-ай!..

 

Осылай сойсын-ақ келіп!… Үш жүз жыл бойы шені биік шерменде жағымпаздар жалықпай жапсыра берген ақ патшаның абыройы айрандай ақтарылды да қалды. Ұлықтардың төбе шашы тік түрды. Жамбылды халық мақтап, болыс біткен боқтап жатыр. Стражниктер алпыс жетідегі ақсақальмызды алдына салып айдады да кетті. Ақыры қазақ, орыс, үйғыр боп, қалың халық наразылық айтып, Жәкеңді түрмеден әрең босатып алды. Әйтпесе, кім білсін патша ақсақалдың ақтығына қараушы ма еді, қырғыздың ұлы ақыны Тоқтағүлға үқсап Жәкең жарықтық Сібірдің ну қарағайында кісенін сылдырлатып жүрер ме еді, кім білсін!…

Тыңдаған сайын өмірде ешбір мектептің есігін ашып көрмеген, өз талабымен-ақ сауатын ашқан Кенекеңнің ұланғайыр біліміне, алғыр ақылына, жалпы ете зерек ойлау жүйесіне сүйсіне қайран қалумен болдым. Сондай халде оның айта қаларлықтай мазмұнды өміріне ойша бойлап кетсем керек… Мінеки, жиырмасыншы жылдардың басы. Кенен — ауыл кеңесінің төрағасы. Кенен — Қордай болыстық революциялық комитетінің төрағасы. Міне, ол Лениннің қазасын естісімен жасты көзбен халық алдында азалы өлеңін айтып тұр.

1934 жыл. Кенекең Қордай жеріне келген Сергей Миронович Кировты дәм-тұзбен, әнмен қарсы алып, дос-жаранның әңгімесін шертіседі.

1941 жылғы 3 шілде. Радиодан И. В. Сталин сөзін аяқтады. Тап сол жерде, репродуктордың түбінде елге қарап тұрып Кенен “Біздің Отан жеңеді” әнін шырқайды.

1944 жылдың қара күзі. Біздің Қарасу ауылы. Жар басында Қызыл жүлдызды пилотка киіп, қызыл погон таққан жеті жасар бала — мен түрмын. Өзекте ми батпақты кеуделеп американдық “Студебеккер” машинасы зорыға үн салып, өрлеп келеді. Қорапта балғын жүздері әбден тотыққан менің айналайын жеңешелерім — майданда қаза тапқан яки батыстағы алыс бір қиырларда жаумен жағаласып жатқан бауырларымның жаны жаралы жұбайлары. Бәрі қосыла ән салып келеді, сағынышқа толы аса мүңды ән. Әсіресе:

                                 — Е-ей, күйгенім-ай,

                                 Есен-аман жүрмісің, сүйгенім-ей!- деген сөздер аһ ұра от-жалынмен айтылып, сай-сүйекті сырқыратады. Кейін білдім, осынау әнді келіндеріне арнап шығарған да Кенен Әзірбаев екен.

…Кешке Кенен ата қолқамызды жерде қалдырмастан көп ән айтты. Олардың әр түрлі сезім бояуы қаншама мол әрі қанық десеңізші! Мен өзіме-өзім ол әндерді тыңдап емес, өзіме де беймәлім бір тәсілмен ішіп отырған секілдімін. Иә, ішіп отырдым. Басқадай айту, сондағы әсерді өзге сөзбен жеткізу мүмкін емес! Осындай күйде алдымдағы атама көз алмастан қарап отырып, бір түйінге келгендеймін: халқының халі қашан да, қас қағымдай сәтке де көңілінен өшпейтін, бойындағы, ойындағы бар асылын соған ғана арнайтын Қорқыт ата, Асан қайғы, ертедегі гректің Гомері мен ежелгі ұлт-ұлысы мәлімсіздеу Боян секілді абыздар дәл мына кісі тәрізді емес пе еді! Бірақ бұл кісі елінің де, біздің де бақытымызға қарай, қазіргі заманның абызы! Кенен ата — кен ата!…

Кеш дамылдасақ та көпке дейін көз ілінбеді. Бір ғана күннің еншісіне тиген осыншама әсер, данышпандық пен шынайы рухани сұлулықты тым жақыннан сезіну ойды оята берді. Тағы бір түйткіл және түрткілейді, бар естіген білгенді сана сарқа сіңіре алар ма?

…Сәскелік дәмнен соң ендігі шақта мен үшін де аса бір қымбат, қимас жандарға айналған үй иелеріне алғысымды айтып, жүруте үлықсат сұрадым.

— Тойға кел, балам, — деді Кенекең қолымды алып. Одан кейін де, біз секілді шалдарға сәлем беру үшін болса да кеп тұр, қарағым.

Мен уәде еттім…

 

***

Бірақ мен онда абызбен кездесуімнің басы да, аяғы да осы екенін білген жоқ едім. Тағдырға жөн болған шығар, о жолғы тойына да, сексенге, тоқсанға толған тойларына да бара алмадым. Шыңғыс Айтматов, секілді заңғар жазушылардың атамызға арнаған асыл сөздерін өз ауыздарынан естуге де мүмкіндік болмады. Өкінішті, әрине. Әйткенмен, жүбаныш та жоқ емес екен. Осы ретте аудан басшыларының әдебиет пен өнерді терең сезіне байымдайтын Саттар Жанәбіловтің: “Кенекең туып өскен өңірге жұмысқа келгелі бері маған мына тау мен дала тынбастан сол кісінің әндерін салып жататын сияқтанады да тұрады” дегені бар. Шыншыл ой. Қазір Кенекеңнің әндері ғана емес, ол кісі жөнінде туып жатқан ән-күйлер де үзілмейді. Менің қүрдас досым композитор Әбдімомын Желдібаев алдымен “Көкшолақ” күйін шығарса, кейін облыстық кәсіподақ үйымының басшысы, ақын ағасымен көп жыл дәмдес, пікірлес болған Әнуарбек Жүнісалиевтің сөзіне “Алатаудың ақиығы” атты ән жазды. Ақын Жақсылық Сәттібеков атасына арнаған “Әнші дала” поэмасынан өзге. композитор Алтынбек Қоразбаев екеуі “Сағындым Кенен атамды” атты сұлу әнді дүниеге келтірді. Шертпе күйдің шебері Боранқүл Көшмағанбетов өз күйін “Ешкілі таудың етегінде” деп атады. Журналист Базар Қилыбаев “Бозторғай” атты драма жазды. Республиканың әдебиет және музыка зерттеушілері, оның ішінде өз жерлесіміз, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков те бар, атаның мол мүрасы жайлы толымды ғылыми еңбектер жариялауда. Осылайша, біздің Кенениана қазірдің өзінде ақ жасалды. Оны алдағы уақыттарда Кенекеңнің дарынды өрендерінің жаңа, мархабатты ұрпақтары одан әрі толықтырары, жалғастырары күмәнсіз. Сөйтіп Кенекеңді ақын десек — мәңгілік жырға, әнші десек — мәңгілік әнге айналдыратын болады!

 

Маусым, 1984 жыл.

«Хауа ананың аманаты»

атты кітабынан.

 

 

 

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ

 

АМАНАТ

 

Халық жүрегше жол тапқан Кенен әндеріне әркім-ақ қүштар. Ал оған деген менің ынтықтығым тым ерте басталған екен.

1954-жыл. Әлі мектепке бара қоймаған шағым. Сол жылдың жаз айларында әкем мал шаруашылығы озаттарының республикалық кеңесіне барып қайтты. Ол кезде “Аспара” өзенінің бойында Қасқасу деген жайлауда отыратынбыз. Бүгінгі телевизор түгілі радиоқабылдағыштың өзі малшы ауылдарында бола бермейтін, жұрттың өнерге, сауыққа сусап тұратын кезі. Әкемнің Алматы сапары жайлауда отырған бір қауым елге үлкен қуаныш ала келді. Оның алып қайтқан мақтау грамотасына мән бере қоймаппын да, оған қоса сыйға берген патефонды көргенде бала жүрек жарылып кете жаздады. Патефонмен бірге екі-ақ күйтабақ бар. Екеуінің төрт бетінде Кенекеңнің төрт әні: “Бозторғай”, “Көкшолақ”, “Базар-Назар”, “Қайран жастық”.

Мүндай байлық қолға тиген соң әдеттегі сәскеге дейін ұйықтау жайына қалды, ертелеп мал өргізетін әкеммен бірге тұра сала патефонның қүлағын бүрауға кірісемін. Жаңаның қай-қайсысы да дүниені жарып естіле ме, кіп-кішкентай көк патефондағы Кенен ата дауысы бүкіл тау ішін басына көтергендей болып естілуші еді. Сол таңертең басталған төрт ән күні бойы қайталанып, қара кеште бір-ақ тыным табатын. Патефон “демалған” шақта әкем шауып берген арша домбырамды қолға алып, бірте-бірте Кененнің әндерін өзім айтуға көштім.

Мектепте сонан соң Жамбыл мәдени-ағарту училищесінде, одан әрі Алматы мемлекеттік консерваториясында оқыған жылдарымда туғалы әлі көрмеген Кенен атамның сол төрт әні менің рухани серігім болды.

1973 жылы консерваторияны бітіріп келген соң, “Алатау” жастар халық ансамбліне қызметке тұрдым. Бүған мен қуанғанда — Кенекең жөніндегі көптен ойда жүрген бір жоспарды орындаудың сәті туған-ақ шығар деп қуанып едім. Ол — Кенен әндерін профессионалды түрғыда бірнеше дауыспен сахнаға шығару болатын. Бүгінгі жұртқа кеңінен танымал болған, елімізден тыс талай жердің көрермендеріне қол соқтырған домбырашы әншілер триосының дүниеге келуі сол мақсаттан туған еді.

Әуелі өзім түңғыш естіген “Кекшолақ” әні үш дауыста басқаша нақышпен шықты. Одан кейін “Жетпіс бес”, “Сексенге”, “Ой бұлбұл”, “Домбыра”, “Қайран жастық”, “Бозторғай” әндері ансамбльдің негізгі репертуарынан орын алды.

Өнер толассыз бұлақ сияқты ғой. Ендігі арман Кенекеңе арнап өз жанымнан ән шығарсам дегенге ойыса берді. Жаманды-жақсылы бірер ән шығарып, оларды жұртшылық қабылдай бастады-ау деген кезде сол ойымды жүзеге асырдым. Бүл Кенекеңнің 90 жылдық тойы қарсаңында еді. Күндіз-түні ұйқысыз сәттер өтіп жатты. Өте-мете мазалай беретіні — ән тағдырына деген жауапкершілік, күдік.

Ақыры, ән де туды. Оны біреулерге көрсетуге жүрексінгенім соншалық, сөзін де өзім жаздым. “Жығылсаң жығыл нардан” деген ғой. Тәуекел деп, әлгі “Жүз жасаңыз, Кенен ата” деп топқа айтып бердім.

Топ ортасында қазақ өнерінің саңлақтарының бірі, әйгілі композитор Нүрғиса Тілендиев бар. Менің іштей жалтақтап отырғаным да сол кісі еді. Әнді орындап болған соң төмен қараған күйі көз қиығын оған салып едім:

— Бері кел , бері, — деп жанына шақырды да, қолымды қүшырлана қысып-қысып жіберді.

Нұрекеңнің “батасын” алғаннан кейін, әнді Кенекеңнің тоқсан жылдық торқалы тойында жасқанбай айттым. Бірақ абыр-дабырға шаршаған атамыз концертке қарамай ертерек кетіп еді, әнім құлағына шалынбай қалды.

Бірде сол кездегі облыстық мәдениет басқармасының бастығы Рахман Медеуов бастаған бір топ кісі қызмет бабымен Қордай өңірінде болдық та, Кенекеңе сәлем беріп шығуды үйғардық. Атамыздың қолын алып, амандық сұрасқаннан кейін Р. Медеуов:

— Мына балаңыз Алтынбек деген. Сізге арнап “Жүз жасаңыз, Кенен ата” атты ән шығарған. Тойыңызда елге орындап берген, бірақ сіз ести алмадыңыз. Соны айтып берсе,— деді.

Ақынның іргеде түрған шағын қара домбырасына ұмтыла беріп едім, Кенекең “қоя түр” дегендей әжімді қолдарын жасқағанда іркіліп қалдым.

— Жоқ, айналайын. Сенің әніңе құлақ ауыр, қазір ести алмаймын. Ана балалар, ел естісін. Рахмет, балам. Өркенің өссін!  деді.

“Шіркін кәрілік, адамды құштар дүниесінен де айырады екен-ау” деді Кенекеңнің үйінен шыққанда Р. Медеуов.

… Көктемнің сол бір күнінде таң атқаннан-ақ Қордай тауының аспанын бүркеп тастаған қара бүлт қабағын ашпай тұрып алып еді. Кенет күркіреген үн естілді. Маған бұл қарт Қордайдың қарс айрылған жүрегі сияқты болып көрінді. Сонан соң аспанды бүркеген қалың бүлт біртіндеп ыдырап, алаулап, алабүртып аңыраған аналардың ақ жаулығына ұқсап бара жатты да, сорғалап жауа бастады.

“Аспан да перзентіне егіліп кетеді-ау” деген ой кімге де болса келгені мәлім. Бүл Кенекеңді соңғы сапарға шығарып бара жатқан кез еді.

…Осы жақында Кенекеңнің жүз жылдығына байланысты облыстық ақындар айтысы өтіп еді. Сол жиында Кенекеңнің аманатын орындауды ойлап, жүртшылық алдында ақын атамызға арналған әнімді орындадым. Бірақ, бүрынғы ән емес, ақын Жақсылық Сәтібековтің сөзіне жазылған “Сағындым Кенен атамды” атты жаңа туынды еді.

 

 

 

Аяз БЕТБАЕВ

ақын – термеші

 

КЕНЕКЕМНЕН  БАТА АЛҒАМ

 

Мен Кенен атамызды бірінші рет Ленин ауылында 9 класста оқып жүрген кезімде көрдім. Ол кісіні Досжан атам қой сойып, ерекше қүрмет көрсетумен қарсы алды. Қасына қордайлық ақын Есдәулет Қандековты ерте келіпті. Қонақтардың қолына су қүйып, батасын алдым. Ол кезде жәй домбыра тартып, әнге әуестігім болмаса, ақындық жолды таңдау түсім түрмақ ойыма да келген емес. 1960 жылы мектепті бітірген соң Аңырақай совхоз-техникумына оқуға түстім. Осында Кенен ауылының жігіті Мырзабек Сүттібаевпен жатақханада бірге тұрып, Кенекемнің мекеніне жиі барып түрдым.

Әйтсе де, техникумнан алған мамандығымды өмірлік кәсіп еткен емеспін. Әнге деген қүмарлықтан ба, әйтеуір 1970 жылы аудандық мәдениет бөліміне автоклуб меңгерушісі болып орналастым.

Биыл Жамбыл бабамыздың 125 жылдығы. Осыған орай облыс бойынша жергілікті ақындардың айтысы өткелі жатыр. Аудан атынан сол айтысқа қатыссаң қайтеді, – деді аудандық мәдениет бөлімінің сол кездегі меңгерушісі Әуесхан Садыров. Мен айтыстан тәжірибемнің жоқтығын, жүрексінетінімді айтып, қанша қашқақтасам да, ақыры қатысуыма тура келді.

Нәтиже жаман болмады, біраз ақындармен түңғыш рет үзеңгі қағысып, үшінші дәрежелі Диплом, домбыра алып қайттым. Осындай құрметке ие болғанда төбем көкке жеткендей қуандым. Бүл қуанышыма бірінші ортақ болып қүттықтаған, ақындық өнерімен бүрыннан көпшілікке белгілі марқүм Ақшатыр Іңкібаев ағамыз болды. Ол кезде Ақаң облыстық “Еңбек туы” газетінің Шу, Мойынқүм аудандары бойынша меншікті тілші еді. Аудан орталығы — Михайловкада өткен облыстық іріктеу айтысы аяқталысымен оған төрағалық еткен облыстық мәдениет бөлімінің бастығы Рахманқұл Медеуов шақырып алып:

— Аяз бойыңда ақындық өнеріңнің бар екенін байқадық.

Енді қордайлық Кенен Әзірбаев атамыздың 90 жылдығын атап өткелі жатырмыз. Қазылар алқасының мүшелерімен ақылдаса келе, ол тойдыц беташарын өзіңе жүктемекшіміз, оған қалай қарайсың, — деді. Мүны өз құлағымен естіген Ақшатыр ағамыз Кенен ата ауылында талай болса керек.

— Тойға дейін әлі уақыт көп, оған дейін ол кісінің алдына бір ертіп барайын, таныс, батасын ал, — деген-ді.

1974 жылы тойдың сәл алдында әлгі сөзінде түрып, Ақшатыр аға мені Кенен ауылына ертіп барды. Ескі таныстар екен, Кенекем мен Ақаң шүйіркелесіп кетті.

— Ақшатыр, редакцияң орнында ма, өздеріңе “Жамбыл жыры” атты дастанымды тапсырып едім, оның тағдыры не болды екен? — деді, амандық-саулықтан кейін дастарқан үстінде.

— Ол дастаныңыздан алынған үзіндінің алды екі-үш номерде жарық көрді, әлі жалғасы бар, — деді.

— Балам, қай ауылдансың, деді Кенекең маған Ақшатырмен ілесе келгенімді білгісі келіп.

— Жидебай, Сауытбек ақындары аулынанмын, — дедім.

Бұдан кейінгісін Ақаңның өзі жалғастырып, мен туралы айта бастады.

Ол кісіге “Бұлбұлға” және тағы басқа да өз әндерін және өзімнің “Арнау” өлеңімді орындап бердім. Сүйсіне тыңдағанына қарағанда ұнаған сияқтымын.

 

Әнің мәнді екен,

Сөзің дәмді екен.

                                               Сәлем берсең,

                                               Бағың жансын.

       Өнерің жалындасын.

        Өнер-өмір қиын жол,

Кейде сүрінесің,

    Кейде қабынасың,

            Бірақ, талмай ізденсең,

         Халыққа таныласың.

           Әумин, қабыл болсын!

 

— деп Кенекем ақ батасын берді. “Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді” деген нақыл сөз бар емес пе? Кенекемнің ақ батасы менің енер жолыма жұлдыздай жарық берген сияқты.

Кенен ақсақалдың 90 жылдығы тойына барардың алдында ауылымыздың ақындары, өзім ұстаз тұтып жүретін Смайыл Қалипанов, Сұлтан Кенбаев, Құрманқұл Кішібаевтың алдьшан өтіп баталарын алдым.

 

Шын жүйрік қою шаңға тұншықпаған,

                          Ешқашан шашасына кір жұқпаған.

                          “Бұлақ керсең көзін аш”

 

— деген мәтел бар. Өнердің біз шықпаған шыңына жет, — дегенді маған берген батасында Құрманқұл аға.

Бүл үлкен аруақты адамдардың ақ тілегін еш уақытта да жадымнан шығармаймын, ол жігеріме жігер қосып, өнердің биік шыңына жетелей түскендей. Талай-талай айтыстарға қатысып, теледидар, күйтабақ, радио арқылы халқыма таныла бастадым. “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері” құрметті атағына ие болдым. Қазақстан ақын-жыршылары Одағының мүшесімін.

Бұрын ұстаздарды іздеп, олардан өнердің қыры мен сырына қанықсам, арада біршама уақыт өтіп, өзім де ұстаздық етуге жарап қалған екенмін. Қазір аулымызда, ауылдан тыс басқа жерлерде өтіп тұратын ақындар айтысында додаға түсіп, өнерін шыңдап келе жатқан шәкірттерімнің бірі Базарбай Асқаров. Оның Кенен атамыздың 110 жылдығына арналған өлеңін газет бетіне жариялау артық болмас деп ойлаймын.

 

КЕНЕН АТАҒА

 

Өтті ғой қой күзетіп әрбір таңың,

    Күңірентіп кең даланы ащы зарың.

Жарытпай киер киім, ішер асқа,

             Байларға жалшы болып баққан малың.

 

Қиналып мүңға батар күніңізде,

                                 Өмірің өзек болды әніңізге.

        Шырылдап бозторғай да төңіректеп,

Шырқырап үнін қосты үніңізге.

 

        Өзгермей тұрмайды екен өмір мүлде,

                                 Ел болдық егеменді осы күнде.

           Жалғансын өнер жолың ұрпақтармен,

               Жұлдыздай жарқырайсыз күннен-кунге.

                

           Ұстазым жыр алыбы Жамбыл деп ең,

        Ел үшін егіз есім Жамбыл — Кенен.

                                  Бата алған өзіңізден Аяз ақын,

   Келемін үстаз түтып жолыменен.

 

   Көтерген ел мерейін Кенекем-ай,

                                          Тасыған дариядай берекем-ай!

                                  Әнімді аруғыңа бағыштадым,

               Жүз он жыл құтты болсын мерекең-ай.

 

1994 ж.

 

 

 

Төрткен КЕНЕНҚЫЗЫ

 

“АМАНАТ САҒАН ӘН-МҰРАМ”

 

Атам өмірінің соңғы 5-6 жылында (87 жастан кейін) тамақ ішісі жақсы, ұйқысы тыныш болғанымен, бұрынғыдай ел аралап кетуге, ұзақ жол жүруге жарамай қалды. Көбіне оңашалықты, тыныштықты қалады. Төрдің алдына қалыңдап төсек салғызып, басын биіктетіп шынтақтап отыратын. Алдындағы кішкене дөңгелек үстелдің үстінде қағаз-қаламы жатады, сүйеулі домбырасы тұрады. Жаз айларында көбіне үйдің қасындағы жеміс ағаштардың арасына алты қанат қазақ үй тіктіртіп, сонда болады. Радио тыңдайды, газет-журналдарды қарайды, кейде терең ой түбіне жете алмай өз-өзінен “мырс” етіп күліп, кейде “қап” деп бірнәрсеге өкініп, кейде түнжырап үндемей қалатын шақтары болатын. Мұндай кездерде бөлмеге кімнің келіп, кімнің кеткенін де сезбейтін, тіпті сәлем берген кісінің сәлемін де естімейтін, тек екі қолы тыным таппай тәспісін тарта беретін, тарта беретін. Бір уақыттарда қолына домбырасын алып ақырын шертіп отырып ыңылдап ән шығаратын, оның өлеңін жазатын. Әр жаңа ән, тың өлең осылай дүниеге келетін. Мұндай шақтарда біз ол кісінің қасына ешкімді жібермеуге, өзіміз де көрінбеуге тырысатын едік.

Атам жүрісін азайтып үйде болған сайын:

— Ассалаумағалейкүм, ата!

— Иә, ақсақал, қалайсыз?!

— Не істеп отырсыз? — деп сәлем берушілер саны күннен- күнге көбейе берді. Оларды қуана қабылдап, ризашылдығын білдіріп:

— Е-е-е, шырақтарым-ай, қалдың несін сүрайсыңдар?

Шүкіршілік!

 

                                        Оңаша үйде отырмын,

                                        Өткенімді сағынып.

                                        Тоқсан жасқа келгенде,

                                       Нәсиқаға бағынып — деп өлеңдетіп ала кететін.

— Қойыңызшы, ақсақал, шынымен-ақ жеңгейге бағынғаныңыз ба? — деп олар күліседі.

Сонда атам:

 

Бұрынғының айтқаны нақыл екен,

                              Үлкендердің айтқаны ақыл екен.

   Жастайыңнан қосылған адал жарың,

       Балаң мен бауырыңнан да жақын екен.

 

 Денемде тілден басқа сау жерім жоқ,

                              Таусылды түсе-түсе отыз тісім.

Айналып Алатауды шапқан дүлдүл,

Жарылып кетпей отыр қайтіп ішім,

 

— деп, бірде күліп, бірде мүңайып өмірдегі ащы шындықты мойындағандай болып отырушы еді, жарықтық. Ол кісінің бөлмесіне еркін барып әңгімелесетін де, айтқандарын жазып алып айналадағы болып жатқан жаңалық-өзгерістердің бәрін айтып, кітап, газег-журналдардан қажетті дегендерді оқып беріп отыратын да атамның өз сөзімен айтқанда “жан саясы” мен едім.

— Сен келгенше ешнәрсеге жарымаймын. Ішім толып кетеді. Басқа балаларда “аталап” жандары қалмайды, бірақ, олардың оқығандары миыма қонбайды, тілдері анық емес, айтқандарымды дер кезінде қағазға жаза да қоймайды. Сені берген қүдайдан айналайын. Әттең, тек үл болмағаның-ай! Кәне, нендей жаңалықтар бар Алматыда? Жазушылар Одағына бардың ба? Композиторлар Одағына бардың ба? Жарналарымды мезгілінде төледің бе? Мені сүрағандар бар ма?— деп сүрақтың астына алады-ай дейсің. Мен шамамның келгенінше атама есеп беремін, онан соң қалада болып жатқан жиындар жайында, онда қаралып жатқан мәселелерге тоқтап, қабылданған шешімдерге шейін түгел қалдырмай жеткіземін. “Сізді жұрт сұрап жатыр (сұраса да, сұрамаса да), сәлем айтты, атаң тез жазылып кетсін деп жатыр” деп көнілін көтеріп қоямын. Мұндай күні жаны тынып, жақсы ұйқтайтын еді.

Бірде атам: “Оңашалық ой қозғайды екен, шырағым. Бүкіл өміріңе көз жүгіртіп, не істеп, не қойғаныңды саралайтын кез келген сияқты. Әсіресе, өзіңе титтей де болса пайдасы тиген, қабағыңа қараған, жаңыңды түсіне білген адамдар көз алдыңнан тізіліп өтеді екен. Бәрі бүгінгідей оқтын-оқтын ойыңа орала береді-ақ. Соның бірі өзімді алғаш танып қанаттандырған аяулы ұстазым әрі туысым Еркебай Базарүлы еді” — деп күрсініп қойып, ол туралы бір шама әңгіме айтқаны есімде.

 

 

                                            ЕРКЕБАЙ

 

Еркебай Базарүлы осы Қордай өиірінде туып өскен Жаныстан шыққан, арғы аталары Сырымбет, Жылқайдар, бергі атасы Байтүгел. Мына аналарың Нәсиқаның туысы болып келеді. Әкесі Базар дүниеден ерте кеткенмен оның артында қалған екі ұлы Еркебай мен Еркетайды анасы Жаңыл ешкімнен кем қылмай өсіріпті. Әсіресе, жас Жаңылдың Бүғылыбазар деген арғыннан шыққан жігітке қосылуы жетім балалардың дұрыс қалыптасып, азды-көпті білім алуына септігі тиіпті.

Еркебайдың он жасқа келіп қалған шағында ақ патшаның “әр болыс өз қоластынан орысша оқуға бір бала берсін, киім, тамақ қазынадан” деген бұйрығы шығады. “Қордай болысынан кім орысша оқуға барғысы келеді” дегенде, “баламыз шоқынып кетеді” деп бәрі ат-тондарын ала қашады. Сонда Бүғылыбазар: “Мен Еркебай деген баламды жіберемін” — депті. Қысылып түрған жұрт қуанып кетеді. Сол он жасында кеткен Еркебай 7-8 жылдай Ақмешітте оқып, орыс тілін жете біліп елге қайтады.Орысша білетін бір адамы жоқ Қасқарау ел болысының писоры, оязының тілмәші болады. Жала-дауға ұшыраған, біреуге ақысы кеткен жұрт енді сабылып Еркебайды іздейтін болады. Ұзын бойлы, мығым денелі аққүбаша, орысша киінген сүлу жігіт жетім-жесірлерге, нашарларға жаны ашып болысатын, жаны таза, әділетті бұл жігітті халық тым жақсы көріп кетеді. Сөйлегенде орыстарыңның өзін жаңылдырады, байларға дегенін істетеді. Ел там салуды білмегенде ол қарағайдан үй түрғызып, айналасына тал тігіп, бау-бақша өсіреді, монша салғызады. Қалада көрген тазалық мәдениетті үлгі етеді, үйленеді. Содан Іңкәрбек, Асқарбек деген үлдары, бірнеше қыздары болады. Өзінің ақыл, білім парасатымен қазақ, қырғызға атағы шығып, ел құрметіне бөленеді.

Еркебай әрі сауықшыл, көпшіл, дастарқанды кісі еді. Ер көңілді жігіттерді айналасына жиып алатын. Ақын, әншілерсіз, жүйрік ат, қыран қүс, алғыр тазысыз жүрмейтін. Молда-қожаларды сүймейтін, ораза-намазды білмейтін. “Еркебайдың отырған орнын шауып тастау керек” деп, дін адамдары оған қараңғы халықты қарсы қоюға тырысатын. Тағы бір қасиеті, өзі де өнерлі, ат үстінде ойнайтьш, қольнан келмейтіні жоқ шебер, тапқыр, мысқылшыл, әзіл-оспаққа жақын еді. Еркебайдың атын естіп, оған:

 

                               Еркебай Жетісуға серке болдың,

Орысша етек-жеңің келте болдың.

                                Жасыңда жарымаған жетім едің,

     Атылас жамылғаның көрпе болдың.

     Қара үзіп қатарыңнан тұр деген соң,

                                Іздеп келіп домбырамды шерте қондым, — деп атақты Майкөт ақын да келген.

 

         Еркебай бай болдың сен мал жимаған,

    Тәкәппар төремін деп шалжимаған.

Үлкенге, кішіге де сынықмінез,

         Мақтанып асьш-тасып дандимаған.

 

       Еркебай туып өскен жерің Қордай,

   Атағың шыға келді туған айдай.

  Әдейі көрейін деп келдім аңсап,

                 Баласы Қошқарбайдың мен Шашубай,

деп сонау Арқадан арнайы Ноғайбай шешенді іздеп шыққан ақын Шашубай да алдымен осы Еркебайға соққан. Еркебайдың үйінде Шөже де, Жамбыл да, Балуан Шолақ та, Қажымүқан да болған. Олар бір ай, екі ай, кейбірі жылдап жатып сый-қүрметпен, асқан ризашылықпен қайтатын.

Еркебай шын мәнінде өз халқының қамын ойлайтын, Кеңес өкіметін қуана қарсы алған адам. “Болыпевик”, “Партия”, “Ленин”, “Кеңес” деген сөздерді алғаш содан естідік. Кейіннен мен сол Кеңес өкіметінің сөзін сөйлеп, ревкомның төрағасы болған кездерімде Еркебай өзінің жасы келіп қалғаиына қарамастан маған хатшы болды. Ол кезде қатынас қағаздардың бәрі де орысша келеді. Соның бәрін өзі жөндейді. Еркебайдың арқасында мен ревкомдық жүмысты жаман атқармадым. Барлық жаңалықтарды, жаңа заң, жаңа талаптарды сол Еркебайдан үйреніп сауатым, санам ашылды.

Ораз Жандосовтың тапсырмасымен С. М. Кировты Қордай асуында қарсы алғанымызда да қасымда Еркебай болған еді. Еркебай Түрксіб темір жолында да көп жылдар еңбек етті. Осы күнгі Отар, Қопа, Қордай станцияларының аттарын қоюда оның еңбегі көп болған.

Үлкеннен алғыстан басқаны естімеген, кішіге өнегелі ісімен үлгі болған, білімді де парасатты, өнерлі кісіге жақсылықтан басқа еш қиянаты жоқ Еркебай Базарүлы 1932 жылғы нәубетте ішерге ас, мінерге ат таппай кебінсіз, көрсіз аштан өлді дегенге кім сенеді. Алайда, солай болғандығы рас-ты. “Түрымтай түсына…” дегендей, ашыққан ел тоз-тозы шығып, беті ауған жаққа лағып кеткенде, қарт Еркебай ешқайда да қаңғымай өзі салдырған ағаш үйінде тұра береді. Қасында кемпірі ғана қалыпты. Бәрі бітіп, тек жалғыз аты ғана қалған екен. Оны да бір күні ұрлап кетіпті. Ешқандай лажы қалмаған Еркебай бір күні үйдің нақ төріне қалыңдап төсек салып, жуынып, таза киімдерін киіп, есік-терезелерді мықтылап жауып (қыс мезгілі болса керек) кемпірі екеуі жатып қалады. Сол жатқаннан тұрмайды, “өлімді қүшақтары айқасқан қалпында қарсы алыпты” деп естідім тірі қалғандардан (ол жылдары атам да Қырғызстанда болған ғой).

Еркебайдың маған істеген жақсылықтары естен еш кетпейді. Мені қой жаюдан қүтқарғаны, ат киім беріп ас-тойға ертіп барғаны, өнерімді танып, басыма бақ қүсын орнатқаны, кейінде өзіме хатшы бола жүріп ақылшы қамқор болғанын қалай ұмытарсың. Ең болмаса жерленген жерін де таппадым, басына қорған да түрғызылмады. Оған арнап бірер өлеңдер мен ән шығарғанымды өздерің білесіңдер. Ол туралы айтып та, жазып та жүрдім. Дегенмен де оның өмір жолын менен артық білетін адам жоқтың қасы. Соны толық баяндап Еркебайға арнап ертеректе (енді шама жоқ) көлемді бір поэма жазатын-ақ жөнім бар еді… деп үлкен өкінішпен күрсіне еске алатын еді атам.

 

                                            ШОЛПАНҚҮЛ

 

Өмірінің соңғы жылдарында атам өмірден ерте кеткен өзінің аяулы шәкірті Шолпанқүлды жиі есіне алып, ол жайында да бізге көптеген әңгімелер айтып беруші еді.

— Шолпанқүл менен көп кіші еді. “Әзілің жарасса, атаңмен ойна” дегендей, өнерге деген қүштарлық екеумізді жас алшақтығына қаратпады. Бірге жүріп, бірге тұрып, бірге өстік. Той-жиынға бірге барамыз, анау-мынау жастық шаққа тән ым-жымымыз да бір. Кей-кейде менің үлкендігімді айтып, “Осы үлкен кісілер үйіне қайтып кетпеуші ме еді” — дегендей әзіл тастап, әйтеуір сөз табатын.

Ол өте зерек еді. Мен шығарған жаңа ән- өлеңдерді бір естісе болды қағып алып, ертесіне: “Кенеке, кеше бір жаңа ән шығардым, тыңдаңызшы, қалай екен” десе, мен аңқау: “кәне, айтшы” деп қуанып қаламын. Ол өз әнімді өзіме бүлжытпай орындап бергенде, әрі риза болып, әрі күлетін едік. Дауысы қоңыржай, құлаққа жағымды, жүрген жері гүл еді. Қатты қалжыңбас, жұртты үнемі көңілді әзіл сөздермен ду-ду күлдіріп отыратын. Шолпанқұлсыз той-жиын көңілсіз өтетін, оның орны толмай түратын.

Ол менімен қатты әзілдесетін еді, әрі еркелейтін. Көпке дейін ел арасына тарап кеткен бір жай есімнен кетпейді. Сәтина дейтін бір жеңгем соғым басына шақырып, ұзақ отырдық. Өзім алдында суық тиіп ауырып жүргенім рас еді. Қатты терледім, дала суық. Ақыры таң атып қалыпты ғой дедім де қона кеттім, сәскеге дейін тұрмаппын. Тұрған соң да жеңгемнің күрең қасқа шәйін қана ішіп асықпай үйге келдім. Келсем Нәсиқа “сенің қайда жүргеніңді айтпасаң да білеміз” деп жеңіл ғана назданады. “Бүкіл ауыл шуылдап жүр, балаларың болса ержетіп қалды, байқасаңшы” дейді. “Әй, не естідіңдер? Кімнен?” деп ақырамын тағы өзім тек түрмай. “Ашуланбай-ақ қой, мына Көркемжаның айтып келді” деді. Ақырындап баламды шақырып алып сұраймын. Ол кезде Көркемнің 2-3 жастардағы кезі. “Саған менің қайда болғанымды кім айтты?” деп сүрадым. “Шолпанқүл атам айтты” деді. “Не деді?” “Менің атам қайда?” деп едім. “Атаң Сәтина апаңның үйінде ұйықтап жатыр. Үйге келейін десе, қатты терлеп қалыпты деді” дегені. Сол-сол-ақ екен, баламның тіліне қызыққан қатар – құрбы, жора-жолдастар күле келіп Көркемімді мыжиды:

  • Атаң кеше қайда болыпты?”
  • Сәтина апамның үйінде қонып қалыпты”.
  • “Неге?
  • “Қатты терлеп қалыпты” — деп тақылдайды.

Оған не істерсің, баланың аты бала, естігені, үйренгенін айтады да. Ал Шолпанқұл болса түк білмегендей болып ол жүр. “Оңбассың Шолпанқүл, сені де бір есебін тауьш қатырармын” дегенмен, шьшдығьна келгенде оған ешқайсымыз да өкпелей алмаушы едік, әрі оған бәрі жарасып тұратын, оның істегенін біз істей алмайтын едік.

Қайран Шөкем-ай! Шолпанқүл “Той бастар”, “Беташар”, “Шілдехана”, “Жар-жар” сияқты халықтың тұрмыс-салт жырларын, сол тойда жиналғандарға ыңғайлап жанынан шығарып нөсердей төгетін. Талай-талай ақындармен айтысқа да түсетін. Есіл ақынның сондағы айтқандары кезінде жазылыньш алынбай, өлеңдері жиналмай, айтқаны айтқан жерінде қалды ғой. Шолпанқүлдың өлеңдері халық арасына тарап кеткен. Соңына түсіп жинаса көптеп табылатыны сөзсіз. Ана жылдары осы Ұмтыл ауылдық Кеңесінің (кәзір Кенен ауылы) төрағасы болып ұзақ жылдар еңбек еткен өзі журналист-тілші аяулы бауырымыз Шәйке Алқамбаев: “Кенеке, Шолпанқүлдың бір топ өлеңдері мен өмір жолын жинап, жазып алып Алматыға апарып бір кісіге (аты жөнін ұмытыппын) тапсырдым, бұйырса, келесі жылы кітап болып шығып қалар” — деп қуантып, менен де біраз дүниелер жазып алып кеткен-ді. Одан бері де біраз уақыт өтті, бірақ, кітап әлі жарияланды дегенді естігенім жоқ. Оның соңынан жүріп іздеу салатын Шәйкенің өзі де ерте кетті бұл емірден, — деп, ақынның өлеңдерінің қолды болып кеткенін, Шәйкенің тапсырған адамының аты-жөнінің есінде қалмағанын өкінішпен еске алатын.

— Ата, Шолпанқүл ағаның менімен мектепте бірге оқыған Бидай, Ыдырыс деген балаларынан басқа балалары болған ба? Болса олар қайда? Әйелі қайда? Жалпы Шолпанқүл ағаның атын білгенімізбен ол кісінің шыққан тегі, үрпақтары жайында бізге беймәлім, соны айтып беріңізші, — дедім мен, атамның әлі де әңгімелескісі келіп отырғандығын сезіп.

— Иә, біздің өңірімізден шыққан мүндай адамдарды білгендерің жөн-ақ, дей келіп, Шолпанқүл аға туралы тағы да біраз айтып кеткен еді. — Шолпанқүлдың әкесі Сейіттің үш ұл, екі қызы болған. Үш ұлдың ең кішісі Шолпанқүл еді. Дүрбелеңде екі бірдей ағасын жазықсыздан-жазықсыз ақтар атып кеткен. Сөйтіп екі бірдей жеңгесі жесір қалыпты. Ол кезде Шөкең 18-19 жасар жігіт, үйленбеген кезі. Жеңгелерінің жасы Қызбалтай өзі сұлу, шешен, шыққан тегі арғын руынан екен.

Ел-жұрт әмеңгерлік жолымен Қызбалтай мен Шөкеңді қосыпты. Олардан Нәдірбек, Сәдірбек, Еркінбек, Бүрлібек, Бидай, Ыдырыс деген 6 үл бала, Орын деген бір қыз дүниеге келіп, Қызбалтай Батыр ана атанған. Елге елеулі, халыққа қалаулы, өзара сыйластықтарымен жұртқа үлгі болған бақытты жанұя еді. Алайда, Қызбалтай небәрі 48-ақ жыл өмір сүріп, қайтыс болады. Жалғыз қызы Орынның бой жетіп, оқып, мүғалім болып жүргенде Шоқпар станциясы жақтан келген Ысты руынан шыққан бір жігітке түрмысқа шыққанының басы-қасында болдық. Бірақ, Орыннан бала қалмады, ол да өмірмен өте ерте қоштасты. Қызбалтайдан мезгілсіз айрылған Шолпанқүл Әлиха деген жас келіншекке үйленді. Көп кешікпей Әлиха қыз туды. Оның атын Шара қойдық. Дәл сол жыл менің Көркемжаным да туған. Аулымызға Жамбыл келіп Шолпанқүл екеумізді жаңа туған нәрестелерімізбен құттықтап, көңілімізді аспанға көтерген сол жылдар-ай десеңші.

Шолпанқүл екеуміз күнде құда боламыз, Шара мен Көркемді болашақта қосатын болып келісеміз. Шолпанқүл қу тілді ғой: “Кәнеке, екі баланы қоссақ қосалық. Мен, әйтеуір, Нәсиқа жеңгеммен бір жүрсем болды. Онан соң айтып қояйын, қалың малынды кәзірден өткізе берсеңіз де болады, тіпті кейін жаман келін болса тағы да мен сорлыны сыбап жүргенше осы бастан-ақ өзің тәрбиелеп алмайсыз ба?” — деп жүртқа оны қоштатып мәз-мәйрам болатын кездер-ай. Сөйтіп жүргенде Шара екі жасқа толар-толмаста соғыс басталып, көп кешікпей-ақ Шолпанқүлды майданға аттандырдық. Кәзір Шара тұрмысқа шыққан анасы Әлиха екеуі Алматыда тұрады.

Ал Қызбалтайдан туған 6 ұлдың тағдырларына келсек, Нәдірбек пен Еркімбек әкелері Шөкеңнен кейін-ақ соғысқа шақырылып, содан қайтпады. Бір жақсысы, Нәдірбектен Сәбит деген ұл қалыпты, кәзір балалы-шағалы. Сәдірбектен де бір ұл қалды. Аты Төкен, кішіпейіл, қолы шебер жігіт. Бүрлібек тентектеу еді, істі болып кеткен, содан хабар-ошарсыз. Ал Бидай мен ЬІдырыс, өзің білесің, осы жерде балалы-шағалы болып, өсіп-өніп кетті.

Шәкең сауатты ақын еді. Ол ауылды советтендіру, кедейлерді коллективтендіру науқандарына белсене қатынасқан. Ауылдық Кеңес төрағасы, кейіннен партия үйымының хатшысы болып жүрген кезінде 1942 жылы майданга аттанған. Әттең, қу соғыс, талайларды қыршынынан қиды ғой. Болмаса, осы Шәкең кәзір тірі болса керемет ақын, шебер басшы, нағыз ел еркесі болып менің қасымда жүрер еді-ау… Сүйікті шәкіртін сағынышпен еске алып, көзіне жас үйіріліп те кеткен еді.

Иә, жыламай қайтсін, қалай сағынбасын. Күнде-күнде арба-арба қылып кеше ғана жайнап жүрген ауыл, аудан, облыстың атқа мінер азаматтарын, туған-туыс, бауырларын, әсіресе, желкілдеп жаңа ғана өсіп келе жатқан боздақтарды қимастықпен майдан өтіне шығарып салу 60-ты алқымдап қалған, жаны нәзік атамның жан дүниесін қатты жаралағандығы, үмытылмастай із қалдырғаны айтпаса да түсінікті ғой. Тіпті кейбірімен атам қоштаса да алмай қалды. Облысты қойғанда, аудан орталығына барса ауыл, ауылға келсе аудандағы азаматтар толассыз аттанады. Қолынан домбырасын тастамай елді енді көреміз бе, көрмейміз бе деп қоштасып бара жатқан жігіттерге жігер беріп, аңыраған аналар мен келін-кепшік, жас балаларға ес болып, ақыл айтып шығарған “Біздің Отан жеңеді”, “Күйгенім-ай, суйгенім-ай”, “Шынарым-Сыңарым”, “Майданға сәлем”, “Жалғыз қайным”, “Жапарбекке” тағы басқа толып жатқан (жазылмай қалғаны қаншама) ән-өлеңдері сол бір ауыр күндердің айғағы іспетті. Осылардың бәрін көзбен көріп, жүректен өткізген ақынға ең ауыры бір ауылда жас балалар мен қаусаған кемпір-шалдардың арасында жалғыз қалғандығы болыпты. “Бұдан көрі соғыста болғаным жақсы ғой” деп те түңілген кездері аз болмаған көрінеді. Іші пысып, өткенді сағынып бір күні майданда жүрген Шолпанқүлға өлең арқылы сыр шертеді.

 

 

Сағындым-ау, Шолпанқұл бұлбұл інім,

Аттан озған тайында дүлдүл інім.

Жауды жеңіп жарқылдап аман келгің,

Мінезіңді сағындым күлдіргі інім.

 

Сағындым-ау, Шолпанқүл, сарғайдым-ау,

Жылдағыдай емеспін, қартайдым-ау.

Тасқа соққан қырандай топшым сынып,

Үй артында, қайтейін, жантайдым-ау.

 

Сен кетіп ең, бозбала бәрі кетті,

Жігіт қалмай ауылдың сәні кетті.

Отыз жігіт ішінде Молдабай бар,

Аттандырдық артыңнан Нәдірбекті.

 

Қылығыңды ұмытпай аусар Шөкем,

Бір мен емес ел-жұртың аңсар Шөкем.

Гүлі түскен қурайдай күзді күнгі,

Кемпір-шалдар қалдық қой қаусап Шөкем.

 

Барған жерің ең алғаш Семейпалат,

Қүс келеді көктемде ала қанат.

Жауды қүртып Шолпанқүл ту астында,

Жыл құсындай келерсің ер азамат.

 

Бозбалалар ауылдың гүлі екен ғой,

 Кемпір-шалдар қураймен бір екен ғой.

 Көп қойдың ішінде шұнақ қойдай,

Көзге түспей көрінбей жүр екем ғой.

 

Бозбалалар ауылдың көркі екен ғой,

Қой бастаған алдьнда серке екен ғой.

 Жауды жеңіп жарқылдап ту астында,

Болатұғын күн бар ма бір үлкен той?!

 

Шараң отыр, Әлиха тілек тілеп,

Бидай, Сәбит, Ыдырыс зыр жүгіріп.

Алты ауданның еркесі аусар Шөкем,

 Тілеуіңді тілеп түр бар көпшілік.

 

Қайырмалары:

Бозбаланың еркесі аусар Шөкем,

Жалт-жұлт етіп алдымнан шығар ма екен.

Қасқараудың еркесі қайран Шөкем,

Қай майданда жүр екен сайрап Шөкем.

Алты ауданның еркесі аусар Шөкем,

Жауды жеңіп бір күні келер ме екен.

 

Оқ пен оттың өтінде жүргенде жеткен бұл өлең Шолпанқүлға қатты ой салады. Көп кешікпей майданнан елге бар арманын, тілегін өлеңмен өрнектеген үшбу хат келеді. Шолпанқүлдың бүл өлең-хатын да толық жазуды дүрыс санап отырмын. Өйткені, екі ақынның өзара сырласқан, ішкі ой-пікірлері ұштасқан, ел бірлігін, жұрт тірлігін армандаған, кезінде ел-жұрттың қолдан-қолға таратып, сүйіп оқитын, шетінен жатқа айтатын бүл өлеңдердің толық жарияланған кезі болған емес. Әні де бар.

 

 

Көркемің ер жетті ме, аға Кенен,

                                     Көреді бірін-бірі жан елмеген.

       Ардақты жиен, жеңгем, жан Нәсиқа,

          Әкпем мен Сақыпбалаға дүғай сәлем.

      Отанның жауын қүртып аман-есен,

  Ілесіп Қыдырбекпен бірге келем.

     Тексеріп көпшілікке айтып бергін,

     Жібердім сізге арнап мен бір өлең.

Кейінгі айта жүрсін деген қиял,

        Оқыста сапар шексем бұл дүниеден.

      Айтылмай қалғандары елдің түгел,

                                     Толығар кемі болса аға сізден.

        Шықпаған жаннан әркім үмітті ғой,

      Жарамас тіршіліктен күдер үзген.

 

        Қош боп тұр Сұлутөрдің жалпы елі,

      Кең Қордай өскен елдің асқар белі.

 Иірсу, Тентек дала, Мәдиярмен,

       Шөкеңнің хош аман бол туған жері.

 

Сәлем де Үмбетәлі, Қашағанға,

     Жазудан артық адам жасаған ба?

      Бауыр мен балаларың аман келіп,

     Ұлы той болар ма екен босағаңда.

 

       Шәрәпи және сәлем Жайлаубекке,

    Аттары аталмаған барша көпке.

       Келгенде 43 жасқа қырбат болған,

             Тілеулес болғын біздей большевикке.

         Әлімхан, Әбілқазы, Шәймолдамен,

     Әлімбай дұғай сәлем Әпейбекке.

          Семейдің қаласында көп жыласып,

            Айрылды бізден зорға Қыдырбек те,

            Әрқашан аман сақтап пана бол деп,

               Жалындық ер Жолбарыс, Қарабекке.

 

            Байораз және сәлем Жылқыбайға,

          Бәрменқұл, Әбдіманап, Өтебайға.

         Анарбек, Ештай менен Таубалды,

        Елібай, Иманбек пен Берікбайға.

  Қария Сәдуақас, Кененбайға,

               Сабалақ, қош болыңыз Бүркітбай да.

Ағаның сыпайы да бірі едің,

        Баймүқан және сәлем Кәрібайға.

 

      Баласы Орекемнің Айтқұл аға,

                    Хош-қайыр Сейітқасым, Дәркембайға.

            Тойбай, Барғап, Қазы саламат бол,

                         Қойшыман, Есқұл, Жәмші, Тоқтарбай да.

 

        Аяңмен кезек келді Назарбекке,

                Шолпанқүл сәлем жазды Оразбекке.

           Қоныстас жақсы жолдас бірі едің,

                   Көп сәлем Маймақ батыр асыл текке.

 

                Бидәулет, Рақымбай мен інім Қасен,

                  Арман жоқ баршаңызды аман көрсем.

      Арбаңа балаларды мінгізе жүр,

              Жайлаубек Мақатаев аман жүрсең.

 

                  Ал Нүрбет, аманбысың Сағымбайым,

           Д үние өтпек болды сағымдайын.

                 Артымнаи Нәдірбегім қоса аттанып,

           Қисынсыз келіп тұр сарыуәйым.

              Ән салып, өлең айтып алдарыңда,

                          Жеңгелердің ішер ме екем қызыл шәйін.

 

        Әліпбай, Оразәлі, Байболатқа,

         Аттары аталмаған жамағатқа.

                   Бекбосын, Аршабек пен Момынәлі,

              Әшірбек, ардақты аға Әусағатқа.

                 Бәріңді аман көріп қауыштырсын,

              Құдайым жаза көрме жаманатқа.

 

    Сәлем де одан әрі Әсірепке,

        Өмірі келе жатқан қасыретте.

              Аз ғана күн семіртіп жас соятын,

                   Тұқымың неден жазған құдыретке.

                      Сәлем де Күнтәй, Күлишә әпкелерім,

              Бар болса кешіріңдер өкпелерің.

             Дүние жетпейді деп жүруші едік,

          Білмеппіз өзімізді көп көрерін.

 

      Ағайын қош болыңдар Отардағы,

Аға-іні қадір білер қатардағы,

             Мондыбай, Бабажан мен Оразымбет,

           Көп сәлем Қүлғарынов Бекмолдаға.

              Отарда қойдай шулап қоштастыңдар,

           Қу жігер зорға тұрдым оттай тулап.

               Сәрсекем қолымды алып хош дегенде,

               Тұла бой жәй түскендей тұрдым улап.

 

       Ағыбай, аман түрғын Сұлтанәлі,

         Міндетті Отан үшін жұрттың бәрі,

              Керімжанға үш қайтара сәлем айтам,

                 Аузымнан дос-жарлықтың кетпес дәмі.

 

          Аман бол жора-жолдас аудандағы,

      Жігітті дәм менен тұз айдамағы.

         Егескен жауды жеңіп есен келсем,

             Бір сапар жүріп келген саудамдағы.

        Артымда семьямның бәрі де жас,

       Сол жерде жергілікті қоғамдағы.

                                    Тиісті өкіметтің жеңілдігін,

        Қараңдар жәрдем етіп бұғандағы.

      Арызы балалардың аяқсыз қап,

         Үйректей ұйықпасын тоғайдағы.

 

        Ауылда аман болсын ағаларым,

           Қамқоршы қариялар бабаларым.

              Қам көңіл артта қалған аналарым,

               Жайлауда жамыраған қозыдай боп,

          Күн туар аман келіп балаларың,

 

— деп келген Шолпанқұлдың бүл өлеңін біздің ауылдың қарттары жылап отырып атама оқытып, кейбірі көшіріп жазып алып жатушы еді. Соғыс жылдары мен 6-7 жастарда едім, еміс- еміс есімде, біздің үйге қарт кісілер көп келетін, бәрі де атаммен әңгімелесіп, өлең тыңдап, кімнің баласынан хат келсе бірігіп оқып, қуаныштары болса да, реніштері болса да бір-біріне айтып, сыр шертісетін еді. Балаларынан қара қағаз келгендердің қайғысына ортақтасып, оларға ерекше көңіл бөліп, қамқорлыққа алғандары, соның барлығының басы қасында атам жүретіндігі есімде жақсы сақталған. Кейінде осы өлеңнің ішінде аттары аталған қарттардың бірен-сараны болмаса, бәрі де майдангерлерді күтумен жылай-жылай дүниеден өткендерін

көріп өстім.

Шолпанқұл  ағаның өлеңінің ішінде:

 

Сәлем де Үмбетәлі, Қашағанға,

     Жазудан артық адам жасаған ба?

      Бауыр мен балаларың аман келіп,

         Думан-той болар ма екен босағаңда,

 

– деген жолдардағы Қашаған ата менің әкеммен әрі туыс әрі замандас болып келеді. Жиырмаға жаңа ғана толған үлы Екейбайды майданға аттандырған Қашаған ата соғыс жылдары колхоздың түйелерін бағып бір сайда отыратын. Ал біз үшін сол түйелердің бәрі Қашаған атамдікі. Атам ол үйге жиі-жиі баратын, мен үнемі қасында жүретін едім. Шұбат ішіп, ет жеп, екі қарт ұзақ әңгімелесетін-ді. Бір күні соғыстан аман келген баласына Қашаған ата үлкен той жасады. Алыс-жақыннан тойға келмеген адам қалған жоқ. Той өткен соң көп кешікпей-ақ Екейбай аға Москваға оқуға кетті. Жоғарғы партия мектебін үздік бітірген Екейбай Қашағанүлы алғаш Луговой, Шу аудандарына насихат және үгіт бөлімдерінің меңгерушілігінен біртіндеп аудандық одан соң облстық партия комитетінің хатшылығына дейін көтерілді. Біраз жылдар Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінде еңбек етті. Өмірінің соңғы 20 жылында үздіксіз алғаш Семей облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, одан соң сол облыстың атқару комитетінің төрағалығына сайланды.

Қысқасы, бар саналы өмірінде идеологиялық жүмыстардың қатарынан кеткен жоқ. Осының бәрінде де ол өзінің іскер басшы, шебер үйымдастырушы екенін таныта білді. Қайда, қандай жұмыста жүрсе де, Екейбай аға өзінің құтты мекенін, туып өскен жерін, еркелеткен елін ешуақытта есінен шығарған емес. Кем дегенде жылына бір келіп, елді аралап көріп кететін. Келген сайын біздің үйге арнайы ат басьш тіреп, атама сәлем беріп, еркелей келіп қауышып, “дауысыңызды сағындым, ана әніңізді айтыңызшы, мына өлеңіңізді айтыңызшы” деп аунап-қунап қонақ болып кететін. Атамның 75, 80, 90 жылдық тойларының ойдағыдай өтуіне ат салысып, ықпалын тигізді. Той мерзіміне дейін бір емес бірнеше рет келіп, ауылды, той өткізілетін алаңға дейін аралап, көріп, село көшелерін электрлендіру, жолды асфальттау, ағаш отырғызып арық-арықтан су жіберу сияқты қыруар істерді дер мезгілінде ауыл, аудан, облыс басшыларына айтып, қажет болса тиісті материалдық көмегін де беретін.

Атамның үй-жайын жөндеуден өткізу, денсаулығын бақылау, жағдай тудыру дегендер де Екейбай ағаның назарынан тыс қалмайтын. Колхоз орталығындағы зәулім мәдениет сарайының салынуына, Жаңа қазақ орта мектебінің ашылуына да бүл кісінің ықпалы аз болған жоқ. “Ауылына қарап, азаматын таны” — деген ғой халқымыз, ақын аталарыңның мерей тойында әр республикадан, бүкіл Одақ көлемінен қонақтар келеді. Сонда мына ауылдың сүрқын не деп көрсетеміз? Осындай кездерді пайдаланып та қалу керек — деп ел азаматтарына ой тастайтын, жол сілтейтін. Атам: “Біздің өңірден Тоқаш Бокин, Ораз Жандосовтардан кейін, халық қамын шын ниеттерімен ойлайтын алғыр да іскер, алған беттерінен қайтпайтын ел басшылары Асанбай Асқаров пен осы Екейбай Қашағанов түлеп ұшты” — деп, мақтан тұтып отырар еді.

Халқымызда мынадай мақал бар ғой, “Жақсының жақсылығын айт, нүры тасысын, жаманның жамандығын айт құты қашсын” — деген, сол айтқандай-ақ, Асанбай мен Екейбай ағалардың қамқорлығын ол кісілердің өз әкелерінен гөрі менің әкем көп көрді. “Кенен аға, Кенекем” деп ол кісілер аса қүрметтеуші еді, алдынан қия етпей, бастарына көтеріп, айтқанын екі етпей орындайтын. Үйде жатып алып, Алматыдағы Асанбай ағаға: “Сәлем күтіп жатамын Асанбайдан, Сенің маған тиеді қашан пайдаң?” — деп өлеңдете хат жазғызса, сонау Семейдегі Екейбай ағаға: “Жамбыл облысынан сұрай-сұрай үят та болды өзі, менің мәшинем тозып бітті” дегендей талай-талай хат жолдатқаны есімде.

1987 жылдың Қазан айында Қордай ауданының соғыс және еңбек ардагерлері Киров колхозы Кенен селосының басқармасымен бірлесе отырып, белгілі жерлесіміз, туысымыз, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының кандидаты Екейбай Қашағанұлының туғанына 70 жыл толған құрметіне арналған “Өсиет” күнін атап етті. Бүл күні ауылдастарымыз, ағаның туған-туыстары, жора-жолдастары осыдан бір-ақ жыл бүрын дүние салған аяулы ағамыздың өнегелі өмір жолын еске алды. Көңіл түкпірінде, жүрек төрінде өшпестей із қалдырған Екейбай Қашағанұлын мәңгі есте қалдыру үшін колхоз орталығындағы қазақ орта мектебіне оның есімі берілді.

 

 

НЫСАНБЕК  ПЕН  МЫРЗАТАЙ

 

Өмірінің соңғы жылдарында атам өзімен шығармашылық тығыз байланыста болып, тумаса да туған баласынан да артық көріп кеткен, халқымыздың аяулы үлдары, әдебиет пен мәдениеттің майталмандары, талантты ғалымдары Нысанбек Төреқүлов пен Мырзатай Жолдасбековті жиі-жиі есіне алып, бағалап үлкен ризашылықпен оларға аталық батасын беріп отыратын. Әсіресе, Нысанбектің еңбекқорлығына тәнті атам: “Әр келген сайын асықпай-саспай, бір жапырақ қағазға дейін мұқият қарап, жазғандарымның бәрін ретке келтіріп жинап, қаттап кетеді. Нысанбек келгелі көзім ашылды. Өзі арабша жаза да оқи да алады екен. Не істесе де ісін тиянақты аяқтайды. Қарапайым, орнықты жігіт” — деп, жазғандарын ешкімге бермей, Нысанбектің келуін асыға күтетін.

Шындығында да, атамның ақын, әнші, сазгер ғана емес, қүйма құлақ шежіреші екендігін халыққа танытқан алғашқылардың бірі Нысанбек екендігінде ешкімнің таласы болмас деп есептеймін. Бұл туралы да атам: “Көптен армандап жариялата алмай жүрген еңбегімнің бірі – ілгеріде өткен ақын, әнші, күйшілер, сал-серілер, шешендер, батырлар жайында қара сөзбен жазылған шығармаларым жатушы еді. Соны Нысанбек қарап шығып, көркемдік жағын өңдеп 1969 жылы “Аңыздар сыры” деген атпен шағын кітап етіп жариялатты. Өзін тым аз данамен шығарған-ды, әрі көп қысқартылып кеткен. Соған қарамастан бүл кітап қолдан-қолға өтіп, бүл күнде таптырмайтын жоққа шықты. Осы үшін мен Нысанбек балама дән ризамын” — деп отыратын. Нысанбек аға біраз уақыт келмей қалса, мазасызданып, қайта-қайта айтып “не болды бұған, аман болса екен өзі” деп асыға күтетін. 1975 жылдың қысында, бұл жалғаннан өтерінің алдында атам Нысанбекке арнап мына бір өлеңді маған жазғызған еді.

 

 

НЫСАНБЕККЕ

 

Сағынып сәлем жаздым Нысанбекке,

Жасыңнан ерінбеуші ең көп еңбекке.

                             Маған да істеп жүрген қызметің,

                             Қарағым мәлім болды барша көпке.

“Тураушыда туғаның болсын” деген,

                             Бұрынғының айтқаны емес текке.

                             Тілектес Кенен атаң саулығыңа,

   Ұмытылмас барлық ісің, тұр жүректе.

 

    Жатырмын айтып күнде алғысымды,

  Мен үшін салдың талай бар күшіңді.

   Келін апсың қарағым құтты болсын!

                              Тәбәрік бұл өлеңім жүрсін есте.

                              Ұл-қызың, ұрпақтарың өсе берсін,

   Жатамын алғыс айтып күндіз-түнде.

 

Атам жайында көп айтылып та, жазылып та жатады. Алайда, Кенен мұрасын зерттеуде, оның сан қырлы ақындық жолын ашуда Мырзатайдың орны ереше. Жамбылдың ақындық ортасын ашуда Жетісу ақындарының өмірінен мәліметтер жинап жүргендігін айтып, атамды арнайы іздеп келген сонау 1965 жылдардан бастап Кенен мен Мырзатай үнемі шығармашылық байланыста болды. Ақын еңбектерінің баспа беттерінде жариялануына қамқорлық жасады. 75, 80, 90, 100 жылдық мерейтойларында аянбай еңбек етті. Атам туралы өзі де көп жазды. Үйге келгенде аз сөйлеп көп тыңдайды, тыңдаушысы келіскен атам да нелер бір жайларды ағытады-ай дейсің. Мырзатай атамды ғана емес бәрімізді баурап алды. Атам баласындай, біз бауырымыздай сезінетін едік. Сондай шақтарда, апам атама: “Бұл өңірде жүрмеген жерің жоқ, мүмкін Мырзатай сенің өз балаң болып жүрмесін” — деп әзілдейтін.

Бірде Мырзатай: “Осы Кенекемнің күйтабаққа түсірілген дауысы барма екен?” деп сұрады менен. “Ертеректе жазылынып алынған 2-3 әнімен бір күйтабағы бар еді, оның өзі де сынып қалыпты” дедім. Мырзатай: “өкінішті-ақ екен, кеш те болса міндеті түрде дауысын жаздырту керек” деді. Көп кешіктірмей атамның қалаға бір келгенін пайдаланып Мырзатай, Тасыған, үшеуміз дереу опера және балет театрына алып келдік. Сол жерде түннің ортасынан бастап, таң атқанға шейін, өзінің орындауында 20 шақты әндерін жаздырдық. Термоспен шәй апарып ауық-ауық құйып беріп отырдық. Әр әнді жазған соң қалай болды екен деп тыңдаймыз. Бәрі жақсы, бірақ бір нәрсе тық-тық етеді. Бұл не?

Жазып отырған жігітте жан қалмады (атын үмытыппын). Барлық жағдай тудырылған, тып-тыныш, қосымша дыбыс жазылар ешнәрсе жоқ.Сөйтсе, атам әнді айтып отырып, бір аяғымен ән ырғағына қарай жерді теуіп отырады екен. “Ататай аяғыңызды қозғамай отырып айтыңыз” дейміз. Оған үйреніп кеткен әдет бола ма үмытып кете береді. Тіпті аяғын ұстап отырмақ та болдық. Көнбейді. Шаршап кеттім, шөлдеп кеттім деп ренжіп: “Шіркін-ай, ал Кенеке десе, айта беріппін, айта беріппін, ешкім жазып алмапты. Жас күнімде даусым тік шырқау биік еді, жеткізем деген жеріме жеткізуші едім. Мына Тасығаның елі Жалайырда Сүндетбай дегеннің жиынында Кененді көреміз, әнін тыңдаймыз деп басып қалған, ел үйге сыймай, алты қанат ақ үйді қиратып кетіп еді. Қайран сондағы үнім-ай. Енді, міне, кәрі түйедей бақылдаған даусым қалғанда әуреге түсіп жүргенім. Даусымның қуаты барда жазылмай қалғаны өкінішті-ақ. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” — деген осы да” — деп ара-арасында сөйлеп те кетіп отырды. Әйтеуір, іс қылып әрең дегенде біраз әндер жазылды. Осы күнгі ел қолында жүрген, сыртында ақ сақалы желбіреген суреті бар көркем безендірілген күйтабақтағы үні, атамның сол күнгі жазылынып алынған 80 жастағы даусы екендігін біреу білсе, де біреу білмейді.

Атам қартайған шағында ешкімге оңайшылықпен көнбейтін, тіл алмайтын болып кетті. Тек Мырзатайды тыңдайтын, соның айтқанына иланатын еді. Бүл туралы атамның өзі: “Өмірінің соңғы елу жылында Жамбыл мені қасынан тастамайтын. “Мен Кененнің үнінен басқаны ұқпаймын” деуші еді, жарықтық. Сол айтқандай мен де осы Мырзатайдың айтқанынан басқаны тыңдамай барамын. Өйткені, оның ойы терең, пікірі нақты, сөздері қоспасы жоқ саф алтындай таза, түсінікті” деп, мақтап отыратын.

Бір күні Алматыдан бір топ теледидар қызметкерлері арнайы келіп, атамды киноға түсірмек болды. Әкемнің 90 жасқа толу тойына кезекті бір хабар даярлау қажет болса керек. Атам: “Ешқандай киноларыңа да, телевизорларыңа да түсуге шамам жоқ, баяғыдан бері қайда жүрсіңдер?” деп қатты ашуланды. Біз болсақ сонша жерден әуре болып келгенде ұят болды-ау деп жатырмыз. Ақыры келген қонақтардың қайтуына тура келді. Біз оларға: “Енді келсеңіздер, Мырзатай Жолдасбековті алып келіңіздер” дедік.

Бір айдай уақыт өткізіп олар қайта келді, Мырзатайды ала келді. Мырзатайды көрген соң атам: “Шырақтарым-ай, қартайғанда қай түрімді көрсетейін деп едіңдер? Қазір менде не сән бар, не ән бар? Босқа әуре болдыңдар ғой” — деп, ертеректе дұрыстап түсіріп алмағандықтарына өкпе-назын айта отырып келісімін берді. Басы қалтылдап, қол-аяғы дірілдеп, жан-жағынан түсірілген жарыққа көзі шыдамай жасаурап, ыстыққа шыдамай жүрегі қысылып, атам қатты қиналды, бірақ шыдады. Бұл жолы да барды кезінде қастерлеу бізде жетпейтіндігінщ тағы да куәсі болдық. Әрі үялып, әрі атама жанымыз ашып та кетті. Мырзатай енді қайтып атамды қинамайтындай болды ғой деймін, қатты қысылды. Алайда, 1972 жылы Жамбыл бабамыздың 125 жылдығы тойланатын болып, Мырзатай, Тасыған, Бақытжан, Манан аға төртеуіміз қайткенде де атамды осы тойға алып келуіміз керек деп жолға шықтық. Ол жылдары атам сексеннің сегізіндегі кезі. Амандық-саулық сүрасып, біраз демалған соң Мырзатай:

— Кенеке, естіп жатқан боларсыз, ертең, жоқ арғы күн Алматыда Жәкеңнің тойы болады, соған шақырып келіп отырмыз. Бүгін салқын түсе жүруіміз керек, ертең тынығып арғы күні жиынға қатысасыз. Сізді алып кел деп жіберді, — дейді. Атам сәл үндемей отырады да: “Тойларың қүтты болсын! Алматыдағылар мені баяғыдағыдай айтсақ болды дереу шауып келеді дейді-ау, ә, бүгінде қарға адым жер басу мұң, жолға жүрегім шыдамас, бара алмаймын, шырақтарым” — деген екен.

Бұл жолы оларға апам көмектесіп жібереді: “Немене, жолда еліп қаламын деп қорқып отырсың ба? Өлсең, “Атам-ай” деп жылап, балаларың алып келеді. Жәкеңнің тойына бармағаның ұят емес пе? Балалардың сағын сындырмай жолға дайындал” — дейді.

“Сол жолы Кенекем Ленин атындағы сарайда той президиумының алдыңғы қатарында Д. А. Қонаевтың қасында отырды, артында екінші қатарда “атқосшысы” мен отырдым. Бұл жолы да Кенен атам жәй келген жоқ, ұстазының тойына әйгілі “Жамбыл – жырын” тарту етті” — деп еске алады Мырзатай. Той соңында Мырзатай мен Тасыған атамды үйге алып келді. Мен де дастарқан жайып күтіп отырған едім. Бүл жолы мен ешнәрсеге араласа алмадым. Себебі, нәрестелі болып, үйге келгеніме екі-үш-ақ күн болған-ды. Атам маңдайымнан сүйіп, ұлымды қолына алып иіскеп, “мүның атын кім қойдыңдар?” — деп сүрады.

— Ата, әзір ешқандай ат қойғанымыз жоқ, үлкен ұлымның есімін өзіңіз қойған едіңіз ғой, бүған да сізді күтіп отырмыз,— деді Тасыған. Атам біраз үндемей отырды да: “Үлкен үлыңның атын ешнәрседен таймайтын мықты, алғыр болсын деп Болат қойып едім, мүның есімі қара қылды қақ жарардай әділетті, өткір болсын деп Алмас қоямын” — деп бата берді. Бұл атамның біздің үйге соңғы келуі болатынын біз, әрине, ол кезде ойлаппыз ба?!

Мырзатай атамның 90 жылдық тойынан соң, қызмет жөнінен Талдықорғанға ауысып, біраз уақыт келмей кетті. Күте-күте сағынған атам мына өлеңді маған жаздыртқан еді.

 

                                             МЫРЗАТАЙҒА

 

Сағынып сәлем жаздым Мырзатайға,

                             Жігітсің сөзге шешен, тілің майда.

                             Қормалы қорғаушы боп ақындарға,

Маған да көп еңбек қып тиді пайдаң.

                             Өз жүзін көрсеткендей, өз келбетін,

                             Баласың алтын сөзді, асыл айна.

“Түртпейді түбі бірге” – деген халық,

                             Таныттың өнерімді көп жамайға.

                             Тілектес боп өзіңе бата беріп,

  Отырмын өзің көрген жайлы жайда.

                               Келін мен балаларға менен сәлем

Еңбегің маған сіңген кетпейді ойда.

                              Той өткелі сәлемді бермей кеттің,

    Қарағым өкпең бар ма, кеттің қайда?

 Отырмын нардай шөгіп бір орында,

                               Тағдыр мен кәрілікке бар ма айла.

                               Тілектес аман-есен жүргеніңе,

                               Отырған Кенен атаң терең ойда.

 

Көп кешікпей-ақ 1976 жылдың көкек айында атам қайтыс болды, Мырзатай да, Нысанбек те көппен бірге “аталап” келіп, орны толмас ортақ қазаны бірге бөлісті. Әкемнің тірі кезіндегі олардың шығармашылық қатынастары әлі де Кенен ұрпақтарымен жарасымды жалғасып келеді. Атамның қолынан ет асап, дәмдес-тұздас болған, талай-талай күндер мен түндерді бірге өткізіп, аталарының қажымаған, жасымаған, шөкпеген, кетілмеген асылдығына, сергектігіне ғашық болғаны, қарлықпаған күміс көмейіне тәнті болған Нысанбек пен Мырзатай жәй ғана тыңдап ұғып қоймапты, жинап-теріп ұқыптылықпен сақтапты. Соларды “атамыз былай” деген, “Кенекем айтқан” деп айтып, жазып, оның артта қалған тамаша мүрасын өшпестей етіп оқырман қауымға үсынып, халық иігілігіне асырып жүрген Мырзатай мен Нысанбекке Әзірбаевтар әулеті, оның ұрпақтары дән риза.

Тірлігінде аталарының ақ батасын алған қос ғалымның 1992 жылы “Өнер” баспасынан шыққан “Тоқсан толғау” атты деректі ғүмырнамалық эссе-кітабы Кенен Әзірбаевтың шығармашылығына қосылған тың туынды деп есептейміз.

1974 жылдың маусым айында атамның туғанына 90 жыл толған мерейтойы, берісі республика, арысы одақ көлемінде кеңінен аталынып өтілетін болды. Той мерзімі жақындаған сайын облыс, аудан басшылары, той өткізу үшін құрылған комиссия мүшелері біздің ауылға жиі-жиі келіп, ақынның үйіне жөндеу жүмыстарын жүргіздіртіп, денсаулығының дұрысталуына қатты көңіл бөле бастады. Атам ол кезде қимылдың аздығынан ба, қайдам, қатты толып кеткен-ді. Басы қалтылдап, қол-аяғы дірілдеп жас баладай күн кешетін еді. Дәрігерлер келіп қарап, тойға дейін бұл кісіні жүргізуіміз керек, әншейін қимылдамай жанаяр болып қалған, болмаса жағдайы жаман емес, жүрегі мықты, тамырларының соғысы жас кісідей, қан қысымы да дұрыс деп тапты. Сол-сол-ақ екен, қуат-күш беретін дәрі-дәрмектер ішкізіп, витамині мол тағамдар беріп, дене шынықтыру жасатып, әлек болдық та кеттік.

Бір күні бас дәрігердің тапсырмасымен бір топ қыз-келіншектер келіп, кезек – кезек атама массаж жасамақ болды. Ол кісі алғаш ренжіп, шешінбей қойғанымен, келе-келе, үйреніп алып, демалыс күндері келмей қалса, денесі құрыстанып, іздейтінді шығарды. Кейде: “Бұл шіркіндер, бұрын қайда қалған, ә, қолдарының жұмсағы-ай, өздері сүп-сүйкімді екен” — деп қулана күліп қоятын. Қыздар екі ай бойы массажды үзбей жасап, ақыры атамды аяғынан тік тұргызып, жүре алатындай жағдайға келтірді. Той күні мереке алаңына өзі жүріп барып, барлығын өз көзімен көріп, көңілі көтеріліп қайтты. Той өткен соң қыздар келмей қалды, массаж тоқтады. Еті үйреніп қалған атам: “Әлгі қыздарым мені ұмытты-ау дейміи, ә” — деп іздеп, біз уқаласақ: “ойбай, ауыртып жібердіңдер ғой, қолдарың қандай қатты еді” деп жақтырмай, біраз әуреге түстік.

Ақынның жерлестері тойға келушілерді тік тұрып күтіп алды. 200-ге жуық үй тігіліп, ат, бәйге, қыз қуу, балуандар күресі, ақындар айтысы, әнші-күйші, бишілердің концерттері, әйтеуір бар қызық сонда болды. Осы жолы атамның омырауына Ленин ордені тағылды, бүрынғы КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінщ бірінші хатшысы Дінмүхамед Ахметүлы Қонаевтың атама хаты оқылды. СССР Жазушылар Одағының сол кездегі бірінші хатшысы Георгий Марковтың, Қырғызстанның академик жазушысы Шыңғыс Айтматовтың, ақын інісі Әбділдә Тәжібаевтың, тағы да басқа еңбек адамдарының жүректен шыққан құттықтауларын тындаған, ел-жүртының өзіне деген үлкен ілтипат, сый – құрметін көрген атам, шабыттанып-шаттанып өлең-жырдың тиегін ағытты. “Тоқсандағы толғау”, “100 жасқа”, “Қүмтөбе”, “Жаңа жыл”, “Ескерткішім” деген тағы да басқа көптеген туындылары тойдан кейінгі шығармалары. Ал еліне, халқына арнаған алғыс өлеңдері өзінші бір төбе.

 

Талай жыл заман мені еркелетті,

   Ер етті, ел бастайтын серке де етті.

   Тоқсанның торғынына оранғанда,

       Димашжан сенің жазған хатың жетті.

 

Қордайда бір той өтті дүрілдеген,

Қайтадан атқа мінді бүгін Кенен.

   Бәрі де сенің арқан Димаш шырақ,

    Айналдым дидарыңнан күлімдеген.

 

    Қонды ғой бақыт құсы басыма кеп,

                                Әзірмін ән салуға қасыңа кеп.

       Мен саған тоқсанымды бердім ұлым,

      Ел үшін Жамбылдың да жасына жет,

 

— деген 80 жолдық үзақ толғауын ең алғаш жазып алып, өңдеп жариялатқан ақын Тұманбай Молдағалиев екендігін айта кеткен жөн. Бүл өлең 1984 жылғы атамның туғанына 100 жыл толған тойы қарсаңында шығарылған екі томдық таңдамаларының бірінші томына енгізілген. Сондай-ақ облыс, аудан басшыларына арнап:

 

Бектүрғанов Хасенім,

 Көрнекті көзге әсемім.

 Аз сөйлейтін шешенім.

        Тоқсан жылдық тойымды

    Өзің бас боп басқардың.

       Он бір аудан халқымнан,

                   Сан жетпес шашу шашқыздың.

                                           Екі жүз үй тіккізіп

       Қонақты абзал күткіздің.

                                           Сәлімкерей ініммен,

     Ғайнікендей қызыммен,

    Еңбек еттің шыныңмен,

 

– деп ризашылық алғысын айтқан әкемнің бүл өлеңдері кезінде аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланған-ды.

Атамның осы тойынан кейін халық арасында “Кененге сол жолы мәшине, түйе, көп жылқы тартулағанды былай қойғанда, келген кілемдерді жайса, саған өтірік, маған шын, тұп-тура Қордайдан Алматыға жетеді-ау деймін” деген лақап әңгімелер көп болды. Десе-дегендей-ақ еді. Сыйлық деген, құрмет деген сондай-ақ болар. Алайда, әкемнің дүниеқоңыздығы жоқ еді. Қалай келсе, солай кететін, оң қолымен алып, сол қолымен тарататын жомарт, сырдың суы сирағынан келмейді.

Бұл жөнінен атам екеуміз анда-санда шекісіп те қалатын едік.

— Ата, сіздің атыңызға келген сый-тартуларды той өткенше мына бір бөлмеге қоя берелік, есігіне құлпы салалық. Сіздің алғашқы қомқоршыңыз Еркебай сыйлаған кішкентай ақ домбыраңыздан бастап осы күнге дейінгі дүние мүлкіңіздің бәрі сақталынуы тиіс. Кейін музейіңізге тапсырамыз. Сәбит Мүқанов ағаның музейін барып көріп едім, баяғы біз үйіне барып жүргендегі тұрған заттарының бәрі қаз-қалпында тұр. Көзіңе оттай басылады екен. Мәрия апай (С. Мұқановтың әйелі) қандай білімді адам, соның баршасын мұқият сақтай білген, — деп едім,

– “Ұлыстың ұлы күні есікке құлпы салған не сүмдық” — деп атам мені қағып тастады. Мен өкпелеп қалдым, қалай болғанда да іні-сіңілілеріме “келген заттарға ие болыңдар, 75 жылдық тойындағыдай кесе-жанан, пышақ- қасық, шанышқыларға дейін тәбәрік болып қолдан-қолға өтіп кетпесін” деп ескерттім. Алайда, атам тойда өзіне келген заттарды қалай таратудың жолын ойластырып та қойыпты. Той өтіп, біраз тыныққаннан соң, әкем бәрімізді шақырып алды.

— Менің осы Киров колхозына көшіп келгенім қүтты болды. Ауруымнан жазылып, қатарға қосылдым. 75, 80, 90 жылдық тойларым өтіп жатыр. Той-тойға ұласып, қуаныш- қуанышқа жалғасуда, “Тас түскен жеріне ауыр” дегендей, осы жердің адамдары кәрі демей, жас демей түтініне қонақ алып, тік тұрып атқарады. Ел қызық көріп тойлап жүргенде, бүлар үйлерінен шығуға мұршалары жоқ. Осылар болмаса не істер едік? Мен тек осы колхоздың түрғындарына арнап жол- жоралғысымен үлкен той жасап, алғысымды айтуым керек, өйтпейінше мен тыныш ұйқтай алатын емеспін, — деді.

— Мүныңыз өте дүрыс, ата. Олай істемесеңіз, сіз Кенен болмайсыз ғой. Той жасап бергеніміз дұрыс, ал анау жол- жоралғыңыз қалай болар екен? — дедім күлімсіреп.

— Ә-ә-ә, міне-міне, сенің дәл осылай дейтініңді біліп едім. Өзің дүниеқор қызсың ғой деймін. Шырағым-ау, ана ішінде жазуы бар том-том кітаптар, құттықтау папкілер, орден, грамоталар, тағы да басқа толып жатқан заттар жетпей ме музейіңе? Мен әзір өлмеймін, жүзге келуім керек, —деп, аяғын әзілге сүйей күлді де, — ал тойға даярланыңдар, мен кәзір колхоз басшыларына барып, ақылдасып, күнін белгілейміз, – деді.

Біздің колхоздың түні қандай тамаша. Маса, шыбын дегенің болмайды. Ауасы тұнық, ай сүттей аппақ. Жаздың осындай бір күнінде ауылдастардан ешкімді қалдырмай түгел шақырып той жасадық. Атамызды ортаға алып ән шырқап, би билеп, әзіл-қалжыңымыз жарасып таңға тамашаладық. Атам түнімен әр қайсысының қасына барып, айналып-толғанып, ішіңдер-жеңдер деп, шаршағанын сезбей балаша қуанды. Тойды өзі сөз алып бастап берді. Алғашында – біраз толқыңқырап, көзіне жас іркіліп, тығылып қалғандай болды. Бүл кісіге не болды, – деп сескеніп қалдық. Бірақ өзінің ерік-күшін тез жинап алды да, қолына домбырасын ұстады. Жиналғандар сілтідей тынды.

— Бәрі жақсы болды, шырақтарым, тойды абыроймен атқардыңдар, өздеріңе ризымын, көп рахмет. Өкінішті-ақ, осы тойды ойдағыдай өткізбеске не шара деп, жар құлағы жасгыққа тимей шапқылап жүрген бәріміздің аяулымыз Шәйке бауырымыздың (Ш. Алқамбаев ауылдық Кеңестің төрағасы, өзі журналист-тілші, тойды ұйымдастыру комиссиясының мүшесі) тойға да жетпей мезгілсіз арамыздан аттанып кеткендігі жанымды қатты құлазытып кетті, — деді де, домбырасын қағып-қағып жіберіп:

 

Жарқын жүзді жайдары,

Еңбегі елге пайдалы.

Ұмтыл ауыл ағасы,

Жыртылғандай  жағасы,

Тау мен тасты жаңғыртып,

                                         Жоқтады елдің кәрі-жасы.

                                         Кішіпейіл халықшыл,

                                         Сөзге шешен тарихшыл.

                                         90 жылдық тойымда,

                                         Аянбай еңбек етер ең,

                                         Жүгіріп қонақ күтер ең,

                                         Жетпей кеттің ойыңа.

                                         Үйде жатып төгілді,

                                         Ыстық жасым қойныма.

                                         Тойдан бір-ақ күн бұрын…

                                         Жердің түстің қойнына.

Иманды бол Шәйкем-ай!

Тасқа тиіп қирады-ау,

Алшы менен тәйкем-ай.

Торқа болсын жамбасың…

Тағдыр солай қайтем-ай…

 

— деп жоқтау-өлең айтты. Тойға жиналғандар атамның бүл адамгершілігіне разы болып, көздеріне жас алып, біраз үнсіз қалды. Той соңында тағы да домбырасын қолына алып:

 

Атақты Киров колхозы 500 түтін.

                                Берекелі-пейілді елім-жүртым.

         Төрт түлік қоғам малы ызгып жатқан,

             Астық, шөп түрлі табыс жайнап мүлкің.

         Ұйымшыл еңбек сүйгіш жігер, құтым.

                                 90- ға толғанымда той боп еді,

    500 үй қонақ алды үш күн, үш түн.

            Шақырған, шақырмаған қаптап кетіп,

           Сыр бермей күтіп алды бүкіл халқым.

     Баршаңа алғыс айтып, бата берем,

        Өркенің өссін ұл-қыз, ұрпақ-ұрқым.

         Ешкім жоқ менен үлкен осы ауылда,

    Бәрі кетті дүниеден қатар-құрбым

   Отырған белгісімін ескі жұрттың,

 

— деп аталық батасын беріп, үлкендерге шапан жауып, жастауларына бөрік, тақия кигізіп, балаларға домбыра, кітап сыйлап думандатып таратты.

Енді біраз күннен кейін өзінің бүкіл туыстарын, құда-жегжат, бауырларын, ұл-қыздары мен келін, күйеулерін түгел жинап, мал сойып, той жасап берді. Ойнадық-күлдік, армансыз-ақ ішіп-жедік. Бізге де батасын беріп, алғысын айтты. “Көзім тірі түрғанда, әрі ескерткіш болсын” деп бәрімізге тойдан тәбәрік берді.

— Достың жолы ауыр да жауапты болады. Адамнан бір, құдайдан бір сұрап жылап жүргенде көрген Көркемжанымның жұптары жазылмай келе жатқан досысың, қарағым. Әкең марқұм да алдымнан өтпеген аяулы бір жан еді. Жақсыдан қалған түяқсың ғой, мынаны сен мінгенің жөн болар, риза бол, шырағым — деп, Көркемнің досы Сабырқүлға өзіне сыйға келген ақ түйені жетектетті.

— Түсінген кісіге барлық күйеу балалардың ішінде сенің жолың ерекше, өйткені, біз тәрбиелеп өсіргенімізбен, шындыгына келгенде Дагыстан халқының үлы ақыны Сүлейман Стальскийдің тұқымы Хамсиятқа (біздің қойған атымыз Айша) сен ие болып отырсың, Сенің ана қүдай берген балаларыңның бойында Дағыстан халқының қаны бар, — деп, Айшаның күйеуі Нәмет жездеме арғымақ ат мінгізді.

Қалғанымыз да құр қалмадық. Қыздарына бір-бір кілем, күйеулерге бағалы сағат, шапан, келіндерге орамал, көйлек, жиеншар, немере-шөберелеріне дейін ешкімді қалдырмай берік, тақия кигізді. Екі үлына еншісін бөліп, анықтап берді. “Осы тұрған үй-жәйім, азды-көпті жиған-тергендерім, мәшинем – Көркемжандікі. Ол менен кейінгі осы қара орман иесі. Ал Алматыдағы үй-жайыма ие – Бақытжан” деп ашық айтты.

Жымия күліп қасымда түрған күйеуім Тасығанға арнап:

 

Ардақты балам Тасыған,

                                        Бақ кетпесін басыңнан.

                                        Ұл-қыздарың ұрпағың,

Еркелеп өссін қасыңнан.

                                        Тәрбиелеп, жөн сілтеп,

                                        Балаларға бас болдың.

   Түсініп жанын, жағдайын,

     Төрткенге адал дос болдың.

                                        Жаңа қала Қапшағай,

Құтты болсын қонысың.

                                        Жарылқасын бір қүдай.

                                        Тілегіңді тілеп жататын,

                                        Мен бір атаң осылай.

      Балалық тұзыңды ақтадың,

      Еңбекқор, адал, жаның жай,

   Мінезің маған тартқанын.

                                        Балаларды біліп тұр,

           Қалай тіршілік етіп жатқанын,

 

— деп маңдайынан сүйіп, қолына алтын сағат тақты. Анадай жерде іштей толқып, состиьш түрған мені атам шақырып алып, өзгеше бір сарынмен:

 

                                      Домбырамды сыйлаймын,

                                      Аяулы қызым Төрткенге.

                                      Ән-жырымды орындап,

                                      Әке жолын күткенге.

                                      Ерінбей айтып береді,

                                      Келген менен кеткенге.

Қүмар боп естің жасыңнан,

                                      Көпке қызмет еткенге.

                                      Болса да бөлек тұрағың,

Жанымды ұққан құрағым.

                                      Ризамын мен саған,

                                      Өзгеше туған шырағым.

                                      Мұқам-сазын өзгертпе,

                                      Еліктеп, еріп басқаға.

                                      Аманат саған ән-мұрам,

                                      Домбыраңды тастама!

– деп соңғы “Домбыраңды тастама!” дегенді үш рет қайталап бетімнен сүйіп 90 жас деген жазуы бар домбыраны үлкен бір кілеммен маған берді. Имене барып домбыраны бас салып, атамды құшақтағанда, “қайтсін-ай!” деп көпшілік көзіне жас алды, түсінігі төмен кейбірі “алганды кім жек көрсін” десіп, күліп жатты.

Бұл күн атамның ауылдастарымен, туыс, бауырларымен, ұл-қыздары, үрім-бұтақтарымен дидарласуының соңы болар деп, әрине, ол кезде ешкім де ойлаған жоқты.

 

“Кенен”. Естелік – эссе., “Жалын” баспасы,

1998 ж.

 

 

 

 

Көркемжан КЕНЕНҰЛЫ,

(Кенен Әзірбаевтың әдеби- мемориалдық

мұражайының  директоры)

 

ЕСТЕ ҚАЛҒАН ЕДІ

 

25 желтоқсан 1992 жылы “Қазақ әдебиеті” газетін оқып отырып, сонау 1938 жылы 2 наурызда Алматыда Берденов Тайжан, Жандосов Ораз Қиқымұлы, тағы тағылар, яғни, айналдырған 4 күннің ішінде 89 адам атылғанын білдік.

Жандосовтың атылғанын оқығанда, әкем Кенен Әзірбаевтың айтқан мына бір әңгімесі ойыма орала кетті.

…1937 жыл еді. Ол кезде менің отбасым Киров колхозында — “Иір суда” тұратынбыз. Бесін уақтысында әскерше киінген екі адам салт атпен келіп түсті. Иықтарына асқан мылтықтары бар. “Кенен атаның үйі осы ма?” – деп сұрай келді. Ата, бізді Ораз ағай жіберді, ол кісіні арбамен Ташкентке алып бара жатырмыз, қазір Тарғапқа келіп қалған болар, сол жерге қонып, ертең Қордайдың асуына келіп қалар.

Командирімізден “Иір су” — Киров колхозында Кенен деген досым тұрады, соған мені алып келе жатырмыз деп хабарласаңыздар, ең болмаса қоштасып қаламын деп өтінді. Командиріміз екеумізді жіберді, келгендегі мақсатым осы, ата,- деп әңгімесін айтты. Ауылдың жігіттеріне хабарландырып, түнімен малымызды сойып, тоқаш, анау-мынауларымызды дайындап, 7- 8 адам болып Қордайдан Оразды күтіп алдық.

Командирімен сөйлесіп, бір түнге Оразды қондыруға рұқсат алдық. Солдаттарды бір үйде, өзіміз бір үйде дастарқан жайылып, түнімен қүрметтеп, “Хош аман бол, Оразжан” деген әнімді өлеңімен арнап, ертесі күні Оразды Қордайдың асуынан асырып шығарып салып, жылап-сықтап қайтып кеттік.

Соғымның кезі, сыбаға беруге әр үйге шақырады. Елібай деген азамат шақырып, әйеліммен бірге (Төрткен қызым емшекте) шақырған үйде болып, түннің бір уағында үйге келе жатыр едім. Оразбен қоштасқан әнімді біреу орындап жатыр. Дауысы естіліп түр. Ол кезде электр жарығы жоқтың қасы. Баланы Насиқаға ұстаттым да, ән шыққан үйдің терезісінен сығалап қарасам, екі жағында екі әскери адам, әлгі Оразды шығарып салғандағы жігіттің біреуі…

Ойда ештеңе жоқ, бәрі үмытылып кеткен, бір айдай уақыт өтті-ау деймін шамасы, бір күні екі милиция келіп. “Ата, сізді алып кел деді” деп тұр. Танитын балаларым сияқты. Содан мені Алматыға алып келді де, абақтыға жапты да тастады. Не себеппен отырғызғанын білмеймін, анда-санда сұраққа шақырады. Ананы сұрайды, мынаны сұрайды. Оразды қалай шығарып салғандығымды сұрайды да, камераға қайтарып жібереді. Жанымда болған адамдардың кейбіреулері камераға қайтып оралмайды. Содан жата бердім.

Сұрап қалғанда Тақыр жетіммін, таза кедеймін, кедей деген мендей-ақ болар. Жамбылмен 1936 жылы Москваға бірге бардым, биыл ғана Шота Руставелидің күніне байланысты Москвада, онан кейін Тбилисиде болып келдім деймін. Құжат жоқ.

Ал, осы арада ауылдағы ағайындар, “Ойпырмай, мына Кенен қайда кетті, хабар-ошарсыз” деп Айтқүл ағамыз Насиқаны ертіп, Төрткенді көтеріп, артынып-тартынып Алматыға келді. Алматыда атайдың бөлелері тұратын. Бөлелері “Насиқа, шырағым, біздің қолдан не келеді түсінесің ғой, ел аяғы басылған соң ғана үйге келерсің”, — деді. Ал күндіз ағаштың көлеңкелерін паналап, 5-6 күн Кененді іздедік. Бөлелер де іздесті, ешқандай дыбыс жоқ. “Көрдік, білдік деген еш пенде кездеспеді. Содан жылай-жылай ауылға қайттық.

Ал, Кенекең сол жатқаннан 6 айдан аса жатады. Бір күні “сұраққа шақырып жатыр” деген соң “сол баяғы үйренген есікті ашып, кіре бергенім сол еді, төрде отырған әскери киінген кісі орнынан атып тұрып, маған қарай ұмтылды.

  • Кенеке, қашаннан бері жатырсыз, неге?” деп сүрақтың астына алды. Мен “6-7-ай болып қалды жатқаныма” деп жатырмын.
  • “Иттің балалары мына Кененді отырғызған соң бұл заман не болып барады?” – деп ашуланды.

–  Қазір сақал-шашын алдыртыңдар да, үйіне жеткізіп тастаңдар”,  деді.

“Міне, балам. “Өлмегенге өлі балық жолығады” деген осы, мен де еш жазықсыз 6-7 ай абақтыда отырып шыққанмын”, — деді.

Мен абақтыда отырған уақытта қызым Ұлтайды комсомолдан шығарып жіберіпті, “Халық жауының қызы” — деп.

“Ата, сізді босатқан кісі сонда кім болғаны?”, — деп сүраймын.

Сөйтсек, әкем Мәскеуге он күндікке барғанда, Қызылордадан поезға отырып еді, қызмет бабымен бе, әйтеуір. Мәскеуге дейін бірге барғанбыз деді. Аты-жөнін айтып еді, кінә менен, ұмытып қалыппын, сонда да Серікбаев па еді, әлде Сармолдаев па еді, есімде жоқ, деді.  Бұл әңгімені бала кезімде естіп едім.

 

 

 

 

 

Бақытжан КЕНЕНҮЛЫ

 

ЛӘТИПА  НЕМЕСЕ КЕНЕНДІ

МОЙЫНДАТҚАН КЕЛІНШЕК

 

— Айтыста жеңіліп көрдіңіз бе? — деп сұрадым бір күні әкемнен.

— Е, баламысың деген-ау! Мен пәленнен жеңілдім деп мойындаған ақынды осы жасқа келгеше естіген де, көрген де емеспін. Анау Алатаудың биік шыңдарына қарашы. Бірі – асқар биік, бірі – аласа. Ақындар да сондай қарағым. Оларға баға беретін де, төрелік ететін де халық, содан соң уақыт. Сондай шыңдардың бірі – ақын Ләтипа деп еді. Әкемнің сондағы айтқан осы бір әңгімесі есімде қалыпты….

…Хантауды бөктерлеп жүріп келеміз. Астымдағы құла қасқа құлақтарын қайшылап, аяқтарын екілене басып, дегбірсізденіп келеді. “Артқы айылдың батқанын иесі емес, ат білер” дегендей, ұзақ жолдан қажыған жануар алдымызда ауыл бар екенін, соған тезірек жетсе, жаны сая табарын сезгендей басын шұлғып-шұлғып қояды.

Осы ауылға жақындаған сайын менің де жүрегім өрекпіп, кеңілімде бір қобалжу пайда болғандай. Өйткені бүл көзбе-көз жолықсам, отты өлеңдерін өз құлағыммен естісем деп армандап жүретін әйгілі ақын Ләтипаның ауылы. Соңдықтан бізге жол көрсету үшін қосып берген жігіттен Ләтипа жайлы әлсін-әлсін сұрап келемін.

Осы елге күштеп үзатылғандығы, атастырған күйеуі мыңғырған малы бар байдың баласы екендігі, бұған әр көңіл Ләтипаның разы еместігі туралы осы жігіттен естіп білдім. Балуандардың белдесер алдында бір-бірінің айла-тәсілдері, күш-қуаты, осал тұстары жайлы алдын ала сұрап біліп отыратындығы секілді, бұл айтыс ақындарының да бойына сіңген әдеті.

Әсіресе, Ләтипаның атақ-даңқын бүкіл Жетісу өңіріне кең таратқан мына бір оқиға еді. Алдына келген ақындарды өткір тілмен аузын буып, аяғын тұсап, тырп еткізбей қоятын Ләтипаға бір күні алты ақын бірге келіпті. Өзара келісіп алган Қайрақбай, Сауытбек, Көшкімбай, Досмырза, Бәйсімбек, Жидебай сынды ақындар: “Тілі шоқтай дейтін Ләтипаның алдына алтаумыз қоса баралық, не дейді екен, әуселесін керейік, сасқан үйректей болсын” — деп үйғарысады. Әрқайсысы жүптап келген бірер шумақ өлеңдерін айтып тиісе кетеді. Жастарының үлкендігіне қарамай бәдіктеу сөздер айтады.Сонда желіккен ақындардың түр-әлпетіне, сыртқы пішініне сынай қарап отырған Ләтипа былай деген екен:

 

Досмырза, баспаймысыз мұртыңызды,

                           Боза исі сасытпай жұртымызды.

                           Екі елі аузыңа келмей әлің,

                           Алғанын білмеймісің құнтыңызды.

 

 

 

Қайрақбай селдіреген мұртың жаман,

                            Емшектей салбыраған ұртың жаман.

                            Ешкіні иіскеген текеге ұқсап,

 Аузыңды шошайтасың, шіркін жаман.

 

                             Бәйсеке, тары түйдім кебегі жоқ,

                             Өлеңім ұшан-теңіз, кенері жоқ.

                             Өзіңнің қатарыңа айтсаңызшы,

                             Шалдардың аузы сасық керегі жоқ.

 

                             Ашадан іздеп келген алты қақбас,

                             Жастарға өлеңдерің енді жақпас,

     Қақпандай салдыры бар, қауқары жоқ,

    Түлкіге салмағы жоқ қақпан шаппас…

 

Ләтипаның ащы сықағына шыдай алмаған ақындар: “Тіліңе теріскен шыққыр, Ләтипа!” — деп, домбыраларын сүйретіп үйден атып шығыпты.

Міне біз бет алған ауыл — өлеңдері ел аузында жүрген ақын Ләтипаның келін болып түскен жері Топар.

Мен Ләтипаны арнайы іздеп шыққам жоқ. Балқаш, Мойынқүм өңірін аралап үш жүз түйе жинап қайту керек деген үкімет жүктеген бұйрық бар. Бүл менің Қордайға “ревком” болып сайланған кезім. “Кенен деген атыңды халық біледі. Әніңді сала жүріп, Кеңес үкіметін насихаттай жүріп, осы шаруаны бітіріп қайт” — деп Ораз Жандосов тапсырған. Жауларға сес болсын деп қасыма Иван Шпагельский деген милиция жігітті қосып берді.

Ауылына қонақ болып қас жауы келсе де, алдынан шығып, ат басын ұстайтын қазақтың дәстүрі бойынша бірнеше жігіт қарсы алып, амандық сұрасқан соң бізді оқшау тігіліген сегіз қанатты үйге қарай алып жүрді. “Бүл біздің Ләтипа келіннің отауы” деген соң тұрмысқа қажетті жиһаздың бәрі бар үйден менің іздегенім басына үкі таққан келісті домбыра еді. Ол көзіме түспеген соң қолдан шауып жасаған кер домбырамды керегеге сүйеп, жайлана отырдым. Көңілде толқумен қатар, таңдану да бар.

…Дастарқан мәзірін жасап, әйелге тиесілі қызмет көрсетіп, кіріп-шығып жүрген орта бойлы қараторы келіншектің бойынан ақындықтың ешбір нышаиы байқалмайды. Ақын өр мінезді келеді деуші еді. Сонда біз естіген отты өлеңдер осы бір сыпайы жанның қай жағынан өреді екен деп ойға батып отыр едім:

– Кенеке, атыңызға әбден қанықпыз. Мына отырған жұрт әндеріңізді өз аузыңыздан естігісі келеді. Қаумалаған жұрт далада да отыр, деді қымыз ұсынып отырған жігіт.

“Адамның көңілін сақта, пейілін сатпа” дейді екен бүрынғылар. Бар өнердің несін аяймын деп, домбырамды қолға алдым.

Осы жолы үнім де ерекше шықты, әндерімді де ерекше шабытпен айттым, сан өрім әндердің ең жақсы дегендерін таңдап шырқадым. Жұрттың ұйып тыңдағанына, Ләтипаның тырп етпей үнсіз отырғанына қарағанда әндерім бәрінің жүрегіне жеткен сияқты. Жастар жағы қолқалап болмаған соң, сонау жігіттік шақта шығарған “Тік шырқау” деген әнімді салдым. Домбыраның ең төменгі сағасынан басталып, екпіндеп барып аяқталатын бүл әнді даусым әбден бабына келгенде ғана айтатынмын.

 

«Тік шырқауға» салайын шырғақтатып,

                          Арқам қозса кетермін ырғақтатып.

                          Сұлу қыз түлкі болып төстен қашса,

                           Ер жігіт қырандайын алсаң қалқып..

Алма мойын ей, қыздар, жарғызарсың,

                           Алуа шекер тіліңнен қанғызарсың.

                           Қамысты терең көлдің сұқсыры едің,

                           Бір күні ақиыққа алғызарсың.

                           Қоймасаң бұл сәулетті сұлу қыздар,

                           Кеудемді оттай менің жанғызарсың

 

Бозбалалар жағы өзара жымыңдасып қалды. Ләтипаға қарап едім, қараторы жүзінде болар болмас қызғылт рең байқалғандай болды.

“Па, шіркін жастық шақ-ай! Көңілді не бір қияндарға елітіп әкеттің ау, Кенен. Өркенің өссін, өнерің өрге өрлесін. Әнге жүйрік екенсің, қарағым. Саған салар тағы бір қолқамыз бар. Мына отырған Ләтипа келін де өнер иесі. Өнер де бір, өткір пышақ та бір. Қайрап, жанып отырмасаң кетіледі, тот басады. Бәлкім, бұл айтқаным ерсілеу де болар. “Күш атасын танымас” деген, біраз өнер сынассандар қарсы емеспіз” деп төрде отырған ауыл ақсақалы мені айтысқа шақырған сыңай білдірді. Отырған жүрт “айтсын” — деп, ду ете қалды. Менің де ішкі қаупім осы болатын. Осыншама жұрттың бекерге жиналмағанын жүрегім әлдеқашан сезген еді.

Бозбала кезімде қасына ертіп жүріп талай ақыл-нақыл айтқан ұстазым Балуан Шолақ: “Қошаметті кім сүймейді Кенен, қолпаштады екен деп елеуреп еліріп кетпе. Сыпайы, жинақы бол” дейтін. Сол есіме түсіп, өзімді-өзім сабырға шақырып біраз отырдым. Алдымда талай ақынның шайтанын қағып, шөмендеткен Ләтипа отыр. Сырт көзге жұпыны көрінгенмен оқта-текте жалт ете қалған жанарынан бойына біткен ақындықтың ұшқыны сезілгендей еді. Ән салып отырып, оны да байқап қалғанмын. “Айтысуға келгем жоқ, шаруамен келдік, түйе жинап жүрміз” деп қалай айтарсың. Мына жұрт: “Кенен айтысудан жалтарды, Ләтипаның мысы басып кетті” — деуі сөзсіз. “Жігіттің көзге түсіп көрінері де, абыройының төгілері де бір жиын”— дейді екен Кебекбай шешен. Ішімнен аруақтарға сыйынып, домбырамды қолға алдым. Ләтипамен айтыс осылай басталған еді:

                               …Мен едім Кенен ақын Қордайдағы,

                               Төгейін өлеңімді таңдайдағы.

   Топардың тоғайында сен бір бұлбұл,

                               Түрлентіп әуеніңе салғайдағы.

                               Ақиық Алатаудың қыранымын,

                               Қондырып бұтағыңа алғайдағы.

 

Бірін-бірі тарпа бас салмай біраз уақыт аңдысып жүріп алатын әккі балуандар сияқты мен де айтысты сыпайы, жұмсақ бастадым. Мұндағы ойым өлеңі емес, осы уақытқа дейін үнін де жөндеп естімеген Ләтипаның әуенін, сөз саптасын байқау еді. Ақынның ішкі толқуы, арыны, мінез-қүлқы осыдан аңғарылады. Суырыпсалма ақындардың ерекшелігі де, міне осында.

 

…Сен бе едің Қордайдағы Кенен деген,

                            Құлағым “келеді” деп елеңдеген.

                            Сыртыңнан естуші едім атағыңды,

                            Ойда жоқ түлен түртіп келер деген.

Алыстан аңсап ұшқан сұңқар болсаң,

                             Кәнеки, қайымдасалық өлеңменен…

 

деп, бір түйіп тастады. Әлгінде ғана дастарқан жайып, шай қүйып жүрген қарапайым, бұйығы келіншектен жұрнақ та қалмапты. Жанарынан от шашып, қараторы жүзі алаулап, сұлуланып кеткендей. Ләтипа да өлеңін әдеппен бастады. Арқалы ақын екендігі көрініп түр. Үні де, әуені де, сөзі де қорғасындай салмақты екен. Әсіресе, “әнші Кенен, ақын Кенен” дейтін қошаметке бойым әбден үйренген болуым керек, Ләтипаның “сен бе едің, Кенен” дегені, “түлен түртіп келген шығарсың” дегені шымбайыма батып кетті. Бүл сөзде асқақтық та, тәкаппарлық та жатыр. Екі жағында отырған қос келіншек Ләтипа айтқан өлеңнің соңғы екі жолын іліп әкетіп қоса табалағандай қайталап шырқайды. Домбыраның орнына қойдың жауырынын ұстап немесе алақанына қарап отырып, тіпті екі тізесін ұрғылап өлең айтатын ақындарды талай көргенмін. Ал мына көрініс өте жарасымды екен.

 

                              Ашадан іздеп келген алты ақын,

Айтысып менен көңлі төмендеген…

 

деді Ләтипа енді бір тұста. “Алдында кім отырғанын байқап көр, қапыда қалма” дегендей сыңай танытты. Ата тегін, байлығын айтып қыр көрсететін өзге ақындарға мүлде үқсамайды. Сонда да аузынан шыққан сөздері дөп түсіп, дәл тиіп жатыр. Біршама уақыт өтті, талай сөздер айтылды.

Алайда, түяғы қызған тұлпардай Ләтипаның арыны басылар емес. Тыңдаушы жұрт екіге бөлінген. Көпшілігі Ләтипа жағында. Оның аузынан шыққан әрбір сөзге ду ете қалады. Бұл да үлкен сеп, ақынға шабыт беретін де осындай қошемет.

…Ләтипамен айтысты еске алғанда мына бір жай ойыма орала береді. Анау бір жылы жас ақындардың айтысын ашып беріңіз ‘”деген соң Жамбыл қаласына барғанда, ақындарды топқа бөліп, уақытын белгілеп, тақырыпқа бағыштаттырғанды сонда көрдім. Аяғын тұсап жіберген ат сияқты, кібіртіктеп, еркін көсіле алмай әбден мазалары кетті. “ығырым қайнап орнымда әзер отырдым”.

Айтысқа түскен ақын жарысқа қосқан жүйрік сияқты. Шу дегенде бәрін басып озып, бара-бара қалып қоятын, керісінше, соңғы лекте келе жатып денесі қызған сайын қолтығы жазылып, үзіліп алға шығатын аттар болады. Ақындар да осындай. Бес, он жүпқа бөліп, айтыстың берекесін кетіргенше нағыз суырып салма арқалы дегендерін таңдап еркіне жіберсе, айтысқан ақынның да, тыңдаған жұрттың да айызы қанбас па еді? Шын дарын жасқа қарамайды, жағдай таңдамайды. Табан астында өлеңді тауып айту – ол да туа біткен қасиет. Кейін осы ойьшды сондағы басшыларға айттым. “Заман басқа, уақыт сондай” дегеннен басқа татымды ешнәрсе демеді.

Ерте кезде ақындар бір-бірін іздеп келіп айтысатын. Тіпті үстеріне адам кіргізбей бетпе-бет отырып айтысқа түсетіндер де болған. Оңдағы мақсат — атақ шығару емес, өз күшін байқау, тәлім алу, үйрену болса керек.

Сүйінбай ақын алғаш рет Тезек төренің алдына барғанда қандай сыннан өткенін жұрт біледі. Аңыз етіп айтады. Сөзден де, өлеңнен де сүріндіре алмаған төре ақынды ертіп тысқа шығады. “Мүны қайтіп жаңылдырсам екен” деп ойлаған Тезек бұлаққа қолын жуып отырған ақынның тақиясын қылышының ұшымен түртіп жіберіп: “Қане, шын ақын болсаң, ағып бара жатқан тақияңа өлең шығаршы”, — дейді қылыштың жүзін Сүйінбайдың мойнына тақап. Сонда ақын:

 

“О, қүдай, мен бе едім жек көргенің,

                              Бастағы тақияма тап бергенің.

                              Ербеңдеп екі қолым қала бердің,

Кәнеки, шап бергенде, ап бергенің”,

 

— деп табан асты жауап беріпті. Шарасы қалмаған қаһарлы төре: “Сүйінбай, өлең сенің сүйегіңе сіңген-ау, бәлкім” деп мойындаған екен.

Ләтипа жайлы сөз еткенде менің кез алдыма жарқылдаған жай оты елестейді. Қазақта ақын қыз да, батыр қыз да, ақылгөй қыз да көп болған ғой. Ләтипныц бойында осы ерекшеліктер түгелдей тоғысқан еді. Ақын болғаны – ақылдылығы, тайсалмай айтысқа түсетіні – батылдығы. Мұнлай пікірге кейіннен, көп уақыт өткен соң келдім. Ол кезде, қызған айтыс үстінде Ләтипаға тек әйел деп қана қараған екенмін. Сонымды ақынның нәзік жаны сезіп қойғандай алғашқыдан да өршеленіп, ширыға түсті.

 

…Сен бе едің Дулаттағы Кенен ақын,

                             Көкшолақ атқа мінген сірі тақым…

 Сен болсаң кім қорқады Кенен болыс,

                             Қолында таяғы бар кедей болыс.

  Қазақтан бүкіл мынау жолдас таппай,

                             Қасыңа ертіп апсың сары орыс,

— деп салды.

Өзі де желігіп отырған жүрт күлкіге батты да қалды. Қасымдағы серігіме қарап едім, қүлағына дейін қызарып кетіпті, басын шұлғып күле береді. Осы сапарға шығарда: “Маған жөн-жосық білетін қазақтың бір жігітін қосып беріңдер, жер шалғай, қазақы ел” деп едім, “біздің Иван қазақ арасында өскен, тілін де, әдет ғүрпын да жақсы біледі” — деген соң келіскенмін. Ләтипанын қырағы көзі мұны да қалт жібермепті. “ақынның қүлағы өзінен қырық жыл бүрын туады” демекші, менің өмірімді жай – күйімді жақсы білетіні көрініп түр. Шу бәсеңдеген кезде, даусымды биіктеу алып, шырқай жөнелдім.

 

…Ләтипа, келтірмегін шайтанымды,

                              Біліп ем осы сөзді айтарыңды.

    Таласқан тар кезеңге мен шығармын,

         Тыртаңдап шауып көргін байталыңды…

 

Бұл жерде “байталыңды” деген сөзде үлкен мән бар. Сол жылдары осы өңірден “көк байтал” деген жүйрік шыққан. Қырғыз – қазақтың бәйгесінінің алдын бермейтін еді. Атағы дүйім елге жайылған сәйгүлік болатын. Бірақ одан туған құлын шабан болып шықты. Менің Ләтипаға үғындырайын дегенім осы еді. Үнім биік, әнім тартымды, алайда өлең сөздерімнің осалдау түсіп жатқанын сезіп отырмын. Соны тап басқандай:

 

Ей, Кенен, жүйрік емес, жүріскерсің,

                             Әуен мен өлең сөзге мініскерсің.

   Арының қайтпай жүрген ақын болсаң,

       Шын қыссам сөз таба алмай тіміскерсің.

          Көк байтал күнде шауып бәйге алып жүр,

                             Артынан олжа берсем иіскерсің…

 

– деп, жұртты тағы да күлкіге батырды… Күлдіріп отырып- ақ, жоныңнан таспа тілу деген осы болар. Ендігі сөзімді қай жағынан орап әкелсем екен деп мен отырмын. Жолда келе жатып әлгі жігіт айтқан сөздер есіме түсті. “Ләтипа өз тағдырына риза емес, күйеуі тоң мойын, дөрекі адам, бірақ халық ақын қызын қатты сыйлайды, еркелетіп үстайды”— деп еді-ау.

Әйелдің бақыты от басының беркесінде, көз қуанышы еркелеп мойнына асылатын балада екені ақиқат. «Сабау қамшылы, салт атты Кенен” атанған мен үшін бұл етене белгілі жәй. Баланың жөні бір бөлек, ал ерлі-зайыптылар өзара жарасымдылық таппаса бұдан өткен азап, қасірет жоқ. Мұндай тірлік бұрауы үндеспейтін домбыраның қос ішегі сияқты.

 

                                       “Әйелің жақсы болса,

Далада отырып дабырла.

                                        Әйелің жаман болса,

     Үйіңде отырып сыбырла”,

— деген Сүйінбай ақыннан қалған қанатты сөз бар. Мүның еркектерге де қатысы болса керек.

Көңіл түкпірінде Ләтипаға деген ілтипат сезім де жоқ емес. Алайда айтыс үстінде жалған айтып, көлгірсуге болмайды. “Заман өзгерді. Әйелдерге теңдік тиді, жол ашылды. Кеңірдегі кетпеннің ұңғысындай күйеуің езіңді, өнеріңді сыйламаса амал қанша? Арғымақ пен қашырды матағандай бұл не тірлік? Бүған қалай шыдап жүрсің? Бізбен бірге жүр. Қалаға апарайын, өнеріңе жол ашайын, теңіңе қосайын” деп, ағымнан жарылдым. Ақынның нәзік жүрегі менің ақ тілеуімді түйсінсе де, тәкаппар мінезінен тайған жоқ.

 

      …Ей, Кенен, қоқаң сөзден қорықпаймын,

Дүлдүлмін неше таңға зорықпаймын.

                            Өлеңнің таңдайымда ұясы бар,

  Ешкімнен үйренбеймін, тарықпаймын.

                            Болғанмен ерім нашар, елім жақсы,

                            Үстінде үш болыс ел қалықтаймын.

                            Елімнің еркелеткен арқасында,

Дарияда жүзіп жүрген балықтаймын.

 

Айтыстың өзгеше ірең, бағыт алғанын іштей сезіп, қуанып отырмын. Сол кездегі қазақ әйелдерінің сүреңсіз тірлігін, ой арманын, қайғы мүңын айтып екеумізде біраз көсіліп алдық. Сол сәттегі Ләтипаның ширыға айтқан өлеңдерін жазып алар адам болса ғой, шіркін? Арманда кеткен өлеңдер деп соларды айтса керек. Ақпейіл ақын болмысы, бала сияқты аңғал да келеді.

 

…Ей, Кенен, бұл сөзіңе нана алмаймын,

      Шын болса мен соңыңнан қала алмаймьш.

       “Ақ бата, қызыл қанды бүзбаймыз” — деп,

                           Байлап матап ұзатты ел ағайын,

                           Өзіңдей құрбылармен әзілдессем,

                           Еркексіп қол жұмсайды жаман байым,

— деп іштегі шерін жайып салды.

Айтыстың соңы жарасымды қалжыңмен, жақсы тілекпен аяқталар-ау деп күткенмін. Кенет: “Мынау не оттап отыр ей!”- деп күйеуі қамшымен Ләтипаны салып қалды. Жұрт дүрлігіп, у-шу болды. Біреулер оны сүйрелеп далаға алып кетті. Ләтипаға қарап едім, төмен қарап, мүңайып отыр екен. Айтыстың шырқы бұзылғанын, бұдан кейінгі сөздің артық екенін сезіп, біз де жайлап үйден шығып кеттік.

… Келген шаруамыз бітсе де, көрші ауылдарды аралап тағы екі-үш күндей аялдап қалдық. Мені мазалаған бір ғана ой қайткенде де Ләтипамен жүздесіп, сөйлесіп қалу. Үнсіз кетуге ар-намысым жібермеді. Менің осы күйімді сезген болу керек, серіктестерім де асықтырған жоқ. Ақыры, ауыл маңындағы Қостөбенің етегінде Ләтипамен кездесудің сәті түсті.

Ұзақ әңгімелестік. “Мүмкіндік болса, расында, қалаға барып, өнер жолына біржола бой ұсынсам” — деген арманын қоса айтты. Мен қоштадым. Осы жолы Ләтипаның суырып салма дарынды ақын екендігін өз көзінше мойындадым. Сөйтіп қырық күн дегенде Қостөбенің етегінде ол күтетін болып, мен алып кететін болып келістік.

Жолда тағы бірнеше күн жүріп елге де жеттік-ау. Үй ішімен қауышып, балалардың бетінен сүйіп, жаным байыз тапқандай күйде отыр едім, үйге ауылдың үш-төрт ақсақалдары кірді. Орнымнан атып түрып төрден орын бердім. Аман саулық сұрап біраз отырған соң: “Кенен, өзіңе айтар бірер сөзіміз бар еді” — деп төрде отырған қария маған ишарат білдірді.

 

Бұрынғыдан төрт мәтел,

                                        Төртеуі де дөп мәтел:

Көз қараудан тоймайды,

                                        От жанудан тоймайды,

 Естуден құлақ тоймайды

 Ағудан бұлақ тоймайды,

 

— дейді екен. Сені елдің кәрі-жасы киелі ақын, күміс көмей әншіміз деп қастерлейді, құрмет түтады. Той томалаққа жиналған жұрт, алтыбақан тепкен жастар алдымен сенің әндеріңді салады, үлгі етеді, жамандыққа қимайды. “Шалғайдағы Балқаштан біреудің жесірін алып келе жатыр” деген қаңқу сөз өзіңнен бүрын жетті. Соның мәнісін айтшы, “Жау қайда деме, жар астында” – демекші, кейбір дұшпан көздер: “Кенен екі әйелдің үстіне тағы бір ақын келіншекті алатын болыпты” — деп көпіртіп жүр. Бұған не айтасың? Мына жаңа үкімет мұныңа қалай қарайды екен? — деді.

Осындай бір әңгіме болатынын, әлгінде шай қүйып отырған бәйбішенің қабағынан да сезгенмін. “Биыл үкімет Алматыға қазақтың өнерлі жастарын, ақын, әншілерін жинап жатыр, оқытамыз, білім береміз дейді. Соларға Ләтипаны ертіп барып көрсетсем, жол сілтесем деп едім. Менде басқа ой жоқ, қариялар” — дедім.

“Кенен, шырағым, шын кеңілден туған ақ ниетіңді біз түсінгенмен, қараңғы жұрт түсіне ме? Кешегі өзіңе тісін қайрап жүрген бай балалары бүл ойыңды отқа айналдырып жүрмесін, абай бол” — деп ақсақалдар қайтып кетті.

Бір адамға тарыдай жамандық істеген емеспін, пәле-жала мені не қылсын деп ойлайтынмын. Ол ойым бекер екен. Қырсықтың құрығы ұзын деуші еді. Соның басы Базар, Назар өлімінен басталды. Құлын тайдай ойнақтап жүрген екі баламның елімі өзегімді өртеп, қабырғамды қайыстырса да, уақыт емші, оған да төтеп бердік.  Бүл Алланың ісі, оған шара жоқ. Ал адамдардың қасақана істеген жамандығына не дерсің?

Сол жылы менің үстімнен үкімет орындарына шағым түсіпті. Онда: “Кенен ескі дүниенің қалдығы, ата бабаларды аузынан тастамайды, намаз оқиды, екі әйел алған, жастарға теріс үлгі көрсетеді…” деген сияқты, жайлар айтылған. Осы шағымға байланысты ауданда жиналыс болды. Ұзақ айтыс тартыстан кейін, соңғы сөз Нәсиқаға берілді. Жұрт алдына бұрын шығып көрмегендіктен қатты қысылып тұр: “Мен Кененге күштеумен келгем жоқ, өз еркіммен шықтым” деп бір ақ ауыз сөз айтып, сыртқа жүгіріп шығып кетті.

Жиналыстың түйіні де сол болды. “Менен гөрі білімді, көзі ашық жастар бар, ел басқаруды соларға берейік” дегенді сылгау етіп, мен де орнымнан түстім.

                                      “Болыстықтан” түсіп,

                                       Ауылға қайттым.

                                       Әнімді шырқап,

                                       Үйімде жаттым, – дейтін әзіл өлеңімді сол кезде шығарған едім.

Уақытта тоқтау бар ма? Өстіп тіршіліктің иірімінен шыға алмай жүргенде зымырап күндер, ағылып айлар өтті. Ләтипаға берген уәдемді орындай алмадым. Шауып барып келетін жақын жер емес, хат-хабар алысу деген мүлдем жоқ кез. Осылай ішқұса боп жүргенімде жолаушылап келген бір жігіт алақандай ғана қағазды қолыма ұстатты. Өлеңмен жазылған алты-ақ жол Ләтипаның хаты екен.

 

“Сәлем айт төрт Дулаттың Кененіне,

                             Ғашық ем өлеңі мен әуеніне

                             Ер емес, ез екенсің ақын Кенен,

                             Ләтипаға обал болды-ау демедің де.

                              Қостөбе көз алдыма елестейді,

                              Артыңа бір қарамай жөнедің бе?”

 

Бар болғаны осы. Басқа еш сөз жоқ. Жүрегіме біреу ине сүғып алғандай болды. Мүңын да, ренішін де, өкпесін де алты жол өлеңге сыйғызыпты. Сол бір аяқталмай қалған айтыстың түйіні осы болар деп ұқтым. Бұл Ләтипаның ең соңғы лебізі екенін білсемші сонда. Бірнеше жылдан соң “Ләтипа қайтыс болыпты” деген хабар естідім.

Көзі ашылмай суы тартылған қайнар іспеттес, “таңдайында өлең- жырдың ұясы бар”, “неше таңға зорықпайтын” дүлдүл ақынның ғүмыры қысқа болды. Қүлағымда мәңгі үні қалған, жүрек түкпірінде тұнып жатқан қазақтың біртума ақын қызы Ләтипаның жан дүниесі осындай еді.

 

1988 ж.

 

 

 

Хасан ХАЛКЫЧЕВ

 

БІЗДІҢ ДЕ СҮЙГЕН ӘНІМІЗ

 

Қай ұлт болмасын өз тойлары мен мерекелік кештерінде туған әндерімен қатар өзге халықтың әуендерін де сүйсіне, әрі нақышына келтіре шырқағанының талай куәсі болғаным бар. Мәселен, менің өзім Карачаево-Черкасскіде грузин мен кабардин әндерімен бірге қарашайлықтардың қазақ әндерін де орындайтындықтарын сонау бала кезімнен білемін.

Иә, ауылы аралас, қойы қоралас қарашайлықтар тойларда көбінесе қазақ халқының ‘Он алты қыз” деп аталатын кеңілді әзіл әнін шырқаса, ал жеке бір отырыстарда “Назар-Базар” (“Базар-Назар”, — Ред.) әнін ауыздарынан тастамайды.

Бірақ, бұл әнді құлай сұйгенмен көпшілік авторын біле бермейтін, ұзақ уақыт оны өзім де білмеген едім. Ал алғаш рет құдіретті әннің иесі Кенен Әзірбаевтың есімін қарашайдың халық әншісі, бүгінде 90 жастағы ақсақал Әбуғали Үзденовтен естідім. Бұл салиқалы да, парасатты кәне көз қартты қатты құрмет тұтамын және салған әндерін беріле тыңдайтынмын. Егер ол “Нарт” эпосынан үзінділер шырқаса, мен оның өзін сол аңыздан келген мейірімді сиқыршыдай сезінетінмін.

Міне, осы ақсақал “Назар-Базар” әнін де нақышына келтіре орындайтын. Тіпті кейде көзіне жас алып, бастапқы даусын жоғалтып алатын. Себебі, Әбуғали аға да өмірдің қиын соқпақтарынан көп тауқымет тартқан адам еді. Бірде ол маған Кенен жайлы сыр шерткен.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі қиын-қыстау жылдары Әбуғали өз жерлестерімен бірге Қазақстанның Жамбыл облысында уақытша түрған. Сөйтіп сонда шопан болып жұмыс істейді. Қонақжай қазақ халқы оларды бауыр тартып, түз-дәмін бөлісті. Ал, Әбуғали сонау отызыншы жылдары өз әнімен халқына танылғандықтан мүндағы жергілікті қазақ ақындарына қызығушылық туғызған еді. Өйткені, оның әні көпшілік қолдауымен эжиу түрінде айтылатын. Ал бұл тәсіл ол кезде қазақ халқы үшін белгісіз қүбылыс болатын.

– Елуінші жылдың, қысы өте қатты келді, —деп әңгімелейді Әбуғали өткен күндерді еске түсіріп. — Соның салдарынан көптеген мал шығынға ұшырады. Осы қыстан мал басын аман сақтаған озат шопандарды көктемде бір жерге жинап, мереке ұйымдастырылды, наградалар табыс етілді. Он алты киіз үй тігіліп, мереке қызықты өткен. Сондағы бәрімізге ортақ бір қуаныш — Кенен Әзірбаевтың келуі еді. Сол мерекеде мен Кененді алғаш рет көрдім. Оның қолында өзі жасаған кішкене домбырасы бар еді, — деп Әбуғали сөзін одан әрі жалғаған. — Ақын былай деді: бүл домбыраны сонау бала кезден өзімнен бір елі тастамаймын, содан болар ол маған өте қымбат. Сондықтан әнмен қоштасқым жоқ.

Міне, сол кездесуде Әбуғали автордың өзінен “Назар-Базар” әнін естіпті. Сондай-ақ, ақын өлеңнің тарихын да әңгімелеп беріпті. Содан Әбуғали де осы әнді жүрегіне жақын тартқан.

…Кенен алты ай Қырғызстанда жүргенде, ең жақын көретін егіз баласынан айырылып қалады. Бүл қайғысын қанша ішке сақтағанмен, ол уақыт өте ұлғая түседі. Сондай күндердің бір кешінде Кенен қолына домбырасын алып, қырда отырса, жайылымнан қайтқан малдардың ішіндегі біреуінің желінінен сүт ағып жүргенін көреді. Бүл жайды шопаннан сұрастырса, сорлы ешкі таяуда екі лағынан ажырап қалғанын біледі. Көзіне іркіп жас алған ақын домбырасына қарай ұмтылады да, балаларын еске алып шырқай жөнеледі.

— Жиынға қатысушылар осы ән орындалғанда тегіс жылады, — деп еске алады Әбуғали.

Кенен музейін аралау сәті түскенде, Әбуғали атаның айтқандарын еске түсірдім. Кенен өмір сүрген бұрынғы Қордай ауданы ұлғайып, бүл күнде үш ауданға бөлінген. Ал ақынның туған ауылы бүгін Красногор ауданына енеді.

Музейде сақтаулы түрған домбыраны көргенде, өзгеше сезімге бөлендім. Өйткені, бұл домбыра жайлы Кавказда жүргенде талай естігенім бар емес пе еді?!

Е, қүдіретті домбыра десеңші! Сенің әуеніңді талай елдің халықтары естіп, тамсанды емес пе? Кенен сен арқылы өз мүңын шақты, сондай-ақ “Бозторғай”, “Көкшолақ”, тағы басқа шығармаларын дүниеге келтірді.

Осы музей территориясындағы ақын ескерткіші тұсында екінші бір үй тұр. Онда кинозал бар. Біз сол залдан қазақ және орыс тілдерінде екі деректі фильм тамашаладық. Негізінен фильм Кененнің творчестволық жолы мен өмірін ашып көрсетеді. Сондай-ақ,  К. Әзірбаевтың 75 және 90 жылдығына байланысты түсірілген кадрларда Кененнің композиторлығын, ақындығын, орындаушылық қабілетін дәріптеген фильмде Кененнің үлы Бақытжанды да көрдік. Осы музейдің директоры. Бақытжанмен жүздескенімде Әбуғали жайында айтып бердім.

— Менің әкемнің достары өте көп болатын, — деді Бақытжан.

— Ол достықты қатты бағалайтын. Сондықтан маған әкемнің әрбір танысы ыстық және жақын. Ол кісінің бүкіл өмірі ұлттар мен халықтардың арасындағы достық қарым- қатынастың жоғары мәдениеті ретінде есімде сақталады.

Өзара әңгімеден кейін менің Әбуғалидың баласымен таныстығым барын біліп, оның атына әкесінің тандамалы ән жинағын сыйлыққа ұсынды. Оған былай деп қол қойды: “К. Әзірбаев музейінен қарашай халқының сүйікті әншісі Әбуғалиға Кененұлы Бақытжаннан!”.

Иә, қай тілде шырқалмасын, ән әуені өзінің ырқына жетелейді. Бұл әрине, тілі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір халықтың бәріне тән қасиет.

 

“Қазақ әдебиеті”, 1988 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

АЛҒЫ СӨЗ……………………………………………………………………………..

Ә. Тәжібаев

ҚАНДАЙ ЕДІ АҒАЛАР ………………………………………………………….

С. Мүқанов.

ӨЗ БЕЙНЕСІ  ………………………………………………………………………….

А. Жұбанов.

КЕНЕН ……………………………………………………………………………………

  1. Сүйіншәлиев.

ҚОРДАЙДАН ЕСКЕН  ҚОҢЫР  ЖЕЛ ……………………………………

Е. Рахмадиев.

ТАС БҰЛАҚТАЙ ТАЗА ӨНЕР ………………………………………………..

Б. Ерзакович.

БАЛУАН ШОЛАҚ ӘНДЕРІН

ЖАЗЫП АЛУЫМНЫҢ ТАРИХЫ  …………………………………………..

Н. Тілендиев.

ДҮЛДҮЛІ ЕДІ ӘННІҢ ДЕ ……………………………………………………….

Б. Ормантаев.

БАТЫР МЕН АБЫЗ  ………………………………………………………………..

С. Сасықбаев.

ЕКІ  ЕЛДІҢ  БҰЛБҰЛЫ …………………………………………………………….

Б. Османқұлов.

АЛАТАУ – АТА  ……………………………………………………………………..

О. Нүрмағамбетова.

АЯУЛЫ, АСЫЛ БЕЙНЕЛЕР …………………………………………………….

Ә. Айталиев.

АҚЫНДАР БАС ҚОСҚАНДА  ………………………………………………….

Ә. Жамбылов.

ҚОСЫЛҒАН ҚОС ӨЗЕН  ………………………………………………………….

С. Бақбергенов.

КЕМЕЛ ДАРЫН  ……………………………………………………………………..

Ә. Жүргенов.

ҰМЫТЫЛМАС  КЕЗДЕСУЛЕР  ……………………………………………….

Н. Төреқұлов.

СОҢҒЫ ӘН ………………………………………………………………………………

М.Жолдасбеков.

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН  …………………………………………………….

А. Бекбосынүлы.

АҚЬІН  ……………………………………………………………………………………..

А. Қоразбаев.

АМАНАТ  ………………………………………………………………………………..

А. Бетбаев.

КЕНЕКЕМНЕН  БАТА АЛҒАМ  ……………………………………………….

Т. Кененқызы.

“АМАНАТ САҒАН ӘН – МҰРАМ”  …………………………………………….

К. Кененүлы.

ЕСТЕ  ҚАЛҒАН  ЕДІ  ………………………………………………………………….

Б. Кененүлы.

ЛӘТИПА НЕМЕСЕ  КЕНЕНДІ  МОЙЬІНДАТҚАН

КЕЛІНШЕК   ………………………………………………………………………………

  1. Халкычев.

БІЗДІҢ ДЕ СҮЙГЕН ӘНІМІЗ   …………………………………………………….