(аңыз)

                    I

Бұрынғы өткен дәуірде

Халықтың мұңы мал болған.

Малсызда ақыл дал болған.

Манас батыр тұсында..,

Көрнекті талай дәу болған.

Абырой, бедел тұзден боп,

Берекесі үйден боп,

Ер Қосай деген шал болған.

Көкше батыр Әлмембет,

Қүрең сақал Келмембет,

Күнбатыста Ақжелек,

Күншығыста Көкжелек,

Атақты талай жан болған.

Елеместің еркесі,

Отыз үлдың кенжесі,

Ер Төстік деген нән болған.

Осы дәулер тұсында

Көкетай деген хан екен.

Өз шағында халыққа

Кәдірі бар жан екен.

Әділетті, қайырлы

Әлінше көпке нақ екен.

Өзіне тете інісі

Төкетай деген сал екен.

Екеуінен жалғыздан

Екі үл бала бар екен.

«Аман болса ботамыз,

Қолға үстаған сақамыз,

Есен болса баламыз,

Елден сүлу аламыз».

Жер-жерден сұлу қыз іздеп,

Жол тартады Төкетай.

Қырғыз бенен қазақты

Аралады Төкетай,

Талай-талай ел кезіп,

Жер аралап, жер кезіп,

Асқар-асқар бел кезіп,

Шалқар-шалқар көл кезіп,

Талай жерді арылтты.

Астына мінген Мәнікер

Жер танабын тарылтты.

Алты күнде аралап

Алты айлық жерді шалыпты.

Қасындағы қырық жолдас

Ілесе алмай қалыпты.

Мәнікер ат майыспай

Мініп шапса қайыспай

Желсе жел де жетпейді,

Құс құтылып кетпейді.

Алдынан қашқан киіктер,

Әудем жерден өтпейді,

Ер Қосай мен Манастан,

Аспара, Мерке, Таластан,

Алатау асқар жартастан,

Аралап өтіп барады.

Алты рулы Алаштан,

Ел қоймай кетіп барады.

Сырдан өтіп сырғытып,

Шудан ерлеп шүйілтіп,

Іледен өтіп ырғытып,

Ылди-өрден орғытып,

Қараталдан қарғытып,

Ақсудан өтті аттатып,

Көксудан өтті көсілтіп,

Ертістен өтті есілтіп,

Есіл менен Нұрадан

Іңірде өтті ыршытып,

Сарыарқаны аралап,

Сан сұлуды саралап,

Көкшетауды кектеді,

Көз жұмғанша өткені

Қарқаралы, Қазаннан,

Қарап өтті азаннан.

Тобыл менен Торғайдан,

Ойнап өтті тоғайдан.

Мәнікер атпен Төкетай

Есілдің суын есілтіп

Жүзіп өтті балықтай.

Күн-тун журді жалықпай,

Еділ бойын өрледі

Орынбормен желгені,

Өзіне жағар сұлуды,

Төкетай ер көрмед!.

Өршеленіп Мәнікер

Омырауы терледі,

Ауыздығы қаршылдап

Көсіле аяқ сермеді,

Қос құлағын қайшылап,

Жаңбырдай тері тамшылап,

Қолға ерік бермеді.

Арал менен Каспийден,

Қалқи жүзіп көштірді,

Қалың балық, жайынды

Қарсы келген тептірді,

Қазыбек пен Қап тауда

Аттың терін кептірді.

Қара теңіз жүздірді,

Қайыстай қылып тілдірді,

Ат өнерін білдірді.

Батыстағы Ақжелек

Ауылына бет бүрды.

Қырымнан қыз қарауға,

Мәнікерді соқтырды.

Алты батпан алтыны

Атқа артқан балқыды.

Ақжелектің ауылына,

Азанымен кеп тұрды,

Басылмай аттың қарқыны:  Ассалаумағалайкүм,

Амансыз ба, Ақжелек!

Ел жұртьша нақ,

Желек Әдейі келдім аулыңа

Керегімді тап, Желек!

Іздеп келдім алыстан,

Астымдағы тұлпарым,

Үшқан құспен жарысқан.

Күнбатыста Ақжелек,

Сен бір жатқан арыстан.

Көпті көрген ділмәр деп,

Көргелі келдім ағажан.

Ақжелек сонда бүй деді:

– О, балам-ау, балам-ау,

Алыс жолдан келіпсің.

Мәнікер тұлпар мініпсің.

Бадана тон киіпсің.

Шот болатты асынып,

Алмас қылыш іліпсің.

Келбетіңе карасам,

Келісіп туған жігітсің.

Бүл алаптан кермеген,

Жол болсын, қайдан жүріпсің?

Астыңа алтын салыпсың,

Атыңды суға малыпсың.

Ат-жөніңді айтшы енді,

Аршындап жүрген алыпсың.

Бүл өлкеден көрмеген,

Бұл ауылдың үстінен,

Бүлдырық ұшпас көлденең.

Бұл жаққа келдің қай елден?

Батыста ма ауылың?

Шығыста ма ауылың?

Оң жақта ма ауылың?

Сол жақта ма ауылың?

Келген бетің қай жерден?

Төкетай сонда сөйледі:

Сөйлегенде бүй деді:

Әуелде шықтым елімнен

Аспара, Мерке жерімнен.

Тарбағатай, Тянь-Шань,

Алатау асқар белімнен,

Аралап келдім шығыстан,

Жетісу өзен, көлімнен.

Ер Қосай мен Манастай

Рұқсат алып ерімнен.

Қарақұжыр, Көкойрақ

Қазақ, қырғыз елімнен.

Алатау болад жеріміз,

Кең жатқан байтақ еліміз.

Көкетай деген ханымыз.

Көпке бірдей шамымыз.

Күн шығыста Көкжелек

Өзіңе аттас дәуіміз.

Ауылдан шықса Ақжолтай,

Көкжал Барақ, Көбікті

Маңдайдағы барымыз.

Қатынын берген қайырға

Қанкелді деген нарымыз.

Жолды Қосай басшымыз,

Ақыл берген шалымыз.

Ел иесі осылар

Қолында мал-жанымыз.

Әуелде шықтым ауылдан,

Ардақтаған қауымнан.

Шығысқа қарай бет алдым,

Алатаудың бауырынан

Арғымақ ат астымда

Алтын артып сауырынан.

Үйден шықтым қыз іздеп,

Ер Қосай мен Манастан

Үшбурыл мен Таластан,

Атты, тонды адамға,

Алыс жол жұрсе жарасқан.

Жақсы менен жаманның

Арасы болар жер-аспан.

Ағайьнның жақсысы,

Бір-біріне қарасқан.

Ақымақтық белгісі

Ата салттан адасқан.

Қырғыз елін қыдырдым,

Қыз жақтырмай түңілдім.

Сыр бойынан сырғыттым,

Шу бойынан шүйілттім.

Жетісудан желдірттім,

Іледен атты ырғыттым,

Көксудан келіп көсілттім,

Ақсудан атты аттаттым.

Күншығыста Көкжелек

Күндіз барып жолықтым,

Елінен қыз жақтырмай

Енді бұдан торықтым.

Ертістен ат есілттім

Көкжалға келіп жолықтым.

Көксеген қыз таба алмай,

Күдер үзіп торықтым.

Әрі қарай жөнелдім,

Есіл менен Нұраға.

Ертеменен кеп едім,

Осы жерде кездестім,

Кісі алатын бураға,

Бура қуды, мен қаштым,

Бұрылыс сай-жыраға.

Адастырдым әрең мен

Күдірден-күдір, қырқаға.

Таң ата жүріп сол жерден,

Күнбатысқа өктедім.

Күн шашырап түскенше

Атырапта Ақжелек

Алдыңызға жеткенім.

«Аруақты ерден ат үркер»,

Алтын-інжу төккенім.

Ағамның аты Көкетай,

Аулыңа келген Төкетай.

Ақжелек, ата саумысын?

Аты, жөнім осылай,

Қыз сұлуы — Қырым деп

Қызыққаннан мен келдім.

Ұл сұлуы — Үрім деп,

Үзақ жолдан мен келдім.

Рудан мойны озған деп

Өзіңді іздеп мен келдім.

Көкетай ханның Інісі

Төкетай сал мен едім.

Екеумізде екі ұл бар

Арттан ерген өренім.

Елден асқан сұлу қыз,

Әперейін деп едім.

Шығыс жақты аралап,

Әлемнен қыз саралап,

Ақжелек саған кеп едім.

Ақжелек батыр ақылды

Ағайынды шақырды:

«Алыстан аңсап келіпсің,

Ардақтап менің атымды.

Ауылға түсіп қонақ бол,

Ақырға байлап атынды,

Ақ үй тігіп басыңа

Аралатам халқымды.

Азаматтығын көріп кет,

Аулымдағы батырдың.

Ақ ордаға жата бер,

Алғалы келсең ақылды.

Асықпай қонып жата бер,

Асыл болсаң тартымды.

Алдырайын шақырып,

Жастар менен қартымды.

Қона жатып, көріп кет,

Сауық-сайран, салтымды.

Көкетай ханның көңілі үшін

Білемін сенің нарқынды.

Мақұл деді Текетай

Енді болды көңілі жай.

Ақжелек үйді тіккізді,

Боз бие сойып күткізді.

Сары қымыз сапырды,

Ақжелек елін шақырды.

Алдындағы бір тауға,

Шығып алып ақырды.

II

Дауысына шыдамай,

Көкте қүстар шарқ ұрды.

Жиыл деген даусына

Желіде құлын шатылды,

Жай садақтың оқтары,

Жау көргендей атылды.

Тау жаңғырып, тас құлап,

Дария тасып щалқыдьі.

Атырап елі арсаңдап,

Жиылуға талпынды.

Ақжелектің аулына,

Айлық жерден ел келді.

Айлық жерге дауысы

Барушы еді демде енді.

Көкала сақал Әлмембет,

Көк түлпармен ол келді.

Күрең сақал Келмембет,

Кершабақпен бұл келді.

Сауыт, қалқан киініп,

Садақты бес мың қол келді.

Жабдықтарын асынып,

Жау көргендей мол келді,

Елеместің еркесі,

Отыз ұлдың кенжесі,

Ертөстік батыр сон келді.

Соң келді де сөйледі:

«Ақжелек батыр, сен, деді,

Артыңда інің мен, деді.

Ақсақал деп сыйлайды,

Әлпештеп сізді ел, деді.

Халықтың қамқор, қамалы

Асқар таудай бел, деді.

Шапқалы түрған жау бар ма?

Шыққалы түрған дау бар ма?

Бората жауған қар бар ма?

Қаптаған тасқын су бар ма?

Ат терледі ентігіп,

Ата қалай ақырдың,

Әлденеге шақырдың?..

Бекер босқа шықпайтын,

Белгілі журтқа үніңіз.

Бетіңізге қарамай,

Ерке өсірген еліңіз.

Үйірде – ат, үйде – адам,

Қалмады ұл мен қызыңыз.

Даусыңызды есітіп,

Жау көрген-ді деп едік.

Жаудан хабар білген сон,

Шапшаң кел деп сол үшін,

Ақырған-ды деп едік.

Не қылады қыздарды,

Қатындарды деп едік.

Жау қамалап жан-жағын,

Жақындады деп едік.

Еліңіз ата жиналды,

Ерлеріңіз қиналды.

Аттар мүнша буланды

Ауыл қорқып шулады,

Құлын-тайлар тулады,

Үніңізге иланды.

Бала тастап қатындар,

Уақытсыз туғаны.

Уайым тартып қурады.

Жүрексіздер жылады,

Жүректілер қуанды…

Көптін қамын ойлаған,

Сіз едің, ата, бұлағы.

Бәйгеден озған пырағы,

Кепке қүрбан болатын,   

Мен де бір айтқан лағы.

Неменеге шақырдың?

Халқың жөнін сүрады?

Ақжелек шал сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді;

– Жау емес, қонақ, ел, деді.

Жаусырама сен, деді.

Жайын айтып берейін,

Жарқыным маған, кел, деді,

Жайын біліп шақырдым,

Жазықты болсам, мен, деді.

Жағадан ала сөйледің,

Сөйледің, балам, сен, деді,

Жайымды өзің білесің,

Жүмсар балам кем, деді.

Бұл қонақты сүрасаң

Белгілі туған ер, деді.

Білгің келсе Ер Төстік

Бізбен қатар ер, деді,

Көкетай хан ағасы

Көпке түскен панасы,

Кіреуке тон кигені,

Мәнікер түлпар мінгені.

Алатау жақта ұлысы,

Көкетай ханнын інісі,

Өзінің аты Төкетай,

Кере қарыс ырысы,

Қырымнан қыз іздеген

Келіп жүрген жүмысы.

Айнала елден қыз жақпай,

Ал деген қызға міз бақпай,

Жер танабын тарылтып

Жетісуды айналып,

Сарыарқадан сандалып,

Күндіз-түні он тәулік

Келіпті мейман бұл жаққа.

Қыз жақтырмай келіпті,

Қырғыз бенен қазақтан.

Қыз сүлуы Қырым деп,

Ұлы батыр Үрім деп

Қиырдан кепті бүл жаққа.

«Әу» дегенде келуші ең,

Ардақты елім қасыма.

Ат-шапаным тартайын,

Абайсыз шыққан даусыма.

Алысып жаспен не етейін,

Ақ кірген сақал-шашыма.

О, дариға жалғыздық

Үні шықпас осы ма?

Осылай деп Ақжелек,

Өкпелеп қайтты қосына,

Үйімдегі қонақтың

Барайын деп қасына,

Алты тарам сақалдан,

Сорғалап ақты жасы да.

Ақжелек өзі жаяу-ды,

Ауылы жақын таяу-ды,

Таяғын алып таянып.

Таудан түсті баяулы.

Жалғыз өзі жүргенде,

Білмеді ешкім аяуды.

Қажымайтын ер еді,

Ер Төстік салды көңіліне

Майдалап сөгіп қаяуды.

Ақжелек кірді уйіне

Қолын сүйеп бүйіріне,

Ақ ордаға сүйеніп

Үһілеп келді күйіне,

Үйінде жатқан Төкетай,

Жүгіре шықты түйіне.

Төкетай батыр көз салды,

Ақжелектің түріне.

Түрін көріп сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

Ойлағанға мәлім-ді,

Биік пенен аласа,

Арғымақтан әл кетсе,

Жабы шабар жанаса,

Жаман болса ағайын,

Аяқты қаққан томаша.

Түрің қалай, Ақжелек,

Өкпелеген балаша?

Сол қолыңа, оң қолың,

Болар деген араша.

Әңгімеңізді айтыңыз.

Қандай болады тамаша?

Түрің қалай жан аға,

Тұтығып түрсыз далаға,

Жолаушылап мен келдім,

Қалыңдық іздеп балаға,

Атың мәлім болған соң

Көкетай хан, ағаға.

Мен үшін қалып түрсыз ғой

Әртүрлі дау, жалаға,

Біреудің тілі тиді ме

Жүректегі санаға?

Жасырмаңыз сырыңды

Түсейін, ата, араға.

Ақжелек сонда күрсінді,

Көк түйғындай сілкінді.

Орнынан тұра алмай,

Таяқпенен үш үмтылды.

Ақжелек айтты:  қарағым!

Хан қайық болады,

Халық теңіз болады,

Теңіз егер шайқалса,

Балық арық болады.

Мен орнымнан ұмтылып,

Тұрғанымды айтайын:

Қатын – шайпау, ұл тентек,

Екеуледі қайтейін,

Кәрілік жетті, қайрат кетті

Төртеуледі қайтейін.

Балам жоқ боп – бақыт тайды,

Жүрек тот боп – мал азайды,

Алтаулады қайтейін…

Сонда тұрып Төкетай,

Мәнікерге мінеді.

Бадана тонды киеді.

Шоталыны асынып,

Шот болатты байланып,

Беліне садақ іледі.

Ақсұңқардай түледі,

Қарғып мініп атына

Ақиықтай талпына,

Мәнікер де тынығып,

Келген екен шарқына.

Төбедегі жиналған

Тұра шапты халқына.

Жалғызбын деп Төкетай,

Қарамады артына.

Салауаты, сәулеті,

Саймандары артыла,

Келе жатқан жалғыздың,

Қарады ел қалпына.

Келе жатқан кім? дейді

Келбеті бөлек тым, дейді.

Періште ме, пері ме,

Сағым ба, әлде, жын, дейді.

Халықтың тұрған жерлері;

Қырымның бір шыңы еді,

Өршеленіп Мәнікер,

Биіктігін білмеді.

Көкала сақал Әлмембет,

Ер Төстік те тұр еді,

Кім екенін біл? деді.

Ер Төстіктің тұлпары

Құмай торы Шалқұйрық.

Сансыз аттан озатын,

Мен жүйрікпін дегеннің

Қолтығын талай созатын.

Нағыз тұлпар жүйріктер

Шаңын көрмей қалатын.

Сағымдай ағып желгенде

Қараған көз талатын.

Айшылық алыс жерлерді

– Алты күнде алатын.

Жер түбіне желіспен,

Жеті күнде баратын.

Қатар ұшқан қарлығаш,

Қанаты талып қонатын.

Өрге шапса талмайтын

Ылдиға шапса самғайтын,

Қия салса таймайтын,

Көзі оттай жайнайтын.

Он бес жасар Ер Төстік

Шалқұйрыққа нанатын.

Ауыздығы қаршылдап,

Шапса тасты қабатын.

Төстен қашқан түлкіні

Төрт аттатпай шалатын.

ТІл біледі Шалқүйрық

Жат десе жата қалатын.

Елеместің еркесі

Отыз ұлдың кенжесі

Ер Төстік шықты жол тосып,

Төкетаймен көрісті,

Сәлем беріп қолдасып,

Жолыңыз болсын, жігітім,

Деді Төстік сөзді ашып.

Қайда кетіп барасыз,

Тау аралап, тас басып.

Екі батыр тілдесті.

Жөн сұрасып үндесті,

ЕкІ тұлпар иіскесті,

ИіскесІп тістесті,

Сөзге алданып тұрғанда,

Тағы аттары тебісті,

Тебіскенін тоқтатып, Енді сөзге келісті.

Төкетай сонда сөйледі: «Азаматтың қадірін  Ағайын білмес, жат білер. Артқы айылдың батқанын

Иесі білмес, ат білер». Қара жерге қар жауып,

Қарды басқан – бір мұрат.

Қара жерден қар кетіп,

Жерді басқан – бір мұрат.

Ер Төстік батыр сенбісің,

Елеместің еркесі,

Отыз ұлдың кенжесі

Өзіндей болып туады

«Тәңірдің» сүйген пендесі.

Ерегіскен батырдың

Ел үшін кетер кәлдесі.

«Елдестірмек – елшіден,

Жауластырмақ- жаушыдан».

Мен бір келген қонақпын

Үрім менен Қырымға.

Асыл адам қарайды, Уәдеге бұрында,

Батыр болар жігіттін

Аты кетер руға,

Тұлпар болар жылқының Тұлғасы тұрар құлында. Ақжелекке кеп едім

Аты шыққан бұрын да. Кәрияңды қайғыртып Мүның жаман ырымда. Екі жирен ат мінген – Ертеде жолы болмайды, Екі боз ат мінгеннің – Ежелден жолы болмайды*

Үясынан жеріген

Жерге сұңқар қонбайды. Тонды киген тоңбайды. Қара жерге кіргенше Адамның көзі тоймайды. Тілімді алсаң жас бала Болғалы тұрсың бас бала. Сыйламасаң үлкенді

Ер Төстік болдың масқара.

Ер Төстік сонда күлді енді Жығылғанын білді енді. Төбедегі халыққа

Сәлем бергін, жүр, деді. Еріп келіп Төкетай, Сәлемдесіп тұрды енді. Ақылдасып Ер Төстік Әңгімесін құрды енді. Алты жорға тарту қып, Алпыс кісі жүрді енді. Ақжелектің аулына

Алпыс қонақ келеді, Алдына келіп Ер Төстік Иіліп сәлем береді. Төкетайдың ат-тонын, Таңыркап бәрі көреді. Қонақ болып түнімен, Алысып, ойнап күледі. Таңертеңмен батырлар, Қыз жинауға кірісті. Түніменен сейлесіп,

Аты-жөнін білісті. Түніменен аралап,

Сүлу қызды жиысты.

Екі батыр ішінен Сынаспақ болып ырыстъі, Іштерінен бақталас

Бастады бұлар бір істі. Таң атқанша аттарын Екеуі мақтап тұрысты. Нелер сұлу жиылды.

Асыл киім киінді.

Қыз айттырған жігітке

Қыздың бәрі үңілді.

Қараса көзі талады,

Қыздар шашын тарады.

Қара көз оттай жанады.

Қырымның кыз-ұлына

Қыз айттырған Төкетай,

Қиғаштап көзін салады.

Төкетайға қыз жақпас,

Шетінен бәрі жағады.

Ортадағы екі қыз,

Бірінің аты Айнамкөз, Екіншісі – Қаракөз, «Балаларым бағына Келтірді тағдыр енді кез», Төкетайдың кеңілі

Енді судай тасады. Талтаң-талтаң басады, Маған келін осы деп, Алтыннан шашу шашады. Қалың қыздың ішінен Аттарын анық атады. Айнамкөз бен Қаракөз Үялып бұғып қашады. Қүдалық жайын сөйлесіи, Құйрық- бауыр асасып Ата-анасын алдырып, Ақжелек сыр ашады. Сұрастырса Айнамкөз Елеместің қызы екен,

Ер Төстіктің әпкесі,

Айтулының өзі екен. Қырым менен Үрімнің Аузындағы сөзі екен. Қаракөзді сұраса

Бір кедейдің жалғызы, Иіскейтін жалбызы.

Ата-анасы өліпті,

Ер Төстіктің балдызы. Әңгіменің аяғы

Ер Төстікке тірелді. Ақжелектің артынан

Бас түлек боп тұр еді. Атырап елі ауғандай

Бір жағын билеп жүр еді. «Үйде кепті, түзде үрмас» Туысы отыз ұл еді.

Елемес өзі шын кедей

Сексен жаста тірі еді.

Отыз үлдың ішінде

Айнамкөз жалғыз қызы еді.

«Теңін тапсаң тегін бер» Деген мақал біледі. Шешесі де жасында Көріктінің бірі еді. Балаларым білед деп, Жауабын солай береді. Қыз көптікі деген деп Қөпшілік өзің біл,— деді. Қызды халқың билейді, Кімнің бауыры жыласа, Бұрмай қалмас бүйрегі, Кімдер тауып сөйлесе, Келер сөздің түйдегі.

Ер Төстік сонда бүй деді: – Май асайды түздегі,

Қан құсады үйдегі

Көзіне түсті сұңқардың

Сұқсыр үйрек көлдегі.

Төкетай келдің ауылыма, Түсіпті көзің бауырыма.

Алты батпан алтынды Атыңның салып сауырына.

Көпшіліктіқ кірермін

Кер кетпей-ақ қауымына, Екі балаңды алып кел, Қайта барып ауылыңа? «Қыз көргенді біз көріп». Естігенді — көз көріп», Келіндеріңді алып кет, Ерте қайтып, тез келіп, Қызға кім көзі түспейді. Қымызды кім ішпейді.

Тіл астында тіл бар ғой,

Бұл жақта да ұл бар ғой.

Күйеусіз босқа жіберсем

«Ат көті» деген мін бар ғой,

Айттырып жүрген тағы көп,

Аңдып жүрген жабы көп.

Қызығып жүрген тағы бар.

Қызғанған адам табылар.

Қыздың сырын кім білсін,

Кеудесі бөлек жаны бар.

Тобышақты шоңқайтқан

Қаба жалды жабы бар.

Қыз шіркінге кім сенсін,

Түрлі пәле жабылар.

Ақылы жоқ арыстан

Айға қарап шабынар.

Бозторғайға бақ қонса,

Бидайық қыран бағынар.

Шымшық құсқа бақ қонса,

Самұрық келіп жалынар.

Құл мен күңге күн туса,

Патшадан тәж-тақ алынар.

Арғымақ ат пысқырса,

Алыс жолға шабылар.

Тағы да айтар бір сөзім

Көпшілік құлақ салындар.

Хан емеспін қарамын,

Қарадан туған баламын.

Әкем кедей, өзім жас,

Әр нәрседен шаламын.

Өзім деген адамға

Өзегімді саламын,

Өзі келіп соқтықса,

Өш жібермей аламын.

Көңілім түскен кісіге

Өлтірсе де нанамын.

Жалғыз атымды сұраса,

Жаяу түсіп қаламын.

«Ер өледі намыстан,

Қоян өлер қамыстан.»

Мені көрмей сен келдің

Үзақ жүріп алыстан.

Шалқүйрығым менің де

Үшқан қүстан қалыспан.

Ағаң сенің Көкетай

Атағын білем алыстан.

Жасың үлкен ағасың

Жүз көрісіп танысқан.

Біреу озып басынан,

Біреу шауып қалысқан.

Жарысуға қалайсық,

Атаның ұлы арыстан.

Сөреге адам қоялық

Әділетті қалыстан.

« Мақүл,— деді Төкетай,

Әкесінен бері қарай,

Деген емес «Жәкетай».

Ел таңырқап балаға

Батырлар түсті араға.

Ерігіп тұрған қалың ел.

Еліртіп жатыр және де.

Ер Төстік сонда сөйледі.

Төкетайға кел, деді.

Бәйгесіне атыңның

Не тігесің сен?, деді.

Төкетай:

– Қалағаның берейін,

Қалса егер Мәнікер

Мәнікерден озам деп,

Болма, бала, әбігер.

Қалмак, қазақ, қырғыздан,

Алғам талай әбиір.

Алты батпан алтыным,

Ол жарай ма, жарқыным!

Баламмен жасты баласың

Басылмаған қарқының.

Т ө с т і к:

Мақтанбаңыз сіз, дейді

Қорықпаймыз біз, дейді.

Алты батпан алтыннан

Кудеріңді үз, дейді.

Мәнікерді қоса тік,

Рас болса сөз, дейді.

Озарыңа Төкетай,

Жетіп тұрса көз, дейді.

Мен тігейін бәйгеге

Екі сұлу қыз, дейді.

Үш ай көктем ары жүріп

Үш ай шауып бері журіп,

Жарысайық біз, дейді.

Үркер мен ай тоқтамас

Уақытында тоғыспай,

Екі батыр тоқтамас

Ерегіспей, соғыспай,

Екі тұлпар тоқтамас,

Екіленіп жарыспай,

Екі арыстан тоқтамас

Ырылдасып алыспай.

Екі тұлпар жарысты,

Үзенгісін қағысты.

Ұшқан құсты құтқармай.

Ауыздықпен алысты.

Ерегісіп екпіндеп,

Өнерлерін салысты.

Екі батыр ереуіл

Жібермеске намысты.

Тарта шауып тізгінін

Екі қолы қарысты.

Жүгірген аң, ұшқан құс

Ілесе алмай қалысты.

Еттері еркін қыза алмай,

Бір-бірінен оза алмай,

Қолтықтары шыланбай

Құлаштап аяқ соза алмай.

Делебесі қоза алмай,

Қалың тоғай қарағай.

Тұра алмайды қарамай.

Айлық жерден қос тұлпар

Құстай ұшып келеді.

Қердаланың шөлінен

Жеті күнде өтеді.

Жиделібайсын жерінен

Екі күнде өтеді.

Даласынан Бетпақтың

Алты кұнде өтеді.

Адыр-адыр белдерден Жарты күнде өтеді.

Орыс елін аралап Оянғанша өтеді.

Он сан ноғай үстінен Ойнақтатып өтеді, Қалмақтардың елінен Қарағанша өтеді. Қарақалпақ елінен Шалқар өзен, көлінен Шапшаң қарғып өтеді. Еділ менен Жайыққа Ерегісіп жетеді.

Еділ бойын өрлейді, Тұлпар сонда терледі. Құлаштап аяқ сермеді, Қолға ерік бермеді.

Орал тауын бастырды, Қап тауына қасқарды. Қара теңіз, Каспийден Екеуі де жүздірді. Пышақтай суды тілдірді. Балықтарды үркітіп, Жайындарды бүлдірді. Екі жақтап қамшылап, Енді ұрды дүлдүлді. Мәнікер ат майыспай, Мойны озды алыстай. Қара теңіз ішінде

Қош деп ұран, салысты Бүрын шықты жиекке,

Су өтті әбден сүйекке. Алыс-жақын бір екен. Абайлады жүйрікке.

Ұаай берді Мәнікер

Тұлпарлығы мәлім кер.

Төкетай Ер Төстікке

Бүрылды да «қош» деді,

«Болма деп ем әбігер».

«Қосайлап» ұран шақырды.

Әперді аты әбиір

Төкетай үзап жөнелді.

Алдында бар талай өр.

Әлі де болса тұлпарға

Озатын бар талай жер.

Тағы қуып жетем деп

Ер Төстік шықты жағаға

Шынымен аты қала ма?

Ызаланған жануар

Тіке түрды жалдары.

Шалқүйрық тұлпар самғады

Шабысынан танбады.

Тыңнан мініп шапқандай

Көздің жасы парлады.

Қарағай мен қайыңдар

Дүбіріне сарнады.

Қуып жетті тағы да

Төкетайды алдағы.

Тағы үзеңгі қағысып,

Бір-бірінен қалмады.

Күндік жер қалды сөреге.

«Сүйкенер сиыр өреге»

Келер мезгіл болды деп,

Ел де шықты төбеге.

Халық сонда қараған,

Айтқанындай Есімнің

Екеуі қатар бір шықты.

Екі тұлпар шаңынан

Ел көре алмай тұншықты,

Тұяқтары соққан тас

Қазандай көкке ыршытты.

Аспанға ұшқан қалың тас

Қайта төмен ұрыпты.

Шаңға көміп көп жұртты

Тұрған жерде қырыпты.

Есім бақсы айтқаны

Ә дегенше келіпті.

Екі тұлпар екпіні,

Елге салды бүлікті.

Мәнікердің мойыны

Сөреге озып кіріпті.

Ер Төстік пен Төкетай,

Таласып босқа тұрыпты.

«Сен келіп бәле болдың,» деп,

Төкетайды ұрыпты.

Сойыл тиіп Текетай

Аттан құлай төніпті.

Ер Төстік енді қағынды,

Қайрылып келіп тағы ұрды,

Жанын қинап өлтірді.

Ерегіскен Ер Төстік

Өз айтқанын келтірді.

Ел ағасы Ақжелек:

Бул қалай? деп, кеп тұрды.

Алтынын, атын талаңдар!
Ер Төстік елге деп турды.
Халық шулап тарады,
Даусы жерді жарады.
Құмырысқадай қалың ел,

Ат сауырына таңылған

Алтынды бөліп алады.

Алтынды былай олжалап,

Мәнікерге ауыз салады.

Мәнікер ашып ауызын,

Жауға қарсы шабады.

Быт-шыт болып ел қашып

Айнала келіп қамады. Төкетайдай жалғыздың Сүйегін ешкім алмады. Шыр айналып Мәнікер, Шеніне адам бармады. Қодырайтып құйрығын Тікірейтіп құлағын. Төкетайдай жолдасын Жата қалып тісімен. Арқасына салады. Анталап тұрған қалың ел Көріп аң-таң қалады. Үстамаққа қамалап

Рулы ел қамданды.

Оны көріп Мәнікер

Ұстатпасқа шамданды.

Аузымен тістеп ап

Шығысқа қарай самғады.

Ақылы бар, тілі жоқ

Қөзінен жасы парлады.

Ерге салып жануар

Екі аяғын тістеді.

Екі қолын қусыртып,

Иегінен иіскеді.

Төрт тұяқпен жер тартып

Қош дегендей кісінеді.

Айуан да болса Мәнікер

Адамзаттан есті еді.

Қамалап ел қамданып

Ұстамаққа өктеді.

Ұстайын деген адамды

Үршықтай ойнап тепкені. Алдьна келсе тістеді, Алданып қолға түспеді. Найзаласа өтпеді,

Садақ атса жетпеді

Қылыштаса тілмеді,

Мылтық оғы тимеді.

Қалың елді қақ жарып,

Қашып тұлпар «шу» деді.

Тұрған халық таңырқап,

«О, жануар, шу!»— деді.

Тұлпар кетті құтылып,

Төкетайды алып сытылып.

Шалқуйрық пен Ер Төстік,

Шала алмай қалды ұмтылып.

Толқындай тұлпар бұлқынып,

Борандай соғып жұлқынып.

Ел қайда деп жөнелді..,

Бөкенше желіп сілкініп.

Тұлпарға, құрайт, тоқта деп,

Әйелі мен Ақжелек

Айдалада еңіреді…

Әйел де болса Ақырғай

Ақжелекке «қой» деді.

Арлы туған адамға

Түсті бүгін ой деді.

Ақжелек батыр, жылама,

Айтұяқ мал сой, деді.

Төкетайды қоялық

Тастан белгі оялық.

Біз қу басқа не керек,

Бұл елден көзді жоялық.

Ақжелек пен Ақырғай

Көрін кең қып қазады.

Тасқа таңба жазады.

Төкетайдың денесін

Арулап көрге жайғады.

Тоқсан қарыс қу басты

Көр үстіне қадады:

«Тоқсан қарыс тұлпар бас

Төкетаймен сен жолдас.

Ала аттың басы сен едің

Алуан шөпті жеп едің.

Ақжелек ата мен едім,

Аумаймын ғой деп едім.

Ақырғайдан бала жоқ.

Ағайын-туған және жоқ.

Алысқа көшіп жөнеймін.

Астымда тұлпар Ақсерек,

Ағайыным жоқ не керек.

Нақ сүйерім Ақырғай,

Алысқа көшіп кетелік,

«Аңдысқан ауыл дос болмас»

Ағайынды не етелік.

Мәнікерді сен мінгін

Ал, Ақырғай көшелік».

Айтұяқ мал шалады,

Қолын қанға малады.

Еңірей жылап екеуі

Мойнына бұршақ салады.

Ақ ордасын жықты да

Атанға артып алады.

«Отырарда отыз бап,

Түркістанда түмен бап,

Самарқанда сансыз бап»,

Бет алып көшіп барады.

Барлық малын айдады,

Түйеге туын байлады.

Алпыс жаста Ақжелек

Елу жаста Ақырғай,

Көздері оттай жанады.

Көш үстінде ортеке,

Ұршықтай ойнап барады.

Ашумен көшіп Ақжелек

Каспийден өтті айналып,

Қалқан киіп басьша

Сауыт киіп үстіне,

Жау жарағын байланып,

Төрт түлік малы түп-түгел

Топтанып бәрі айдалып

Ақырғай кешті жетектеп,

Алдында бастап шайқалып.

Мәнікер тұлпар астында

Күншығысқа бет алып,

Қалай жүрсе Мәнікер

Басын бұра тартпайды,

Мал алдында Ақжелек

Көш алдында Ақырғай

Малдары шашау шықпайды.

Кеш қасынан жабырқап

Ақырғай сонда жылайды:

Елемесұлы Ер Төстік

Ел бүлдірді-ау ерте өсіп.

Ел ішінде жүруші ек,

Ағайынмен селбесіп.

Елдің алдын кескестеп

Отыз ұл бірдей тел өсіп,

Ажыратты елімнен

Үрім, Қырым жерімнен

Осылайша Ақырғай

Көшті тартып барады.

Көшті жолға салады.

Белді бекем буынып,

Қыран қүстай қарады.

Зарлаған дауысы ызамен

Тауды-тасты жарады.

Ақжелек ауып көшті, деп,

Уық бауын шешті, деп,

Төстікке біреу барады.

Ер Төстік естіп бұл сөзді

Тастүлектей таранды,

Елге қарай шабады,

Елін жинап алады.

Ақжелек батыр көшті, деп,

Халыққа салды хабарды.

Атырап елі жиналды,

Ақжелекке қиналды.

Күрең сақал Қелмембет,

Күңіреніп жылады.

Көкала сақал Әлмембет,

Көкті жұлып жылады.

Құрбылары, қүрдасы,

Шөпті жұлып жылады.

Атырап елі аңырады

Жас-кәрісі зарлады.

Елемес те еңіреді,

Төстік балам, өл, деді,

Кенже ұлын қарғады

Елдің бәрі боздады,

Қойдай шулап маңырады.

Өз анасы Төстіктің,

Сүтін көкке сауғаны,

Ақжелекке қайғырды,

Атақты батыр әйгілі.

Тізесі жаққан халыққа,

Қызметі көп барлыққа.

Осы елді ел қылған,

Дәулетін шалқар көл қылған,

Ер еді елді бел қылған.

Телі менен тентекті

Тию салып ер қылған.

«Абысыным, Ақырғай,

Көздің жасын көл қылған.

Қайран асыл азамат

Бір перзенттен кем қылған.

«Қүрама жиып ел еткен,

Құлан жиып мал еткен».

Осы ердің кеткені

Ер Төстік қылған себептен.

Жақсылық та себептен,

Жамандық та себептен.

Жақсы болсаң  Ер Төстік

Елден неге ел кеткен?

Ерден қалай ер кеткен?

Елді бүлдіре талқандап,

Осылай бола ма ер жеткен?

Бала болсаң шын адал

Ақжелекті тауып кел,

Ақырғайды алып кел.

Егер тілімді алмасаң,

Артынан қуып бармасаң,

Отыз ұл емген емшектің

Сауамьш сүтін мен көкке».

Сексен жаста Елемес,

Ер Төстіктіқ атасы

Ақжелекке қайғырып

Теріс боп тұр батасы.

Алтынайдай анасы

Отыз ұлдың панасы

Отыз ұл мен бір қыздың

Осыдан туған баршасы.

Жетпіс жеті жасында

Ак, кірмеген шашына.

Егізден туған баланы

Екі жасар арасы.

Ең кенжесі Ер Төстік

Жеке туған дарасы.

Кенже туған Төстіктің

Он сегізде дәл жасы.

Елеместің бүл күнде

Толып түрған мал-басы.

Бағынып түр Төстікке

Атырап ел, кәрі-жасы.

Отыз ұлдан қорқып түр

Үрім, Қырым арнасы.

Ақжелекті жоқтайтын

Алтау-ақ болды жолдасы.

Ағылады көз жасы.

Төстікті қатты қарғады

Шал-кемпірде шама жоқ

Тіл алатын бала жоқ,

Қартайғанда зарлайды,

Күйіп-жанып нала боп,

Төстікке қарар бір жас жоқ,

Бөлінетін ала боп.

Ер Тестік түр ескектеп,

Елдің алдын кескестеп,

Мойны озып дара боп.

Елемес ұлы Ер Төстік

Ел бүлдірді ер жетіп.

Ақжелекті көшірді

Ақырғайды еңіретіп.

Төкетайды өлтірді

Үй көрсетпей кер кетіп.

Елді шайқап бүлдірді

Қонақты тонап өлтірді.

Көкке сауып ақ сүтін

Анасы да қарғады.

Сақалын сипап қолымен

Атасы да қарғады.

Ыза болып еліне

Ерегесіп Ер Төстік

Ақжелекке бармады,

Мың жылдық ед қүдам деп,

Ата-анасы аңырады.

Қаракөз бен Айнамкөз

Жарын ойлап зарлады.

                

               ххх

Ал бұлар қаргап-сілеп жата тұрсын,

Аузына келген сөзді айта түрсын.

Сөйлейін Ер Қосай мен Көкетайдан,

Басқа сөз кейінірек қайта тұрсын.

«Төкетай кеткеніне алты ай толды,

Келетін аман болса мезгіл болды.

Жеткізбес желсе желге Мәнікер ат,

Қалайша болып кетті үзақ жолды?»

Ағасы Көкетай хан осылай деп

Шаптырды іздеушіні онды-солды.

Бар болса жер үстінде тауып кел деп.

Кеп жатыр өлмегені әбігермен,

Адасып Алатауда қалдық дейді,

Жүріппіз атымызды мал ғып дейді,

Біз қалдық айдалада қаңғып дейді.

Келіпті қырық жігіттен отызы аман

Өзгесі өлі-тірі қалыпты енді.

Тағы да бір қара қол тартады енді,

Түйеге азық-түлік артады енді.

Асынып қару-жарақ, сауыт, қалқан,

Ақсақал батыр Қосай бата берді.

Бас болды Қөкше батыр бес жүз қолға, Жалмауыз қу кемпір де шықты жолға. Боқмүрьш, Сумүрын да бірге шықты, Көрсетпек алыптығын осы жолда.

Бес жүз қол бөлінбей-ақ бірге жүрді

Батысқа бата берген бетін бұрды.

Осылай абыр-сабыр жатқан қолға

Ақжелек, Ақырғаймен келіп тұрды.

Ақырғай көш жетектеп келе жатып

Адамға жыбырлаған көзін сапты.

Ақырғай Ақжелекке мойын бұрып,

-Анау не, көрдің бе? деп хабар айтты.

«Ел ме екен, жау ма екен, білейін,» деп

Ақжелек қалың қолға тұра шапты.

Қолда  ту, астындағы Ақсерек ат

Жақындап қалын, қолға жауап қатты. Апырай мынау қандай ер еді деп,

Бес жүз қол бәрі қарап таңырқапты!

Ақжелек сәлем берді тұра қалып,

Сәлемді Көкше батыр алды әлік.

Алыстан ат арытқан адам сынды

Өзі азған, астындағы аты арық.

Түр-түсі бұл өңірдің адамы емес,

Қалың ел қарап түрды қайран қалып. Астында әзірейілдей Ақсерек ат

Алғандай алмас, қылыш тасқа жанып.

Сақалы ақ күмістей жалт-жұлт етіп, Желменен желбірейді күнді шалып.

Күндізгі күркіреген сұр бұлттай,

Сөйледі күңгір даусы жерді жарып.

Аңдысқан арыстанша көз айырмай

Көрісті екі батыр қолды алып.

Балуандай күресетін құшақ жайды,

Ақжелек аттан түсіп түра қалып.

Ақжелек, Көкше батыр үндеспеген,

Алғалы сәлем-әлік тілдеспеген.

Атағын бір-бірінің естісе де,

Екеуі еш уақытта кездеспеген.

К ө к ш е:

Астыңда мінген атың Ақсерегің,

Аман ба, аға, батыр, Ақжелегім?

Келіпсің алыс жолдан ат арытып,

Алып қайт, біздің елден не керегің?

А қ ж е л е к:

Ер Көкше, бұл айтқаның серілігің,

Ер болсаң толып жатыр менде бұйым.

Шаһары Әзірет сұлтан көшіп келдім,

Бар болса даярлай бер бізге сыйың.

Жолаушы атым арық тебінемін.

Қарным ашса ернімді емінемін.

Ер Көкше, бас пен малды түгел беріп Айрылып елден, жерден келіп едім.

Елімнен ыза болып көшіп едім,

Қайғымен уық-бауын шешіп едім.

Анау көш келе жатқан дәл біздікі

Сырымды жасырайын несіне енді.

Қөкше:

Көлікті көш, байсалды болсын жольң, Үстінде құтты болсын киген тоның.

Иесін осы тонның іздеп шықтық

Адамдар мынау тұрған менің қолым.

Ақжелек атырапқа даңқың жеткен

Күн шығыс, күн батысқа атың кеткен.

Бел шешіп ішке бүккен сырыңды айтшы, Келесің көшіп-қонып не себептен?

Мойныңа шоталыны асынғаның,

Жүрегім дүрсіл қағып қабынғаның,

Шыныңды, сырыңды да қалдырмай айт, Жүрісің ел ме, жау ма жасырмағын.

Беліңе шот болатты байлағаның,

Ақжелек аруағыңа кайран калдым.

Аты мен Төкетайдың киімдерін

Дос болсаң қалдырмай айт, қайдан алдың?

Кигенің бадана тон үстіңдегі,

Кимеген бүл киімді ешкім тегін.

Мәнікер тұлпар еді мінген аты

Ақжелек сырыңды айтшы ішіңдегі?

Төкетай Көкетай хан інісі еді.

Екеуі бір анадан туыс еді.

Айттырып сұлу келін ел аралап,

Алтынмен артып кеткен күміс еді.

Ақжелек бұл жүрісің қалай-қалай?

Сол кезде келіп қалды ел анталай.

Киімін Төкетайдың көре салып,

Боқмүрын, Сумүрынмен салды ойбай!

Түбінде Әзірет сұлтан зиратының

У- шу боп, бес жүз адам салды айқай! Ақжелек, Көкше батыр қарап тұрды, Жылаған қалың елге қарай-қарай,

Мәнікер елді көріп кісінеді,

Ышқынып тартып алды ішін енді.

Көрген соң Мәнікердей шын тұлпарды Қалың жұрт бетін басып еңіреді.

Ақжелек, Ақырғаймен түрып қатар,

Халыққа мойындарын бұрып қатар, Шулаған көп халыққа тыңда деді,

Ақжелек тұрып елге көңіл айтар.

Елімнен, жерден безіп, жаһан кезіп, Жүргенім жалғыз көшіп қандай сапар. Сендердей балам болса, о дариға,

Қу баста біз сияқты не арман бар?

Естуші- ек Көкетай хан дабыстарын

Мен қонақ атырапта алыстамын.

Ер Көкше, Манас батыр, жолды Қосай Ниетім көрмесем де қалыстамын.

Көкжелек күншығыста деп естуші ем, Көкшемен бірінші рет табысқанмын.

Сорақы қу кемпірім, сен де аман ба, Дұшпанның жерге тыққан алысқанын.

Қанкелді, Көкжал Барақ деп ұғамыз,
Күншығыс көп елінде арыстаным.
Көшіп кеп сіздерменен қауышқаным,

Түртпейтін түбі бірге туысқаным,

Ат-тонын Төкетайдың алып жүр деп, Ақылды арам ойлап тауыспағын.

Ауылға барғаннан сон аруақты атап,

Қонақ қып, қол қусырып жуысқаным.

Өмірі дақ тимеген адам едім,

Бүл үшін тілі тиді туысқанның.

Туған жер Үрім-Қырым жерді тастап, Ашумен алабымнан ауысқаным.

Төкетайды Ер Төстік өлтірді деп,

Ақжелек Ақырғаймен дауыстады. «Жолдасқа бір күн болған қырық күн

сәлем»,

Ат-тонын, аманатын табыстадым.

Ақжелек Ақырғаймен қатар түрып, Қалдырмай болған істі айтты қақсап. «Ақылы Мәнікер ат артық екен,

Әкелді жолды тауып көшті бастап».

Қалдырмай Төкетайдың барғанынан

Сөйледі бір мүлтігін тастамай-ақ.

Өкпелеп Ер Төстікке елді тастап,

Қелгенін айтты көшіп, бүйтіп саяқ.

Мұны естіп Көкше батыр күрсінеді,

Шіреніп екі аяғын көсіледі.

Шын достым адал жанды Ақжелек деп Қүшақтап тигізеді төсін енді.

Жүбатып Боқмүрын мен Сумүрынды, «Өткеннің өкінесің несіне енді?»

Тоқтатып балаларға ақыл айтып,

Тарт деді Ақжелектің көшін енді.

Бес жүз қол қүрметтеп көшті бастап,

Түсірді түйе жүгін, шешіп теңді…

Көрісіп көңіл айтып, мауқын басты, Жұбатып ақыл беріп екі жасты.

Өлгенше ата-анамсың, мен балаң деп, Сумұрын Ақырғаймен құшақтасты.

Ақырғай Сумұрынды сүйіп тұрып,

Көзінен жаңбырдай жас құйып тұрып, «Жайма кекіл, жаным» деп қойды атты.

Жас бала «жайма кекіл» атанғаны

Халыққа әйгіленіп содан қапты.

Ақжелек Көкшеменен басын қосты, Күнбатыс, күншығыстан екі дос-ты,

Кәнекей қалай қарай жүреміз деп

Екеуі бес жүз қолмен ақылдасты.

Бүркітші Боқмұрын дәу томағалы

Бурадай зіркілдеген ашу шашты.

«Атамның Ер Төстіктен кегін алам,

Қан менен қанды жуып өшімді алам, Аулына Ер Төстіктің ойран салам.

Ақжелек, Көкше ата, бата бергін,

Қасыма жолдас ертпей жалғыз барам.

Бар дейді Елеместе отыз бала,

Мен тудым Төкетайдан жалғыз дара. Атамның алтын жүзін не деп керем

Болып тұр басым қара, бетім жара.

«Бір кесек – мың қарғаға» деген мақал

Ел-жұртым, ықылас бер бәрің маған. Көкетай хан атама дүғай сәлем,

Ақ сүтін өлсем кешсін абзал анам!

Қаракөз, Айнамкөздей асыл затты

Бар болса жер үстінде іздеп табам.

Дәулігі Боқмұрынның жаннан асқан,

Он бестен он алтыға кадам басқан,

Алыптығы болмаса көрер көзге,

Ешкіммен емес еді күш сынасқан.

Тұлпары тарлан бозды мінбек болды,

Үстіне бадана тон кимек болды,

Асынып қару-жарақ саймандарын,

Шоталы, иір садақ ілмек болды.

Желіккен бес жүз жігіт бірі қалмай

Артынан Боқмұрынның ермек болды.

Көк туын Көкетайдың қолға ұстап,

Сорақы қу кемпір де жүрмек болды.

Ақжелек, Көкше батыр ақылдасып,

Қарады көпшілікке оңды-солды.

Ауылда ақсақалдар не айтар деп

Бір хабар Ер Қосайға бермек болды.

Халыққа деді тұрып Көкше батыр:

«Кім өлсе соған түсер заман ақыр».

Біле алмас біздің қайда жүргенімізді Көкетай, Ер Қосай мен Манас батыр.

«Асыққан — шайтан ісі» деген мақал Соларға біз салайық барып ақыл.

Апарып меймандарды елге қосып,

Үлгілі іс қылалық білсек нақыл».

Көпшілік Көкше батыр тура дейді,

Шуылдап тау жаңғыртып болды мақүл,

Түркістанның түбінен,

Түнде көшті Таласқа.

Төкетайды естіртпек,

Көкетай, Қосай, Манасқа,

Қара туды байлады

Түйе үстіндегі ағашка.

Боқмұрын мен Сумұрын

Ақылдасып қос жасқа,

Ақжелек пен Ақырғай

Құрмет қылып жолдасқа.

Көшті Көкше бастады,

Ақжелек батыр қоштады.

Яксарыны өрледі,

Шыршық суын кернеді.

Қаратауды жағалап,

Таласпенен аралап,

Ақырғайдай аруды

Көш алдында бағалап,

Мәнікердей түлпарды

Жабулап алды тағалап.

Сумұрындай жетімді

Жетелеп алды қамалап.

Боқмұрындай батырды

Байқап халық ыңғайлап,

Қазықұрттан өткенде

Қара үңгірге жеткенде

Көкше батыр сөйледі,

Қөпке қарап айкдйлап:

«Ханға кім қалдырмастан естіртеді,

Талапкер, көңіл айтар адам бар ма?

Ауылы Көкетай хан жақын қалды,         Болған соң не тұрыс бар мүндай жайда, Суырылып көп ішінен шыға келді,

Асан ақын атақты, балды таңдай.

Көкжелек, Ақжелекті ертіп алды

Асанға алғыс айтты жарық маңдай.

Қобызын Асан ақын шертіп алып,

Қымызға қазы-карта бөртіп алып,

Ордаға өрен жүйрік тура тартты

Ақжелек, Көкжелекті ертіп алып.

Үшеуі хан аулына жүрген кезде

Аяңдап көшті тартты барша халык.

Хан ауылы қара құрттай адам екен,

Үшеуі келе жатыр көзін салып,

Бұл жиын неткен жаман мезгілсіз деп, Көкше айтты көрген кезде қайран қалып. Жақындап ақ ордаға келген шақта Жылайды біреу үйден айқай салып.

Төгілсе түзде қымыз, үйде айран,

Төлдемес төрт түлік мал, болар ойран. Төбеде тұрған көпке сәлем беріп,

Ер Көкше жауап алды Ер Қосайдан.

Қосай шал өзі барып амандасып,

Айрылдық, деді сонда, Көкетайдан!.

Ақжелек Ер Қосайға амандасып

Көрісіп Ер Манасқа құшақ жайған.

Көрісіп көпшіліктің кәрі-жасы

Жоғалған хабар алды Төкетайдан.

Мінекей қырда ойран, үйде ойран,

Киялап қырсық келмек осындайдан, Қобызын қолына алып Асан ақын,

Естіртіп Төкетайды көпке жайған.

Асан   ақын:

Көктен жаңбыр жауады жер бағына, Манастай ер туады ел бағына.

Кенеттен Көкетай хан қаза бопты

Халық болса туады хан тағы да.

Түғырдан тұйғын ұшты екі бірдей

Халық болса, шығады хан тағы да.

Күй келер домбырамның мұқамына,

Кім кірмес қара жердін құшағына,

Көкетай, Төкетайдай қос ақ сұңқар Келмейтін қонды дарак бұтағына.

Тау бүркіт түзде ұшып тасқа соқты, Таласып қу түлкіге опат бопты,

Жем  іздеп балапанға Қап тауынан Қыранның өзі болды құрбан тоқты.

Таласып қу түлкіге екі қыран

Топшысы тау бүркіттің қиратылған.

Төкетай түзде өстіп қайтыс бопты,

Деді де Асан ақын тез тиылған.

Қалғанын Ақжелектен қанамыз деп

Шын досы Төкетайдың мынау тұрған.

Ат қойды, азан-қазан бес жүз қол да

Шаң басып ауыл үстін қара тұман.

Хандардың ханымдары дауыс айтып,

Түң іліп, қара киіп, шашын жайды.

Ер Қосай, Манас батыр көңіл айтып. Жиналды өңкей батыр қай-қайдағы. Жұбатып қатын-бала. үл мен қызын, Қонаққа төрт түлік мал түгел сойды.

Хабар қып дүйім жұртқа мүше беріп, Асырып дастарқанды молдан жайды…

Үйіне Көкетайдың ел жиналды,

Атақты осы атырап кәриясы.

Ер Қосай тоқсандағы, Көкше батыр,

Ер Манас елден тағы қос ағасы.

Суырылып жолды Қосай сөз бастады: «Орданың орнында, деп,босағасы.

Көкетай тірісінде әділ болған

Жарылып, бұзылмаған ел арасы.

Қәнекей, қалың халық не айтасыздар?

Қім болсын тон жағасы, ел ағасы».

Боқмұрын тұрып көпке жауап айтты,

(Он бесте Көкетайдың өз баласы)

«Алдында хан атамның арызым бар

Орнына хан қоятын тәрізің бар.

Атадан жас, ақылдан босқа қалдым Мойнымда екі түрлі қарызым бар.

Атама ат шаптырып ас беремін

Ардақты ақсақалға бас беремін.

Екіншісі, Ер Төстіктен іздеп барып,

Кегімді тірі болсам әпкелемін.

Ақжелек, Ақырғайдай ата-анамның,

Көз жасын көл қылғанға өкпелімін.

Ерке өсіп, емшек емген жас баламын, Дұшпанға ерегіскен қас баламын.

Алдымда таудан үлкен талабым бар, Орнына келтірмесем масқарамын.

Ақжелек атыраптан көшіп келді,

Орынын жоқтатпайын ата-анамның.

Орнына хан атамның хан қылыңдар,

Бұл – әкем, қадір тұтқан мен- баламын»

Бұл сөзге қалың халық таң қалады,

Баланың мына сөзін аңғарады.

Бұл сөзі Боқмұрынның әділет деп

Қосай мен Манас батыр үйғарады.

Көпшілік бір ауыздан қабыл алып,

Ардақтап Ақжелекті хан қояды.

Сүтіне боз биенің шомылдырып,

Алдымен ақ киізге ханды орады.

Ақ киіз, аю тері, кілемге сап

Ер Қосай қосағасы қол жаяды.

Ақжелек хан болыпты халық сүйіп,

Ер Қосай бата берді сүттей үйып,

Басатын оң тізесін уәзірі

Қөкше деп айғайлады барша халық. Ақжелек, Көкше батыр қатар тұрып,

Екеуі түрегелді басын иіп.

Құшады жетімдерді Ақырғай да,

Қосайға, Манаспенен құлдық ұрып

Зарланып уақиғаны түгел айтты,

Қалдырмай болған істің бәрін теріп, Татигын отыз үлға бір ұл бер деп

Көп халық шулай түсті көтеріліп.

Батасы жолды Қосай қабыл болып,

Ақырғай алты айдан соң бопты жерік. Туыпты бір ұл бала сонан кейін,

Жайнайды жасаңқырап, қайғы сергіп.

Той қылып баласына ат қойдырды Шақырып Ер Қосайға ертіп келіп.

Жасады шілдехана, ойын-сауық,

Жиналып қуанышқа ойнап-күліп,

Ат мініп, шапан киіп жолды Қосай

Баланың болсын деді аты Серік.

Ақжелек күн батыстан таққа мінді,

Ақырғай бала тауып баққа ілінді.

Тағынан атасының айырылды деп,

Халықтар Боқмүрынды даттап жүрді, Кейбіреу Қөкетайды жақтап жүрді.

Кейбіреу Ақжелекті мақтап жүрді.

Ақжелек әділетті тура істеп

Халықтың жақсылығын ақтап жүрді.

Ер Қосай Манаспенен ақылдасып,

Санасып көпшілікпен жақтап жүрді.

Ақжелек Алатауға хан болыпты,

Жегені қазы, қарта, жал болыпты,

Үш ауыл, үш қатында үш бала бар,

Жер беті жыбырлаған мал болыпты. Боқмүрын, Сумүрындай екі алып,

Алатаудай үлкендігі нар болыпты.

Ішкені – ірің, жегені – желім болып, Қөңілінде үлкен қайғы бар болыпты.

Ізденіп Ер Төстікті өшін алмай

Ерте-кеш екеуіне ар болыпты.

…Бір күні Ақжелек хан ел жинады,

Қабағы балалардың жан қинады.

Атақты Манас батыр Көкшеменен

Қосайдай көпті керген шал жинады.

Сорақы қу кемпірмен Көкжал Барақ Қанкелді батырларды һэм жинады.

Үйіне Көкетайдың қонақ етіп,

Төстікті іздейміз деп, ақыл салды:

Ер   Қосай:

Ер Төстікті айтайын,

Елеместің еркесі

Отыз ұлдың кенжесі

Атырап елі әлпештеп,

Алдына салған серкесі.

Күнбатыста күрілдеп,

Басылмаған кеудесі.

Боқмұрындай алыптың

Алысатын теңдесі.

Туған жері тұрағы Үрім,

Қырымның бір өлкесі.

Атағы зор әлемге

Рудан озған өркесі.

Ерегіскен ерлердің

Қайда қалмас кәлдесі.

Бұған қалай барамыз,

Көп халайык сөйлеші!

Манас   батыр:

Мен Манас ер болғалы

Манас атқа қонғалы

Қосай сөзін бұзбадым.

Талай бұздым қамалды

Бар десеңіз барамыз,

Қой десеңіз қоямыз

Қосай аға, қормалым!

К ө к ш е:

Бата берсең Ер Қосай,

Ер Төстікке барамыз, Дұшпаннан кек аламыз, Аулына ойран саламыз. Көкала сақал Келмембет, Күрең сақал Әлмембет, Бәрін барып шабамыз. Қаракөз бен Айнамкөз Келін болған баламыз. Оны қайтып тастаймыз, Біз үрыстан қашпаймыз. Ту көтеріп бастаймыз.

Ер Төстіктен саспаймыз.

Ақжелек пен Ақырғай

Еңбегін біз ақтаймыз.

Төкетайдың ақ қанын,

Бата берсең жоқтаймыз,

Шірене садақ тартамыз.

Отыз үлдан қорықпаймыз.

Тауды, тасты талқан қып,

Жанып түрған оттаймыз.

Егер рүқсат берсеңіз,

Қызыл судай қаптаймыз.

Біз дүшпаннан қайтпаймыз.

Орнынан шоңқиып

Мыстан кемпір түрады.

Мойнын көпке бұрады.

Жалғыз өзім барам деп,

Төстікті байлап алам деп,

Көптен бата сүрады:

Өнерімді көріңдер,

Маған бата беріңдер.

Қаракөз бен Айнамкөз

Әпкелейін келіндер.

Бұл сөзіме сеніңдер.

Мені осал демеңдер,

Бұған қайғы жемеңдер.

Сенбесеңдер көріңдер,

Боқмұрын мен Сумұрын

Екі күйеу жүріңдер.

Асыл киім киіңдер,

Асыл жабдық іліңдер.

Тұлпар таңдап мініңдер,

Жол жағдайын біліңдер!

Қатынын берген қайырға

Түрегелді Қангелді,

Ер Тостіктен қорыққан,

Неменесі жан,— деді.

Көпті көрген кемеңгер

Қосай аға бар еді.

Ақжелек хан не айтады

Жүк қалмайтын нар,:— деді.

Төкетайды жоқтаусыз

Қойғанымыз – ар, деді.

Әбиірі түзде еді

Берекесі үйде еді,

Жолды Қосай шал, деді,

Манас батыр екеуін

Бір ақылға сал, деді,

Ку кемпірдің айтқаны

Түсінсеңдер дәл, деді.

Ақжелекпен сөйлесші

Айтқан сөзі бал,— деді.

Ақжелек:

Ақжелек хан сөйледі

Ақ сақалы желпілдеп.

Ашуланып Төстікке

Тұла бойы селкілдеп?

Ойдан қалмас қорлығы,

Отыз ұлдың зорлығы.

Көзінің жасы мөлтілдеп

Өз қылығын алдына

Қандай адам келтірмек,

«Ерді – намыс… өлтірмек».

Ақжелек сөзін тоқтатты

Ақсақалдар білсін деп.

Ер Қосай:

Жолды Қосай қария

Ақылы теқіз – дария.

Байқайық деп халықты

Сөзді қылған жария.

Көптің түргн байқады.

Басын шұлғып шайқады

Тау бүркіттей шаңқылдап,

Бәйге атындай аңқылдап,

Елге өсиет айтады.

Ыңыранып қозғалды,

Екі иығыи қомданды,

Төмен қарап ойланды.

Ақ таяғын қолға алды,

Түбін ойлап болжады:

Мен бір кеңес айтайын,

«Алыптарым тындасаң.

Бақыр көңілім жай болмас

Ақсақалдық қылмасам.

Тілегім кабыл бола ма

Әділетпен тұрмасам.

Қариялығым қайда бар

Қазылық іс құрмасам.

Халқым мені сүйе ме?

Білгенімді бұлдасам.

Жүз кісілік күшім бар,

Әлі де болса шындасам, Алыптарым байқасам, Алысатын түрің бар. Қатар жатқан ауылмен Шабысатын түрің бар.

Ер Төстікті ізденіп, Барысатын түрің бар. Үзеңгі бау қағысып, Жарысатын түрің бар. Аямастан қылышпен Салысатын түрің бар. Қандарыңды төгісіп, Қабырғаңды сөгісіп, Балақтарың түрісіп, Білектерін сыбанып, Қүресетін түрің бар. Жатқан елді олжа ғып Үлесетін түрің бар.

Бір-біріңді өлтіріп,

Қан ішетін түрің бар. Қалың елді бүлдіріп,

Қан кешетін түрің бар. Жауға барсаң бәрің бар, Дауға барсаң бірің бар. Қаратаудай жерім бар, Алатаудай белім бар. Атырапта алабым

Үрім менен Қырым бар. Өсіп-өнген тұлғалы

Түрлі рулы елім бар.

Тағы бір сөз айтайын Бәрін тыңдап тұрыңдар. Атырап елі жау емес,

Жау деген адам сау емес. Атақты батыр Манасым Ел-жұртыңа панасың!

Ерегіскен жауыңды Еріксіз шауып аласың! Қөкше батыр жолдасың Жауды көрсең жанасың. Мыстан кемпір алыбым, Түрлі амал табасың. Боқмұрын туған баласың Төстікті іздеп барасың? Тоқсан беске келгенде, Жүзге таман төнгенде,

Ел мен елді бөлмеймін, Ала-құла көрмеймін. Аттануға жол тартып, Мен батамды бермеймін. Елемес ұлы Ер Төстік

Ел бүлдірді ержетіп. Төкетайды өлтірді, Ақжелекті көшірді. Жіберелік Төстікке Сорақы мыстан кемпірді. Осылай деп Ер Қосай Көпке қарап отырды.

Қу кемпірді қамалап, Қүрметпенен жағалап, Елдің бәрі жөндесті.

Мың кісіге бағалап. Мыстан құла биесін Болатпенен тағалап, Мыстан кемпір жиналды, Он саусағын салалап.

Ер Төстікке жөнелді Қаратауды сағалап,

Ер Қосайдан бата алып Жолға кемпір жүреді, Сорақы қүла биесін Сұқсырдай қып мінеді.

Алпыс екі амалдың

Бәрін түгел біледі.

Сорақы кемпір кетеді, Далаңдайды етегі,

Айлық жерге алты күн Жылдық жерге жеті күн Жылдамдатып барады, Басына сәлде орады. Меккеге кетіп барам деп Қожаларға қонады. Қолына тәсбиқ алады Мойнына құрма салады. Қонышында алмас ирегі. Қоржынға салған азығы Қойдың елу бүйрегі. Қанжығаға байлаған Қырық кәрі жілігі.

Қозы жауырын қолында Жүлдызы тура оңында. Сексен бесте жасы бар. Айналдырған тоны бар, Қырық қарыс қолы бар, Тай қазандай басы бар, Қарағайдай қасы бар, Үңгірдейін көзі бар, Сеңгірдейін мұрны бар. Ақсиған азу тісі бар, Салбыраған ерні бар. Қырық кісілік күші бар. Қүла бие астында,

Қырым тұмақ басында, Қүлдырап кетіп барады. Сағымдай боп қарасы Бүлдырап кетіп барады. Қоңыраулы найзасы, Сылдырап кетіп барады.

Көктем жаңбыр жауғандай

Тұнжырап кетіп барады.

Сол кеткеннен кетеді

Талай жерден өтеді,

Көп жасаған қу кемпір

Тауып жүрді төтені.

Ер Төстіктей алыпқа

Күші қайтып жетеді.

Ұл сұлуы Үрімде,

қыз сүлуы Қырымда,

Қарлы Қаптың тауында,

Қара жерден желдірді,

Сулы жерден жүздірді,

Жазық жерде шабады.

Жалғыз кетіп барады.

Тау сағалап көктеді.

Жетемін деп өктеді.

Каспий суын кештірді,

Еділ суын естірді,

Қара теңіз жағалап,

Қырым тауын сағалап,

Елеместің ауылын,

Сүрап барад аралап.

Жер жағдайы осы деп

Сұрады кемпір шамалап.

Жылқы айдаған үш адам

Ұшырасып жолықты.

Түрін көріп кемпірдің

Қатты сасып қорықты.

Жол болсын деп сұрасып

Жауап қатып тұрыпты.

Үшеуі де жылқышы,

Білекке ілген құрықты.

Кімдікі деп бұл жылқы,

Балалардан сұрады.

Үш жылқышы дірілдеп,

Қорыққаннан жылады:

Елеместің аулының

Жөнін айтып береді.

Құтылғанға қуанып,

Үш жылқышы жөнелді.

Кемпір қалды далада

Іздегені қалаба,

Елеместің ауылына

Келді   кемпір қонаға.

Қонақпын деп ақырды,

Үй сыртына келген соң.

Біреу шықты далаға,

Мен қонақпын деген соң.

Қорқып калды селк етіп

Түрі-түсін көрген соң.

Төрге кемпір отырды

Үй ішіне енген сон.

Елемеспен көрісті,

Алтынаймен өбісті,

Аты-жөнін білген соң.

Елеместің қу кемпір

Отырады төріне.

Жын ба, әлде шайтан ба?

Адамдай емес келімі.

Дию ма, әлде пері ме

Қарағың келмес түріне!

Жыбырлап тұр еріні.

Елемес батыр төсекте

Алтынай тұрды керіле.

Қаракөз бен Айнамкөз

Кемпір құмар көруге.

Екі қыз жүр жүгіріп

Қонаққа тамақ беруге.

Жан батпайды кемпірдің

1 Қ а л а б а — жанжал,  пәле қуған деген сөз.

ҮстІне еніп келуге.

Тамақ берсе жемейді,

Шеніне кісі келмейді.

Неғып жүрсіз демейді.

Сорақы кемпір сүрланып

Бүлкілдейді көмейі.

Келбетіне қарасаң,

Амалсыз алар үрейді.

Үй сыртынан сығалап

Үстіне ешкім енбейді.

Кемпірге ешкім батпады,

Адамға жауап қатпады.

Сұмырайдай сүрланып

Өзі ешнәрсе айтпады.

Төсек салса жатпады

Мызғып кірпік қақпады.

Е л е м е с:

Уа, қонағым, қонағым,

Қайдан келдің, қарағым?

Қой союлы, сары қымыз

Жаюлы түр тамағым.

Тамағымды татпайсың,

Төсек салса жатпайсың,

Сөйлеп жауап қатпайсың,

Ат-жөніңді айтпайсың.

Сендей қонақ көргем жоқ

Сексен жасқа келгеише.

Періште ме, пері ме

Келбетіңіз өзгеше!

Жұмысыңызды айтыңыз,

Асымызды татыңыз,

Асықпай-ақ жатыңыз.

Жем-шөп жесін атыңыз!

Қалағаның бар болса

Бізден алып қайтыңыз!

Мыстан   кемпір:

Елемес бай сен болсаң, Іздеп келген мен болсам, Аты-жөнімді айтар ем, Тамағыңды татар ем, Айнымайтын ер болсаң, Атағыңды біледі,

Аспан-жердің арасы. Алтынай мен Елемес Адамзаттың баласы.

Отыз ұл мен бір қыздың Атасы мен анасы. Елеместің еркесі

Отыз ұлдың кенжесі

Ел бүлдірді ер жетіп. Төкетайды өлтірді, Ақжелекті кетірді.

Ата тілін алмады,

Ана тілін алмады,

Халық шулап зарлады. Қаракөз бен Айнамкөз Сүйгеніне бармады.

¥лың кетті Үрімге,

Қызың кетті Қырымға. Арманың жоқ Елемес,

Ер Төстікті бермесең Есіркейтін мен емес,

Екі қызды бермесең Өлтірмейтін мен емес.

Күбірлеп кемпір Естіртіп сөзін,

Алартып көзін, Құбылтып жүзіи,

Ерні жыбырлап,

Қолы қыбырлап, Жегені бүйрек, Қолында – ирек. Мұрнын шиырып, Асығын иіріп, Бақсыдай қалшылдап, Бүркіттей шаңкылдап. Жыландай ысқырып, Есінеп, түшкіреп,

Қол бұлғап шақырып, Ақырып, бақырып, Елемеске тап берді…

Елемес:

Айналайын мыстаным, Айтқаныңа көнейін, Қалағаныңды берейін, Айдауыңа жүрейін,

Жүрек басқа, жан басқа Аз күн сәуле көрейін,

Ер Төстіктің жұртына Тастайын сақа, кенейін, Ертең ерте көшейін.

Уық бауын шешейін. Алтыннан соққан сақасын, Күмістен соққан кенейін, Жұртқа тастап кетейін. Айнамкөз бен Қаракөз Аямайын ала бер,

Оны қимай не етейін! Жанымызды алмағын

Мен сертіме жетейін. Осылай деп Елемес

Екі қызды шақырды. Айнамкөз бен Қаракөз

Есі қалмай бақырды.

Қорықпа деп қу кемпір Қыздарға айтты ақылды. Қойнына тығып құшақтап Шашын сипап отырды. Құлағына сыбырлап,

Екі ерні жыбырлап, Екеуіне жегің деп

Екі бүйрек береді. Әжеңнен сарқыт деген соң Екі сұлу сенеді.

Жеген шақта бүйректі,

Тұла бойы дір етті,

Балқытты бүйрек денені.

Қыздар келіп қуанып

Көңіліне қорқу келмеді.

Дұғалап қойған бүл бүйрек

Қыздарды мас қып қыздырды,

Көңілдерін бүздырды,

Құстай көкке үшырды,

Ата-анадан бездірді,

Ақылынан тандырды.

Көзін төмен сүздірді,

Жүрекке от жандырды.

Елден күдер үздірді

Ғашық отын сездірді.

Екі қызды ертіп ап,

Кемпір тауға жөнелді.

Жан сауғалап кемпір-шал

Көрпесіне бүркеніп,

Бүрісіп жата береді.

Малдан, жаннан бездік деп,

Тырысып жата береді.

Құтылдық деп пәледен

Күлісіп жата береді.

Қыздарының киетін

Киімін де береді.

Жастайынан жинаған Бұйымын да береді,

Ер Төстіктің ойнайтын Кенейін де береді.

Ат басындай алтын мен Сақасын да береді.

Кемпір тауға шығады Терең сайға бұғады.

Екі қызды ертіп ап

Ел көрместей тығады. Елеместің ауылын Қарауылдап тұрады.

Екі қызды алдады,

Етегін ұстап қалмады. Еркелетіп екеуін, Әбжыландай арбады.

Екі қыз да тек тұрды, Елсіз сайға бұқтырды. Көкетайдың баласы, Боқмұрынды ұқтырды. Төкетайдың баласы Сумұрынды білдірді. Төкетайдың өлгенін,

Ер Төстіктің келгенін, Ақжелектің көшкенін, Ақырғайдың кеткенін,

Екі қызға айтады.

Екі қолын жайкады, Қыздар басын шайқады, Сонда қыздар байқады. Боқмұрын мен Сумұрын Қүдай қосқан жарларын, «Жарларыңа апарсам,

Бар ма қыздар арманың!» Айнамкөз бен Қаракөз Қатар түрып зарлады.

Көзінен жасы парлады. Өткенге іші күйінді.

Енді қыздар түйінді,

Асыл киім киінді Асықтарын иірді,

Ғашық жарын көруге Алтын шашы түюлі. Құлақтары елеңдеп, Қуанып жүр дедеңдеп.

Қу кемпірді құрметтеп, Артыңыздан ерем деп, Елді қашан көрем деп, Атастырған ата-анам, Ерді қашан көрем деп, Жайтаңдады екі қыз.

Ерін естіп кемпірден Елден безді екі қыз.

Ата менен анадан Мүлдем безді екі қыз.

Іні менен анадан,

Кіндік кесіп, кір жуған Жерден безді екі қыз. Кемпірдің «дос» екенін, Енді сезді екі қыз,

Ер Төстік келді жорықтан Ел шетіне жолыққан. Елдің бәрі үрпиіп Үрейленіп қорыққан. Жұрттың бәрі шошынып Үркіп келед жосылып. Атасы мен анасы

Көшіп келед қосылып.

Ер Төстікті көрген соң Атасы мен анасы

Шулады барлық ағасы.

Төгіледі көз жасы.

Ата-анасы зарлады,

Ер Төстікті қарғады;

«Сен туғалы халыққа, Қасиетім қалмады.

Бақ, берекем болмады, Қылған ісім оңбады. Кенже үлым Ер Төстік,

Ел бүлдірдің ержетіп.

Тіл алмадың кер кетіп. Анаң менен атаңды

Алуға ажал тақалды. Кесірлі бала туар деп Бұрынғы айтқан мақалды. Айнамкөз бен Қаракөз Тұтқынға түсіп маталды. Күмістеп соққан кенейді Алтыннан соққан сақаңды Жұртқа ұмытып кетіппіз. Үмытпағанда қайтелік Түннен тұра көшіппіз,

Екі қыздан айырылып Еңіреп қалдық қайғырып. Жаналғыштан тығылып? Жан сауғалап қаймығып». Мүны кәріп Ер Төстік Бармағын тістеп өкінді, Қарағым деп өкірді. Атасы мен анасы

Есі ауып қалған секілді.

Ата-анасына зекірді,

Ашуланып көпірді.

Садақтарын оқтады,

Сапыларын саптады,

Кезіне ашу қаптады.

Ашуланып алқынып,

Тұрып алды Ер Төстік.

Шалқұйрықтың мойынын

Бұрып алды Ер Төстік.

Он бес жасар Ер Төстік

Жұртқа шауып келеді.

Аңдып тұрып қу кемпір,

Қөшкен жұртта жүреді.

Сақа менен кенейге

Келетінін біледі.

Сақа менен кенейді

Тастап жерге тұр еді.

Қеле жатқан Төстікті

Күні бұрын көреді.

Қолында жеген бүйрегі,

Қойында болат ирегі,

Жалмауыз кемпір жұртта отыр

Жалба-жұлба кигені.

Ер Төстік келді екпіндеп

Асығыма жеттім деп.

Асығының жанында

Кемпір отыр селкілдеп.

Сақасы мен кенейі

Жарқырап жатыр мөлтілдеп.

Оттан бүйрек алып жеп

Кемпір отыр кел-кел деп.

Он үшінде Ер Төстік,

Даңқы шыққан халыққа.

Батырлығы жайылып

Ерте ілінген тарихқа.

Аты кеткен жайылып

Жақын менен қашыққа.

Хандарменен қас болып,

Жол бермеген пасыққа.

Жанына жолдас алмайды?

Жабылған кеп жау шықса.

Айтқан серттен таймайды,

Қарсы біреу соқтықса, Қайтпай жалғыз шабады Қандай алып дәу шықса, Ес білгелі еш адам

Қарсы келмес Төстікке. Қанын ішпей қоймайды Егескенін өшіксе. Елеместей кедейге

Туған бала нәсіпке.

Осы бала туғалы

Ырыс кірген есікке.

Алты күн жатып Ер Төстік

Симай қойған бесікке.

Надандықтан ата-ана

Ілесіп жүр өсекке.

Ауызы аққа жарыған

Жаңадан көрпе, тесекке.

Баласының ерлігін

Ата-анасы білмейді.

Отыз ұл боп туған соң

Зорлық қылып жүр дейді.

Ер Төстіктің ерлігін

Көрген адам күндейді.

Өз айтқаны болмаса,

Батыр Төстік көнбейді.

Сырттан өсек айтады

Бетіне пенде келмейді.

Ата-анасын арбайды,

Алжып бекер қарғайды.

Ер Төстікті көре алмай

Күншіл адам қорлайды.

Халық үшін туған батырды

Ойыншыл адам торлайды.

Бес жасынан бәсіре

Мінген аты Шалқұйрық,

Шалып-шалып алады. Көшкен жұртта отырған Кемпірге жетіп барадьі. Ат үстінде Ер Төстік Кемпірден жауап алады: «Жұртта отырған енеміз, Иіліп сәлем береміз. Елсізде жүрген шешеміз, Сізге сәлемдесеміз. Айдалада анамыз,

Біз де сіздің балаңыз. Жапанда жүрген апамыз. Біз де сіздің ботаңыз. Алдыңдағы әперші

Кеней менен сақамыз.

Мыстан кемпір:

Бала десем дардайсың,

Айтқан сөзің балдайсың.

Шынымды айтсам шырағым

Тағылық қып нанбайсың.

Танып тұрсың сақаңды,

Түсіп неге алмайсың?

Жүрттан жүрын теремін,

Өлімсек күнім көремін.

Меккеге қарай барамын,

Алатаудан келемін.

Жүртта қандай зат қалса

Менің нәсіп, қорегім,

Елден болған ырзығым,

Неге алып беремін?

Ата жолы садақа,

Бар ма балам берерің?

Орнымнан тұрсам өлемін,

Түсіп алғын керегің,

Ауқатьм – азық, бүйрегім

Бейіштен шыққан қорегім.

Жеймін десең берейін

Балдан тәтті бүйрегім.

Асырайтын балам жоқ

Ұйықтайтұғын панам жоқ,

Жан сақтарға шарам жоқ,

Жан ашитын адам жоқ,

Көрер күнім қараң боп,

Көңілімде арам жоқ.

Ер Төстіктей ер туса,

Жалғыз ғана балам боп,

Өтер едім арман жоқ.

Сиқыр кемпір сөзіне

Таң қалып түр Ер Төстік. Мені қайдан білді деп Аңғарьга тұр Ер Төстік. Бүйрегінен жейін деп Қамданып түр Ер Тестік. Ку кемпірдің сөзіне Алданып тұр Ер Төстік. Не қыларын біле алмай. Сандалып тұр Ер Тестік. Кемпір сөзіне еліктеп Жанданып тұр Ер Төстік.

Аңғал батыр алданды

Қу кемпірге таң қалды. Бүйрегінен жегелі

Ат үстінде тамсанды. Беруге кемпір қамданды. Құтылуға Ер Төстік

Бұл бәледен асықты.

Сақа менен кенейге Қимай көзі талады,

Аты жата қалады.

Тіл бітетін Шалқұйрық

Құтқармақшы баланы.

Сақа менен кенейді

Жерден Төстік алады.

Көзді ашып жұмғанша

Қолына алды асықты.

Мастықпенен қашыпты.

«Қашқан жауға қатын ер»,

Кемпір аузын ашыпты.

Ал, ирегім ‘ ал деді,

Шалқұйрықты шал деді.

Лақтырды иректі,

Шалқұйрықтай тұлпардың

Төрг аяғын күйретті.

Алмас ирек шарт етті,

Екпінімен Ер Төстік

Шалқүйрықтан жалп етті.

Шала жансар Шалқүйрық

Төрт аяқ жоқ, әл кетті.

Өзі жаяу, өзі мас,

Ердің көзі жарқ етті.

Ес-тусі жоқ Ер Төстік

Енді жаяу қашады.

Қу кемпірден сасады.

Алдындағы адырдан

Алты-ақ аттап асады.

Жерді құртқан қу кемпір

Арандай аузын ашады.

Амалы асқан қу мыстан

Артынан қуып барады.

Қырық жауырыны қолында

Қырық батырдай қараны.

Дұғалап қойған жауырын

Төстіктің есін алады.

1 И р е к – алмас шалғы.

Кемпір жетіп қусырып, Төстікке қол салады.

Ер Төстік сонда бұлтарып,

Тағдырға қылды наланы.

«Заманым менің тарылдың,

Бүгін саған жалындым.

Қу кемпірге жем қылмай

Қарынбайды жүтқан жер

Жарыл шапшаң, жарылғын!»

Айтып аузын жұмғанша

Қара жер қақ жарылды.

Аузын ашып терең жар

Жұтамын деп қабыңды.

Аш деп Төстік секірді,

Іздегені табылды.

Басқа тілек тілесе,

Болған екен қабыл-ды.

Үстай алмай қу кемпір

Бармағын тістеп тарынды.

Жер тубіне Ер Төстік

Күңіреніп кетіп барады.

Жер астында ел бар деп

Дүмбірлеп кетіп барады.

Жер жарығы жаңғырып,

Салдырлап кетіп барады.

Сөйлескендей Ер Төстік

Дабырлап кетіп барады.

Бара берсін Ер Төстік

Ел бүлдірген ерте өсіп.

Шоқ-шоқ деп кемпір қалады,

Кемпір кейін жүгірді,

Ер Төстіктен түңілді.

Екі қызға жетпекке

Елге алып кетпекке.

Тауда қалған қыздарға,

Жалмауыз кемпір келді тез.

Келсе орнында қыздар жоқ,

Құла бие түлпар жоқ,

Мұны көріп ку кемпір

Жүрегіне түсті шоқ.

Сорлы кемпір таң қалды

Ізін іздеп ақғарды.

Із таба алмай сандалды.

Әрі-бері қаңғырды.

Жалғыз бие қоса жоқ,

Кемпір шаршап қарап жүр

Мынау іске құса боп,

Бір жерлерге келгенде

Басына қу бас шаншылған,

Көк тасқа жазу жазылған,

Бір моланы көреді.

Мүрдеге мойын бұрады,

Жазуын оқьш тұрады.

Мұны көріп қу кемпір

Қу молаға қүлады.

Өксіп-өксіп жылады.

«Ер Тестіктен өліп ең,

Сен үшін азап көріп ем,

Сенін. өшіңді алам деп

Жалғыз өзім келіп ем,

Жатырмысың, Төкетай,

Жаныңа мен жатайын

Қойныңды ашшы, Төкетай,

Елге қалай қайтайын,

Не бетімді айтайьн…»

Қыздардың қайда кеткенін

Сорақы ксмпір білмеді.

Елді қайтып көрем деп,

Несіне тірі жүрем деп,

Не деп жауап берем деп,

Мыстан кемпір у ішіп

Қу моланы қүшақтап,

Ызаменен ыңырсып,

Қу далада өлгені.

Қасқырлар жеп биесін

Келтіріпті жүйесін.

Талайларды сорлатқан

Тартты кемпір киесін.

Ер Төстік жер астына түсіп кетті,

Екі қыз көкке құс боп ұшып кетті.

Атты деп ел қарғысы Ер Төстікті

Табалап қожа-молда ісіп-кепті.

Қу кемпір қу далада қурап өлді,

Құшақтап қу моланы улап олді.

Қайырсыз хан тілеуін тілеймін деп

Қиналып қиыр шетте арам өлді.

Қу кемпір құлап жатыр көр басында, Талайдың душар болып көз жасына. Қулықты көп ойлаған қуарылды

Кемпірдің келді десті өз басына.

Пейіл жок, береке жоқ, бас пайда да, Тұрмайды құт-береке сұмырайды.

Түңілді Алатау жақ қу кемпірден

Келмеді, көп жыл өтті, кетті қайда?

                        ххх

…Ер Төстік жерден өтіп жеті қабат

Жетіпті жер астына сау-саламат.

Қөтерген бүкіл жерді көк өгізді

Көргенде қайран қалып тұрды қарап.

Көк өгіз мүйізімен көкті тіреп,

Көк тасқа төрт аяғын тұрған шіреп.

Көтеріп сол көк тасты бір жайын тұр, Жайынды көтеріп тұр дария, көл боп.

Ер Төстік қарап тұрып көк өгізге,

Көргелі көктен түстім деді сізге,

Аспаннан аруағыңды іздеп келдім,

Қыласың қандай жәрдем енді бізге.

Қөк өгіз жақтырмады басын шайқап,

Ер Төстік онан кетті кеңілі тайқап.

Тау мен тас тас-талқан боп, сілкініп тұр, Себебі осы екен деп тұрды байқап.

Ер Төстік адасқанын енді білді,

Ел іздеп екі етегін белге түрді.

Ел бар деп жер астында айтушы еді,

Қайда деп қиялды ер зыр жұгірді.

Жүгіріп келе жатса ел көрінді,

Тау мен тас, дария-шалқар, көл көрінді. Бұлдырлап көз ұшында бір ауыл тұр, Қаптаған қара құрттай мал көрінді.

Таң қалды жер астында ел бар екен,

Бұл жерді көрген қандай ер бар екен.

Адам ба, әлде қалай деп ойлады,

Қөрмекке  құмарланып  кім   бар  екен.

Күн шығып, жер астында ай бар екен. Таулар мен бұл жақта да сай бар екен. Ауылға көзі ұшқындап келді Төстік,

Мұнда да кедей менен бай бар екен.

Көрінген әлгі ауылға келді Төстік,

Отырған кеп адамға сәлемдесіп.

Төстіктің түр-түсіне қайран қалып,

Қарайды бір-біріне бас изесіп.

Таң қалып Ер Төстікті көзі тесіп,

Біреуі тұра келіп ашты есік.

Ет беріп, шай қайнатып, қымыз құйып, Қонаққа қой сойылып, болды несіп.

Ер Төстік ішіп-жеді берген сыйын, Жыртылған далба-дұлба жыртық киім. Қатқан жоқ әлі жауап бір-біріне

Тілдерін түсінбеді, білу қиын.

Сөйледі бір ақсақал жүзге келген

Қонағым құрметті деп бізге келген.

Кәніки, қайдан келдің, қайдан жүрсің, Батырсың бүл өңірден біз көрмеген?

Келбетің періштедей көрінесің,

Қонағым қазір менің төрімдесің.

Үстімде бір ел бар деп естуші едік,

Айта бер ол туралы не білесің?

Байқасам үстіміздегі ел боларсың,

Сондағы бір атақты ер боларсың.

Ол елден жоғарыда тағы бір ел бар,

Мен білсем, сол  ер жігіт сен боларсың.

Мен бір қарт жер астында көп жасаған,

Өзі – хан, өзі – патша, ата-бабам.

Бар болса не керегің мен берейін

Айта бер мүқтажыңды, батыр, маған.

Ер Төстік шалдың қолын қатты қысып, Сөйледі оқиғаны түгел шешіп.

Бұл жаққа ұл болғалы көктен түстім,

Елемес әкем аты, атым  Төстік.

Мен езім Елеместің еркесі едім,

Бір қыз бен отыз ұлдың кенжесі едім.

Өлмек бар, бұл өмірде тірілмек жоқ,

Сол үшін жер астына келіп едім.

Атақты жер үстінде батыр едім,

Ардақты бір халықтың ақылы едім. Ажалдан жер астына қашып түстім,

Бір күні өлем ғой деп ақыр енді.

«Ақсақал, ұлы жоққа ұл болайын,

Алдында қызметкер қүл болайын.

Жоқ болса өлім, ажал жер астында

Мен-дағы сіздерменен бір болайын.

Бұл елдің мен шықпайын кесігінен,

Ризығымды бір терейін несібімнен.

Ел бар деп өлмейтұғын осы жақта

Рас па, өтірік пе естіген ем».

Ақсақал таяғымен жерді ұрып;

«Бұл тағдыр салмас дейсіз кімге құрық. Жұтпайды қайсымызды қу қара жер», Төстікке жауап берді қарап тұрып.

Ақсақал Ер Төстікке мойын бұрып,

Тамаққа неше түрлі тойындырып.

Балам жоқ, маған бала болғын, депті. Төстікті қанша алуан киіндіріп.

Ер Төстік бала болды әлгі шалға,

Шал жатыр елін жинап тойды қылып.

Қалың ел хан баласын құрметтеп,

Жиналды өз заңынша сыйын қылып.

Төстікке той жасады түрлі алуан

Түп-түгел кәрі-жасы кеп жиналған. Төстіктің дәулігіне қайран қалып,

Батпады күресуге ешбір балуан.

Ондағы ел Ер Төстікке қайран калып,

Жеті жыл өмір сүрді мүнда қалып.

Қолында бала болып шалды сыйлап, Дүшпанын талай шапты ойран салып.

Төстікке мүнда сөйтіп бақ бергені, Дүшпандар қарсы келген шақ келмеді.

«Ер – туған жерде» деген мақал,

Бұл жерде қалуды енді құп көрмеді.

Жегені бойға жүқпай, ішкені  ірің,

Бар ма деп көрер заман елдің нұрын. «Әкесі» қандай сұлу айттырса да,

Сүймеді сұлулардың бір де бірін.

Әкесі бір күн түрып; «Балам,» деді,

Көңілің неге мұнша алаң, деді.

Кеттің ғой азып-тозып санаменен

Тірі ме атаң менен анаң?» деді.

Ер Төстік төмен қарап жерді шұқып, Көрсетіп әкесінің қолын тұтып:

«Ата-ана, ағаларымды ойламай мен,

Кеттім ғой сіз тұрғанда бәрін ұмытып.

Ата-анам, тумасаң да туғандаймын, Қасында өмір сүріп тұрғандаймын.

Қандай жау сізге келіп киліксе де,

Ата-анам, көзің көрді, қырғандаймын.

Арманым – жер бетіне шығып келсем, Сондағы дұшпандарды қырып келсем.

Бар еді екі қабат бір әйелім,

Баламды содан туған көріп келсем.

Қолыңда жүрдім, ата, жеті жылдай,

Мен болдым қайғыменен жалғыз қылдай.

О, әке, жер үстіне жеткізіп сал,

Өтем бе бұл дүниеден көңілім тынбай.

Ақсақал, рұқсат бергің балаңызға,

Мың құлдық атамыз бен анамызға. Шығатын жер бетіне бір амал тап,

Зарланып жер астында қаламыз ба?»

Ер Төстік осылай деп айтты сөзін,

Кемпір-шал   жаспен   жуды   екі   көзін. Төстіктің тоқталмасын білгеннен сон,

Ішіне бұлардың да түсті сезім.

«Ер Төстік, тоқтамасаң бар ма шара?

Жеті жыл бала болып тұрдың дара. Шығатын жер үстіне бір амал бар,

Айтайын  соның  жөнін  тыңдап   қара.

Бір құс бар осы жерде Алыпқара,

Табады жыл-жыл сайын екі бала.

Баласын бір айдаһар жылда жейді,

Ер Төстік, дәл осыған барып қара.

Жапанға жалғыз шыққан бір бәйтерек,

Ер Төстік, бала екенсің туған зерек.

Басына Алыпқара ұялайды,

Ер Төстік, сол терекке бар ертерек.

Айдаһар жыл да жұтар балапанын, 

Жем іздеп Алыпқара кеткен шақта

Ағызып жеп қояды қызыл қанын.

Шеніне екеуінің ел бармайды

Ел түрмақ, өздеріңдей ер бармайды. Жылдағы балапанын жылан жұтып, Бейшара Алыпқара көп зарлайды,

Маңына екеуінің жан бармайды,

Ұшқан қүс, жүгірген аң, мал бармайды. Құтқарсаң балапанын айдаһардан

Ер Төстік, сенен өткен ер болмайды.

Ол қүсты көрген адам кем болмайды, Барлық құс оныменен тең болмайды.

Ер Төстік, жер үстіне сол шығарар,

Басқадан   бүл   дертіңе   ем   болмайды.

Ер Төстік құстың жайын естіп білді,

Білді де жылан жайын енді күлді.

«Ата-ана, рұқсат бер, барамын,» деп Орнынан қол қусырып түрегелді.

Ақсақал: «Жолың болсын, барғын,» деді, Әбиір қайда жүрсең алғын, деді.

Жолдасқа «бір күн көрген қырық күн

сәлем»,

Ер Төстік, амалым жоқ қалдым, деді.

Ер Төстік қош-қош айтып кетті жүріп,

Етегін баяғыдай белге түріп.

Қаңғырып қанша айдай теректі іздеп, Тауыпты әрең зорға дымы кұрып.

Түбіне бәйтеректің түнеп жатты,

Тағдырдан талай тілек тілеп жатты.

Жем іздеп баласына Алыпқара

Алты айлық алыс жерге кетіп қапты.

Қарайды бәйтерекке көзін салып,

Ағаштың зорлығына қайран қалып.

Мың қойдың қорасындай бір ұя тұр, Бүлттай жапырағы көкті шалып.

Түбінде ағып жатыр тоғыз қайнар, Гауһардай тұнықтығы жұлдыз жайнар,

Тағы да бір көк тас тұр үй секілді,

Болаттай жалтылдайды айнадай бар.

Түбінде сол көк тастың жатты Төстік,

Құс пенен  айдаһарды   бақты  Тестік. Бұлақтың суын ішіп, балығын жеп,

Несіпті неше түрлі татты Төстік.

Ер Төстік бәйтерекке шыға алмайды, Дүниеде не бар, жоғын біле алмайды.

Амал жоқ, отыз-қырық күн жата берді,

Бұл жерден басқа жаққа жүре алмайды.

Бір күні шырылдайды балапандар,

Таң сәуле серпілмеген, көлеңке бар. Ысқырып, тау жаңғыртып, тіл жалаңдап, Теректің түбінде тұр бір айдаһар.

Шаншылып түйе басты тіл жалаңдап, Жарқылдап ақ бауыры, көзі алаңдап. Терекпен көк тіреген бойы бірдей

Балапан шыр-шыр етіп тұр далаңдап.

Ер Төстік мұны көріп көзі жайнап,

Семсерін қонышындағы тасқа қайрап. Жүгірді айдаһарға айқай салып,

Жаны ашып балапанға түрған зарлап.

Айдаһар дауысты естіп жиырылады, Адамның үнін біліп шиырланды.

Ақырып арыстандай батыр Төстік Қанжармен айдаһарды бір ұрады.

Айдаһар маңдайынан қақ жарылып, Теректен жерге түсті аударылып.

Ұядан үркіп тұрған балапандар,

Қуанып, қанат қақты тәубе қылып

Ауызын залым жылан бір-ақ ашты,

Ер Төстік төрт-бес бөліп қанын шашты. Қүтқарып балапанды қан сорғыштан, Жеткендей жер үстіне мауқын басты.

Ұядан ұшып түсті қос балапан,

Ақ үрпек арылмаған жас балапан.

Төстікті тырнағымен қысып алып

Апарды үясына дос балапан.

Ер Төстік балапанға таң қалады,

Қайратын балапаннын, аңғарады.

Қамшы құрлы көрмеді іліп алып,

Қандай деп ата-анасы ойланады.

Қараса, үя толған киік, марал,

Ұяның үлкемдігі бейне арал.

Етін жеп жата берді күндіз-түні

Болса да мейлі арам, мейлі адал.

Бір күні бүршақ жауып, жел соғады, Бәйтерек басын иіи, жер соғады.

Анамыз, атамызбен келеді деп

Шаңқылдап балапандар қуанады.

Жел қойып, жаңбыр жауып, күн шығыпты, Аспаннан шуылдаған үн шығыпты. Қалтырап бәйтеректің жапырағы,

Қарсы алып, көкке қарап тьншығыпты.

Алып құс келе жатып алыс шеттен,

Алты айлық жерден ауқат іздеп кеткен. Әлгі   жел – қанатының   серпіні   екен, Көзінен бүршақтатып моншақ төккен.

Атасы бірдей кеткен анасы да,

Жем іздеп үзақ жолдан баласына.

Баламыз айдаһардан аман ба деп,

Жаңбыр боп көзден аққан сорасы да.

Бұлттай бір мезгілде түнереді,

Баласы ойға түсіп күңіренеді.

Серпіліп қара бұлт күн шығарда

Қөргенде балаларын тебіренді.

Аспаннан төнді төмен қара бұлт,

Қіршік жоқ жан-жағында, судай тұнық. Көрген соң ата-анасын қос балапан

Төстікті қанатына қойды тығып.

Көз салып батыр Төстік жатыр бүғып, Көрген жоқ туып мұндай есі шығып. Айналып Алыпқара келе жатыр

Төменде ұясына көзі тұнып.

Аңқитып балапандар аузын ашып,

Аузына жем түскенше болып асық. Арсаңдап анасына еркелеп жүр,

Ер Төстік көріп отыр көңілі жасып.

Он марал салып алған иығына,

Он киік іліп алған тұяғына.

Ұяға қонды келіп Алыпқара

Иіскеп қара жерді жан-жағына.

«Апырмай-ай, шығып тұр ғой адам исі,

Бұл жерге қайдан келді адам жынысы.» Тауып алып Ер Төстікті бір-ақ жұтты, Адамның мұнда бар деп не жұмысы.

Шырылдап анасына қос балапан,

Жармасып тамағына жас балапан.

Төстіктің екі аяғын екеуі ұстап,

Боп кетті анасының көзі-алақан.

Тастады Ер Төстікті лақ дегізіп,

Тамағын анасының баласы езіп.

Төстіктің басы алтын болып шықты,

Қара құс тастай салды жарқ еткізіп.

А л ы п қ а р а:

«Жақсылық — жақсылыққа» деген сөз бар, Баламды жыл да жұтқан сұм айдаһар.

Басы алтын, арты күміс етсем деп ем, Асығыс істедіңдер, балапандар.

Бұл жерге қайдан келдің, адамзатым? Үмытылмас маған қылған шарапатың.

Бар болса не мүқтажың айтшы маған, Мойнымда шамам келсе достық хақым.

Бұл жаққа жолың түсіп қайдан келдің, Зарлаған көзім жасын қайдан көрдің? Адамзат шенейіме келмеуші еді,

Достым-ай, хал-жайымды қайдан білдің?

Т ө с т і к:

Мен өзім келіп едім жер үстінен,

Ерлердің ризығы ел ішінен.

«Ер кесер ер қырсығын» деген сөз бар, Шығарсаң арманым жоқ жер үстіне.

Сөзімді таза тыңда, Алыпқара,

Шын достым қүлағыңды салып қара. Шығарсаң жер бетіне разымын,

Бар еді менде-дағы қатын-бала.

Мен жүрмін жер астында жеті жылдай, Тағдырым бүгін саған душар қылды-ай. Есіркеп көз жасымды сен көрмесең, Арманда күнім өтер жылай-жылай.

Бұл іске Алыпқара аң-таң қалып,

Төстікті ұшпақ болды аспанға алып. Қамданып жеті күндей жол азығын Жеткізбек Ер Төстікті алып барып.

Терісін киік, марал киді Төстік,

Сүйектен аяқ-қасық үйді Төстік.

Мес жасап, қайыс тіліп, арқан қылып, Дайындап азық-түлік қойды Төстік.

Үш меске үш маралдың етін салды,

Төрт меске толтыра су құйып алды.

Үстіне Қара құстың артып алып

Ер Төстік көкке қарай шырқ айналды.

Қош айтьш балапан мен бәйтерекке,

Ер Төстік жүріп кетті шырқап көкке.

Үстіне Қара құстың өзі мініп,

Көз салып өзі тускен жер тесікке.

Қара кұс келе жатыр шыр айналып,

Қара жер аспанымен тұр айналып.

Көп сағат дамыл алмай ұшып келед

Түн етсе, арт жағынан күн айналып.

Көктегі құс жолымен тура бастап,

Ер Тестік келе жатыр құсқа қақсап,

Ет пенен суды аямай беріп келед

Бұрылса екі жаққа кезек тастап.

Жақындап жер үстіне келген шақта,

Тесікті Төстік түскен көрген шақта,

Беруге бір жапырақ ет қалмапты,

Ер Төстік қысылады сол уақытта.

Жалтақтап Алыпқара қарай берді,

Аяғын Ер Төстіктің жалай берді.

Ер Төстік өз қоң етін кесіп берді,

Досымды аш қойғаным жарай ма енді.

Бұрылса оң жағынан ет беретін,

Бұрылса сол жағынан су беретін.

Төстікке Алыпқара сауал қойды,

«Ен соңғы немене еді берген етің?»

«Ей, достым, мен айтайын оның жайын, Басыма түсті қатты сары уайым.

Жалтақтап қарағанда жем таусылып,

Қоң етімді кесіп салдым, айналайын.

Бәсе, мен қанатымды қатты қақтым,

Көзімді күшін, тасып жарқыраттың, Қорқыныш, қонар жер жоқ, қырылмақ ек,

Ер Төстік, бұл ақылды қайдан таптың?

Лезде шыға келді жер бетіне,

Ер Төстік енді шықты ел шетіне.

Қоштасып Қарақұспен қайта-қайта,

Бір-бірін ұмытпас боп қызметіне.

Қоштасты-ау  екі дос қайта-қайта,

Өлгенше бірін-бірі айта-айта.

Түйіліп Алыпқара төмен ұшып,

Жөнелді жер астына кейін тарта.

Ер Төстік жер бетіне шығып алып,

Қарайды жан-жағына көзін салып.

Құдайға мың  мәртебе  шүкір  қылды, Көргенде туған жерді өліп-талып.

Қарайды қайран қалып жан-жағына, Жалғанның кім ілінбес қармағына.

Қалыпты есі ауып Ер Төстіктің

Жер асты жеті жылдай зардабына.

Ер Төстік жұгіреді ел қайда?— деп,

Кір жуып, кіндік кескен жер қайда? деп.

Бар ма деп, ата-ана, ағаларым,

Көретін елі-жұртымды күн қайда? деп.

Жүгіріп келе жатыр батыр Төстік,

Бір жанға жеткізбейді желдей есіп.

Кім бұрын қарсы алдымнан шығар екен?

Деп ойлап, екі көзі елді тесіп.

Ер Төстік елге қарай жүгіреді,

Беліне екі етегін түрінеді.

Ентеңдеп елсіз жерде келе жатса,

Жапанда жалғыз түйе көрінеді.

Бұл түйе желге қарсы желіп келед,

Алыстан батыр Төстік көріп келед.

Артынан ақ жаулықты ағараңдап,

Бір әйел айқай салып еріп келед.

Желмая желіккенде тоқтамайды,

Еңкейіп жердің шөбін оттамайды.

Жете алмай түйесіне сорлы әйел

Жүгіріп келе жатыр, даттамайды,

Түйенің қарсы алдынан Төстік шықты, Желмая тұра қалды жібек түкті.

Иіскеп Ер Төстіктің омырауын,

Желмая тап жылжымай жерге шөкті.

Қараса Ер Төстіктің қызыл нары,

Нарын көріп көңілден кетті зары.

Әлгі әйел, түйе қуған о да келді,

Көп күткен көңіл қосқан адал жары.

Ер Төстік жар түбіне бұғып жатты,

Көрінбей өзін-өзі тығып жатты.

Түйеге шөгіп жатқан әйел жетіп,

Отырып нарға қарай бір сөз айтты.

Қызыл нар Төстік барда буаз екен,

Айлас боп әйелімен туады екен.

Ер Төстік жер астына кеткен жылы Серттесіп белін мықтап буады екен.

« Жеткізбедің, желмая!

Нені біліп желіктің?

Жеті жылдай сыр бермей,

Бүгін қалай зеріктің?

Жылжымаушы ең орныңнан,

Жем-шөп жедің қолымнан,

Желгеніңе жете алмай,

Мен келемін соңыңнан.

Қазығың қалды долана.

Азығың қалды далада.

Айналайын асылым !

Ер Төстік келген бола ма?

Буған белім шешілді,

Бүгілген балам көсілді.

Шиеленген құрсауым

Нені біліп есілді?

Ер Төстік келген бола ма?

Ер Төстігім кеткенде,

Ішіме бала біткенде,

Серттескенмін қызыл нар,

Саған бура шөккенде.

Сенің бұйдаң үзілді,

Менің белім шешілді,

Төстігім келген бола ма?

Ер Төстігім келгенде,

Не болмаса өлғенде,

Бошала деп ем қызыл нар,

Бір хабары боларда.

Ботала дем ем қызыл нар,

Бүгін хабар болар ма?

Ғашық жарым кездесіп,

Қайғылы кеңілім толар ма?

Жеті жылдай жоғалған

Боздағым келген болар ма?

Боталады сол жерде

Ер Төстіктің түйесі.

Әйелінің сөзіне

Босады ердің жүйесі,

«Келер ме екен, тәңір-ай!

Осы малдын, иесі».

Ер Төстік шықты жүгіріп,

Жар астынан бүгіліп.

Келе жатқан адамға

Қарап тұр әйел үңіліп.

Кеп қалар деген ойы жоқ,

Көнілі қалған түңіліп.

Қарап тұрды Төстікке

Қара суды сіміріп.

Сәлем етті ізетпен

Екі қолы иіліп.

Толғатып тұрған кезі еді

Түйеге қолы сүйеніп.

Жарқ етті Төстік көзіне,

Көрісті келіп өзіне,

Тілекке енді жеткізді,

Серттескен ердің сөзіне.

Қуанғаннан құлапты,

Ер Төстіктің төсіне.

Зар болдым деп жылады,

Ер Төстік, сенің ізіңе.

Өлсем де бүгін арман жоқ,

Көрінді Төстік көзіме.

Екі ғашық жылады,

Көздің жасын бүлады.

Жолдас болсаң сондай бол,

Тілегін қабыл қылады.

Желмаясы боталап,

Адал жары үл туып,

Көңілдері тынады!..

Ел-жұрты Ер Төстікке той қылады,

Тойына талай малды сойдырады.

Тауып ап, тозып кеткен ағаларын,

Тамаққа сый көрсетіп тойдырады.

Қу кемпір алып кеткен екі қызды,

Іздеуге батыр Төстік ой қылады.

Жиналған тойға түгел ақсақалға,

Бата алып, балаға ат қойдырады.

Баланың атын қойды Бозжігіт деп,

Ботамен бір туған деп ұйғарады:

«Бар болса мен табамын жер үстінде

Жер астын көріп келдім ел ішінде.

Қорлығы бір кемпірдің өтіп кетті,

Сол иттің үлкен мән бар келісінде.

Кемпірдің аты-жөнін білген бар ма? Кемпірмен жолдас болып жүрген бар ма? Айтыңыз жасырмастан соның жайын

Ішінде осы көптің көрген бар ма?

Түбіме сиқыр кемпір жетіп кетті,

Қорлығы маған қылған өтіп кетті.

Сиқырлап, мені алдап, жерге тығып, Қыздарды элде қайда ертіп кетті.

Бұл кемпір келсе керек Боқмұрыннан, Қайырсыз хан баласы жексұрыннан. Қыздарды соған алып кеткен шығар,

Қаным қас хандарменен күн бұрыннан».

Бір жігіт түрегелді орынынан,

Төстіктің шыдай алмай порымынан: «Кемпірді мен көргелі көп жыл болды Айтайын оның жайын толымынан.

Ер Төстік бір жорыққа кеткен кезде, Төмендеп күн батуға жеткен кезде.

Жылқы айдап үш жылқышы келе жатсақ Көрінген бір құбыжық біздің көзге.

Кімдікі жылқыларың, бала, деген?

Аулына Елеместің барам деген.

Еркесі Елеместің Ер Төстікті

Мен бүгін барып жанын алам деген.

Қорыққаннан үш жылқышы кеттік қашып, Түр-түсі, келбетінен жаман сасып.

Көрдім деп еш адамға айтпа деді,

Қөрмедік онан кейін ауыз ашып.

Осылай көргеніміз, батыр, деді,

Естірсіз біз айтпасақ та, ақыр деді.

Түбінде Төкетайдың моласының

Сүйегі сол кемпірдің жатыр деді.

Сұрады атаңыз бен анаңызды,

Алам деп қорқытыпты балаңызды.

Ер Төстік өз айтқаның тіпті рас,

Не қылса кемпір құртты екі қызды.

Қорқытып анаңыз бен атаңызды,

Тастатқан кеней менен сақаңызды.

Зарланып әке-шешең айтып кетті, Тартқанда Төстік сенің қапаңызды.

Сақанды кенейіңмен жұртқа тастап, Кемпірден үркіп көшкен атаң бастап.

Ұл-қызым не болды деп өлгенінше, Зарланып ата-анаң кетті қақсап.

Ер Төстік, ел иесі өзің келдің,

Естідің менің айтқан сөзімді енді.

Айтайын екі қыздың енді жайын,

Жүргенде елсіз тауда көзім көрді.

Қыздарды ертіп барып елсіз тауға,

Қу кемпір тастап кеткен терең сайға.

Өзіңді көшкен жұртта ұстаймын деп, Қыздарды ұрындырды жүрген жауға.

Екі қыз елді іздеп жүгіреді,

Бір жаннан елсіз жерде түңіледі.

Қаны қас адамзатқа диюлардың

Екі жас тырнағына ілінеді».

Жігіттен сөздің кілті ашылады,

Кейбіреу болғанынша асығады.

Ер Төстік таза тыңдап, сөзге қанды

Өкініп өткен іске жасымады.

Отырды қайраттанып көзі жайнып,

Сыр бермей, зығырданы іштен қайнап. Түбінде менің жауым Боқмұрын деп,

Ер Төстік ерлігі ұстап отырды ойлап.

Содан соң жас жігіттің қолын ұстап, Достым деп құшақтады бекем нұсқап.

Жан жолдас қайда жүрсем бірге жүр деп, Ержанды ертпек болды өзі бастап.

Ер Төстік жол тартпаққа шығыс тауға, Ержанды жолдас қылып ертіп жанға, Ақжелек, Ақырғайды іздеп шықты

Беруге барып сәлем ақсақалға.

Ақжелек Алатауда хан болып түр,

Орнына Төкетайдың нән болып тұр.

Ат шауып Қөкетайға ас беред деп

Шақырған сауын қағаз жайылып тұр.

Көкетай ханның асы бар,

Көк дөненнін, басы бар.

Кәпір менен мұсылман

Осы аста басы қосылар.

Боқмүрын мен Сумұрын

Сауын айтты күн бүрын.

«Атама ат шабамын,

Атадан туған баламын.

Елдің басын қосамын,

Халыққа үлгі саламын.

Қатарымнан асамын,

Ділдә-жамбы шашамын.

Кәпір менен мұсылман

Ортасына көшемін.

Уық бауын шешемін.

Желмаяға жүк артып,

Желдей гулеп есемін.

Алты өрінен Асының

Ары қарай асамын.

Кегетінің кең сазын

Көшіп сонда түсемін».

Көшті гулеп Боқмұрын,

Қазықұрт пен Таластан.

Үшқосай мен Манастан.

Атты-тонды адамға

Көш салтанат жарасқан.

Жүз түйеге жүк артып,

Жұрттың бәрін шулатып.

Терт түлік мал айдады,

Шұрқыратып, шулатып.

Күн-түн көшіп үдеріп

Түнде келіп Мерксге.

Бір күн еру болады

Ел ұйықтап еркіне.

Үш-ақ көшпен Боқмұрын

Бастапқы айтқан сертіне

Ертең ерте көшеді.

Шу бойына түстенді.

Онан көшіп күн бата,

Қордай тауын асады,

Қозыбасын1 басады.

Алмалыға қонады,

Бір күн еру болады.

Күзем жүнін алады.

Алма менен өрікке

Қарық болып қалады.

Мұнан әрі Боқмұрын

Алатауды сағалап,

Тау көбелеп жағалап,

Таушелектен өтеді,

Алты өрінен Асының

Алты-ақ аттап кетеді.

Кегетінің сазына

Үш-ай аттап жетеді.

Ақ күмбездей үй тігіп,

Ауыл қонды ту тігіп.

Кегетінің кең сазы,

Келісіп біткен жер екен.

Қазақ, қалмақ малы өріп,

Қоныс қылған жер екен.

Мал қүлағы қылтылдап,

Бассаң сазы былқылдап,

Шөбі жүпар бүрқылдап,

Көлінде аққу сүңқылдап,

Ойы-балық, қыры-киік,

Қарағай, қайық былқылдап.

Қатар жатқан сүлу жер,

Қарқара, Текес, Көзүйрек,

Байсауыр мен Алмалы

Алмасы бар жүректей,

Бүлдіргені білектей,

Бүғы, марал үлектей,

Түрлі шөбі жібектей.

Осы сазға Боқмүрын

Тоғыз мың үй тіккізіп.

Тоғыз мың мал сойғызып,

Түйе менен биенің

Қымыздарын қүйғызып.

Қырық түрлі жемісті

Дастарқанға сыйғызып.

Қаптап келген қалмақты

Қарық қылып тойғызып.

Есебі жоқ көп малдын

Қанын судай ағызып.

Дайындалды Боқмүрын

Түрлі кілем салғызып.

Сан жетпейтін малдарын

Садақа қып шалғызьш.

Қымыз ішіп сусынға

Қызарып ел гулейді.

Қаптап жатыр қалмақтар

Қой дегенге көнбейді.

Өз елінің дәулері

Әлі күнге келмейді.

Ақжелек пен Боқмүрын

Ақылдасты екеуі.

Сумүрынды шақырып,

Мәнікерге мін,  деді.

Біреулерге бар, деді.

Ерте хабар сал, деді.

Жайма кекіл жас бала

Мэнікерге мінеді.

Бадана тон киеді,

Шоталыны асынып.

Шот болатты байланып,

Алыптарға жүреді.

Жүріп бара жатқанда

Боқмүрын алып бүй деді:

– Бүл барғаннан барып қайт!

Ер Қосайға жетіп айт!

Қос қүласын байласын

Шабар бала сайласын!

Хан атамның асы бар,

Көк дөненнің басы бар,

Жылдам келсін ақсақал!

Одан әрі барып қайт.

Көкала сақал Әлмембет,

Жирен сақал Келмембет,

Бұл дәулерге жетіп айт!

Қөк аласын байласын,

Шабар бала сайласын!

Онан әрі барып айт!

Қанкелдіге жетіп айт!

Дәу атамның асы бар,Кек дөненнің басы бар,

Тор төбелін байласын

Шабар бала сайласын!

Бұл жиынға келмесе,

Атамның ақ тойында

Шабамын мұны да ойлансын!

Көбікті батырға осыны айт,

Көкшеге де осыны айт!

Ер Манасқа барғанда

Мына сөзді тосып айт!

Хан атамның асы бар,

Көк бестінің басы бар,

Ақ құласын байласын,

Шабар бала сайласын!

Алдыңғы аттың бәйгесі

Мың ала бас қой тігем,

Жылқы малдан жүз тігем,

Түйе малдан мың тігем,

Ділдә менен жамбыдан

Он түйе жүк пұл тігем.

Асқа келген адамға

Атына жүктеп пұл берем.

Топқа келген адамға

Торқалай жүктеп пұл берем.

Жайына жүрген әйелге

Беліне орам пүл берем.

Ер Манасқа барғанда,

Осыны айт деп тапсырды

, Ақжелек пен Боқмұрын.

Жер жалмаған Ер Төстік,

Ел бүлдірген ерте өсіп.

Оны үйден таппайсың,

Жылдам барып қайтқайсьң.

Мыстан кемпір жоқ болды.

Жоғалғалы көп болды,

Оны да іздеп тапқайсың.

Мәнікерге мінеді

Жайма кекіл жас бала.

Батырларға бет алып,

Жүріп кетті қасқара.

Желсе желге жеткізбес

Мәнікер тұлпар астында.

Алдыменен ақсақал

Ер Қосайға келеді.

Ат үстінен асықпай

Жырлап айтып береді.

Жарайды деп Ер Қосай

Ат-шапанға жөнелді.

Алыптардың баршасын

Аралап жүріп айтады.

Айтып қолын жайқады,

Бас иіп бәрі жөнелді,

Боқмұрыннан қорқады,

Бес күн, бес түн дегенде

Ер Манастан қайтады.

Ер Манастың алдында

Тасып барған жас бала

Ұмытып қалып айта алмай,

Енді болды масқара.

Бүрынғыдай жырлайды,

Тамағын қатты қырнайды:

«Хан атамның асы бар,

Көк дөненнің басы бар,

Аққұласын байласын,

Шабар бала сайласын.

Бұл жиынға келмесе,

Ақ тойында атамның

Шабамын, мұны ойласын!»

Сонда Манас сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді.

Манас, Манас болғалы

Манас атқа қонғалы,

Мұндай шоңдық көрмедім.

Қырылғырдың қырық шора

Шапшаң бері кел, деді.

Қырық шора жиылып

Бәрі келді жүгіріп,

Ер Манастың қабағы

Бүркіттейін түйіліп:

«Баланың басын ал, деді,

Құрбан қылып шал, деді,

Ат-тонын олжа қыл, деді,

Зынданға дереу сал,» деді.

Қырық шора жабылып

Аударып алды баланы.

Бәлеге бала қалады.

Кеудесіне мінеді,

Қылышпен басын тіледі.

Өлтіргелі жатқанда,

Екі әйелі Манастың

Балдырғандай баланы

Бәйбішелер көреді:

«Бір қасық қанын қиыңыз,

Бұ да сіздің ініңіз.

Бір ашуың беріңіз,

Біз сұрадық көніңіз.

Балалық қып жүрмесін

Қайта айтқызып көріңіз».

Келді сонда Ер Манас,

Егескенді жер Манас.

Қанекей, айтты болмас-ты,

Тінікей, айтты болмас-ты.

Ренжітіп болмайды,

Тағдыр қосқан жолдасты.

Қанекей мен Тінікей

Түрғызып алды баланы

Қырық шораға азырақ

Ұрғызып алды баланы.

Тамақ беріп тойғызып

Күлгізіп алды баланы.

Есін әбден жиғызып,

Білгізіп алды баланы

. Мәнікерге мінгізіп,

Жүргізіп алды баланы.

Ат үстіне мінген соң

Ақыл ойы енген соң,

Бала қайта жырлады.

Тамағын қайта қырнады,

«Айналайын Ер Манас

Егескенде жер, Манас.

Боқмұрынның айтқанын

Үмытып қаппын мен, Манас.

Хан атамның асы бар,

Көк бестінің басы бар.

Ой-қырдағы ел-жүрттың

Түгел басы қосылар.

Сіз бас ие болмасаң,

Елің босқа шашылар.

Алдыңғы аттың бәйгесі:

Мың ала бас қой тігем,

Жылқы малдан жүз тігем,

Түйе малдан мың тігем,

Ділдә менен жамбыдан

Он түйе жүк пұл тігем.

Асқа келген адамға

Атына жүктеп пұл берем.

Тойға келген адамға

Торқалай жүктеп пұл берем.

Жайына жүрген әйелге

Беліне орам пұл берем.

Ер Манасқа барғанда

Осыны айт деп тапсырды,

Ақжелек пен Боқмұрын.

Қатеріңе алмаңыз.

Мойынға алдық қатеміз,

Рұқсат бер,енді қайтамыз!..»

Шақырушы кайтады,

Болған істі жасырмай

Бастан аяқ айтады.

Мұны естіп Ер Қосай

Кейіп басын шайқады:

«Келмес, деді, Ер Манас

Бір ұстаса шайтаны».

Қалмақ қалың қауырт кеп

Елдің түрін байқады.

Алпыс ала жорғаны

Алдынан тарту тартады.

Ер Манасқа Ер Қосай

Сөгіп мынау айтқаны:

«Атақты батыр сен едің

Ақсақалың мен едім.

Хан ағаның асына

Бұрын неге келмедің?

Манас, Манас дегенге

Бардия қалады екенсің.

Үрген қарын секілді

Дардия қалады екенсің.

Жабыл, жабыл, жабыл деп

Жапырлап қалмақ кеп жатыр.

Молдым-молдым бөлініп

Бүткіл қалмақ кеп жатыр.

Көкетайдыц асында

Көп халықтың басында

Көріп тұрсаң болмай ма?

Ақыл, қайрат балдарға

Беріп тұрсаң болмай ма?

«Ай толғанын білмейді

Ер болғанын білмейді».

Осылай деп Ер Қосай

Ер Манасты тілдейді.

Жасы жұзге келген соң,

Шапшаң, Манас, жүр дейді.

Алпыс ала жорғаны

Манас батыр алмайды,

Малға көзін салмайды.

«Жүрейін, Қосай, жүрейін,

Сізге сөйлеп болмайды».

Өкпе, кегін тастайды,

Батыр Манас саспайды.

Бұл жиынды бастайды.

Көкетай ханның асына

Алыптар басы қосылды.

Алпыс мың адам жиналып

Алапқа симай жосылды.

Ас тамағы шақ келмей

Боқмүрын дәу шошынды.

Мұнша адам жиналып,

Алпыс күн той сыйланып,

Табақ тартып халыққа,

Аттар шауып қиналып,

Тоғыз мың үй тігілді.

Тоғыз мың бие сойылды.

Кедей менен кембағал

Ішіп тамақ тойынды.

Кегетінің кең сазы

Тұяқпенен ойылды.

Құмырсқадай жыбырлап. Жердің беті қыбырлап. Тау менен тас жаңғырды Төңкеріліп дүбірлеп, Тамашасы басталды. Жамбылары атылды Өлең-жыры айтылды.

Бұрын мұндай болмаған,

Қазақ, қырғыз, қалмақтан,

Мақтанам деп Боқмұрын

Ел жинаған жан-жақтан.

Атты айдамақ болады

Алты айшылық алысқа.

Алыптар тұр дайын боп

Балуанмен сайысқа.

Тұлпарларын жаратып,

Кім шаппайды намысқа.

Ат қүйрығы сүзулі.

Кекілдері түюлі,

Қалыстардың қолында

Ала арқанға тізулі.

Шабар бала мінулі,

Қамшылары ілулі,

Сусындары қүюлы.

Мойнында бар гүл азық.

Таусылмайтын бұл азық.

Бұл заманда көрмеген

Біз білмейтін бір азық.

Жер ортасы Көктөбе

Еш белгісі жоқ төбе.

Баратын жол қүлазып,

Даяршылар айдайды,

Айдаушыны сайлайды.

Ағашқа ту байлайды.

Аттарыңды шығар деп

Ер Қосай салды айқайды.

Өңшең түлпар шұлғиды,

Ортадан бәрі шүбайды.

Қалмақтың ханы Қара хан

Жолай алып жолдасы,

Қыр мұрынды Қоңырбай,

Қалмақтың білгір-сыншысы,

Тұлпарларды сынайды.

Ат шұбалып жатқанда Қосай келді Манасқа; «Қосамысың қүланды? Аққүла күлік болмаса, Кім шақырсын  ұранды. Не сәйгүлік жүйріктер Осы жолы құралды. Мәнікер мен Аққұла ат Бүкіл елге ұнамды». Сонда Манас сөйледі, Сөйлегенде бүй деді:

Бұзбайын, Қосай, сөзіңді,
Аққүладан басқа ат
Көтермейді өзімді.

Қосай айтты; «Ер Манас,

Егескенді жер, Манас.

Ат-көптікі деген бар

Іркілмей-ақ бер, Манас!

Тағы да елден табылар

Таңдап атың мін, Манас!»

Манас-Манас болғалы

Ер Қосайды сыйлаған,

Ер Қосайдың айтқанын

Өмірде екі қылмаған.

«Аққүла атпен азырақ,

Ақылдасып келейін.

Қосаға, жауап берейін».

Аққүла мен Ер Манас

Аулақ жерге барады.

Күн батысқа қарады,

Бүлдіршінді қамшысьш

Мойынына салады.

Аққүла күлек сен едің,
Атақты Манас мен едім.
Көкке үшсам қанатым,

Мінсем – қайрат болатын.

Желсем желден озатын,

Озамын десең қосайын,

Уәдеңді тосайын,

Қалмақтардың сан атын,

Сансыратып келмесең.

Қара ханиың ала атын,

Әлсіретіп келмесең,

Жолайдың қара күлігін

Қансыратып келмесең.

Қоңырбайдың Құмайын

Қоймай озып келмесең,

Аққұла атың қүрысын!

Қелер болсаң жануар

Аяңдамай желіп өт.

Мынандай   белгі   беріп   өт:

Алдыңғы атты тістеп өт,

Артқы атты теуіп өт.

Оң құлағың тігіп өт,

Сол құлағың жығып өт.

Шүбалмаға келгенде

Сыншылар сынап көргенде,

Сылаңдамай тыныш ет.

Айдаушылар айкайлап,

Атты санап тізеді.

Бәйге аттарын реттеп

Жал-құйрығын сүзеді.

Түлпарларды аралап

Қоңырбай сыншы жүр еді.

Үш жүз аттың бәрін де

Қоңырбай қарап көреді.

Көріп түрып айтады:

«Аққүла тұлпар кімдікі?

Малдан біткен мал емес,

Желден біткен мал екен.

Бәйгенің алдын алады,

Елге олжа салады.

Мүның иесі кім? деді,

Қүлақ сүйінші аламын»,

Манас   батыр   мақтанып,

Жанқалтасын ақтарып,

Бір уыс ділдә береді.

Қыр мүрынды Қоңырбай

Тағы да қарап көреді.

Көріп түрып айтады,

Аттың бәрін байқады.

«Қара күлік кімдікі

Малдан біткен мал емес

Дуадан   біткен  мал  екен.

Бірдің соңын алады,

Елге   бүліншік   салады.

Мүның иесін тауып бер

Қүлақ сүйінші аламын».

Алып Жолай аңқаңдап,

Мақтанып келіп талтаңдап,

Жанқалтасын ақтарып,

Бір уыс жамбы береді

Тағы қарап көреді:

«Бұл кімдікі Мәнікер?

Малдан біткен мал емес

Оттан біткен мал екен.

Үштің бірін алады,

Елге салар әбігер,

Қүлақ сүйінші аламын

Мүның иесін тауып бер!»

Боқмүрын дәу жүгіріп,

Тайтұяқ берді суырып.

Енді сыншы тоқтады

Басқа атты айтпады.

Желіктіріп, желпінтіп.

Үш жүз атты айдады.

Жалауларын байлады,

Алты өрінен асының

Сөре қалап жайғады.

Жер ортасы – Көктөбе

Жеті күн-түн жеткізіп,

Тұлпарлар сонан қайтады.

Балалардың қойнында

Таусылмайтын гүл азық

Бүл азықтың мәнісі

Жаужұмыр мен Жауқазын,

Күлге көмген түрлі азық.

Аттар қайтып келгенше

Талай қызық өтеді.

Жамбыларын атады

Жайлап садақ тартады.

Мол жиналған қонаққа.

Жегізіп қазы, қартаны.

«Тау текенің терісін

Шалбар қылған балуандар.

Бұғы, марал терісін

Белбеу қылған балуандар.

Ту тігілген майдан бар,

Балуандарды қамдаңдар.

Алпыс түйе, алпыс ат,

Алты жесір, жеті күң       

Жыққандарға бәйге бар —

Жыршылар шауып жырлап жүр,

Арманда болып қалмаңдар!»

Бул жиынды басқарған

Батыр Манас, Ер Қосай,

Майданға жалғыз келіп тұр,

Қалмақтың дәуі Ер Жолай.

Бұл Жолайдың дәулігі

Жан келмейді туралай.

Айбатына қарасаң

Кісі алатын бурадай.

Ешкім батып шықпады,

Ас бергендер ықтады.

Алыптардың бәрі де

Күресе алмай бүққаны.

Мұны көріп Ер Қосай,

Елді аралап шықаны:

«Күн шығыста Көкжелек

Күн батыста Ақжелек,

Сен қалайсың Жолайға?

Шығып мерей алғанға,

Жығылып қүры қалғанға!»

Екеуі де тұрмады,

Ешбір жауап қылмады.

«Көк ала сақал Әлмембет,

Күрең сақал Келмембет

Сен қалайсын Жолайға,

Жығып мерей алғанға,

Жығылып құры қалғанға!»

Олар қалды жер шүқып,

Онан өтіп Ер Қосай

Көкжал Барақ, Көбікті,

Қанкелдіге барады.

Олардан жауап алады.

Үш батырдан үн шықпай

Үялмастан қалады.

Ер Манасқа келеді:

«Сен қалайсың Жолайға,

Жығып мерей алғанға,

Жығылып құры қалғанға?»

Манас батыр айтады:

«Атты болса қоя бер,

Жаяу болса қоя гөр»

Жан-жағына қарады

Енді кімге барады?

Боқмұрынды ұят деп,

Ауызға Қосай алмады.

Боқмұрын келді касына:

«Хан атамның көрсетем

Қайратымды асына»

Боқмұрынды салмады,

Айтқан сөзін алмады.

Ер Қосайдың ниеті

Бәрін бірдей көреді.

«Елеместің еркесі,

Отыз ұлдық кенжесі,

Ер Төстік шықсаң Жолайға.

Жығып мерей алғанға,

Жығылып құры қалмауға».

Ер Төстік бұған бүй дейді:

«Мен жер астынан шыққалы
Жеті-ақ жарық күн болды.
Қаным қалды бір қасық,
Етім қалды көк жасық.
Батыр Қосай сөйледі:

«Тоқсан жасқа келгенде,
Көкетай хан өлгенде.
Өзімді өзім сынайын,
Қуат берсін ылайым.
Жұрт батпаған Жолайға
Жүгіріп  Қосай   барады,
Барып күрес салады.
Тоқсан жаста Ер Косай,
Ёлу жаста Ер Жолай,
Бірін-бірі шалады,
Жағаласып қалады,
Анталаған жұртшылық
Жабыла шалға қарады»;

Үш күн, үш түн алысып, Тоқсандағы Ер Қосай Абыройды алады.

Таудай қылып Жолайды

Шалқасынан салады.

Басынан қарғып аттады.

Қалмақтар қатты ыза боп,

Палуаны жеңген мақтанды.

Ыза болған Ер Жолай

Қайта шықты сайысқа,

Шыдай алмай намысқа.

Таудай болып майданда

Зорлығы үлкен таудан да.

Боз арғымақ астында

Бір адам жоқ қасында,

Көк қалпағы басында.

Бұл Жолайдың дәулігі

Жүз кой жесе тоймайды.

Бір көлдің суын ішсе де

Орта болып тоймайды.

Өзім қайта шығам деп

Өкіректеп қоймайды,

Қой десе де болмайды.

Көтеретін ат таппай

Манас батыр қамданып,

Шықпақ болды ат таңдап,

Шал Қосайдан арланып.

Манасты басқа ат тартпайды

Аққұладан өзге мал

Манастың жайын таппайды.

Бәйгеге қоспай басында

Ақжелектің тұлпары

Ақсерек атты сақтайды.

Ақсеректі ап келді

Ер Манасқа бап келді.

Мініп алып Ер Манас

Ер Жолайға шапты енді. Бір-біріне екі алып Қарсыласып шабысты. Қару-жарақ қолда жоқ Құры қолмен алысты. Жағадан ап тартысты, Аттар жерге жатысты. Қарап тұрған қалың ел Көп қызыққа батысты. Ақсерек пен Ақбоз ат

Жас шыбықтай майысты, Қабырғасы қайысты.

Екі алып егесті. Жібермеске намысты. Жағаларын жұлысты, Түрлі өнер қылысты.

Әрберіден соң екі алып, Қарағай мен қайьңды Түбіменен жұлысты. Жұлып алып ұрысты.

Қыр жер кетті ой болып, Ой жер кетті қыр болып. Таң атады күн болып, Кеш батады түн болып. Кейінгі елге қалыпты Ертегі мен жыр болып.

Үш күн, үш түн дегенде, Күн бесінге келгенде,

Ел батыры Ер Манас

Ер Жолайды женеді. Ақбоз аттан жығады, Атымен бірге қүлады,

Боз жотадай сұлады.

Қара қалмақ қамығып,.

Ыза болып жылады.

Ер Манасты қүрметтеп Қырға халық шығады. Алты өріңді асынып Сөреге келіп түрады. Түпке кеткен тұлпардың Дүбір, сарыны шығады. Шырылдаған баланың Жылап тұрды шал-кемпір Естігенде үранды.

Қалың халық жыбырлап, Тұра алмай тұр қыбырлап, Қарғадай боп шуылдап, Жүректері суылдап,

Төбе шашы дуылдап.

Бала шапты «Манастап» Бағына кім таласпақ. Аққұла күлік келеді,

Алты өрден қарыштап.

«Жолай-Жолай» жолайлап

Қара тұлпар келеді,

Қүйрық тістеп жанастап.

Қой сүйкенер өреге,

Тай сүйкенер – дөдеге.

Тау сілкінтіп, тас жарып

Дүбірлі тұлпар келеді.

Шаңырақ үй шарт кетті,

Сынды қирап кереге.

Аққүланың мойны озып,

Ұрандап кірді сөреге

«Көкетайлап» Мәнікер

Масаттанды қалың ел.

Айқайменен жаңғырды

Күңіреніп аспан-жер.

Үштің бірі еткен соң,

Өзге тұлпар бәрі бір.

Кезек-кезек шуалып Озғандары кеп жатыр Даяшылар гуілдеп, Бәйгемді бер деп жатыр. Ат қоспаған арманда Бәлен-түген деп жатыр. Бірінші бәйге қауіпті,

Кім жек көрер сауықты. Қара қалмақ жиналып

Бір амалды тауыпты. Аққұлаға жегізген

Жеміне қосып бергізген, Саңғырығын тауықтың. Көктөбеден қайтқанда, Басқа тұлпар шапқанда, Үш күн, үш түн өткенде, Аттар қайтып кеткенде, Талай жерге жеткенде, Есін жиып шын түлпар Көтеріп басын алыпты. Аққұланы күзетіп

Шапқан бала зарықты. Үш күннен соң жас бала Ізді қарап тауыпты, Артынан қуып барыпты, Төте жолға салыпты,

Ел аузында қалыпты, Ертегі болған тарихты.

Хан тауына келгенде, Тұлпарлар қызып терледі. Үш бөлініп өрледі

Үш жүз түлпар бөлініп, Үш жерменен келеді. Кезеңінен Шоқпардың Шуылдап келіп асады.

Жартысы кетті Қопамен, Өрлей шауып жотамен Озамын деп төтемен. Жартысы кетті Қараоймен О да кетті бір оймен. Өңкей түлпар дүлдүлің. Қапшағайдан бас қосып, Үзенгі бау қағысты.

Ілені өрлей салысты. Сонда жетіп Аққүла ат Балалармен табысты. Тұлпар керек кылмайды Жақын менен алысты.

Үш күн, үш түн соң шауып,

Аққүла алды намысты,

Бұл намысқа таласып,

Қалық қалмақ қарысты.

Қара күлік озды деп

Жала қылып жабысты.

Бүл жалаға шыдамай

Манас пенен Ер Жолай

Ерегесіп қалысты.

Ерегесіп, екі алып

Қамшысымен шабысты.

Елдің алды тарады,

Тарап кетіп барады, Жолай менен Ер Манас Төбелесіп қалады. Тебелесіп Ер Манас Жолайдың басын жарады, Қара қалмақ жабылып

Ер Манасты қамады. Қамалаған қалмақты Қиратып Манас қағады.

Шуылдаған қалмақты,

Сүйретіп Манас барады.

Мұны көріп Ер Қосай

Арашалап шабады:

— Тоқта, тоқта, Ер Манас,

Егескенді жер Манас!

Кәриялық айтайын

Бері таман кел, Манас!

«Сабыр түбі сары алтын»,

Бір ашуың бер, Манас!

Ат шапқан ауыл біздікі.

Әбиір, атақ сіздікі.

Көкетай хан кімдікі?

Көтерер жол біздікі.

Көкетайға ас бердік,

Ақсақалға бас бердік.

Елдің бәрін жинадық,

Алпыс күндей сыйладық.

Ауылға келген қонаққа,

Көргенсіздік қылмалық.

Ұрысса да мейман ғой,

Не қылса да көнелік.

Кейін күшін көрелік.

Қалмақ қайтсын мәз болып

Бәйгені екі бөлейік.

Манас батыр мақұл деп

Бұл айтқаның ақыл деп.

Енді Манас тоқтапты,

Ішіне кек сақтапты.

Қалмақтарға бәйгені

Бөліп беріп тарқапты.

Қоңырбай сыншы айтқаны

Бірі өтірік болмапты,

Бұл жанжалдың боларын

Бұрын біліп болжапты.

Көкетай ханның асында

Келмеген адам болмапты.

Көкетайдың жиыны

Осылай боп тарады.

Жиылған ел алпыс мың

Жер-жеріне барады.

Боқмұрынның атағы

Бүткіл жерді жарады.

Бүкіл малын сарып қып,

Көше алмай жұртта қалады.

Үйлер қалды тігулі,

Жүктер қалды жиюлы.

Жалғыз аты Мәнікер

Астында қалды мінулі.

Ақжелек ханның алдына

Алыптар келіп жиылды.

Қалған етті бөліп жеп

Кеселеп қымыз сімірді.

Боқмұрын мен Сумұрын

Қызмет қып жүгірді.

Ер Төстік пен Боқмұрын,

Бір-біріне көрінді.

Ақжелектін төрінде

Алыптардың алдында

Айтыс сөзге жүгінді.

Ер Төстік пен Боқмұрын

Бір-біріне жексұрын

Ел алдында керісті.

Өкпелерін терісті.

Екі батыр егесіп,

Ел алдында көрісті.

Егесіп тұрып екі алып

Шегінісіп тұрысты.

Бір-біріне тап беріп, .

Суырады қылышты.

Бірін-бірі құртам деп

Өштесіп қол алысты. Екеуі де арыстан, Жібермеске намысты, Күндей болып күркіреп, Күштілігін салысты.

Боқмүрын:

Елеместің еркесі,

Отыз ұлдың кенжесі,

Ерегіскен ерлердің

Қайда қалмас кәлдесі,

Кейін тартқан кедейдің

Кержік болар желкесі,

Желікпе, Төстік, жер жұтқан

Ала қаптай кеудесі.

Сендей құлдың көрдің бе,

Біздің аттың бәйгесі.

Иіргенмен тұра ма

Асықтың саған тәйкесі.

Елемесұлы Ер Төстік

Ел бүлдірген ерте өсіп.

Төкетайды өлтірдің,

Ақжелекті көшірдің

Отыз ұл боп тудым деп,

Неменеге есірдің!

Қалың халық қарғады

Қара жер неге жалмады?

Ата-анаң қарғады,

Қатын, балаң зарланды.

Ағаларың қаңғырды

Әзіз басың мәңгірді.

Өзіңе таптың кесірді.

Қаракөз бен Айнамкөз

Қаңғырттың қайран жесірді.

Кайда тастап кеп түрсың,

Аулыңа барған кемпірді?

Қаңғып өзі келіпсің.

Аламын сенен өшімді

Ақ түйғындай, шок,имын?

Көзің менен төсіңді.

Е р   Т ө с т і к:

Хан емеспін, қарамын,

Қарадан туған баламын.

Өзім деген адамға

Ортаға бәрін саламын.

Ерегіскен кісінің

Еріксіз басын аламын.

Хан баласын көргенде

Қайраттанып қаламын.

Қалың елді қанаған

Ханның білдім арамын.

Қан сорғышты көргенде

Қөзім оттай жанамын.

Күресуге келгенде,

Аспаннан келер табаның.

Кектесіп көр  менімен

Қаран қалар заманың.

Хан баласын кұртуға

Қарсы, туған баламын.

Ханнан туған сен едің

Қарадан туған мен едім.

Хан атаңнын, асына

Қаптаудан іздеп кеп едім.

Батыр болсаң Боқмүрын,

Бұрын іздёп келмедің.

Төкетайдай ағаңның

Құнын іздеп келмедің.

Аулыңа келдім алыссақ,

Қырым, Үрім алыстан.

Не қылайын деп едін?

Батыр болсаң  кел енді.

Өзің келсен болмай ма?

Ерлігімді Боқмүрын

Қөзің көрсе болмай ма?

Төкетайдын теңдігін

Іздеп келсең болмай ма,

Төкетайды өлтірдім

Өлтіріп өзім кеп тұрмын.

У жеп өлді кемпірің

Кемпірмен не бітірдің?

Достық қылмай, қас қылды,

Дұғалап мені мас қылды.

Екі қызды жынды қып

Диюға алып қаштырды.

Мені жерге түсірді

Онымен не бітірді?

Қу моланы құшақтап,

Өзін-өзі өлтірді.

Кебіні жок, көрі жоқ,

Ит-қүсқа өзін жем қылды.

Көкетай ұлы Боқмұрын,

Күрескің келсе менімен

Қамыңды же күн бүрын.

Жолды Қосай атаға,

Атақты Манас ағаға,

Сәлемдесе кеп тұрмын,

Ақжелек пен Көкшеге,

Амандаса кеп тұрмын.

Көкжал Барақ, Көбікті,

Көрейін деп кеп түрмын,

Ізеттілік сәлемін,

Берейін деп кеп тұрмын.

Ерегіссең желкеңе,

Мінейін деп кеп тұрмын.

Асыл, жасық екенсің,

Білейін деп кеп тұрмын.

Көкетайдан тәбәрік

Киейін деп кеп тұрмын.

Ақжелектей ағаны,

Ақырғайдай жеңгені,

Серік атты інімді,

Сүйейін деп кеп түрмын.

«Адасқанда айып жоқ,

Қайтып тапса жазық жоқ».

Ақсақалды берсеңдер,

Көшіргелі кеп тұрмын.

Аяғына жығылып,

Кешіргелі кеп тұрмын.

Қылша мойным міне деп,

Үсынғалы кеп тұрмын.

Ата дұшпан аразы

Өмір бойы өткенше,

Ағайынның аразы

Торқа орамал кепкенше,

Ақжелектей атамыз,

Кешіре көр, қапамыз.

Ақырғайдай анамыз

Ұмыт, кешкін күнәмді

Онда біз де баламыз.

Көңілің қайғы түспесе,

Жүрекке дақ тимесе,

Туар ма еді балаңыз.

Аман болса Серігің,

Гүлді ормандай көрігің.

Бастан өткен қатемді

Байқап сізге келуім.

Балалық өтті басымнан

Сол үшін сәлем беруім.

Қателік кетті басымнан

Ерке болдым жасымнан.

Бетіме шіркеу болып түр

Сіздер көшіп қасымнан.

Көп көлденең мен көрдім,

Ағарған сақал, шашыңнан.

Жолдасым Ержан мынау тұр

Жаным пида досымнан,

Жолды Қосай, Ер Манас,

Жауап қайтар осыған.

Атыраптан Ақжелек

Қаратаудан қосылған.

Тоқсан жорға тартуым

Ақжелектің алдынан.

Халқы шулап жылаған.

Қарғыс алған мен едім

Жасы менен қартынан,

Өкпелеп маған айырылған,

Үрім, Қырым халқынан,

Елдің не бір дәулері,

Мен бір қыран талпынған,

Хан баласын көргенде,

Қанат қағып шарқ ұрған.

Боқмұрындай алыптың

Мұрнын бұзып қан қылған.

Майданында шаң қылған.

Заманасын тар қылған.

Көрер күнін зар қылған,

Ақжелекті беріңдер?

Атандырмай қаңғырған.

Тойған жерін ит табар,

Туған жерін ер табар,

Алатау елі хан қылған.

Тәж-тағы бар алтыннан

Айырылыпсың Ақжелек,

Батырлықтың салтынан.

Батыр басқа, бай басқа,

Халық басқа, хан басқа,

Ханда қалмас қасиет

Қызыққан соң мал-басқа,

Астында тақ, баста тәж,

Алтын төсек жанбаста.

Өзен басқа, сай басқа,

Жұлдыз басқа, ай басқа,

Ақжелек көзің жете ме

Алжыған деп айтпасқа?

Ақырғай көзің жете ме,

Халықтан көңілің қайтпасқа

Қаңғырғанның ұлы деп,

Серікті ұрар қақ басқа!

Жеті жасар жеткіншек

Жеделдеп елін таппас па!

Жек көрген балаң Ер Төстік,

Жылатып достық айтпас па!

Қалың елге ақсақал

Айтамын Қосай, Манасқа!

Ханда қандай қасиет,

Халықтан шығар өсиет

Көпке бірдей жақпайды,

Бойына бітер қасиет,

Елге бірдей жақпайды.

Елдің көңілін таппайды.

Халықтың қанын сорады.

Халық қарғап даттайды.

Тура билік қылмаса,

Ішіне кек сақтайды.

Күндердің күні туғанда

Аяққа сальш таптайды.

Батырлықта мың қасиет

Халық тұзын ақтайды.

Көпке күшін сатпайды.

Ел жаман деп айтпайды,

Халық қамын ойлайды,

Ел дұшпанын жаулайды.

Күндердің күні туғандЕңбегін ел мақтайды. Хан баласын қараша, Боқмұрынша боқтайды. Елеместің еркесі

Отыз ұлдың кенжесі. Осылай деп тоқтайды.

Мұны елдің дәулері Бастан аяқ тыңдады, Көпті көрген батырлар

Еш қарсылық қылмады. Ер Төстіктің ерлігін

Түгел бәрін сынады. Ақжелек пен Ақырғай Солқ-солқ етіп жылады. Ешбір жауап айта алмай. Екі көзін булады.

Ер Төстіктің сезіне

Ыза боп іштен тынады.

Жыламай жауап қайтар деп,

Жиылған көп сүрады.

Ашып жауап айтпады.

Батырлар тағы шулады.

Түнеріп сөз қатпады.

Ер Қосайдан басқасы

Ер Төстіктей батырға,

Сөз айтуға батпады.

Жүзге келген Ер Қосай

Көпке мойын бұрады.

Сөйлейтінің бар ма? деп,

Батырлардан сүрады.

Бәрі шулап Қосайға

Манас жауап қылады:

Екі тізгін, бір шылбыр

Сізге берген еліңіз.

Елге келген жау болса Бізге берген еншіңіз. Көзің тірі тұрғанда

Неге шықсын тіліміз.

Ер Төстік те балаңыз, Боқмүрын да балаңыз, Бәрін бірге санаңыз, Асықпай болжап қараңыз. Бұл елдің халқы түп-түгел Сіздің тілді аламыз.

Ер Төстік пен Боқмүрын

Уәде алып қалыңыз.

Тоқсан беске келгенше

Тойтармаған шалымсыз.

Ақсақал тілін алмайтын,

Ер Төстік сыры мәлімсіз.

Маңдайдағы барымсыз,

Жүк қалмайтын нарымсыз.

Ауыздан шыққан лебізің

Барлық елге мәлімсіз.

Меймандығы болмаса

Төстікке жетер әліміз.

Елемес үлы Ер Төстік

Уағдаңды бер, Төстік.

Ер Қосайдай қормалға

Бір-ақ сөзбен кел, Төстік,

Біз аттанбақ болғанда,

Тоқтаттың, Қосай, кескестеп.

Не десе де Ер Қосай

Мақұл деді бәрі де.

Қосай-Қосай болғалы,

Әділеттен таймаған,   

Бұл Қосайдың оңбайды,

Жолыққан кісі зәріне,

Жолды Қосай атанған,

Қазақ-Қырғыз еліне.

Хан мен қара бағынған. Ауыздан шыққан лебіне.

Қосай:

Бүкіл таудың бұлағы Өзенге келіп құяды.

Су басынан тұнады,

Сөз ақылдан шығады.

Тезге салмай түзелмес,

Түрлі ағаштың бұраңы.

Батыр туса халықтан

Манастай боп ұраны,

Қырық жылғыны болжайды,

Ақылы асқан қырағы.

Ақындардан естиді

Мың жылғыны құлағы.

Үрлегенмен өшпейді,

Ақтың жаққан шырағы.

Ақылы бар батырлар

Бүл мақалды ұғады.

Тоқсан беске келгенде

Елді алалап бөлмеймін.

Адамзаттың баласы

Ата-анасы бір деймін.

Әділетімді аударсам

Елдің жүзін көрмеймін,

Жеткенінше ақылым

Теріс билік бермеймін.

Ат басындай алтынға,

Нәпсі бөліп ермеймін.

Рұхсат бергің көпшілік,

Енді біраз сөйлейіи.

Шарт жүгініп Ер Қосай, Ақсақалын бір сипап,

Ең ақырғы билігін,

Айтатүғын келді шақ.

Ақжелек хан үйінде,

Астында түр алтын тақ.

Көкетай ханның орнында,

Көшіп келіп тиген бақ.

Көкетайға ат шауып,

Көше алмай қалған осы уақ.

Жолды Қосай толғанып,

Істің түбін ойланып.

Ер Төстіктің сөзіне

Боқмүрын отыр долданып.

Қалың батыр қамалап

Екеуін отыр қолға алып.

Ерік бермей бұларға

Елдің түрі жонданып.

Ер Қосай сөзін тыңдады:

Боқмүрын, Төстік  қос алып.

Жайын туар балықтан,

Сөз туады халықтан.

Дария аспас қалыптан.

Он сегіз мың бар әлем

Баһар  алар жарықтан.

Адам адам болғалы,

Адам атқа қонғалы

Қара жердің қанары

Жұтып бәрін толмады.

Жылжып өтіп барады

Бір тиянақ болмады.

Қанша әзіз әулие,

Алмай ажал қоймады.

Қанша батыр хандарды

Бірін-бірі қоймады,

Осылай деп Ер Қосай

Көпке қолын жайғаны:

Опасы жоқ дұние

Талайларды жайлады.

Ақыр заман болған жоқ,

Ел кеңестен қалған жоқ.

Қиямет-қайым болған жоқ.

Халық жайлаудан қалған жок.

Көкетай мен Төкетай

Өлгенімен арман жоқ.

Ажалдан тағдыр жеткен соң

Бұған қылар дәрмен жоқ.

Ай мен Үркер тоғысар

Арадан бұлт жабысар.

Екі арыстан алысар

Бірі өліп қалысар.

Екі батыр соғысар

Халықтардың қамы үшін

Қалыс айтса табысар.

Ер Төстік пен Боқмұрын

Екеуің де баламсың.

Алатау мен Қырымға,

Жақсы болсаң панамсың,

Ерегіссең екеуің,

Елге бүлік саларсың.

Бүлінетін жұмыс жоқ,

Бұл тілімді аларсың.

Ерегіссе ер өлер,

Бір-біріңді шабарсың.

Қалың елді күйзелтіп,

Қандай пайда табарсың.

Түбіміз бір туысқан

Өмілдірік, құйыскан,

Төкетай үшін өш болып,

Жарамайды ұрысқан.

Жақын елдің баласын

Жауға балап қиыспан,

Қарағай бойы қар жауса

Жұтамайды сауысқан.

Қан төгіспес туысқан.

Төстік пенен Боқмұрын,

Болмаңыздар жексүрын.

Кәриялық сендерге

Ойлағанмын күн бұрын.

Екеуің де арыстан,

Жарамайды қарысқан,

Келдің Төстік алыстан,

Сөз қалмасын қалыстан.

Ағайын ел дәулері

Түгел отыр данышпан.

Сөз келеді икемнен,

Екеуіңнің күшің бар

Көк берендей түтеген.

Ерегіскен дұшпанның

Желкесін қиған жетеден

Қүшақтасып дос болғын

Сөзім осы төтеден,

Үлгі алсаңдар үлкеннен.

Мақұл десең балалар

Тұрып қолың жайыңдар,

Көптен бата алыңдар.

Төске-төсті тигізіп

Мойынға қол салыңдар.

Мынау елдің қормалы

Манас батыр нарың бар.

Жолды Қосай шалың бар.

Ер Манасты бас қылып,Жау тисе елге шабыңдар. Арманда кеткен қыздарды Ер болсаң іздеп табыңдар. Өткен кекті тастандар Үшеуің елді бастаңдар. Қартайғанда қайғыртпай Халқыңды таза бағыңдар. Ақжелекті көшіріп, Қырым жаққа барыңдар. Еліне барып қосылсын,

Ер Төстіктің айтқанын Түгел бәрін қылыңдар. Мен батамды берейін Ынтымақты болыңдар.

Ер Төстік пен Боқмұрын, Тізе қосып жүріңдер. Барды бөліп мініндер, Барды бөліп киіңдер. Қаракөз бен Айнамкөз Тірі, өлісін біліңдер.

Сұлу тандап сүйіңдер.

Екі алып қол жайып Қосайдан бата алады.

Боз биені шалады.

Ер Төстікке үй тігіп Кілем, көрпе салады. Құшақтасып дос болып, Нұр жауып енді қалады. Мәнікерді мінгізіп, Бадананы кигізіп, Төстікке тон жабады. Мәнікерді бас қылып Тоғыз түрлі асылмен, Жолын осылай табады.

Жолдасына бір тоғыз Ержанға да беріпті,

Түрлі сыйлық көріпті.

Екі батыр елжіреп

Сары майдай еріпті. Ақжелек пен Ақырғай Амандасып елменен Қолына ұстап Серікті,

Өз еліне келіпті.

Түлпар түбін тауыпты,

Ер Төстікке еріпті.

Үрім менен Қырымға Орнына қайта қоныпты. Екеу еді үшеу боп, Халқын аман көріпті. Қырық жігіт пен Сумұрын Ақжелекті көшіріп

Ер Төстікке еріпті. Атасының орнына Боқмұрын қайта мініпті. Қырық нөкер қасында Хандық сәулет құрыпты. Ақжелекті апарып, Атырапқа тапсырды. Төкетайдың басына

Белгі қойып, ас қылды. Қырық жігіт пен Сумұрын Елдің басын қостырды. Парасатын астырды.

Қырым елі жиналып Ақжелекке той қылды. Талай малды сойдырды. Тойын үлкен мол қылды. Ақ киізге көтеріп Ақжелекті хан қылды.

Қырық күн, түн той істеп Қырым, Үрім таң қылды. Қонақтарға үй тігіп, Қанша түрлі қам қылды. Ер Қосайдың ақылы Атысқанды ел қылды, Аңдысқанды бел қылды. Қонақтарды қүрметтеп, Ән мен күйлер салдырды. Иран, Тұран халқы әрі, Араласты алқалы.

Қызыл нарын бас қылып,

Қырық нарды қостырып,   

Үстіне кілем жаптырып,

Жібектен арқан тақтырып,

Қырымға келген қонақты,

Ер Тестік күтті шат қылып.

Әншілерді шырқатып,

Ақындарын жырлатып,

Бозторғайын шырлатып,

Бұлбүлдарын сайратып,

Бозбаласын ойнатып,

Қыз, келінін жайнатып,

Қырымның қызыл қымызын

Сабасынан жұтқызып,

Қазы-карта жегізіп,

Қыздырып елді бұлқынтып,

Қырық жігітке қырық жорға

Мінгізеді жұлқынтып,

Қырық тақия, қырык, шапан

Кигізіп жатыр сілкінтіп.

Иран, Тұран елдері

Достықпенен сыйлапты.

Сары майдай елжіреп

Араласып сұрапты.

Ер Төстік пен Боқмұрын

Бірін-бірі сынасты.

Иран, Тұран халқының

Тойы тойға ұласты.

Қырға шығып қызықпен

Қуанып халық шуласты.

Жамбы атып, күресіп

Жазып жатыр қүлашты,

Құшақтасып көрісіп

Иран, Тұран жыласты.

Жолды Қосай кәрияның

Айтқаны болды расты.

Қырым халқы үміт қып,

Қырық жігіт жинады.

Қонақтар атын ерттеді,

Жиыстырды тұрманды.

Ақжелек пен Ақырғай

Көпке мойын бұрғаны.

Бұралып келіп екеуі

Орынынан тұрғаны.

Боқмүрын балам асыл деп,

Жайма кекіл жасым деп,

Сумұрын мен екеуін

Құшақтап, құшып жыладьг.

Серік атты баласы

Ағалап жасын бұлады.

Ақжелек сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

Пайда көрген жеріңнен,

Байпаңда да баса бер

Залал тапқан жеріңнен,

Қайқаңда да қаша бер.

Екеу болып барып ем,

Үшеу болып қайтып ем,

Бір перзенттің азабын,

Атырапта тартып ем.

Боқмұрын мен Сумұрын

Серігіңе бата бер.

Өз құрбыңнан қор болмай

Тау суындай таса бер,

Бақ-дәулетің аса бер.

Ер Төстік пен Боқмұрын,

Айрылмай тізе қоса бер.

Алысқан залым жауыңның

Қанын судай шаша бер.

Малды, жанды басқарып

Сумұрын балам жата бер.

Жолды Қосай, Манасқа

Дұғай сәлем айта көр.

Ақжелектен сәлем айт,

Ақырғайдан сәлем айт.

Сегіздегі Серіктен

Апасына сәлем айт,

Кіндігін қиып, ат қойған

Атасына сәлем айт.

Күншығыста Көкжелек

Көкшеге де сәлем айт.

Көкжал Барақ, Көбікті

Қанкелдіге сәлем айт.

Кұншығыс халқы көпшілік

Аға, ініге сәлем айт,

Ардақты атым Ақсерек

Атыраптың көп малы,

Ер Қосайға алып қайт,

Мойнымда алмас қылышым,

Ер Манасқа алып қайт,

Разы болсын жолдасым,

Үш қайтара құлдық айт.

Баламен бірге бақ берген,

Басыма тәж бен тақ берген,

Күншығыс халқым ұмытпан

Қойныма бала сап берген.

Түбі бірге түртпейді?

Тұрандай түгел халқымнан,

Тұрғызбай Төстік ап келген.

Осылай деп Ақжелек,

Уа, балалар, қош!- деді,

Орнынан ұшып түрды да

Боқмұрынды иіскеді.

Сумұрын мен Серігім,

Жан аямас дос, деді.

Жайма кекіл жасым деп,

Сүйікті бала осы деп,

Ақжелектен жас келді.

Ақырғай тұрып орнынан,

Бауыр басқаи балалар,

Кетпесін деп ойымнан,

Боқмұрын мен Сумұрынның

Жылап сүйді мойнынан.

Қарақтарым, қарашығым,

Қартайды ата-анаңыз.

Тумасаң да туғандай

Үшеуің біздің баламыз.

Келіп кетіп жүрмесең

Қара кеңіл боламыз.

Қарай, қарай сағынып

Қарағым, от боп жанамыз.

Абысындарға сәлем айт,

Қайтып қиып қаламыз.

Ауыл арасы жылдық жол

Қайтып хабар аламыз.

Бірін-бірі қия алмай,

Үш күн жатты жүре алмай.

Ағалап Серік жылайды,

КөзінІң жасын тия алмай. Сумұрын жүр солқылдап Не қыларын біле алмай. Боқмұрынның мұрнынан Жас тамып жүр ұялмай. Халықтың бәрі қамықты Қайтсін деді білгені Бауыр басып қалыпгы.

Батыр Төстік келді де, Ақжелекке сіз деді, Артында інің біз деді. Айнамкөз бен Қаракөз

О да сізге қыз деді. Боқмұрын мен екеуміз Рұқсат бер ізделік!

Қан құсады үйдегі,

Май шайнайды түздегі. Сол дұшпаннан кек алмай Жүрегіміз мұз деді. Қонақтарды атқарып

Екі қызды іздемей

Жауға шаппай қасқарып, Жатқанымыз жарай ма? Қас жауыңнан жасқанып. Ақжелектей ағамыз, Ақырғайдай анамыз, Жолды Қосай, Ер Манас, Елдегі үлкен панамыз. Кешіктірмей жүрелік

Біз де осылай барамыз.

Әзіз келген мейманды Ертіп барып саламыз. Жолды Қосай, Манастан Барып бата аламыз.

Жер устінде бар болса,

Екі қызды табамыз. Ерегіскен дұшпанды,

Ерік бермей шабамыз. Екеумізді дос қылдың

Біз де сіздің балаңыз. Елді алалап бөлмеген

Ер Қосайдай данамыз.

Ер Манас аман тұрғанда, Кімнен қорқып қаламыз. Бозжігіт пен Серікті Бірдей етіп санаңыз.

Бата берді Ақжелек

Ақ сақалы желпілдеп, Қалың халық қол жайды, Мейірі түсіп елпілдеп. Жылап бата береді,

Екі көзі мөлтілдеп.

Ер Тестік пен Боқмұрын Тіке тұрды селкілдеп. Ақжелек батыр сөйледі, Мұратыңа жеткін деп, Ғашық жарың табылып, Ақ бетінен өпкін деп, «Ақыреттік» екі дос Серттеріңе жеткін деп. Атырап елі Ираннан Боқмұрын хан қайтады. Куліп ойнап жайқады,

Ер Төстікті байқады. Ерлігіне ырза боп,

Елге келіп айтады.

Қырық нарды жетелеп Қыпшақы кілем жайнады. Ақалтеке тұлпардан

Алдына салып айдады.

Қарадан туған Ер Төстік

Қатарым деп Боқмұрын,

Ішінен біліп ойлады.

Алатауды сағалап,

Асылмен атын тағалап,

Боқмұрын, Төстік келеді,

Әлемге өзін бағалап.

Қаратауды бауырлап

Қамшылап атын сауырлап,

Желмая мен тұлпарлар

Желе басып дауылдап.

Құлан қашса қиядан

Қатарласып шабады.

Жолбарыс көрсе тоғайдан,

Жоталап оны алады.

Арыстан шықса айбат қып,

Найзамен ішін жарады,

Айдаһар шықса ысқырып,

Соталап оны шабады.

Тақымына қыстырып,

Ер Төстік пен Боқмұрын,

Ойнап кетіп барады.

Аю, қабан, қасқырды, Алдына айдап қырып жүр. Бұғы менен маралды Таудай қылып үйіп жүр. Мәнікер мен Ақсерек Үшқан құсты іліп жүр. Арқар менен қүлжаны Күнара тамак қылып жур.

Жол бермейтін тоғайдан

Жол салып өтіп барады.

Жан батпайтын жыртқышқа

Қол салып кетіп барады.

Толқын, өзен тулаған

Тоқталмай жүзіп барады

Бір жылдық жолдан бір айда

Аяңдап келіп қалады.

Жолды Қосай, Манастың

Алдына жетіп барады.

Екі қызды іздеуге

Батасын оның алады.

Көксазы Көкетайдың шыбын ұшпас,

Төл есіп, төрт түлік мал өріп жатыр.

Ал енді екі қыздан сөз басталық,

Мұның да оқиғасы толып жатыр.

Тап сол кез сарша тамыз айы еді,

Ел көшіп, көк жайлауға қонып жатыр.

Жайлауда сары қымыз, бағлан сойып,

Қыз ойнақ, қьмыз бенен болып жатыр.

Сарқырап Таушелектің тасқын суы

Жарқырап тасты-тасқа соғып жатыр.

Миуалы белден шалғын бетегелі,

Қияда жайылып мал бөгіп жатыр.

Қырындап қыз-келіншек сылы-сылық күліп,

Ән шырқап, ағыл-тегіл келіп жатыр.1

Айтысқан бозбалаға мойын бұрып,

Қылымсып қабақтарын керіп жатыр.

Қарағай қайың жаққа көзін қысып,

Белгісі алтыи жузік беріп жатыр.

Бөлініп қыз-бозбала екі жаққа

Лек-лек боп әткеншекті теуіп жатыр.

Айнамкөз бен Қаракөз еске түсіп,

Ышқынып бір күрсінді Төстік батыр.

Төстіктің күрсінгенін көріп Қосай,

Ер Манас қайда,деді, бермен шақыр.

Шақырды Ер Манасты Қосай тұрып,

Ер Манас жетіп келді зыр жүгіріп.

Қосайдан қорықпайды, сыйлаушы едІ, Отырмай тіке тұрды қол қусырып,

Төстікті Боқмұрынмен шақырады,

Екеуі келіп тұрды ізет қылып,

Бата алып жолды Қосай ақсақалдан,

Үш батыр қыздарды іздеп кетті жүріп. Қоңтайшы сол аймақтың ханы еді,

Үш батыр солай кетті мойын бұрып. Астында Ер Төстіктің Мәнікер ат,

Мінгеиі Ер Манастың Құла күлік,

Астында Боқмұрынның Ақсерек ат, Дұшпанға бұл үш батыр салмақ бүлік, Әкеткен елсіз жерде екі қыздан,

Мақсаты хабар алу тауып, біліп.

Жаңғыртып Алатауды әнге басып,

Қосылар қошемет қып таудың тасы.

Мың болсын, миллиои болсын кездескені Қырықтан асқан емес бір жолдасы.

Құмалақ қырық бір болса сөйлейді деп. Ержанды қосты Манас қосағасы.

Аттанды қырық бір шора сонан кейін Сауыт қалқан, басында, дулығасы.

Ысқырып өңкей тұлпар желдей есіп, Дұшпанның сықырлап түр босағасы. Жақындап жау шетіне келіп қалды

Көрінді сағымданып ел қарасы.

Үш батыр нысана атып алға жүрді

Бөктер жол, бөкен желіс тау сағасы, Жолына азық-түлік, қос мес алды,

Аң, киік, қүлан, құлжа жейтін асы.

Қеледі, Ер Тестікті сынап Манас,

Манастың алпыс үште сонда жасы.

Ерлерде үш белгі бар, деді, Манас,

Белгінің онан басқа бәрі талас.

Белгінің біріншісі ардақты іс,

Бірі -ұйқы, бірі – жүрек, біреуі – адас.

Шын батыр шырт тұманда адаспайды.

Қас батыр көп деп жауды санаспайды. Үшінші белін шешіп ұйықтамайды, Жеткенше айтқан сертке тоқтамайды.

Бәрі де бұл белгінің Ер Төстікте,

Сыныма толдың, Төстік, ерге ыңғайлы, Мен-дағы көпті керген ақ самайлы.

Ер Манас батырларға тоқта, деді.

Айтарың тағы басқа жоқ па? деді.

Айласыз аңғал батыр толып жатыр

Ұшатын күні бұрын оққа, деді.

«Құтылмас бар қашаған деген мәтел, Басына түсер бір күн ноқта», деді.

Әлек боп көбелектей кейбір батыр,

Күйеді соқтығам деп отқа, деді.

Дұшпанның жақындадық ауылына,

Ер Төстік ішің күйер бауырыңа.

Бұлардың Жолай деген алыбы бар,

Атының дақ тимеген сауырына.

Боқмүрын, батыр Төстік, баласыңдар Жұмыстың мен барайын ауырына.

Манас тағы сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

Сөз тыңдаңдар, уа, достар,

Батыр жігіт қол бастар,

Үзақ жолға жүргенде

Өрен тұлпар ойқастар.

Көрмеген жер, ой-шүңқыр

Ерлерді ер байқасар.

Қамданыңдар, балалар,

Жаумен жақын айқасар

Күнің туып келеді,

Кеуде тіреп шайқасар.

Бұлт құшып, мұз бүркіп, Жауларменен шайнасар. Түнде барып ел шапса, Қатын ісі дейді екен. Күндіз барып жауды алса Батыр ісі дейді екен. Батыр туған азамат

Елдің қамын жейді екен. Жолай ауыл шетінде, Келер жаудың бетінде, Сонау тұрған ак күмбез Қызынікі секілді. Қызының аты Күнтимес Денесіне су тимес.

Ақ үйде жалғыз жатады, Маңайына жан жүрмес.

Сіздер тоқтап тұра түр Сол үйге мен барайын. Үйге еніп қарайын,

Екі қызды жоғалтқан

Біле ме екен сүрайын? «Сабақты ине сәтімен» Сәті түссе табайын. Оянбаса оятып,

Қыздан жауап алайын.

Ол ауылдың көрмейді Бізден басқа маңайыи.

Ат оттатып жата бер, Айыл-тұрман тарта бер. Ауқат ішіп, аң қарап^ Киік, марал ата бер.

Тәуекел деп ер Манас, Аққұлаға мінеді.

Шаңқай түстің шағында, Жалғыз үйге келеді. Маңайында адам жоқ, Байқап Манас көреді.

Асыл тастан ақыр түр,

Ақ сұңқар қонбас түғыр тұр.

Еңсесі биік ақ орда

Түндігі жабық үйі тұр.

Тұсының бәрі түрулі

Көк шымылдық күрулы.

Қорылдаған лебіне.

Селкілдетіп боз үйді.

Талма түстің шағында,

Жұпар шашқан бағында.

Енді келді ер Манас

Күнтимес қыздың жанына.

Ақырға байлап құланы,

Қаңтарулы түрады.

Аққүла ат қандай сенімді,

Жау көрсе дыбыс қылады.

Қызды оятып ер Манас
Ары бері жұлқыды.
Жұлқығанда оянбай
Қолын тартып сілкіді.
Сілкігенге оянбай ;

Мұрынынан шымшиды,

Қүлағын тістеп қыршиды,

Оянбады Күнтимес.

Шашынан алып тартады,

Шалқасынан жатады,

Жуандығын шашының

Желіден үлкен арқаны. Бұтынан алып тартады, Бүлк етпей қыз жатады. Оята алмай , жұлқылап,

Манас батыр шаршады. Ыза болып ер Манас

Жан жағына қарады.

Күн кеш болып барады. Бас жағында қара бал, Қағып Манас алады. Аяғында сары бал,

Салып Манас алады. Омырауда он түйме Батыр қолын салады. Бытыр-бытыр талқандап Немене іздеп барады?! Түлкі көрген қырандай Қөзі оттай жанады.

Қатып қалған Күнтимес Көз ашып сонда қарады. Алпыс екі тамырын Балқытып кетіп барады…

Денесіне жан кірді. Оянып кызға әл кірді, Мейірленіп қан кірді. Қызға сонда тіл кірді. Көтеріліп сөйледі:

Ат байламас ақырға

Ат байлаған кім еді?

Құс қондырмас тұғырға Құс қондырған кім еді? Еңсесі биік ақ орда Еңкейіп кірген кім еді? Бас жағымда қара бал, Қарап ішкен кім еді? Аяғымда сары бал

Санап ішкен кім еді? Омырауда он түймем Оны ағытқан кім еді? Бас-аяғымды аралап, Орағытқан кім еді?

Екі көзі қарайып, Қорағытқан кім еді? Аманатын біреудің Алдап құртқан кім еді? Ұлықсат жоқ, ұят жоқ, Ұя бүзған кім еді?

Сонда Манас сөйледі Сөйлегенде бүй дейді:

« Ат байламас ақырға,

Ат байлаған ер Манас, Құс қондырмас тұғырға, Құс қондырған ер Манас. Еңселі ақ ордаға

Еңкейіп енген ер Манас. Бас жағында қара бал, Қарап ішкен ер Манас, Аяғыңда сары бал,

Санап ішкен ер Манас. Омырауыңда он түйме, Оны ағытқан ер Манас. Бас-аяғың аралап, Орағытқан ер Манас.

Қыз:

Атағы зор ер Манас,

Егескенді жер, Манас,

Аруағына ғашық боп

Қырық күндік ұйқыма

Қырсық болған сен, Манас.

Бүл қорлығың не, Манас?

Егер маған ер болсаң,

Егер маған ел болсаң,

Уәдеңді бер, Манас.

Егер маған жау болсаң

Еркек болмай өл, Манас.

Мен сертіме жетейін

Серттеселік кел, Манас.

Жаумын десең жауап бер

Жалғыз мені жең, Манас.

Әкем Жолай ардақты,

Дұшпанын талай зарлатты.

Жалғыз қызы мен едім,

Ұл да, қыз да ұяданг

Жалғыз көзі мен едім.

Атағы зор сен едің,

Күндіз жүрсем есімде,

Түнде жатсам түсімде,

Қашан көрем деп едім.

Не керегің бар болса,

Айтшы, тауып берейін.

Не десең де көнейін,

Артыңнан қалмай ерейін.

Қалың қонған халқымнан,

Сен үшін Манас безейін.

Әкем берген ақ болат,

Анам берген көк болат,

Ет жемесем дерт жейін,

Жас жүрегім өртейін,

Жаныңа еріп кетейін.

Жаным қүрбан жолыңа

Ғашық жарым ер Манас,

Жақтырмасаң не етейін!

Сонда Манас айтады.

Қыздың сырын байқады:

Атаң алып Жолайды,

Алуым шауып оңай-ды.

Ер Жолайды өлтірмей,

Елін шауып бүлдірмей,

Менің кегім болмайды.

Әкеңді жаулап шапқан соң,

Сенің көңілің толмайды.

Екі ғашық қосылса

Әзәзілдей дерт жүрмес,

Екі тауды өрт алса,

Дарияға өрт тимес.

Мен алайын, сен тисең,

Асыл туған Күнтимес.

Бізбен бірге жолдас боп

Бұзықтарды шауып бер,

Дұшпаннан өш алып бер.

Қалың жұрттың ішінен

Жеті жылдай жоғалтқан

Екі қызды тауып бер.

Бірінің аты Айнамкөз,

Бірінің аты Қаракөз,

Осыдан хабар алып кел.

Екеуін іздеп Ер Төстік,

Боқмүрын дәу келіп тұр.

Қырық бір шора қасында

Мынау белдің астында.

Жауар күндей төніп тұр.

Жоғалған қызды қарап жүр,

Қарт бурадай жарап жүр.

Әрқайсысы өздерін

Бір-бір қолға балап жүр.

Мен де соның жолдасы,

Ту ұстаған қолбасы.

Дұшпанымның бұзылар,

Қамалы мен ордасы.

Ақылыңа сөзің сай,

Келбетіңе жүзің сай,

Істің түбін болжашы.

Атаң алып Жолайға,

Ерте барып хабар қыл.

Аймағыңның ханына

Қонтажыға сауал қыл.

Екі қызды таппаса,

Қыздар тірі қайтпаса,

Еліне бүлік саламын.

Қыз:

Ғашық жарым ер Манас,

Егескенді жер, Манас,

Екі қызды мен таптым

Сүйіншімді бер, Манас,

Жеті жылдай зынданда,

Жылаумен нәзік қылдан да,

Жарық көрмей жалғанда,

Жатыр жылап арманда.

Бір ықтияр бермейді,

Ти деп маған барғанға.

Сол үшін босап шықпайды,

Сол үшін залым нықтайды.

Жылайды да зарлайды,

Ел-жүртым деп аңырайды.

Хан баласы сөз салса,

Қасына жақын бармайды.

Елім-ай, деп боздайды,

Қан жұтып қайғы қоздайды.

Қолыңды әпкел ер Манас, Сүйіселі кел, Манас, Қалағанымды алайын Қайтармастан бер, Манас.

Екі қыздың бауыры

Ер Төстікке жүр, Манас. Түстің, Манас, тұзаққа, Сөзді бекер ұзатпа.

Су тұнығы бүлақта. Сүйіншімді атаңыз Жеттің, міне, мұратқа. Жоғалғаның табылды, Менің де ащы бағымды, Қалдырмағын ұятқа. Халық үшін туған ер болсаң

Елді шауып жылатпа.

Ел жағасын талқандап,

Халық туын құлатпа.

Көп момында жазық жоқ.

Көпшілікті шулатпа.

Таудың басын қар алар, Халыққа суы таралар. Ханның басын хан алар, Халық қайта жаралар.

Ел бағына ер туар.

Мен еліме барайын,

Барып хабар салайын. Халқым үшін туған мен, Қайтып бармай қалайын? Қанатымды қағайын

Қара атпенен шабайын. Уәдеңді бер Ер Манас. Сүйіншімді алайын!

Мықтап берсең лебізді,

Мен қимылдап қарайын.

Шашымды өріп тарайын.

Манас батыр өзінді,

Шын жолдасқа санайын.

Төсегімнен тұрайын.

Қынай белім буайын.

Манас саған ғашық боп,

Жастан тарттым уайым.

Әлемге үлгі болатын

Асыл бала туайын.

Сізден туған баланың

Семетай атын қояйын.

Манастың сөзі батымды;

Әпкел сұ.лу атыңды!

Не тілесең мен бердім,

Қыз екенсің ақылды.

Зарлағаның қатты өтті

Білейін қалқам нарқыңды.

Балағатқа жеткелі,

Балалықтан өткелі,

Ардақтапсың атымды.

Қара тұлпарды ерттегін,

Қуанталық екеуміз

Ер Төстіктей батырды.

Атқа мініп екеуі

Қырға қарай кетеді.

Қырық бір шора үстіне

Қызды ертіп Манас жетеді.

Бокмүрын мен Төстіктің

Түсына барып түседі.

Қара тұлпар ойнайды

Қүнтимес қыз жайнайды.

Жүгіре шығып қырық шора

Аттарын алып байлайды.

Ер Манасты қүрметтеп

Бұлбұл қүстар сайрайды.

Қыздың түрі бөлекше

Бү.л қалай деп ойлайды.

Көзін қызға салады,

Қызығып бәрі қарады.

Сүйінші деп ер Манас,

Төрде отырған Төстіктін

Бөрігін жұлып алады.

Ұшып тұрып Ер Төстік,

Қалағаның ал деді.

Құтты болсын сізге де,

Алма мойын, аршын төс,

Қасыңдағы жар деді.

Манас батыр мақтаиып

Сөз бастады баптаньш:

«Іздеген қыздар табылды.

Жоқты тапқан Күнтимес,

Батыр Жолай алыптың

Жалғыз қызы алымды,

Ал, Күнтимес, сөз сөйле,

Аты-жөнін. танылды.»

Күнтимес сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

Елеместің еркесі,

Отыз үлдьщ кенжесі

Қырымның сен серкесі.

Боқмүрындай ханымның

Қөкетай үлы қайнымның,

Адамы болдым ауылының.

Жет жылдай жоғалтқан

Хабарын алып бауырынын.

Ер Манастың жолдасы,

Еріп келдім қасына.

Бітер істің, Ер Төстік,

Жақсы келер басына.

Алпыс мың адам жиналған

Көкетайдың асында.

Сол кекті әлі ұмытпай

Мініпсіздер атыңа.

Айнамкөз бен Қаракөз,

Адасып кеткен жақынға,

Жауласып барып алмасты,

Кім қызықпас алтынға,

Иесіз  сайда  жүрген  соң,

Қырандар ұшқан талпына,

Қуғыншы жоқ артында,

Ие шықпай сатуға,

Құрбан болып мен келдім,

Елім үшін алдыңа.

Үш жуз туйе, үш жүз ат,

Ала келдім тартуға.

Қоңырбай қызы Қаратіл

Қоңтажы қызы Қарашаш,

Жолай қызы Күнтимес,

Садаға болдық халқыма.

Өзім үшін туыппын,

Жұртым үшін күйіппін.

Көп тоғайдың ішінде

Күн түспеген құрықпыз.

Қалың орман ішінде

Қар жаумаған сырықпыз.

Алатаудың ішінде

Аққан судан тұнықпыз.

Су түбінде сүлікпіз,

Сай ішінде шілікпіз.

Су жүқпайтын құндызбыз.

Аспандағы жүлдызбыз.

Ауылға жүріп қонақ бол,

Ардақтайды өңкей қыз.

Біздің елді сұрасаң,

Қонтажы деген ханы бар.

Көрнекті талай нәні бар.

Ерегіссең ер өлер,

Халық болса шабылар.

Елді босқа шулатып

Бүліктен не табылар?

Қалаған жерді алыңдар.

Халық камын ойлаған,

Жолды Қосай шалың бар.

Атасынан ел баққан

Боқмұрындай ханың бар,

Қара қазан, сар баланың

Тыныштығын табыңдар!

Жігерлі жігіт Ер Тестік

Қайырлы қария Ер Манас,

Елді солай бағыңдар!

Қыз сөзіне қызығып,

Күнтиместі күрметтеп,

Қырық бір шора тізіліп,

Таудың түрлі жемісі

Төгіліп жатыр үзіліп,

Киік, марал еттері

Асылып жатыр бүзылып.

Манас пен қыз қосылып!

Неке жатыр қиылып.

Жүрмек болып қонаққа

Жуынды таза киініп.

Манас батыр келеді,

Әбжыландай ысқырып.

Батыр Төстік бастады!,

Беліне қылыш қыстырып,

Бұл дүниелік кеш құрып.

Боқмүрын дәу келеді,

Қырық бір шора жүреді,

Тұлпарлары пысқырып.

Тура тартып аулына,

Күнтимес жүрді құлпырып.

Қара тұлпар ойнады,

Қыздың көзі жайнады.

Ауылы елдің шетінде.

Қелер жаудың бетінде.

Айдалада ақ орда

Жарқырап түрған секілді.

Ордаға қыз бастап кеп

Өзі бүрын секірді.

Жігіттерін шақырды.

Ат байламас ақырға,

Аққұланы байлатты,

Құс қондырмас тұғырға,

Ақ тұйғынын қондырды.

Хан салтанат қадірлеп

Боқмүрынға тақ қүрды

Елеместің еркесі

Ер Төстікті қүрметтеп

Кіруке тон жаптырды.

Еңсесі биік ордаға

Қонақтарды кіргізді.

Қасиетін білгізді.

Төңірегін шақырып,

Жан-жаққа адам жүргізді.

Талай малды қырғызды,

Сән-салтанат құрғызды,

Қазы-қарта қүйрыққа

Меймандарды тойғызды.

Сары қымызды құйғызды.

Әнші-ақынды айтқызып,

Сұлуларын жиғызды.

Қырық жігіт, қырық қызды,

Даяшыға тұрғызды.

Қоңтажыны шақыртып,

Боқмұрынды дос қылып,

Алтын таққа түрғызды.

Әкесі Жолай алыпты

Манаспенен көргізді.

Қоңырбай мен Төстікті,

Қолына қолын бергізді.

Қаратіл қыз, Қарашаш,

Екеуін де келгізді.

Күнтимес кыз осылай

Досы екенін сенгізді.

Халқын түгел жиғызды.

Ақылына сиғызды.

Парасаты келісті,

Бөліп жеді жемісті.

Хан, қарасы үмыт боп,

Қызға ерік беріпті.

Ақылына бағынып,

Күнтимеске сеніпті.

Жампозынан жалғыздың

Жалғыз қызы Жолайдың,

Істеп жатыр көп істі.

Жатты ел қып, жауды – дос,

Барды кешу қылысты.

Қырық күн-түн той қылып

Қызықтарға батысты.

Көкпарларын тартысты,

Жамбыларын атысты.

Ат пен құнан жарысты,

Өлең-жырды айтысты.

Үш жүз түйе, үш жүз ат,

Тартуларын беріпті.

Қорғастан бергі өрісті,

Шекара қылып бөлісті.

Екі халық дос болып,

Құшақтасып көрісті.

Қоңырбай қызы Қаратіл,

Қоңтажы қызы Қарашаш,

Құдалыққа сөйлесті.

Бір-біріне кеткенін

Қайтаруға келісті.

Күнтиместің ақылы

Осыменен тынысты.

Өзіменен үшеу боп,

Сүйгенімен өбісті.

Екі халық дос болып,

Тату болып келісті.

Жеті жылдай арманда,

Кім жыламас жалғанда.

Айнамкөз бен Қаракөз

Жақсылыққа келді кез.

Қырық нөкермен құрметтеп

Ертіп келді Күнтимес.

Ер Төстіктей бауырына

Боздай келді екі қыз.

Жеті жылғы қайғыны

Қозғай келді екі қыз.

Бір жақсылық болғанын

Болжай келді екі қыз.

Инеліктей ілмиіп

Зорға келді екі қыз.

Көрісіп қол алысты,

Ер Тестікке жабысты.

Мойынынан құшақтап

Айырылмастан қарысты.

Күнтимес келіп айырды,

Көрісіп енді танысты.

Іздегені табылып

Қуанып жүрек «жарылды»

Тарасын деп енді той

Ер Манас қақты дабылды.

Даяшылар елпілдеп,

Тулар тұрды желпілдеп.

Қырық күндей той қылып

Қыз-келіншек мөлтілдеп,

Ер Манасты күйеу қып

Ер Жолай қызын ұзатты.

Ер Төстікті күйеу қып

Қоңырбай қызын ұзатты.

Құда болып, дос болып,

Ер Манасты сыйлапты.

Жасауымен, тұлпармен,

Тұйғынымен, сүңқармен,

Отауын артып көп нармен,

Қыздарын бүлар шығарды.

Атпай, шаппай ер Манас

Алдырды таудан ұларды.

Атыспай-ақ жауды алды,

Үрыспай-ақ жерді алды,

Үркітпей-ақ елді алды.

Бетегелі белді алды,

Дария-шалқар көлді алды

Тұлпар мініп, ту ұстап,

Оза шауып жолды алды.

Төрт түліктей малды алды.

Қалың малсыз қызды алды.

Көші асып жерді алды.

Ел үшін туған ер Манас,

Егескенді жер, Манас,

Айтылмаған нең қалды?

Естіген ел сырттағы,

Бұл ерлерге таң қалды!

Желдей гулеп, ел көшіп

Ер Қосайға кеп қалды.

Жолды Қосай қуанды

Қолына үлкен ту алды.

Құттықтап келін баласын,

Көтерді көкке ұранды.

Көгерсін деп көсегең

Шығарды төрге бұларды.

Кегетінің сазына

Көптің басы қүралды.

Үй тігіліп, мал сойып,

Бір үлкен той қылады.

Той ұласып тойларға

Тоғыз күндей шулады.

Қымыз ішіп, қазы жеп,

Мас болып ел буланды.

Қаракөз бен Айнамкөз,

Атынан той болады.

Толған айдай толады.

Толықсиды екі қыз

Жаннаттайын жайнады.

Бұлбұлдайын сайрады.

Тоты құстай түрленді,

Қөңілі бітіп гүлденді.

Жеті жылғы қайғысы

Жеті күндей болды енді.

Қамқа торғын киеді.

Қайғысы кетіп күледі,

Қызқума боп күйеулер

Тұлпар таңдап мінеді.

Боқмұрын мен Сумүрын

Ақсүңқардай түледі.

Атастырған ғашықтар,

Бірін-бірі көреді.

Көп ішінен бөлініп,

Ай туғалы келеді.

Тұлпарлары қырланды,

Төрт ғашық жар сұрланды.

Көрмек үшін халықтар

Бірін-бірі қуғанды.

Екі сұлу қашады,

Атына қамшы басады.

Алдындағы қырқадан,

Қыздар шауып асады.

Жеткізбеске күйеуге

Қыз ұялып сасады.

Қуып жетіп күйеулер

Құшақтап бетін сүйіп жүр.

Көп халықтар келіп тұр.

Ділдә, жамбы шашады.

Қырандар ұшты қиядан

Көргенін алды ұядан.

Қанаттарын қағысты,

Қатар тұрып жарысты.

Халық алдында қалжыңдап,

Қол үстасып алыстыАударысып төртеуі

Осылайша танысты.

Жеті жылдай зарланып,

Тұлпарлар тобын табысты.

Ер Қосайдан бата алып

Бірін-бірі сүйеді,

Неке қиып, су ішіп,

Екі қыз ерге тиеді.

Тойды тойлап тарады,

Түрлі ойын болады.

Ортаға олжа салады,

Еншілерін алады.

Ер Төстік пен Ержанның,

Қаратіл мен Қарашаш,

Еңбектері жанады.

Ер Манастай батырдың,

Күнтиместей асылдың,

Бес қыздың тойы бір болып,

Ой жер кетті қыр болып.

Кейінгі елге жыр болып.

Ер Төстік пен Ержанды

Елге апарып салады.

Екеулері төртеу боп,

Елге аман барады,

Ер Төстіктің ерлігі

Жер жүзіне тарады.

.Осындай ерлер өтіпті,

Мұратына жетіпті.

Елге түсіп жарығы

Иран, Түран, кәпірмен

Үш арыс ел қоштасты.

Құда сүйек достасты.

Басқа жақтан жау шықса,

Төңкеріп бәрі тастасты.

Бір-бірінің сыртынан

Көтермелеп мақтасты.

«Болат кездік, мақал бар,

Қап түбінде жатпас-ты».

Жолды Қосай, Ер Манас,

Бастап елге жол ашты.

Жоғалтқанын жоқтасты,

Кәдірлерін сақтасты,

Алыс жолды жақын қып,

Араласып қаттасты,

Араз елді тату қып,

Тапты ерлер жолдасты,

Төскейде мал, төсекте

Түгел халық бас қосты.

Қой үстіне бозторғай

Ұялап, ойнап жырласты.

Жолды Қосай ақсақал

Басшы қылып Манасты.

Бұл ертектің желісі

Бұрынғынцң белгісі,

Айтып кеткен ертек қып,

Ақсақалдың үлгісі.

Әр заманның әр түрлі

Өткен екен түрмысы.

Естуімде бұл жорық,

Болған екен деседі

Он екінші ғасырда.

Бағзы заман батырын,

Жырлап, бердім тартуға

Бақытты елдін жасына.

Бағасына жетер деп.

Алты жылғы еңбегім

Босқа қалмас бекер деп.

Арнап айттым халқыма,

Сөз қалсын деп артыма.

1940—1947