ТАНИСЫҢ

(терме)

Ат болатын құлынды

Желі басынан танисың,

Адам болар ұлыңды

Жолдасынан танисың.

Батыр болар баланды

Тұлғасынан танисың.

Жақсы болар балаңды

Ел қасынан танисың.

Ырысты болар балаңды

Мал баққаннан танисың.

Кедей болар балаңды

Көп жатқаннан танисың.

Ұры болар баланды

Түн қатқаннан танисың,

Шешен болар балаңды

Тіл қатқаннан танисың.

Епті болар балаңды

Ым  қаққаннан танисың.

Сараң болар балаңды

Зар қаққаннан танисың.

Шаруа болар балаңды

Шөп шапқаннан танисың.

Үйкүшік болар балаңды

От жаққаннан танисың.

Етікші болар балаңды

Шот шапқаннан танисың.

Ұста болар балаңды

Балғасынан танисың.

Ағашшы болар балаңды

Балтасынан танисың.

Қыздың қандай боларын

Анасынан танисың.

Қасың менен досыңды

Қарасынан танисың.

Шебер болар қызыңды

Бармағынан танисың,

Асыл менен жасықты

Салмағынан танисың.

1975