АҚ ТІЛЕУ

ОТАРҒА  СӘЛЕМ

Ағайын, менен сәлем, Отар елі,

Түрлі ұлт қатар өскен жатыр енді.

Бір көретін халықты бөтен демей,

Табиғат жаратыпты бастан мені.

Өсірген еркелетіп елі-жұртым,

Бола ма жатырқаудың маған жөні.

Жазылған соң сағынып өлең айттым,

 Қуансын еңбекші ел естігені.

Көңіл жөңді, ашылды көкірегім,

Шықпай қалған Кененнің ашылды үні.

 Қоңыр желі Қордайдың шипа болды,

Таза ауа жұтқанда күні, түні.