АЛАТАУДЫҢ АЙНАСЫ

Айнасы Алатаудың төбесінде,

Жүзіңді жасыл көлден көресің бе?

Көл жасыл, күз де жасыл, мұз да жасыл,

Әне бір көкке ұмтылған көгершін бе?

Құзының қиясына баспаған жан,

Болмаса биік ұшқан ұлар мен аң.

Талғарды шөл қандырар сабасында,

Қайран көл гүмп-гүмп етіп толықсыған.

Айнасы Алатаудың Есіккөлі,

Атамның мекендеген бесік көлі.

Сұлу көл ұл, қызымның көңіліндей,

 Кәнеки жүзіңдерші, есіп көлді!

1959