АЛМАТЫМ — АСТАНАМ
Құтты болсын ардақты ел ордендерің!
Ұлы тойға мол тарту орындадың,
бақытты ел!
Мерекелі жылға арнап сый-сияпат,
Берекелі көп шашу болымдадың,
бақытты ел!
Астанамыз Алматы — Қазақстан,
Атағы зор Алатау әуел бастан,
бақытты ел!
Қайда жүрсем тартады назарымды,
Сен бір бақыт мен үшін гүлбақстан,
бақытты ел!
Қ а й ы р м а с ы:
Алатау, Алтай өрі бар,
Алматыдай төрі бар,
Көкшетау, Арқа белі бар,
Орал таудан бері қарай,
Өркен жайған елі бар,
Қазақстан жері бар.
1967