АЛТЫН КҮЗ

Жаз арты, күздің алды, мизам жайы,

 Сентябрь, октябрьмен табыс айы,

Күн – піспек, жұлдыз – көбік, жер – кек саба,

Толықсып толған айдай түспек майы.

Табиғат алтын түгін, інжу дәнін

Еңбек сүйгіш ерлерден аямайды.

Алтын күз жанға жайлы қоңыр салқын,

Қойыпты «жомарт күз» деп тауып атын.

Ақ бидай, арпа, сұлы, дала аруы,

Сан түрлі жемістері жейтін халқым.

Алтын күз аямайды піскен дәнін,

Диханшы алсын шашпай, түскен дәнін.

Аралап колхоз, совхоз кәрі-жасқа,

Осылай еңбекші елге айтқан әнім.

1966