БАЛҚАШ

Балхаштың көз жетпейді теңізіне,

Балықтың көз тояды семізіне.

«Ала көл – ит ішпейтін» деп аталған,

Халықтың қойған аты негізінде.

Ақ балық, сазан балық, шортан балық,

 Айнала завод, қала ортаға алып.

Балқашқа құстан басқа қонбаушы еді,

Жан-жағы ыстық аптап сортаңданып.

Жататын пайдаға аспай жапан дала,

Құлазып құрбақаға оқшау қалып,

Қазір соны оятып менің елім

Тұз кенін, томар кенін жатыр алып.

Қоңырат, Қоңырадыр деген анау,

Қойнынан бұлақтай боп мысы ағып,

Аққу мен қаз-үйректің орынына,

 Пароход, қайық, кеме жүзді барып.

Ене сүтін еркімен ембеп едім,

Ана артынан еркелеп ермеп едім.

Ұлы Октябрь тұсында құс боп ұштым,

 Ешкімнен мұндай құрмет көрмеп едім.

1937