БАСТАУ ӨЛЕҢ…

Бас та өлең, құлақ та елең, мұрын да өлең,

Бір ақын өлсе талай қырылды өлең.

Тұсында әділ заман бағаландым,

Арманда кеткен екен бұрынғы өлең,

Балыққа таяз судан терең оңай,

Ақынға қара сөзден өлең оңай.

Отанға адал қызмет етпесеңіз,

Абырой, атақпенен келе ме оңай.

Ай туса ол да тартар жарығына,

Су ақса ол да тартар арығына.

Аққан тер, адал еңбек жеміс беріп,

Адамды салады өз қалыбына.

1966