БАТЫР БОЛСАҢ

МӘЛІКТЕЙ  БОЛ

Қазақстан еліңе,

Туып, өскен жеріңе

Сүйікті болдың, Мәлігім!

Құрметпенен отырдың

Астананың төріне.

Кіндік кесіп, кір жуған

Ел мен жерді көруге,

Қадірлеп қарт Жамбылға

Келдің сәлем беруге.

Ерлігіне Мәліктің

Қазақстан мақтанды.

Амандасып елімен,

Майданға қайта аттанды.

Риза боп Жамбыл қарт

Мәлік ерге шаттанды.

1943