БОЛСАЙШЫ

Аспандағы күн мен ай

Қол жетпейді шіркін-ай!

Оқудан дәме еткізген,

Қу көңілдің жүйрігі-ай.

Күн мен айдай өлмейтін

Жаным сендей болсайшы,

Жас күндегі көңілмен,

Тәнім сендей болсайшы.

Жаным сүйген тәтті өмір

Жарым сендей болсайшы.

Ұлдар менен қыздарым,

Бәрі сендей болсайшы.

Бір ниетте, бір тілде

Халық бірдей болсайшы.

Бір оқуда, бір жолда,

Тарих бірдей болсайшы.

Артығы жоқ, кемі жоқ,

Барлық бірдей болсайшы.

1943