ЕЛ  БАҚЫТЫ

Туғанына Ильичтің жүз жыл толды.

Туа салып патшаға қарсы болды.

         Ильич-ай, елге бақыт, ырыс-ай!

Ғасыр бойы қан сорған капиталға,

Қарсы күрес жүргізді бастап жолды.

         Ленин – қараңғы елге ай мен күн!

Ақыл-ойға әлемде туған озық,

Батыс пен шығысқа қолын созып.

         Ильич-ай, елге бақыт, ырыс-ай!

Арманына жеткізді кедей тапты,

Алпауытпен алысып, күші қозып,

       Ленин – қараңғы елге ай мен күн!

Елге сіңген еңбегі ер өлген жоқ,

Салған жолы Ильичтің бөгелген жоқ.

       Ильич-ай, елге бақыт, ырыс-ай!

Талай мың жыл езілген еңбекші елді,

Лениндей ешбір жан теңерген жоқ.

     Ленин — қараңғы елге ай мен күн!

Қайырмасы:

    Хандармен қас болған.

    Қолбасшымыз Ленин,

    Халқыменен дос болған.

    Қамқоршымыз Ленин.

1967