ГОГОЛЬДІҢ  ЖҮЗ  ЖЫЛДЫҒЫНА

Патша мен байға қас болған,

Болысып Гоголь халыққа,

Еңбекші елмен дос болған,

Қарсы тұрып озбырға,

Езілген тапты қоштаған,

Күреске қарсы шақырған,

Өткір тілмен түйрелеп,

Күңіреніп Гоголь бастаған,

Қан сорғыш, жауыз, сұмдарды,

Әжуа етіп сөзбенен,

Құтын әбден қашырған,

Көңілге сақтап сөздерін,

Жеңіс ту ұстап жайнаймыз,

Көксеген елдің бақытын,

Көтеріп көкке ойлаймыз,

Коммунизмнің төрінде,

Ақсақал деп сыйлаймыз,

Еңбегіңді мәңгілік,

Өнеге етіп ұстаймыз.

1952