КОНСТИТУЦИЯ  ЖОБАСЫНА

Әлеумет, көрдің міне жаңа заңды,

Теңгерген бірдей етіп барлық жанды.

 Әлемге күн секілді нұр шашады,

Сәулесі жарық еткен жер-жиһанды.

Біздің елде Октябрь жарық таңы,

Істеген ісі түгел халық қамы.

Өмірдің шұғылалы шаттығында

Құлпырды Отанымның халықтары.

Бақытты ел, жеттің бүгін мұрадыңа,

Бақыттың әні келед құлағыңа,

Әперген жаңа заң мен жаңа заман,

Құтты болсын айтамын ұраныңа.

Тарихи жаңа заңның маңызы зор,

Жолына капиталдың құрылды тор,

Социалистік коғамның адамдары

Болашаққа тартады мүдірмей жол.

Халықтың мәдениет, білімі өсті,

Өнердің өрбуіне сәуле түсті.

Кесіліп бай, кулактар тамырынан,

Бұқараның тамыры болды күшті.

Халықпыз партияға толық сенген,

Қалдығын капиталдың мүлдем жеңген.

Кемеңгер Ленин құрған партиясы

Сәулетті жарқын заман бізге әперген.

Жасасын Компартия көсеміміз,

Ойымен, ақылымен есеміз біз.

Жайнаймыз аясында алтын заңның,

Бүгінге ұқсамайды кешегіміз.

1936