МАЙДАНҒА  СӘЛЕМ!

Қазақстан халқынан,

Облыс Жамбыл атынан,

Ел сәлемін апар деп,

Жұртым маған тапсырған.

Бір эшалон бұйым бар,

Тон, шалбар, қолқап, киім бар.

Ет пен май, құрт, ірімшік,

Ел-жұрт берген сыйым бар.

Жауынгер туыс, бауырлар,

Бұл сыйымды қабыл ал.

Ата жауды талқандап,

Жермен-жексен қылыңдар!

1943