ҚАЗАҚСТАН

Айбынды, қызыл тулы Қазақстан,

Шалқимын сенен алған қуаныштан.

Бастаған партияның арқасында

Теңдік ап, қазақ елі бақыт кұшқан.

Алматы — алтын бесік астанасы,

Шаттықта кемпір, шалы, жас баласы.

Коммунизм — жол тартқан болашағы,

Партия ақылшысы әрі анасы.

Жарқырап Ұлы Октябрь алтын таңы,

Бұқарам өз тағдырын қолына алды.

Құйылып ойға қуат, бойға қайрат,

Елімнің кәрі, жасы қанаттанды.

Барады алға тартып менің елім,

Нарт қызыл туын ұстап Лениннің,

Орнатып коммунизм, ақтамақшы

Үмітін, болашағын дүниенің…

1930