РЕВКОМҒА САЙЛАНҒАНДА

Құтылып нашарлықтан жетілгенім,

Бұрынғы ойдан кетті өкінгенім.

Большевик партиясы көтермелеп,

Қордайға Ревком боп бекінгенім.

Көбейіп шар тараптан жолдас-жора,

Басынан дұшпандардың секіргенім,

Ән шырқап, жолдастарды қасыма ертіп,

Байларға қарсы тұрып өкімдедім.

1921