САНАТБАЙҒА

Сағынып сәлем жаздым Санатбайға,

Ер жігіт көрсетеді елге пайда.

Жасында жетім қалып ата-анадан,

Қорғады үлкендерін әр қалайда.

Екі қыз, екі ұл едің Бегалыдан,

Байлардан қорлық көрген кек алынған.

 Мөртайдың інісі еді еркелеткен

Көтерген арқасына ана орнына.

Санатбай, саған арнап сәлем жаздым.

Болғанын ардақты елім елеп жаздым.

Тобын сатқан адамның тобы ірісін,

Мөртайменен ұялас қоңыр қазбын.

Санатбай, көмектестің біздің үйге,

Қададың тойға келіп шашу түйме,

Көрсеттің достығыңды қарлығаштай,

 Қуанып құттықтадың елмен бірге.