ТОЙ БАСТАР

Ақын, әнші той бастар,

Шешен адам сез бастар.

Батыр адам қол бастар,

Көпті көрген жол бастар.

Көсем адам ел бастар.

Ай мүйіз серке қой бастар.

Торқалы тойды кім бастар?

Арғы атамнан бер қарай,

Ақындық пен шешен бар.

Жеті атамнан бері қарай,

Батырлық пен көсем бар.

Арғымақ үйір сағынар,

Сонда өзі не қылар?

Тау көбелей желсем дер,

Үйірімді көрсем дер.

Ақиық ұя сағынар,

Самғап қанат қағынар,

Бұлт құшып ұшсам дер,

Қу түлкіні құшсам дер,

Балапанын көрсем дер.

Азамат елін сағынар,

Екі өкпесі қабынар.

Туған жерге қайтсам дер,

Ардақты елін тапсам дер.

1961