ҰЛЫ ОКТЯБРЬ ТОЙЫНА

¥лы Октябрь тойына

Тартады әркім тапқанын:

Малшылар айтар баққанын.

Төлден өнім артқанын.

Сауыншы айтар сауғанын,

Сүт, майды көп алғанын.

Аңшылар айтар атқанын,

Пішенші айтар шапқанын.

Орақшылар орғанын,

Жоспарды орындап болғанын..

Айта берсе таусылмас,

Әркімдер тарту тартқанын.

Мерекем саған шаттанып,

Жүректен жырды тартқаным.

Әр адамды қуантып,

Мерекем – ұлы жеңісім

Көңілді толқындатқаның!

1927