ЖАҚСЫ АТ ПЕН ЖАҚСЫ ЖҰБАЙ

Жалында жүйрік аттың желігі бар.

Жанында жақсы жұбай серігі бар.

Жігітті бұл екеуі жасытпайды,

Бұлардың қасиетті түрлі емі бар.

Жағалап ел шетінде қарсақ жүрер,

Жолынан жаман адам жаңсақ жүрер.

Әйелі ер жігіттің жақсы болса,

Көргенше бірін-бірі аңсап жүрер.

Әйелі кей жігіттің жаман болса,

Күрсініп көрген сайын шаршап жүрер.

1961