ЖАҢА ЗАҢ

Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды,

Теңеген бірдей етіп барлық жанды,

                                            Жаңа заң.

Әлемге күн секілді нұр шашады,

Сәулесі жарық еткен жер-жиһанды.

                                            Жаңа заң.

Қ а й ы р м а с ы:

Жаңа заңды жасаған,

Жаса көсем, партия.

Жаса көсем, партия.

Жаса мәңгі, партия!

Жаса!

Біздің елде Октябрь жарық таңы,

Істеген ісі түгел халық қамы.

Өмірдің шұғылалы шаттығында,

Құлпырды Отанымның халықтары.

Қ а й ы р м а с ы.

1936