ЖАҢА ЖЫЛ

Күллі әлем  қуанышта жаңа жылда,

Қарсы алып халық қосты ән мен жырға.

Орнатып бейбітшілік  құт, береке,

Бөлесін ұлы Отанды бақыт нұрға.

Өткен жыл жаңа жылды қарсы алып,

Ескерткіш тастап кетті талай тұлға.

Өркендеп өсіп-өніп еңбекші ел,

Қаптады қоғам малы ой мен  қырға.

Кен байлық, егін байлық, түрлі табыс,

Миллиардтап құйылсын алтын қорға.

Аралап жердің жүзін аяз аға,

Көргенін айтып жатыр қыз бен ұлға.

Ілініп тоқсан бірге мен де отырмын,

Құттықтап домбырамды алып қолға.

Орнасын жер жүзіне әділ заман,

Ту тіксін батыс, шығыс, оң  мен солға.

1975