ЖҰБАНЫШҚА

Мезгілсіз ажал жетті Жұбанышқа,

Жаңадан қол жеткенде қуанышқа,

Жандосов, Бәрібаев қатар шығып,

Тоқаштай большевиктен алған нұсқа.

Жасыңнан жайнап шықтың Жетісуға,

Шақырып кедейлерді жеңіс туға,

Жинап ап әнші-ақынды Алматыға,

Қарсы қойдың бай-манап, болыс қуға.

1927